Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
976
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Тематикалық Апперцептивті Тест (тат).

ТАТ проективті әдістердің қатарына жатады. әлеуметтік ортада және әлеуметтік қатынастарда көрінетін тұлғалық ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Бұл:

а) тұлға позициясы ерекшеліктері (әрекеттік, кемелділік, зардап шегушілік);

б) интерперсоналды байланыстар ерекшеліктері (симпатия, антипатия, тартымдылық);

в) меңгеруші тенденция (преобладающии тенденция);

г) әрекет ету тәсілдері (әрекетті ұйымдастыру тәсілі, практикалық ойлау ерекшеліктері, өмірлік міндеттерді шешу тәсілдері);

д) тұлғаның динамикалық жақтары (оның іс-әрекетінің ритмі, эмоционалды лабильділік, реактивтілік).

Тест ситуациялық типтегі бірнеше картиналардың (6-дан 30-ға дейін) жиынтығынан тұрады, олар сыналушыға кезекпен беріледі. Тест үшін арнайы картиналар іріктелген, бейнеленген ситуацияға екі негізгі талаппен жауап береді. Анық емес және бейнелері айқындалмаған заттарда, сол ситуациядағы композицияның өзі белгісіз болып табылады, себебі бірыңғай талдау жасамау үшін.Мұндай картинаны қабылдауда сыналушыда өзіндік иллюзия пайда болады: айқын бейнелер сыналушының әрекет сферасын, ортасын және реакция бағытын бірден айқындайды, сондай ақ композициялардың белгісіздігі оның картиналарды өзінше жоруға итермелейді. Сыналушы әрбір жоруға өзінің білімін, өзінің индивидуалды тәжірибесін, өзінің әрекет тәсілі мен бағалауын көрсетеді.

Ұсынылған картинаның әрқайсысына еркін әңгімелеу формасында айтып беру керек:

а) картинада не болып жатқаны туралы өзінің ойын сипаттап беру (дәл сол уақытта);

б) оның ойынша сол ситуацияның пайда болуына не әсер еткенін айтып беру;

в) ары қарай не болатын айтып беру;

г) бейнеленген адамдардың сезімдері және бастан кешулері туралы айтып беру;

д) адамдардың ойын айтып көру.

Барлық проективті тесттер сияқты ТАТ тұлғаның ерекшеліктерін өзінің жауабымен бейнелейді. Алайда басқа тесттерге қарағанда ТАТ түрлі өмірлік ситуациялардағы тұлғаның ерекшеліктері туралы көлемді мәлімет береді.

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

Тематикалық Апперцептивті Тест бойынша тақырыптық суреттерді пайдаланып, аудиторияда жүргізу.

Роршах тесті (сия дақтар тесті).

Роршах тесті проективті тесттердің қатарына жатады. Ол жеке психикалық қасиеттер және тұлғасы қасиеттерін диагностикалау үшін қолданылады. Бұл тесті швейцар психотерапевті Г.Роршах ХХ ғасырдың 20-шы жылдары ұсынған. Зерттелінушіге ұсынылған ынталандыру материалдары ретінде ешқандай кескіндерінің үйлесімі жоқ, орта өзіне симметриялы орналасқан он дақтың суреті көрсетіледі. Олардың әрқайсысы 18х 24см. қағазға басылған. Олардың бесеуі ақ-қара түсті, ал қалған бесеуі түрлі- түсті. Қағаз бетіне үлкен тамшы бояуды тамызып, содан соң ол қағазды екі бүктегенде сондай дақтар пайда болады. «Роршах дақтары» көптеген осыған ұқсас әдістердің ішінен диагностикалық жағынан тиімді деп табылған. Бұл әдістің көмегімен адам мінезінің және ұстанымдарының жасырын, елеусіз жақтарын диагностикалауға пайдалынады. Зерттеу екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде зерттелінушіге әр парақты қарап шығып, ондағы дақтардан не көргенін, неге ұқсатқанын айтып беру ұсынылады. Зерттелінушінің бір сөзін қалдырмай дәлме -дәл жазып алу керек.

Екінші кезеңде сол парақтар қайтадан көрсетіледі де, алдында айтқан сөздері қандай көрсеткіштерге негізделгенін түсіндіріп беру талап етіледі. Әңгімелесу барысында зерттелінушінің не көргеніне, неге ұқсатқанына ерекше көңіл аударылып (адамдар фигураларын, мифологиялық немесе өмірде кездесетін жануарларды, географиялық бейнелерді, табиғат көрінісі, сексуалдық жағдайлар т.с.с.) ол бейнелердің дақтың бетінде орналасуы (түрі, формасы, қимыл үстінде болуы), жауаптарының өзіндік ерекшелігі немесе басқалардың жауабына ұқсайтындғы тиянақты талданады. Роршах тесті бойынша алынған материал 2-тип бойынша бағаланады.

Формальдық және мазмұндық. Формальды бағалаулар ұйымның ерекшеліктерін талдауға негізделген. Формальды бағалау бойынша сыналушының жауабы қабылдаудың ұйымдасу ерекшеліктерінің біреуін көрсетеді.

а) кеңістікте бағдарлану және сүйену ерекшеліктері (бір жағдайды, бейнені құру үшін дақ толықтай немесе бір бөлігі алынады.

б) реакцияның таңдамалығы (түске деген күшті реакция).

в) реакцияның кезектері (бір қатар реакциядан тұратын реакция)

г) статистикалық динамикалық немесе қозғалмайтын картинкадағы қозғалыс қарастырылады.

Формальды сипаттамалар

Т (тұтастылық) – дақтың кесте фонынан айқын шектелгендегі, кестедегі барлық дақты қабылдауға негізделген жауаптар осылай шифрланады.

Б (бөлшек) - басқа бөлшектерді есепке алмай дақтың бір бөлігіне қабылдауға негізделген жауаптар.

Ф (форма) – айқын көрінген форма (адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің және т.б. сипаттамасы).

Фт (форма-түс) – түстерді ескеретін және форманы айқын көрсететін жауаптар.

Тф (түс-форма) - форманы ескеретін және түс айқын көрсететін жауаптар.

Мазмұны бойынша сипаттама:

Ж (жануарлар категориясы)-адамдарды жануарлар әлемінің өкілдерімен түсіндіру, сүт қоректілер, құстар, балықтар, құрт -құмырсқа.

А (адам фигуралары категориясы, адамды кез келген формада көрсету) жынысын атау (ер адам, әйел, қыз бала) жасы (қарт, кемпір, бозбала) мамандығы (дәрігер, балерина т.б.)

З (заттар категориясы) заттарды кез келген атауда көлем, қасиет,материал күйде көрсету.

ФБ (фантастикалық бейнелер категориясы фантастикалық жануарларды көрсету.

Нәтижелерді өндеу

  1. Барлық жауаптарды шифрлау керек.

  2. Түрлі категориялардың жауаптарының саны есептелінеді.

  3. Барлық жауаптар санынан түрлі категориялар жауаптарының пайызы есептелінеді.

  4. Формальды бағалау және мазмұны бойынша бағалаудың жауаптарының сәйкес келуін анықтау.

  5. Сыналушының индивидуалды сипаттамасы анықталады (нормадан ауытқуы бойынша).

  6. Сыналушының тұлғасы жөнінде қорытынды жасалынады.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Роршах тестіінің шығу тарихы.

2. Роршах тестінің практикада қолдану ерекшеліктері.

3. Экспериментті бір сыналушыға жүргізу, мәліметтерді өңдеу.

4. Алынған нәтижелерді интерпретациялау. Қорытындылар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бодалев А.А., Столин В.В. Общая психодиагностика. – спб.: речь, 2002.

  2. Куликов Л.В. Введение в психологическое исследование. Спб., 2000.

15-апта (4 сағ)

Тақырып: М.Люшердің тұлғаны зерттеудің проективтік әдістемесі.

Мақсаты: М.Люшердің тұлғаны зерттеудің проективтік әдістемесін қарасытру.

Сұрақтар: “Люшердің түстік тесті” әдістемесінің сипаттамасы. “Люшердің түстік тесті” әдістемесінің интерпретациялау ерекшеліктері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: негізгі түстер, қосымша түстер.