Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

1879 Жылға дейінгі Renvoi тарихы

ІІ. Renvoi концепциясы ХІХ ғ. жүз жылдықта жасалған. Бұл түсініктің алдын ала білдірушілері 1652 жылы бастап және 1663 жылы. Руан парламентінің белгілі шешімдерімен сәйкестіруге болады. Бұл шешімдер француз заңгері Фролонмен талқыға салынды, осыған байланысты және ол осы тақырыптың талқыға салынуы, осыған байланысты ол осы тақырыптың ең бірінші авторы болды деп айтуға болады. ХІХ ғасырдағы ең бірінші шешім болып ол Renvoi қолдану туралы әңгіме қозғалды. Бұл ағылшын сотының үш шешімі болды (1841, 1847 және 1977 жж.) және Германия сотының бір шешімі (1861 ж). Бірінші оқиғада ол Collier riaz (1841 ж.) ісі болды. Даудың пәні болып ол Бельгияда домициленген Британияның қол астындағы азаматы жасаған мұрагерліктің жарамдығы туралы сұрақ болды. Сот ағылшынның халықаралық жеке құқығының домицили заңына нұсқап тұрғандай яғни Бельгия заңына бұл даудың сұрағы ағылшын құқығының шешімімен реттелуі керек деп тапты, ал Бельгияның соты өлген азаматтың заңын қолданар еді. Frere v. frere ісі бойынша Мальтада домициленген Британияның қол астындағы азаматы Англияда өсиет қалдырды, бұл көзқарас ағылшын құқығы бойынша жарамды, ал Мольтистердің көзқарасы бойынша жарамсыз. Сот бұл оқиғаны домицили құқығы бойынша Мольтияның құқығына бағыныңқы деп тапты және де Мольтияның халықаралық жеке құқығы бойынша өсиет жасалған жерінің заңына сәйкес ағылшын заңына кері сілтеме жасайды осы жағдайға байланысты үшінші оқиға пайда болды. Ол The Goods of lacroix 1877 ж. ісі бойынша. Бірақ та ағылшындардың шешімдеріне құқықтық доктрина ешқандай да көңіл бөлген жоқ, сонымен қатар апелляциялық соттың Любекедегі 1861 ж. шғарылған шешімдеріне негізделеді. Әйткенмен де ешкім де бұл жерде бар екен деп те күдіктенген жоқ.

Ағылшын соттарының ұстанымы

ІІІ Ағылшын соттары Renvoi доктринасына болымды қарайды, бірақ оның әрекет ету өрісіне күдікпен қарайды. Бізге белгілі көптеген соттардың шешімдері осы доктринаға бағытталған. Бір жағдайларда сот Renvoi доктринасына сілтеме жасамай-ақ мәселені талқыға салуды қалайтынын тіке көрсеткен. Бір ғана шешім бұл доктринаға қарсы келеді. Көптеген істерде әсіресе комерциялық келісімдерге қатысты істерде Renvoi проблемасы пайда болған жоқ.

Renvoi мәселесі көрсетілмеген жағдай.

Келесі топтарға бөліп қарастырсақ. Бұл топқа әр түрлі істер жатады.

а) Біріншіден соттың осы келісімнің құқықтық негіздерін тануға, ал осы келісім тараптары қатысушыларының ниеттерін анықтайды. Түсінікті болғандай Х елінің құқығын қолдануды ниеттенген жағдайда, осы елдің коллизиялық нормалары емес, ал оның ішкі материалды азаматтық құқығы қолдануы қажет. Бұл жағдай соының тараптарының нағыз ниеттерінің нұсқауы болмаған жағдайда шарттың орналасқан жерінің заңы (Lex loci contractus) қолданылады. Бұндай заңдарды таңдау болжаумен негізделген, яғни тараптардың өздері заңды таңдар еді, егер оларды осындай сұрақ туындаған жағдайда.

ә) Ағылшын құқығында шартты жарамсыз деп тану туралы норма бар, егер ол заңға қайшы келсе және міндеттеменің орындалу жерінің заңы күшінің жарамсыздығы, не болмаса заңы күштің ақырғы жерінде. Сөзсіз бұл жерде ішкі материалдя азаматтық құқық туралы, яғни осы жердің коллизиялық нормасы емес, шарттың жасалған жерінің және орындалған жерінің заңы болып отыр.

б) Renvoi мәселесі сотпен талқыланбаған деп ағылшын соттарының шетелдің (ішкі материалды немесе халықаралық жеке) құқығының мазмұнының құқығы ретінде емес, факті ретінде қарастыруын түсіндіруге болады. осыған байланысты тараптардың шетелдік құқықтық жүйесі мен сотты коллизиялық нормамен көңіл аудармаса, сот ағылшын колллизиялық нормалары сияқты одан күдіктенуге ешқандай да негіз жоқ. Осыдан барып Renvoi –ға қарсы кез-келген қорытынды шығаруға қате болар еді.

а) Үінші елдің құқығына сілтеме жасау Renvoi доктринасымен қабылданатын шешімдер. Бірақ бірнеше істерінде тек қана in dicta (соттардың жолай айтқандары). Осы мәселеге келесі топтар жатады:

а) Екі айқын жағдай ол үшінші құқыққа сілтеме жасау және үшінші жағдай ол соттың үнсіз жібергендігі.

1. Осы іске байланысты ең айқындылығы ол Ахиллопулос ісі болса керек. Өлген гректің қол астындағы азаматы және өлер алдында ол Египетте домицилеленген болып саналу керек болды. Сот мұрагерлікке қатысты гректің ішкі материалды азаматтық құқығын қолданды, өйткені егер домицили Египетте болса Египеттің халықаралық жеке құқығына бару керек. Ал ол гректің құқығына сілтеме жасап отыр.

2. Кері сілтеме жасау.

ә) Ағылшын соттарының кері сілтемені мойындаған көптеген істер бар. Осы істерді екі топқа бөлуге болады:

1) бірінші топ ол 1841 жылдан бастап және 1918 жылға дейінгі ағылшын заңдарына кері сілтеме жасау яғни ағылшынның ішкі материалды азаматтық құқығына қандай да бір сілтеме жасау фактісінің қолдану шешімдерінен тұрады.

2) екінші топтағы іске 1926 жылдан бастап Renvoi доктринасын тазартылған түрде көрсетеді. Ағылшын құқығына кері сілтеме жасау ол ағылшынның ішкі материалды азаматтық құқығына жай сілтеме жасау болып табылмайды. Ол екінші кері сілтемені жасауды пайда қылатын ағылшынның коллизиялық нормаларына кері сілтеме жасау болуы да мүмкін. Яғни шетел құқығы екі еселенген Renvoi жасау. Кері сілтеме жасау қарапайым немесе екі еселенген болды ма, болмады ма, ол ағылшын коллизиялық нормаларына байланысты емес, ол ағылшын сотының қолданатын шетел коллизиялық нормаларына байланысты.

Сонымен, ағылшын шешімдерін танудағы келесі екі ереженің бар екендігі қорытындыға әкеледі:

  1. Renvoi мынадай жағдайларда мойындалмайды, егер тараптар келісімшарт жасарда өздерінің келісімшарттарын белгілі бір құқықтық жүйеге бағындыруға келіссе немесе соттың шарттың жасалған жерінің заңын қолданса немесе шарттың орындалуы тараптарының белгілі бір үміттенген мүмкіндігі болса.

  2. Renvoi мынадай жағдайларда мойындалады, егер даудың пәні болып формальды немесе өсиеттің ішкі жарамдылығы болып табылса немесе баланы кезектегі некемен заңдастыру яғни Renvoi домицили заңына немесе мүліктің орналасқан жерінің заңынан бастап тұлғаның мүдделі ұлттық заңына дейін немесе шарттың жасалған жерінің заңына келтіруіне қарамастан қолданылады. Renvoi мағынасы өзгертіліп келген. Ерте кездегі істерде Renvoi мағынасы тек бір ғана сот жерінің ішкі материалды азаматтық құқығына кері сілтеме жасау болып табылды немесе бір ғана үшінші елдің ішкі материалды азаматтық құқығына сілтеме жасау болып табылды. Жалпы 1926 жылдан бастап Renvoi түсінігі өзіне екінші бір кері сілтеме жасауды қосады, егер осындай сілтемені шетел соты қолданса. Осындай Renvoi-ға түсінік беру, ертеректе қолданылған түсінік беруге өзгертілген болуы мүмкін.

Renvoiға қатысты келеңсіз қатыстар 1980 жылғы шарттардың міндетті қолданылатын құқық туралы конвенцияның 15-бабында белгіленген және де 1994 жылғы халықаралық мәмілелерде қолданылатын құқық туралы Американаралық конвенцияның 17-бабында белгіленген. Бірінші және екінші конвенцияларда қолданылатын құқықтың коллизиялық нормаларын норма құрамына қоспайды.

Жалпы жағдайларда елдердің ұйымаралық заттарды жеткізіп тұрушылық жалғыз коллизиялық норма болып ол 1968–1988 жылдары. СЭВ мүшелері сатушы елдің материалды құқығына сілтеме жасайтын норма болып табылады. Сатушының елдік материалдық құқығы тараптардың заттарды жеткізіп тұрушылық қатынастарымен қолданылады.

Ресей Федерациясының «Халықаралық коммерциялық арбитраж» туралы заңында тараптардың қандай да бір мемлекеттің құқығына нұсқауы туралы талқылау ережелерін Ресей заңнамаларына енгізді. Яғни тараптардың үшінші соттың дауында қарастырылатын қолданыстағы таңдауы қажет. Кез-келген осындай нұсқау мемлекеттің коллизиялық нормаларына емес, ал оның материалды құқығына сілтеме жасауы талқылануы қажет. Осыған байланысты заң формуласы халықаралық коммерциялық арбитражға кері сілтеме жасау және үшінші елдің заңына сілтеме жасауды қолдану мүмкіндігін жоққа шығарады.

Кері сілтемені қолданбау әдетте келісімшарт қатынастарында туады. Осы аудандағы коллизиялық норманың басталу мүмкіндігі болып тараптардың еркін автоном қағидаты қатысады. Яғни ол тараптардың мәмілеге қатысты сол немесе басқа да құқықтық жүйеге бағындыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1087-бап осы бөлімінің ережелеріне сәйкес кез келген шетел құқығына сілтеме жасау, осы бағытта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті елдің коллизиялық емес, материалдық құқығына сілтеме жасау ретінде қарастырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының құқығына кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау аталған Кодекстің 1094-бабына, 1095-бабының 2,3,5-тармақшаларына, 1097-бабына сәйкес шетел құқығы қолданылған жағдайларда қолданылады.

Кері сілтеме жасау механизмі негізінен көрсетілген мысалдарға ұқсас болады.Сондай-ақ үшінші елдің құқығына сілтеме жасау да осы механизмге ұқсайды.

Кері сілтеме жасау мәселесі түрлі елдердің заңнамасында түрліше шешілген және сол мәселені шешу ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттердің бірнеше тобын бөліп қарастыруға болады.

1.Заңдары кері сілтеме жасауды толық көлемде қарастырған мемлекеттер (Австрия,Польша,Финляндия)

Австрияның 1978 жылғы халықаралық жеке құқық туралы заңында шетел құқығына сілтеме жасалатындығы және шетел құқығы кері сілтеме жасаса,Австрия құқығы қолданылатындығы айтылған.

2.Заңдары кері сілтеме жасауды толығымен қабылдайтын,алайда қабылдау қандай да бір шарттар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттер (Германия,Мексика,Португалия,Чехия,ГФР)

Мысалы,Чехословакияның халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес «егер кері сілтеме жасау бұл қатынасты шешуде әділдікке әкелетін болса және дамуға септігін тигізетін болса, жалпы кері сілтеме жасау қарастырылады».

3.Кері сілтемені тек осы мемлекетке ғана жасауды заңында қарастырған мемлекеттер (Венгрия,Венесуелла,Ветьнам,Испания,Иран,Румыния,Жапония және т.б )

Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес, егер нақты мәселені шешетін нормалар шетел құқығының нормалары болса, бұл жағдайда сол елдің құқығы қолданылады, алайда егер шетел құқығы венгерлік заңға сілтеме жасаса, онда Венгрия Заңы қолданылады.

4.Заңдары бұл мәселені толығымен қабылдамайтын елдер (Египет,Перу,Греция,Бразилия)

Мысалы,Египеттің Азаматтық Кодексіне сәйкес егер шетел құқығына сілтеме жасалған болса,сол елдің ғана заңнамасы қолданылады,ал халықаралық құқық нормаларының қолданылуына тыйым салынады.