Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§3 Қазақстан Республикасындағы деликт мәселесі

Зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер келісімнен тыс міндеттемелер санатына жатады, себебі олар келісімнен туындамайды, ал бір адамның екінші адамға жасаған зияны фактісінен туындайды. Солай бола тұра бұл міндеттемелер азаматтық-құқықтық міндеттемелерге заңмен қойылатын барлық талаптарға, бірінші кезекте- міндеттеме деген түсініктің өзіне жауап береді.

Зиян келтіру аталған міндеттемелердің туындауына ықпал ететін заңды факт болып табылады. Солай бола тұра, азаматтық – құқықтық жауапкершілік ретінде зиянның орнын толтыру үшін бір зиян келтіру фактісі жеткіліксіз. Азаматтық заң, зиян келтіру фактісімен басқаларының біріккен жинағы оның орнын толтыру бойынша міндеттемені тудыратын жалпы негіздемесі ретінде айта, отырып, адам өміріне және денсаулығына келтірілген, сол сияқты моралдық зиянның спецификалық ерекшеліктерін ескру қажет.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1117- бап. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

  1. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер: зиянды өтеу туралы талап ету үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жай орын алған елдің құқығы бойынша анықталады.

  2. Шетелде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер: егер тараптар сол бір мемлекеттің азаматтары немесе заңды тұлғалары болса: сол мемлекеттің құқығы бойынша анықталады.

  3. Егер іс-әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негіз болған өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болса, шетел құқығы қолданылмайды.

1118- бап. Тұтынушыға келтірілген зиян үшін жауапкершілік

Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зиянды өтеу туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:

  1. Тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегі елдің құқығы;

  2. Өндірушінің немесе қызмет көрсетуші тұлғаның тұрғылықты жеріндегі немесе орналасқан жеріндегі елдің құқығы;

  3. Тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетілген елдің құқығы қолданылады.

§3 Шетелдегі деликт мәселесі

Швейцарияның халықаралық жеке құқық туралы заңында келесі ережелер қаралады: егер зиян келтіруші мен жәбірленушінің тұрақты тұрғылықты жерлері бір мемлекетте болса, онда зиян келтіруге байланысты талаптар осы мемлекеттің құқығымен реттеледі. Егер олардың тұрғылықты жерлері ортақ болмаса, онда рұқсат етілмеген әрекет орын алған мемлекеттің құқығы қолданылады. Егер әрекеттің салдары басқа мемлекетте пайда болса сол мемлекеттің құқығы қолданылады.

Деликттік міндеттемелерге қатысты Қытай Халық Республикасында құқыққа қарсы әрекет жүзеге асырылған орынның заңы қолданылады. Егер зиян келтірушінің азаматтығы мен жәбірленушінің азаматтығы бірдей болса немесе олар бір мемлекетте тұратын болса, онда екі жақтың азаматтығын алған елдің заңы немесе әрекет жасаған орынның заңы қолданылуы мүмкін. Егер әрекет ҚХР аумағынан тыс жерде өтсе, онда құқыққа қарсы ретінде, ҚХР заңымен қаралмайды, ол деликтік міндеттеменің туындауына негіз бола алмайды.

Ағылшын-американдық құқыққа қатысты, онда АҚШ-тың практикасы қашан да кеңінен қолданылған деликттің жүзеге асқан орны ережесін жіберген: АҚШ-тың коллизиялық құқығының екінші жинағы негізгі байлам есебінде, анағұрлым маңызды байланыспен деликтік құқықтық қатынасы бар заңды қолданады.

Деликт жүзеге асқан орнының заңы немесе басқа қандай заң туралы мәселені – құқық қатынасқа ондай байланысына қарай таңдауды сот шешеді.

Шетелдік социалистік мемлекеттердің заңнамалары деликтік міндеттемелердің коллизиондық мәселелерін шешу барысында деликт жузеге асқан орынның заңына жүгінеді. Польшада мысалы, деликттің жүзеге асырылған орны деп қай жерде фактілік- міндеттеменің негізі жасалды, сол жер қаралады.

Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы заңы келесі ережелерді белгілейді: 1. келісімнен тыс келтірілген зиян үшін жауапкершілік, егер аталған заңмен басқаша қарастырылмаса, онда зиян келтіруші адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі жүргізілген орында және уақытта қолданыста болған заң қолданылады;

2. егер ол жәбірленушіге анағұрлым тиімді болса, онда зиян келтірілген аумақтағы мемлекеттің заңы басшылыққа алынады;

3. егер зиян келтірушінің және жәбірленушінің тұрғылықты жерлері бір мемлекетте болса, онда сол мемлекеттің заңын қолдану керек;

4. егер заң бойынша зиянды туғызған адамның әрекет жасаған немесе әрекетсіздігінің орны, жауапкершілігінің шарты кінә болып табылса. Венгрияда, ереже бойынша зиян тудырған әрекеттің жасалған орнында және уақытында қолданылған заң, анықтаушы заң болып табылады немесе жәбірленушінің мүддесі үшін зиян туындаған аумаққа қатысты мемлекеттің құқығы қолданылуы мүмкін. Чехословакияда екі критериилердің де альтернативті қолданылуына рұқсат етіледі. Деликтік міндеттемелердің зиян келтірілген орындағы заңға бағынуы туралы жалпы ережелер социалистік елдердің жекелеген заңдылықтармен белгіленген жағдайлармен басқа критериилерді қолдануды жоққа швғарылмайды.

Деликттік қатынастарды реттейтін кейбір халықаралық конвенциялар.

Деликтті қатынастар аясындағы халықаралық келісімдер. Деликтті қатынастар аясында көптеген халықаралық конвенциялар қабылданған. Оларға: 1952ж әуеде шетелдік әуе кемелерімен үшінші тұдғаларға залал келтіру туралы конвенция; 1962ж ядролық кеме қолданушылардың жауаптылығы туралы Брюссель конвенциясы.; 1969ж мұнаймен ластаудан туындайтын залалға азаматтық жауаптылық туралы конвенция; 1963ж ядролық залал үшін жауаптылық туралы конвенция; 1971ж автокқліктік оқиғаларға қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясы; 1973ж дайындаушының жауаптылығына қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясы; ядролық энергия аясында үшінші тарап алдында жауаптылық туралы Париж конвенциясы; 1990ж темір жол, автокөлік және ішкі су кқлігі арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау барысында келтірілетін зиян үшін азаматтық жауаптылық туралы конвенция; 1991ж халықаралық саудадағы көліктік терминал қолданушылардың жауаптылығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы.

Пысықтау сауалдары:

  1. Осы деликттік қатынастар бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында тараптардың еркіндік заңы коллизиялық нормасы (Lex voluntatis) көзделген бе?

2. Деликтті қатынастарда шетелдік элемент қандай сапада орын алуы мүмкін?

3. Неге зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер келісімнен тыс міндеттемелер категориясына жатады?

13- тарау. Авторлық құқықты халықаралық қорғау