Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§1 Меншік құқығының түсінігі

Кез келген құқықтық жүйеде меншік құқығы орталық институт. Өйткені ол басқа заттық құқықтардың пайда болуы мен өмір сүруінің негізі болып табылады. Бұл институт басқа институттардың нысаны мен мазмұнын көрсетеді. Сол себепті меншіктің мазмұны әлемнің барлық Конституцияларында ашылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, меншікке, оның қандай нысанында болғанына қарамастан қол сұғылмайды.

Меншік құқығы мұрагерлік құқық, авторлық құқық, сауда саласы немесе неке-отбасы қатынастары сияқты қоғамдық қатынастардың цивилистикалық саласында қарастырылғанына қарамастан, бұл институтты ашып көрсететін мәселелердің спектрі әрқашан кең. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы, меншік иесінің иеленетін құқықтары, заттық құқықтарды шектеудің негіздері, меншік иесінің құқықтарын қорғаудың жолы сияқты блоктардың өзі халықаралық жеке құқықтың басты мәселесі – коллизиялық проблемалардың өзге де мәселелерін қамтиды.

Ресейдің соңғы оқулықтарының авторлары жазғандай, азаматтық құқық - кең мағынадағы меншік қатынастары бір-бірімен өзара төрт ұғымды қамтиды: 1) адамның затқа қатынасы; 2) затқа қатысты адамдар арасындағы экономикалық қатынастар; 3) заттарды пайдалану және иемденумен байланысты әлеуметтік қатынастар; 4) заңи қатынастар. Бұл оқулық авторының пікірінше, азаматтық құқықтағы “меншік құқығы” екі түрлі мағынада қолданылады: меншіктің объективтік құқығы және меншіктің субъективтік құқығы. Меншіктің объективтік құқығы деп, меншік құқығының статикалық жағдайындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ал меншіктің субъективтік құқығы ретінде меншік иесінің затты билік ету, иемдену және пайдалану сияқты меншік иесінің құқықтарының мазмұны түсіндіріледі.

Басқа оқулықтардың авторларына сүйенетін болсақ, олар “меншіктің” екі түрлі мағынада: экономикалық және құқықтық категориялар ретінде қарастырады. Меншіктің құқықтық категориясы ретінде қарастырғанда, “меншік құқығы” ұғымын материалдық және материалдық емес игіліктерді иемдену, пайдалану және оған билік етумен байланысты мүліктік қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі ретінде түсіндіреді.

Меншік құқығының мәнін ашатын, осы институттың өзіне тән үш белгісі болады: біріншіден, меншік құқығы заттық құқықғының категориясына жатады; екіншіден, меншік құқығы абсолютті құқықтардың қатарына кіргізілген: меншік иесінің мүлікке қатысты өз құқықтарын жүзеге асыруын осы мүлікке қатысты басқа тұлғалардың әрекеттерін шектейді; үшіншіден, меншік құқығы тікелей заңнан туындайды: меншік иесі заңға тыйым салмайтын кез-келген әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы және меншік құқығының сәйкесінше объектісі өмір сүрген кезде меншік құқығының әрекет ету мерзімі шектелмейді.

Меншік құқығын сипаттау кезінде меншік құқығының объектісі мен субъектісіне ерекше мән береді. Көптеген елдердің заңнамаларында меншік құқығының келесідей субъектілері көрсетіледі: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет. Меншік құқығының объектілерін сипаттау құқықтық реттелуде көп келіспеушіліктер кездеседі. Ғылым мен техниканың дамуы мен меншік құқығының объектісі болып табылатын мүліктің түрлері үнемі өзгеріп тұрады. Әр елдің құқықтық жүйесінде объектілердің шеңбері мемлекеттердің өзімен автономиялы түрде анықталады.