Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§ 2. Патент берiлетiн интеллектуалдық меншiктiң негiзгi объектiлерi

Өнертабыстар

Өнертабыс түсiнiгi мен объектiлерi.

Белгiлi бiр өнертабыс негiзi болған шығармашылықтың деңгейiн бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсiнiгiнiң объективтiк анықтамасын беру мүмкiн емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсiнiктiң анықтамасы берiлмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетiлген:

– жаңалығы;

– өнертапқыштық деңгейдiң болуы;

– өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiмнiң болуы.

Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етiледi. Алайда, өнертабысты мәселенiң шығармашылық-техникалық шешiмi ретiнде анықталатын құбылыс ретiнде қарастыру заңды. «Техникалық шешiм» терминi техниканың әр түрлi салаларындағы қажеттiлiктердi қамтамасыз ету құралы ретiнде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекшi құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдiстерiн, дәрi-дәрмектердi жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдiстерi техниканың жалпы түсiнiгiне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудiң терапиялық әдiстерi емдеу құралдарын нақты белгiленген мөлшерде, белгiлi бiр уақыт iшiнде, белгiлi бiр кезектiлiкпен және т.б. қолдануды меңзейтiндiктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсiлдерi техникалық шешiм ретiнде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, бiлiм беру салаларындағы әр түрлi мәселелер өз шешiмiн табады, бiрақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкiм-шiлiк, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдiстер мен құралдар қолданылмауы тиiс.

Әрбiр өнертабыс белгiлi бiр объектiнi, яғни қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. €нертабыс объектiлерiнiң түрлерi қойылған мақсатқа жету үшiн техникалық шешiмдерде көрсетiлген құралдарға тәуелдi анықталады.

Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғы, әдiстi, затты тектi жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады.

Өнертабыс объектiлерiн нақтылау патент иесiнiң құқықтар көлемiн анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкiндiгi үшiн құқықтық маңызы зор.

Құрылғы – өнертабыс объектiсi ретiнде. Өнертабыс объектi-лерi ретiнде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңiстiкте орналасқан бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы элементтер жүйесi құрылғы болып танылады. Бұл машиналар – мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар – «Магнит өрiсi датчигi»; механизмдер – «Шарниро-рычажный механизм».

Жетiлдiрiлген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект – құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкiн.

Құрылғы болып көлiк құралдары, жабдық, құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлi бұйымдар танылады – мысалы, «Әмбебап оқу партасы». Электр схемалары да құрылғының бiр түрi болып табылады.

Патенттiк қорғалуға құрылғының өзi ғана емес, олардың бөлек элементтерi де: түйiндерi, бөлшектерi т.б. жатады.

Құрылғы өнертабыс объектiсi ретiнде келесi конструктивтiк белгiлермен сипатталады:

– конструктивтiк элементтердiң болуы;

– элементтер арасында байланыстың болуы;

– элементтердiң өзара орналасуы;

– құрылғының немесе оның элементтерiнiң орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;

– элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;

– элементтер параметрлерi мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;

– құрылғы немесе оның элементтерi жасалған материал;

– құрылғының кез келген элементiнiң қызметiн орындайтын аясы;

– техникалық шешiмнiң басқа түрлерiмен салыстырғанда құрылғы – өнертабыс олардың фактiлi түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етедi. Бұл олардың кең таралуын анықтайды.

Тәсiл – өнертабыс объектiсi ретiнде. Өнертабыс объектiсi ретiнде тәсiлдерге материалдық объектiлер көмегiмен материалдық объектiлерге әрекет ету процестерi жатады. Тәсiл – белгiлi бiр тәртiппен немесе белгiлi бiр ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдiстер жиынтығы.

Материалдық объектiлерге әрекет ету процестерi ретiнде тәсiлдердi былай бөлуге болады:

– өнiм (бұйымдар, заттар т.б.) өндiруге бағытталған әдiстер, мысалы, «Құрылыс материалын жасау тәсiлi», «Ацетилен алу әдiсi»;

– белгiлi бiр өнiм алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруiне бағытталған әдiстер (тасымалдау, реттеу, өңдеу т.б.). Мысалы, «Жер өңдеу тәсiлi», «Электромагниттiк клапанды басқару әдiсi»;

– нәтижесiнде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдiстер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, «Аса таза кварцтың шыққан жерiн iздеу әдiсi».

Өнiм алу әдiсiне берiлген қорғау құжаттарының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де таралады1.

Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдiстерiне де берiледi, мысалы, «Тiстер кариесiн алдын алу әдiсi», «Артериальдi гипертония диагностикасының әдiсi».

Өнертабыс объектiсi «Әдiс» келесi белгiлермен сипатталады:

– белгiлi бiр әрекеттiң немесе әрекеттер жиынтығының болуы: «...тұзды ерiтедi...»;

– осындай әрекеттердi уақыт бойынша орындау тәртiбi (кезекпен, бiр уақытта, әр түрлi жолдармен т.б.). «...қышқылмен өңдегеннен кейiн пленканы дистилденген сумен шаяды...»;

– әрекеттердi жүзеге асырудың режимдерi мен шарттары (температура, қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). «...40°С-ға дейiн қыздыру кезiнде ерiтедi...»;

– заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикiзат, реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдер тектерi және т.б.). «...процестi инерттi газ атмосферасында жүргiзедi...»;

– құрылғыларды (құралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану. «...реагенттiң электрохимиялық өңдеуiн ерiтiлмеген электродтары бар электролизде жүргiзедi...».

Зат өнертабыс объектiсi ретiнде. €нертабыс объектiсi ретiнде заттарға:

– жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, оларға жоғары-молекулярлық қосындылар және гендiк инженерия өнiмдерi (рекомбинантты нуклеидтiк қышқылдар, векторлар т.б.). Мысалы, «гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-ацетил- 4-ацетиксипиперидина»;

– композициялар (құрамдар, қоспалар), мысалы, «псориазды емдеу майы», «фурфуролды гидрирлеу катализаторы»;

– ядролық айналу өнiмдерi жатады.

Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшiн келесi бел-гiлер қолданылады:

– сапалық және сандық құрам;

– атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы.

Бұрыннан белгiлi құрылғы, әдiстi, затты, тектi жаңа мақсатта қолдану. Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрi болып бұрыннан белгiлi болған құрылғы, зат, әдiс, тектiң жаңа мақсаттарда қолданылуы табылады.

Өнертабыстың бұл объектiсi өзге өнертабыстардан қызметi-нiң сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеле-недi.

Егер құрылғы, әдiс, зат, тек қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандырудың жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезi жасалса, онда өнертабыстың бұл объектiсi белгiлi объектiнiң жаңа мүмкiндiктерiн (белгiсiз қасиетiн) анықтау арқылы пайда болады.

Бұл объектiнiң негiзiнде белгiлi техникалық құралды, бұл өнертабыс пайда болған кезде қолданылған мақсатқа қарағанда, өзге мақсаттарда қолдану. Бұрыннан белгiлi болған құрал ол иеленетiн қызметке қарағанда, жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттiлiктi қанағаттандырады.

Мысалы, бояу ретiнде қолдану үшiн арнайы синтезделген белгiлi «А» заты белгiлi бiр жағдайда зиянды бактериялар үшiн күштi әсер ететiн у ретiнде қолданыла алады. Белгiлi заттың жаңа қасиетiн анықтау нәтижесiнде зиянды бактерияларды жою үшiн жаңа құрал ұсынылады.

Бұл жерде белгiлi бiр мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни белгiлi бiр қолданудан басқа, тәжiрибеден алынған табиғи немесе аралық қосындылар немесе өндiрiс қалдықтары бар екендiгiн атап өту қажет. Мұндай қасиеттi анықтау алдында белгiлi болған құрылғы, әдiс, зат, тектiң жаңа мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретiнде саралауға болады.

Өнертабыстың бұл объектiсi заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, себебi, олар қолданылу шарттарына сәйкес көрiне алатын қасиеттердi иеленедi, сондықтан әр түрлi мақсаттарда қолданыс таба алады.

Аталмыш объект құрылғыларға аса тән емес, себебi олар белгiлi бiр қызметтi атқару үшiн жасалады және олардың анық көрiнетiн мақсаты бар. Сондықтан құрылғыға қандай да бiр өзгерiс енгiзбей өзге мақсаттарда қолдану, көп жағдайларда мүмкiн емес болып келеді.

Биотехнология объектiлерi.

Соңғы ондаған жылдар iшiнде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология тәжiрибелiк маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсiптi «биологизациалау» өрiсi байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжiри-белiк мүмкiндiктерi гендiк инженерия арқылы адамдарды емдеу әдiстерiнен қоршаған ортаны қорғау әдiстерiне дейiнгi әр түрлi биологиялық объектiлерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келдi.

Патенттер биология және биотехнологияны «коммерцияли-зациялау» iсiнде және биотехнологиялық өнiмдi сату нарығы үшiн күресте аса маңызды құрал болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесi әлi де ұлттық, халықаралық деңгейде талқыланып жатыр.

Аталған объектiлер тiрi – тектер, тiрi емес – заттар бола алады.

Тiрi объектiлер:

– микроорганизмдердiң жеке тектерi;

– өсiмдiктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектерi.

Тiрi емес объектiлер:

– биотехнологиялық әдiспен алынған қосындылар, антибио-тиктер, ферменттер, вакциналар және т.б.;

– гендiк инженерия өнiмдерi – ДНК мен РНК – кезектiлiгi, гендер, плазмидтер, векторлар, белоктар т.б.

Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизм-дер тектерiн, өсiмдiктер мен жануарлар жасушаларының тектерi, антиботиктердi, нуклеин қышқылдарын пайдаланумен әр түрлi әдiстер, вакциналар өндiру әдiстерi т.б. жатады.

«Тек» терминi белгiлi бiр қайнар көзден немесе жасанды жолмен алынған (мутация нәтижесiнде) және өзiндiк физиологиялық – биохимиялық белгiлерiмен сипатталатын микроор-ганизмдердiң бiр түрлi мәдениетiн бiлдiредi.

«Микроорганизм» түсiнiгiнiң нақты таксономиялық мәнi жоқ, яғни қандай да бiр таксонға – түрге, жынысқа, семьяға т.б. жатқызылмайды. Ол микроскопиялық өлшемдегi әрбiр организм микроорганизмге жататындығын меңзейдi. Бiрақ, бұл түсiнiк шартты, себебi дәстүрлi микроскопиялық объектiлер арасында макроскопиялық объектiлер болатыны белгiлi, ал бiр тектiң өлшемi культизациялау және өзге факторларға байланысты өзгере алады.

Патент рәсiмi үшiн «тек» объектiсiне микроскопиялық өлшемдегi өмiрге қабiлеттi әр түрлi организмдер – бактериялар, вирустар, қарапайым микроскопиялық омыртқасыз жануарлар және өзге де жеке тектер, микроорганизмдердiң консорциумдары, сонымен қатар, өсiмдiктер мен жануарлардың культивацияланатын соматикалық клеткалары кiредi. Тәжiрибелiк (пайдалы) қасиеттерi анықталған тек қана құқықтық қорғау объектiсi бола алады. Ғылыми көзқарас негiзiнде белгiлi бiр қасиеттер жиынтығымен сипатталған тек қорғау объектiсi болмайды.

Өнертабыстың патентке қабiлеттiгiнiң талаптары. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейi және өнер-кәсiптiк қолдануға жарамды болса, құқықтық қорғау берiледi. €нертабыс патент қабiлеттiгiнiң бұл талаптары әлемнiң көптеген елдерiнiң патент заңдарында анықталған.

Жаңашылдық. €нертабыстың жаңалығы оның патент қабiлет-тiгiнiң негiзгi және мiндеттi талабы болып саналады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнертабыс техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiлi болмаса, жаңа болып табылады. Техника деңгейi туралы мәлiметтерге өнертабыс басымдық мерзiмiне дейiн әлемде жалпы қол жетерлiк болған кез келген мәлiметтер кiредi. Жалпыға қол жетерлiк мәлiметтер ретiнде кез келген тұлға таныла алатын мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетiлген мәлiметтер танылады. Қызметтiк, жабық, құпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды. €нертабыс жаңалығы бiтiмгершiлiк сипатты фактiге ие болып табылады, яғни техника деңгейiне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы қол жетiмдi болған мәлiметтер жатқызылады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес өтiнiм берушiге жаңашылдық бойынша жеңiлдiк берiледi. Бұл автордың, өтiнiш берушiнiң немесе осы ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен қатар, Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттiң аймағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретiнде өнертабысты көрсету өнертабыс-қа өтiнiм патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе көрмеге орналасуы күнiнен 6 ай кешiктiрмей берiлген болса, өнертабыс патент қабiлеттiгiн тануға жол бермейтiн жағдай деп танылмайды. Мұндай жеңiлдiк өтiнiш бергенге дейiн мәнi ашыл-ған өнертабысты қорғауға мүмкiндiк бередi.

Өнертапқыштық деңгей. Өнертабыстың патентке қабiлеттiгi-нiң келесi критерийi болып өнертабыстың сапалық деңгейiнiң көрсеткiшi болып табылатын өнертапқыштық деңгей саналады, себебi, оның көмегiмен ғылыми және техникалық прогреске қандай да бiр зерттеменiң үлесi бағалана алады. Жаңа болып табылатын кез келген шешiм техника деңгейiне үлес қосады деп есептелiнбейтiндiгi анық. Техника саласында қандай да бiр бiлiмге қол жеткiзiп, орта маман жасалу жолы анық және шығармашылық негiзi жоқ белгiлi құралдардың жаңа комбинацияны көрсететiн объектiнi жасай алады. Сондықтан, әр түрлi елдердiң патент заңдарында өнертабысты қарапайым инже-нерлiк зерттемелерден немесе объектiлерден айыруға (бұл өнертапқыштық деңгей) мүмкiндiк беретiн өнертабыстың шығармашылық сипатын анықтайтын критерий қалыптасқан. Германияның Патенттiк заңында бұл критерий өнертапқыштық қызмет деп аталады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыс-тық деңгейде болады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды.

«Өнертапқыштық деңгей» критерийi «маман» түсiнiгi арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Патент заңында «маман» түсiнiгi ашылмайды, бiрақ оның мазмұны бiрқатар елдердiң патент заңдарында берiлген. Маман ретiнде жұмыс iстейтiн, оның өтiнiш берiлген өнертабыс саласы жататын саладағы барлық жалпы бiлiмдерi белгiлi болған тәжiрибелi тұлға танылады. Маман объектiнi жасау үшiн белгiлi шешiмдердi бiрiктiре алса, онда ұсыныс өнертапқыштық деңгей талабына жауап бермейдi.

Шығармашылық бастау болуы жағынан өнертабысты бағалау «шығармашылық» түсiнiгiнiң субъективтi болуынан қиынға соғады. Себебi, өнертабыстың патентке қабiлеттiгiнiң аясындағы даулардың көбiсi осы критерий бойынша туындайды.

Өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылығы. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте пайдалануға жарамды деп танылады.

Өнертабыстың өнеркәсiптiк қолданылуын тану үшiн келесi талаптардың жүзеге асуы қажет:

– өтiнiш материалдарында өтiнiш берiлген өнертабыс объек-тiлерiнiң мақсаты көрсетiлуi тиiс;

– өнертабыс формуласында сипатталған түрiндегi өнертабыстың жүзеге асырылуы мүмкiн болатын құралдар мен әдiстер өтiнiш материалдарында көрсетiлуi тиiс (өтiнiш материалдарында ондай мәлiметтер болмаса, өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiне жалпы жұртқа мәлiм болған қайнар көзде көрсетiле алады);

– өтiнiш берушi көрсеткен өнертабыс мақсаты шын мәнiнде жүзеге асырылуы мүмкiн болуы.

«Өнеркәсiпте қолдануға жарамдылық» түсiнiгi кең мағынада қолданылу қажеттiлiгiн атап өту қажет, ол қандай да бiр техникалық шешiмдi пайдаланудың максимальдi тиiмдiлiгiн мең-земейдi. Аталған критерий мiндетi мен мәнi өнертапқыштық қызмет салаларының бiреуiнде қолданылудың қағидалық мүмкiндiгiн көрсету.

Өнеркәсiпте қолдану жарамдылығы талабының негiзгi мәнi- белгiлi бiр материалдық құрал түрiнде техникалық шешiмдi жүзеге асыру, сонымен қатар, аталған өнертабыс арқылы өтiнiм берушi көрсеткен техникалық шешiмге жетe-жетпеуiн анықтау мүмкiндiктерiн тексеру болып табылады. Жаңашылдық және өнертапқыштық деңгей критерийлерiне қарағанда, өнеркәсiпте қолдануға жарамдылығы техника деңгейi мен басымдық күнiмен тiкелей байланысты болмаса да, қатысты.

Заттың аса маңызды қасиеттерiн көрсететiн белгiлер елеулi болып табылады. €неркәсiптiк меншiк объектiлерiне, атап айтқанда, формуласы бойынша пайдалы модельдi құқықтық қорғау көлемiн анықтау кезiнде дара ақпараттың мәндiк маңызы бар және оның қажеттiлiгi пайдалы модельдi қолдану кезiнде техникалық нәтижеге жету үшiн қалған елеулi белгiлермен өзара байланыста жеткiлiктiгi туралы бiр мәндi ақпарат беретiн белгi елеулi болып табылады.

Пайдалы модель елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiлi болмаса, оған құқықтық қорғау берiледi.

Өнертабыстар техника деңгейiне қарағанда, пайдалы модель үшiн техника деңгейiн анықтаудың екi түрлі ерекшелiгі бар.

Бiрiншi ерекшелiк – техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi және Қазақстан Республикасында жарияланған пайдалы модельдер мен өнертабыстарды қамтиды. Пайдалы модель объектiсi «Аэростат» болса, онда оны оған ұқсас объектiлермен емес, аэростаттармен салыстыру қажет.

Екiншi ерекшелiгi – техника деңгейiне мақсаттас құралдарды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәлiметтер кiредi, яғни пайдалы модель жаңалығы абсолюттi емес, өнертабыстарға қарағанда әлемдiк қатысты болып табылады.

Өнеркәсiптiк үлгi

Өнеркәсiптiк үлгi түсiнiгi.Өнеркәсiптiк үлгiлер түрлерi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсiпте қолдануға болатын көркемдiк-конструкторлық шешiм құқық-тық қорғау берiлетiн өнеркәсiптiк үлгi болып танылады.

Анықтамадан көрiп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түрiнде көркемдiк және конструкторлық шешiм болуы керек. Бiр ғана құралдың қолданылуы бұйымның өнеркәсiптiк үлгi болып танылуына жеткiлiксiз. Бұйымның функционалдық мазмұны оның анық көркемдiк нысанына сәйкес болуы тиiс, көркем және техникалық (конструкторлық) белгiлерiнiң бiр-тұтастығымен сипатталуы қажет. Сыртқы нысаны ретiнде оның пайдаланылуы мен қолданылуы процесiнде тұтынушы көретiн түрiн түсiну керек. Оның сыртқы нысаны iшкi құрылымына және бұйымның функционалдық мақсатына сай болуы тиiс.

Патент Заңының әрекетi өнеркәсiптiк үлгiнiң көптеген түрлерiне тарайды. Оларға көлемдi, жазық және аралас өнер-кәсiптiк үлгiлер жатады.

Көлемдi өнеркәсiп үлгi ретiнде негiзiн дамыған өлшемдi көлемдi-кеңiстiктiк құрылым құрайтын композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм.

Жазық өнеркәсiптiк үлгi екi өлшемдi сызықтық түстен-дiрiлген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кiлем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешiмдер.

Аралас өнеркәсiптiк үлгi аталған екi шешiмге тән белгiлер-мен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сыртқы түрiн анықтайтын көркемдiк-конструкторлық шешiмдер.

Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк талаптары.

Өнеркәсiптiк үлгi патентке қабiлеттiгiнiң белгiлi талаптарына немесе критерийлерiне жауап берсе, оған қорғау ұсынылады. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ондай талаптарға мыналар жатқызылады: жаңашылдық, бiрегейлiк және өнеркәсiпте қолдануға жарамдылығы. Бұл критерийлер өтiнiш берiлген мерзiмге олардың болуын дәлелдеу және бүкiл мерзiмге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкiндiгiне байланысты таңдалады. Сонымен қатар, олар әлем тәжiрибесiнде таралған өнеркәсiптiк үлгiлердiң патентке қабiлеттiгi талаптарына сай.

Жаңашылдық. Өнеркәсiптiк үлгi бұйымның эстетикалық және эргономиялық ерекшелiктерiн анықтайтын негiзгi белгiлерiнiң жиынтығы өнеркәсiптiк үлгi басымдығының күнiне дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, жаңа деп танылады. Яғни, абсолюттi әлемдiк жаңашылдыққа ие өнеркәсiптiк үлгiлер ғана құқықтық қорғалады.

Өнеркәсiптiк үлгi жаңашылдығын бекiту кезiнде жалпыға мәлiм мәлiметтермен қатар, басқа тұлғалармен берiлген ерте-ректегi басымдықты өтiнiмдер және тiркелген өнеркәсiптiк үлгi-лер есептеледi.

Өтiнiш берiлген көркемдiк-конструкторлық шешiмнiң жаңашылдығы өтiнiм берiлген және оның аналогтерімен танылған белгiлi үлгiлердiң, елеулi белгiлерiн салыстыру жолымен өнеркәсiптiк үлгiнi тiркеуге өтiнiмнiң басымдық мерзiмiне бекiтiледi. Белгiлi үлгiлер функционалдық мақсаты мен елеулi белгiлерi жиынтығының белгiлi көркемдiк-конструкторлық шешiмдермен толық сәйкес келуi өтiнiм берiлген үлгiнiң жаңашылдық критерийiне сәйкес келмейтiндiгiн тануға және өтiнiм берiлген үлгiнi тiркеуден бас тартуға алып келедi.

Өндiрiстiк үлгiнi тiркеуге өтiнiш оның ашылған мерзiмiнен 6 айдан кешiктiрмей берiлген болса, өтiнiм берiлген үлгiге қатысты ақпаратты қоғамға ашу өтiнiш берiлген үлгiнiң жаңашылдығына әсер ететiн жағдай ретiнде танылмайды.

Бiрегейлiк прототипiне қарағанда өтiнiм берiлген үлгiге енгiзiлген өзгерiстердiң шығармашылық сипаты патентке қабiлеттiгiнiң маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерi бұйымның эстетикалық ерекшелiк-терiнiң шығармашылық сипаты негiз болса, ол бiрегей болып танылады. Өтiнiш берiлген үлгiнi неғұрлым жақын аналогтен айыратын елеулi белгiлерiн айқындау жүргiзiледi. Бiрегейлiктi тексеру кезiнде өтiнiш берiлетiн үлгiнiң ерекшелендiретiн белгiлердiң шығармашылық өзiндiгi бекiтiледi.

Өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылығы. Өнеркәсiптiк үлгi, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бiрнеше рет қайта өндiрiле алса, өнеркәсiптiк қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсiптiк өндiрiс жағдайларында шексiз мөлшерде қайта өндiрiлетiн үлгiлер патенттiк қорғау алады.

Патенттiк қорғау бiрегей болып табылатын бұйымдарда қолданылатын шешiмдерге таралмайды, себебi олардың эстетикалық құндылығы таралымға түскен кезде жоғалады. Қайта өндiру қабiлетi ерекше көркемдiк-конструкторлық шешiмнiң патент-тiк-құқықтық қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта өндiрiл-мейтiн болса, оның патенттiк қорғау қабiлеттiгi жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық нормалары таралады. €неркәсiпте қолдануға жарамдылығын бағалау кезiнде таралым-ға түсу қабiлетi ғана емес, өтiнiмде көрстетiлген немесе белгiлi құралдар мен материалдар көмегiмен өтiнiм берiлген бұйымның жүзеге асырылуы да тексерiледi. Егер бұйымды кең масштабта қайта өндiру мүмкiн болмаса, онда ол өнеркәсiптiк қолдануға жарамдылық критерийiне сәйкес болып танылмайды.

Тауар таңбасы.

Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы – бұл осы заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан ажырату үшiн қызмет ететiн белгi1.

Бұл анықтамадан тауар таңбасының басты мiндетi – қандай болмасын өндiрушiнiң (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметiн басқа өндiрушiлердiң ұқсас бiрыңғай тауарлары мен қызметтерiнен бөлу, яғни тауар немесе қызметтi дараландыру болып табылады.

Таңба неғұрлым көрнектi болса, соғұрлым оның иесiнiң оны құқықтық қорғау, жарнама және өткiзу салаларында сәттiлiгi үлкен болады.

Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингiнде маңызды орын алады, ол тауарлар мен қызметтi көрнектi қылады.

Тауар таңбасы – бұл, әдетте, көру арқылы жақсы қабылданатын, жеңiл есте сақталынатын, өзге тауар белгiлерiнен ерекшеленетiн, металл, материя, қағаз және т.б. сияқты әр түрлi материалдарға жақсы салынатын графикалық көрiнiс.

Тауар таңбасы ретiнде сөз немесе сөздер тобы, мысалы «аспирин» «колгейт», «таид», «адидас», «проктер энд гембл» және т.б. тiркеле алады. Сонымен қатар, акустикалық тауар таңбасы – тауар таңбасын көрсетумен берiлетiн арнайы әуен тiркеле алады1.

Жаңа тауар таңбасын енгiзу үшiн көптеген батыс фирмалары шамамен 30–40 миллион доллар қаражат жұмсайды. Жоғарыда аталған McDonald»s корпорациясы 5 жыл iшiнде ғана жарнамаға 57 миллион доллар жұмсады.

Тауар таңбасы нарықтық қатынастардың барлық қатысушылары үшiн маңызды.

Тұтынушы үшiн тауар таңбасы – бiрыңғай тауарлар iздеу кезiнде бағыт берушi құрал болып табылады.

Өндiрушi үшiн тауар таңбасы – нарықты жаулап алушы құрал болып табылады, себебi тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлi өндiрушiлердiң бiрыңғай өнiмдерiнен дараландырады.

Мемлекет мүддесiне келер болсақ, мұнда тауар таңбасының нарықта тәртiп орнату құралы болып табылатындығын атап өту қажет, себебi ол өндiрушiнi тануға, тұтынушының, өндiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мүмкiндiк бередi.

Тауар таңбасына келесiдей екi талап қойылады:

– тауар таңбасы айрықша болуы тиiс;

– мораль мен қоғамдық тәртiпке қайшы болмауы тиiс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек.

Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшiн айрықша болуы тиiс. Мысалы, «сусын» сөзiнде ерекшелендiретiн қабiлет жоқ және алкогольды не алкогольсыз сусындар үшiн тауар таңбасы бола алмайды, себебi ол тауарлардың бүкiл категориясын анықтайды.

Екiншi талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты – тұр-пайы тауар таңбаларын, сонымен қатар, жалған және тауардың сапасы мен өзге қасиеттерiне және олардың географиялық шығарылған жерлерiне қатысты шатыстырушы тауар таңбаларының тiркелуiн алдын алу екендiгiн атап өту қажет. Тауар таңбасы шығарылған жердi көрсетуi қажет. Мысалы, Қазақстандық өндiрушiлер атынан танымал «Шампанское» не «Коньяк» (жалған географиялық атаулар, себебi, Шампань провинциясы мен Коньяк қаласы Францияда орналасқан) тауар таңбасы ретiнде тiркеле алмайды. Мысалы, «pure wool» (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киiмдер, белгiлене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды.

Тауар таңбасы қорғалуы үшiн ол тiркелуi қажет.

Тәжiрибеде көптеген тауар таңбалары, әдетте тауарлар немесе қызметтер бiрнеше түрлерi үшiн тiркеледi. Кейбiр өндiрушiлер олар өндiретiн әр түрлi өнiмдер үшiн бiр тауар таңбасын қолданады. Өзгелерi бiрнеше тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалық фирмалар да өздерiнiң әрбiр дәрi-дәрмегiне қатысты тауар таңбаларын тiркеуге ұмтылады.

Тауар таңбаларының түрлерi.

Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретiнде тiркеле алатын белгiлер түрлерiнiң толық тiзiмi берiлген. Оларға әр түрлi өндiрушiлердiң бiрыңғай тауарлары мен қыз-меттерiн ажыратуға мүмкiндiк беретiн сөздiк, әрiптiк, сандық, бейнелiк, көлемдiк және өзге белгiлер немесе олардың комбинациясы жатады.

Көп жағдайда сөздiк тауар таңбалары қолданылады. Оларға тiлдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица, adventure), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), сонымен қатар, сөз тiркестерi (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де тұтас сөз тiркестерi немесе лозунг – слогандар (мысалы «өз шөлiнен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенiң») сөздер жатады.

Көлемдiк тауар таңбалар кеңiстiкте бейнеленген үш өлшемдi объектiлер болып табылады. Әдетте, көлемдiк тауар таңбалары ретiнде тауарлардың ерекше орамалары қорғалады (мысалы, иiссулардың флакондары).

Аралас тауар таңбаларына бейнелiк, сөздiк, көлемдiк эле-менттерiнiң әр түрлi комбинациялары жатады. (мысалы, қанатты барс үстiндегi батыр бейнесi «Отандық маркасы» сөздерiмен үйлесуi).

Жоғарыда аталған тауар таңбалары түрлерiнен басқа сенсорлық (дыбыстық, жарықтық, иiстiк) және де тауар таңбаларының өзге түрлерi бар. Олардың анық және бiр мәндi идентификациясы кезiнде ғана олар тiркеле алады.

Дыбыстық тауар таңбасы – ол фонограмма түрiнде бекiтiлген және нота жазбаларында көрсетiлген немесе дыбыс түрiнде көрсетiлген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшiн теңiз дауысы). Бүкiл әлемде тiркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тiркеулердiң мысалдары әлi жоқ.

Ұжымдық тауар таңбалары ерекше категорияны құрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану шарттарына сай олар бiртұтас сапалық не өзге сипаттамамен тауар өндiретiн (не,немесе) жеке кәсiпкерлер ұйымының атына тiркеледi. Мысалы, Қазақстанда танымал «Сарыағаш суы» Ассоциациясының мүшелерi өндi-ретiн «Сарыағаш» минералды суының сапасын бақылау мақсатында өз өнiмiн бiртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесiмен) шығарады және сатады. Ұжымдық тауар таңбасы ретiнде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрi тiркеле алады.

Тауар таңбалары олар тiркелген ақ-қара түрiнде де, түстi түрiнде де тiркеледi.