Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

12 Тарау Халықаралық жеке құқықтағы деликт мәселесі

§1 Деликт түсінігі

Деликт- жеке құқық бойынша жәбірленушінің пайдасына зиянның және залалдың орнын толтыру немесе айыппұл ретінде өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе азаматтық-құқықтық әрекет. Деликт деп азаматтық құқық саласында жалпы барлық құқыққа қарсы жасалған әрекет (ол қылмыс, заңсыз әрекет, немесе тек мүліктік зақымдау болуы мүмкін) аталады,ол сол уақыттағы адамдардың арасында қалыптасқан азаматтық-құқықтық қатынастарға қарамастан, адамның жеке немесе мүліктік аумағына қол сұғу, кіру арқылы қандай да бір залал келтіретін әрекет жасауы болып табылады. Деликттің азаматтық-құқықтық құрамы, сол сияқты ол үшін жауапкершіліктің түрлері тарихтың әртүрлі кезеңдерінде және әртүрлі заңнамаларында әртүрлі болады. Құқықтың алғашқы даму кезеңдерінде деликтік құқықтық сала құқықтың барлық саласына сәйкес келіп отырған, себебі қылмыстық және азаматтық құқықбұзушылық жәбірленушінің пайдасына басқа ешқандай салдарсыз бірдей айыппұл салумен жазаланған.

Әрі қарай дамуы бір жағынан көпшілік алдында бағалауға жататын қылмыстық әрекеттердің, екінші жағынан еш айыппұл төлеуге жатпайтын азаматтық құқық бұзушылықтың біртіндеп бөлінуінен тұрады. Римдік құқық саласында бұл даму үрдісі ерекше көрнекілікпен есте қалады. Біздің бірқатар қылмыситық істер бұл жерде ұзақ уақыт жазалаудың деликттік тәртібінен шыға алмады. Басқа жағынан, азаматтық-құқықтық, заманауи және рим құқығында таза келісімдік қатынастар өздерін қорғануды тек деликтік ізденулердің көмегімен тауып отырған.

Деликттік қатынастар – зиян келтіруге байланысты туындайтын міндеттемелер. Жәбірленуші тұлға деликвенттен зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Оның үстіне, залалдың көлемі мен анықталу тәртібі мұндай дауларды реттеу үшін қолданылатын құқыққа сәкес әр түрлі болады.

Деликтті міндеттемелердің ерекшелігі – олардың туындауы шартпен талап етілмейді, фактінің орын алуымен байланысты болады, бір қатар жағдайларда зиян келтіруші тұлғаның кінәсінен тәуелсіз болады.

Келтірілген зияннан туындайтын міндеттеме кейбір құқықтық жүйелерде деликттік деп аталатын ежелгі міндеттемелер түріне жатады. Халықаралық жеке құқықтың дамуы тарихында осы құқықтық қатынастарды коллизиялық реттеу белгілі эволюцияға ұшырады. Негізіне алғанда анағұрлым ұтымдылық қағидасы салынған коллизиялық байлам жүйесін әзірлеуге дейін, деликті реттеу барысында құқық таңдауы белгілейтін жалғыз қағиданың болуы.

Деликтті құқықтық қатынастардың халықаралық жеке құқықтың әр түрлі субъектілер, жәбірленуші, делинквент болып қатыса алады. Бұл халықаралық жеке құқықтың субъектілері – мемлекет пен үкіметаралық ұйымдарға қатысты. Мемлекет субъект болып қатысатын деликті қатынастарының мысалы ретінде, мемлекеттік органның заңсыз әрекеті салдарынан азапмат не заңды тұлғаға зиян келтірілетін жағдайды айтуға болады.

§2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің коллизиялық құқықтық мәселесі

Көбнесе деликтті қатынастардың қатысушысы болып жеке тұлғалар табылады. Деликтті қатынастарда шетелдік элемент барлық үш нысанда орын алуы мүмкін:

  1. субъект ретінде (шетелдік азамат зиян келтіруші болған жағдайда)

  2. объект (шетел мемлекетінде тіркелген көліктік құралға зиян келтірілген жағдайда)

  3. заңи факт (құқық бұзушылық шетелдік мемлекетте орын алған жағдайда)

Деликтті дауларды қарастыру барысында коллизиялық мәселе әр түрлі сұрақтарды шешу барысында пайда болуы мүмкін:

  • туындаған зиянның негіздерін анықтау;

  • іс-әрекетті деликт ретінде санаттау;

  • субъектілердің деликттік қабілеттілігін бекіту;

  • залалдың орнын толтыру, көлемі мен тәртібін анықтау;

Түрлі елдердің заңнамаларында жоғарыда аталған барлық жағдайларға тек дара коллизиялық байлам бекітілген. Ол- зиян келтірілген елдің құқығы( lex loci delicti comissi) Деликтті қатынастарының дамуы мен жетілдіру нәтижесінде мемлекеттің осындай біркелкі көзқарасына басқа да коллизиялық қағидалардың қолданылуымен толықтырылды:

  1. жәбірленушінің тұрғылықты жері заңы;

  2. деликт нәтижесінде келтірілген, қолайсыз салдарының туындаған жердің заңы;

  3. деликтті қатынастардың екі тарабы да байланысы бар мемлекеттің заңы;

  4. сот заңы;

Кейбір мемлекеттердің құқықтық жүйелері деликтті міндеттемелер аясына тараптардың еркіндігі қағидасын қосқан. Деликтті қатынастардың қатысушылары деликтті міндеттеменің құқықтық жағдайын екі тараптың да мүдделерін ескеретін құқықтық тәртіпке бағындыруға мүмкіндіктері бар.

Осылайша деликтік міндеттемелерге қолданбалы коллизиялық мәселелерді шешу барысында екі негізгі нұсқалардың арасында таңдау жүзеге асырылады: яғни әрекеттер жасалған елдің құқығын немесе жәбірленген елдің, яғни зиян келтірілген адамның құқығын қолдану.

Әйтсе де әр түрлі елдерде деликт жүзеге асырылған орынды анықтау үшін әр түрлі критериилер қолданылады. Оны келтірілген зиянды қайтару үшін қойылатын талапқа негіздеме болатын, әрекет жүзеге асырылған орынды, немесе осындай әрекеттің салдары туындаған орны ретінде, немесе олардың белгілі бір үйлесімді орны ретінде анықтауға болады.