Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§2. Қазақстан Республикасының авторлық құқықты қорғау жүйесінің дамуы.

Бұл ая біздің Республикамыздың мемлекеттік реттеудегі жаңа сала болып табылады. Кеңес одағы кезінде бұның функционалдылығы одақтың орталық органымен қамтамасыз етілген.

Көп уақыт бойы Кеңес Одағы өнер, әдебиет және ғылым туындылары жөніндегі қатынастарды нақты реттей алатын азаматтық құқықтың жекелеген институты ретінде іс жүзінде танылады. Сол кездегі тәжірибеде авторлық мәселелер жөніндегі даулар сотта қаралған жоқ. Сондықтан, авторлық құқықтың бұзушылықтар үшін белгілі бір өтемақылар төлеуге байланысты сөз мүлдем қозғалған жоқ. Мұндай құқық бұзушылықтар жоқ болды деп айтуға, әрине болмайды. Бұл мәселелер кездессе, олар сәйкес ұйымның отырыстарында қарастырылған. (Мысалы: Композиторлар одағы, Жазушылар одағы, т.б.). Жауаптылық та тек қоғамдық-тәртіптік сипатта болды. Ал бұл салада істейтін ғалымдар көбінесе авторлықты тіркеу мәселесімен айналысқан.

Айтарлықтай, барлық дамыған мемлекеттерде автор өзіне тиесілі сыйақыны толық мөлшерде алады, кейін сол сомадан өзінің мемлекетіне салық төлейді. Кеңес Одағында бәрі керісінше болды, мемлекет соманың барлық мөлшерін алып, кейін ғана авторға белгілі бір үлесін берді. Тағы бір кемшілік – автордың өз туындысын пайдалануға не беру, не тыйым салу құқығы болған жоқ.

Дегенмен де, Кеңес Одағында құқық бұзушылықтар аса көп болған жоқ. Соғыстан кейін кинотеатрларда көптеген шетел фильмдерін көрсете бастады. Оларды жалдап көрсету қазынаға үлкен табыс әкелген. Бұл фильмдер тек заңды негізбен ғана алынды (сатып-алу, ленд-лиз1, ауыстыру т.б.). Шетелдік әдеби туындылар жөнінде айтатын болсақ, олардың жұмыстары болған, және де олардың еңбектерін Кеңес Одағымен марапатталған. Бүкілкеңестік «Мелодия» дыбыс жазба фирмасы көптеген тираждармен лицензияланған шетел орындаушыларының грампластинкасын шығарған.

Бұдан Кеңес Одағында авторлық құқық мәселесі өзіндік ерекшеліктерімен болса да белгілі бір дәрежеде қалыптасқандығын көруге болады. Бірақ бұны реттейтін заңнама фактілі түрде болған жоқ.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы егемендік алған соң ғана бұл мәселе қозғала басталды да, тек 1996 жылдың 10 шілдесінде ғана мұндай қатынасты нақты реттейтін «Авторлық құқық» туралы заң қабылданды. Бұл заң әлемдік стандарттарға сәйкес V Халықаралық конвенция негізінде жасалынды және де ТМД Парламенттер ассамблеясында ең үздік нормативтік актілер қатарына жатқызылды.

Ал 1998 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Берн конвенциясына қосылды.

А) Қазақстан Республикасының авторлық құқығындағы жалпы ережелер. Авторлық құқық нормаларының әрекет етуі.

Қазақстан Республикасы авторлық құқығын қорғау заңдарының таралу аясы:

  1. авторлардың азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында жарияланбаған туындылар;

  2. авторы және құқық қабылдаушысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелде объективті түрде бар жарияланған немесе жарияланбаған шығармалар;

  3. Халықаралық шарттарға сәйкес авторы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетелдер аумағында объективті түрде бар жарияланған немесе жарияланбаған туындылар.

Қазақстан Республикасының азаматы өзінің шығармасын шетелде

жарияласа және оның Қазақстан Республикасы аумағында қорғалынуын қаласа, бірінші жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жариялау қажет.

Қазақстан Республикасының аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негіз болған іс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттің заңы бойынша анықталады.

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

Авторлық құқық белгілі бір объективті түрге ие болған ауызша, жазбаша (нота, қолжазба), әнжазба мен бейнежазба (оптикалық, механикалық), бейнелеу (сурет, сызба), көлемді-кеңістікті (мүсін, макет) туындыларына таралады.

Авторлық құқық идеялар, ойлар, әдістер, үрдістер, концепциялар, оқиғалар, фактілер, ресми құжаттар, мемлекеттік нышандар мен белгілер және халық шығармашылық туындыларына таралмайды.

Бұның себебі – авторлық құқық тек белгілі бір объективтік нысанда бар болатын туындыларға таралады. Осыған байланысты, шетелдік соттарда идеяларды пайдалану жөніндегі бірталай даулар қарастырылған. Мысалы, талап қоюшы – белгілі бір телебағдарлама идеясының авторы белгілі бір телеарнаға өз идеясы жөнінде хабарлады да, кейін оның идеясы сол телеарнаның басқа бір бағдарламасында қолданылғандығын байқаған. Сөйтіп, сол телеарнаға талап қойған1.