Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§6 Аса тығыз байланыс заңы – proper law және басқа коллизиялық ережелер

Аса тығыз байланыс заңы (Proper law) берілген құқықтық қатынаспен аса тығыз байланысты мемлекеттің құқықтығы қолданатыны білдіреді. Бұл шарттық міндеттемелер аясында коллизиялық сұрақтарды шешу үшін сатушы мемлекеттің заңы деген тіркелу формуласымен бірге қолданылады. Бірақ, бұны шетел элементімен шиеленіскен барлық жеке құқықтық қатынастарды реттеу үшін қолданылады. Осыған мысал ретінде 1978 жылы. Австрияның халықаралық жеке құқық туралы заңын келтіруге болады, осы заңның 1-ші параграфында шетел элементімен күрделенген құқықтық қатынастар аса тығыз қатынасы бар құқықтық тәртіпке бағынады деп жазылған. Бұл тіркеу формуласы Англо-Американдық халықаралық құқық теориясы мен тәжірибесінде қалыптасып, шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқықты анықтау үшін қолданады. Сондықтан да оны Law of the contract немесе Proper law of the contract деп атайды.

Халықаралық жеке құқық шарт тараптарына шарттық міндеттемелерді реттеу үшін кез келген мемлекеттің құқығын таңдау мүмкіндігін бере отырып, бұл ережеге бірінші дәрежелі маңызды береді. Қолданылатын құқықты таңдаудың басқа әдістері екінші орында тұрады, себебі олар тараптар құқықты таңдамаған жағдайда қолданылады.

Біздің заңнамада осы танылған қалыпты мойындайды: егер қолданылатын құқық туралы тараптарды келісім болмаса немесе егер шартта тараптар өздерінің құқықтық қатынастарын қандай құқыққа бағындырғысы келгісі туралы белгіленбесе, онда заңнамада шарттық міндеттемелерді реттейтін, құқықты таңдау туралы толықтырушы, субсидиарлы ережелер көзделеді (көзделген).

Аса тығыз байланыс заңы барлық шарттарға қолдана бермейді. Мысалы Ресейдің азаматтық кодексінде онда екі шарт бар: тұтынушы қатысқан шарт және шетел элементінің қатысуымен заңды тұлғаны құру шарты.

Тұтынушы қатысатын шартты арнайы құқықтық реттеу, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғауы қажеттілігі мен байланысты. Бұл шарттың түріне жеке тұлғаның– өзінің, от-басының, үй мұқтаждықтары үшін және басқа кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес заттарды (жұмыстарды, қызметтерді) жеке тұлғаның алуы (сатып алуы) жатады. Қолданылатын құқықтың бекітілуі екі коллизиялық байлам негізінде жүзеге асырылады: тараптар еркі және тұтынушының тұрғылықты жерінің заңы – Lex domicilii. Бұнда тұтынушының тұрғылықты жерінің заңы басымдылыққа ие.

Аса тығыз байланыс заңы тарамайтын тағы да бір шарттың түрі– ол шетелдіктің қатысумен заңды тұлғаны құру туралы шарты. Бұл жағдайда заңды тұлға құрылатын елдің құқығы қолданады.

Ресей заңнамасында бір жақты мәмілелерге қатысты аса тығыз байланыс заңы қолданылмайды. Себебі бұл міндеттемелер бір тұлғаның (жеке тұлғаның) әрекетінен туындайды, сондықтан міндеттеме осы тұлғаның заңына бағынуы керек. Біздің Азаматтық кодексімізде айырмашылықтар бар (Ресей коллизиялық нормаларына қарағанда). Бұл айырмашылықтарды төменде ҚР-сының Азаматтық кодексінің келтірілген баптардан көруге болады:

1114- бап.

1. Шетелдің қатысуымен заңды тұлға қуру туралы шартқа осы заңды тұлға құрылатын немесе құрылған елдің құқығы қолданылады.

2. Осы баппен реттелетін қатынастар өзіне заңды тұлғаны құру және тоқтату оған қатысу үлесін беру жөніндегі қатынастарды және заңды тұлғаны қатысушылары арасындағы олардың (соның ішінде кейінгі келісімдермен белгіленетін) байланысты өзара құқықтары мен міндеттеріне басқа да қатынастарды қамтиды.

3. Осы баптың ережелері шетел қатысатын заңды тұлға қатысушыларының өзара құқықтары мен міндеттері бақа құрылтай құжаттармен белгіленген жағдайда да қолданылады.

1116- бап.

Біржақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет істеу және басқалар) мәмілелер жасалған жердің құқығы қолданылады. Біржақты мәміле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.

1118-бап.

Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зияны туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:

  1. Тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегі елдің құқығы;

  2. Өндірушінің немесе қызмет көрсетуші тұлағаның тұрғылықты жеріндегі немесе орналасқан жеріндегі елдің құқығы;

  3. Тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетілген елдің құқығы қолданылады.