Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§ 6. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар

Барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйе-сiн құрайтын аса маңызды мекеме мамандырылған мемлекеттiк ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанынан ұлттық патент ведомствосы (Казпатент) құрылды. Егемен Қазақстанның қалыптасуының бүкiл кезеңiнде Республиканың басқару аппараты бiрқатар құрылымдық қайта құруларды бастан кешiрдi. Басқару органдары бiр-бiрiне қосылып, бiр орталықтан басқарыла бастады. Қазақстан экономикасында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын органдардың бiрi саналатын Казпатент те бұдан сырт қалған жоқ. Ол бұрынғы өнеркәсiп және сауда, экономика және сауда, энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылымына агенттiк болып ендi, кейiн патент және тауар таң-балары жөнiндегi дербес республикалық мемлекеттiк кәсiпорын-ға айналды.

2000 жылғы қыркүйекте ол ҚР Әдiлет министрлiгi құрамына енгiзiлдi. 2001 жылғы наурыздан бастап ҚР Әдiлет министр-лiгiнiң Интеллектуалдық меншiк құқығы жөнiндегi комитетi, сондай-ақ оған бағынатын Қазақстан патенттiк сараптама институты (КИПЭ) құрылды. Сөйтiп, қазiр де бұл комитет Қазақстанның ұлттық патент ведомствосы болып табылады, ал оның сараптама жұмысын КИПЭ атқарады.

Бiздiң елiмiзде интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғау саласында арнайы құзыреттi бас мемлекеттiк орган, өзгеше айт-қанда, Қазақстанның патенттiк ведомствосы – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi комитет болып табылады. Ол 2001 жылдың 29 наурызындағы ҚР Президентiнiң «ҚР құқық қорғау қыз-метiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралың № 536 бұйрығына сәйкес қабылданған ҚР Үкiметiнiң 2001 жылдың 29 наурызындағы № 411 «ҚР Әдiлет министрлiгiнiң интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi комитет сұрақтары» қаулысымен құрылды.

Бұл нормативтiк актiлер интеллектуалдық меншiк саласындағы мемлекеттiк басқару құрылысын тамырымен өзгерттi. Бұрын әрекет еткен құзыреттi органдар мен ұйымдар – патенттiк ведомство қызметiн атқарған ҚР Әдiлет министрлiгiнiң патент және тауар таңбалары жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын мен бұрынғы ҚР Әдiлет министрлiгiнiң авторлық құқықтары жөнiндегi ведомство орнына бiртұтас жаңа интеллектуалдық меншiк жөнiндегi комитет келдi.

Аталған комитетпен қатар, бұл саладағы құқықтық қатынас-тардың жаңа субъектiсi пайда болды. Бұл жоғарыда аталған ҚР Үкiметiнiң №411 қаулысымен құрылған бұрынғы қазақстандық патенттiк сараптама институты. Бұл ұйымға мына қызметтер жүктелген болатын:

– өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауарлардың шығарылған жерлерiнiң атаулары) өтiнiмдер қабылдау, осы өтiнiмдерге сараптама жүргiзу және өтiнiм берiлген өнеркәсiп меншiгi объектiлерiнiң қорғау қабiлеттiгi шарттарына сәйкестiгiн анықтау;

– селекциялық жетiстiктерге өтiнiштердi және интегралды микротәсiмдер топологияларын тiркеуге өтiнiмдердi қабылдау, осы өтiнiмдердi бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiне сараптама жүргiзу;

– тiркелген өнеркәсiп меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктер мен интегралды микротәсiмдер топологиялары реестрiн жүргiзу бойынша жұмыстарды жүргiзу;

– қорғау құжаттарына сараптама және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктерiн және интегралды микротәсiмдер топологияларын қорғау мәселелерi бойынша ресми бюллетеньдердi жариялау;

– Патенттiк кооперация туралы Шарт пен Еуразиялық патент конвенциясы мен Таңбаларды халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне сәйкес қызметтердi жүзеге асырумен байланысты халықаралық өтiнiмдерге сараптама жүргiзу.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 756 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi Комитетiнiң интеллектуалдық меншiк институтының Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiп-орнын құру» туралы қаулысымен бұрынғы КИПЭ функциялары қысқартылған атауы «РГКП НИИС» жаңа институтына жүктелдi.

Яғни, сараптама органдарына РГКП НИИС-тi, ал ғылыми-ақпараттық органдарға – Қазақстандық мемлекеттiк ғылыми-техникалық институтты (КазгосИНТИ), Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхананы жатқызуға болады.

Патенттiк кiтапхана патент жүйесiнiң маңызды бөлiгi болып табылады, себебi өнертапқыштар мен өзге субъектiлердiң шығармашылық қызметi ақпараттық ресурстарсыз мүмкiн емес. Патенттiк сараптама жүргiзу үшiн де адамзаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң бәрiне қатысты бiлiм саласындағы жетiстiктерiн есепке алу қажет.

Мемлекетте патенттiк кiтапхананың болуы Париж конвенциясына қатысу үшiн мiндеттi шарт болып табылады. «Одақтың әрбiр мемлекетi өнеркәсiптiк меншiк iстерi жөнiндегi арнайы қызмет пен қоғамның өнертабысқа патенттермен, пайдалы модельдермен, өнеркәсiптiк үлгiлермен және тауар таңбаларымен танысу үшiн орталық қойма құруы тиiс».

Бiздiң елiмiзде патенттiк кiтапхана қызметiн көпсалалық кiтапхана, техникалық және онымен сабақтас ғылымдар саласында мамандырылған әдiстемелiк-библиографиялық орталығы болып табылатын Республикалық ғылыми-техникалық кiтап-хана (бұдан әрі-РҒТК) табылады.

РҒТК құрамында 1965 жылдан патенттердiң «орталық қоймасы» қызметiн тiкелей атқарған Республикалық патенттiк қор (бұдан әрі-РПҚ) әрекет ететiн. Қазiргi уақытта РПҚ-да әлемнiң 50 мем-лекетiнен және үш халықаралық аймақтық патент ұйымдарынан 21 миллион данадан астам құжат жиналған.

Авторлық құқық сияқты патент құқығы мәнi бойынша адамның интеллектуалдық, шығармашылық қызметi нәтижесiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бiрақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам шығармашылығының тек ғылыми-техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызмет өнiмдерi ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн қолданудың қолданбалы аспектiлерiне қатысты болғанда ғана, патенттiк құқық объектiсi бола алады.

Интеллектуалдық меншiк объектiлерi арасында өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер сияқты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерi маңызды орын алады. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, та-уар шығарылған жердiң атауымен бiрге олар «өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi» жалпы атауымен қамтылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағына да таралатын 1883 жылғы 20 наурыздағы €неркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясының 1-бабымен бекiтiлдi.

Патенттiк қатынастар қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiн егжей-тегжейлi реттелгенiмен ерекшеленедi. Авторлық құқықпен салыстырғанда, объектiнi тiркеу мен өнертабыс жасалғаннан кейiн алғашқы патент құқықтарын бекiту нысандалуымен ерекешеленедi. Себебi, бiрегей болып табылатын әдебиет немесе өнер туындыларына қарағанда, өнертабыс қайталануы мүмкiн. Бұл өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн маңызды болғанымен, патенттеу объектiлерi нысанымен емес, үлкен коммерциялық құндылыққа ие мазмұнымен бағалы. Патенттiк қаты-настардың үлкен коммерциялизациясына өзге тұлғаға толық немесе бөлшектеп берiлуi мүмкiн патент иеленушiнiң құқықтары көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына енуiне және ұлттық заңнамада Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiн-дегi келiсiм «ТРИПС» талаптарының көрiнiс табу қажеттiлiгiне, сондай-ақ Азаматтық кодекстiң жалпы және ерекше бөлiмдерiн қабылдаумен байланысты қабылданды. Оның мәтiнi Азаматтық кодекс және басқа қазiргi заңнама терминдерiмен сәйкестен-дiрiлдi, алайда патент жүйесiнiң әретет ету қағидалары өзгермедi.

Патенттiк құқықтық қатынастар күрделiлiгiмен ерекше-ленедi, құқықтық нормаларды дұрыс қолдану және патенттеудi жеңiлдету мақсатында патенттiк ведомство нұсқаулық-әдiсте-мелiк ақпараттар жариялайды.

1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсiптiк меншiк саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етедi, олар:

1. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы;

2. 1891 жылғы 14 сәуiрдегi Тауар таңбаларын халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмi;

3. 1967 жылғы 14 шiлдедегi Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы конвенциясы;

4. 1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперация-сы туралы келiсiмшарт.

1995 жылдың 5 қарашасынан бастап елiмiздiң аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегiнде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттiк конвенция әрекет етуде.

Пысықтау сауалдары:

1.Патент дегеніміз не?

2.Ұллтықпен және аумақтық қағидаттар қолданылама?

3. Патентік қатынастарда қандай халықаралық конвенциялар қолданылады

15-т а р а у.