- •Алматы 2013
- •§ 1. Халықаралық жеке құқық түсiнiгi және атауы
- •§ 2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәнi
- •3 Жағдай ажыратылады.
- •§ 3. Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретiндегi мәнi
- •§ 4. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесiнде алатын орны
- •§5 Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері.
- •§ 1. Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы
- •§ 2. Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi
- •§ 1. Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі
- •§ 2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау.
- •§ 3. Өзара түсіністік
- •§ 4. Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау
- •1879 Жылға дейінгі Renvoi тарихы
- •5 Заңында бұл мәселе мүлде қарастырылмаған елдер
- •§ 5. Жария тәртіп туралы ескерту
- •§ 6. Императивтік нормаларды қолдану
- •§7 Көп құқықтық жүйелері бар елдің құқығын қолдану
- •§ 1. Халықаралық-құқықтық реттеудегі «жеке тұлға» түсінігі
- •§ 2. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың классификациясы.
- •§ 3. Жеке тұлғаның жеке заңы
- •§ 1. Заңды тұлғалардың ұлты мен статуты
- •§ 2. Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
- •§ 3. Қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдегі қызметі (тарихи шолу)
- •§ 4. Халықаралық заңды тұлғалар
- •§1 Мемлекеттің халықаралық-құқықтық иммунитетінің негізі.
- •§2 Мемлекет иммунитетiнiң түсiнiгi мен элементтерi.
- •§3. Халықаралық жеке құқықта мемлекет иммунитетiнiң теориясы.
- •§4 Мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі.
- •§5 Сот тәжірибиесіндегі мемлекет иммунитетінің қағидасы.
- •§6 Mемлекеттердің иммунитеті және меншігі туралы ұлттық заңнамалар
- •§1 Меншік құқығының түсінігі
- •§2 Меншік құқығындағы коллизиялық мәселелері
- •§3 Меншік құқығындағы Ұлттандыру мәселесі
- •§4 Шетел инвестициясын реттеу мәселесі
- •Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды аймақтық және көп жақты реттеу
- •§8. Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты.
- •§1 Халықаралық сипаттағы шарттық міндеттемелердің түсінігі
- •§2 Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты және орны
- •§3 Міндеттемелік статут
- •§4. Қолданылатын құқықтың түсінігі.
- •§5Тараптардың еркі
- •§6 Аса тығыз байланыс заңы – proper law және басқа коллизиялық ережелер
- •§7Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері.
- •Лизинг операциясының техникасы (1 схема)
- •Лизинг операциясының техникасы (2 схема).
- •Факторинг компания
- •Факторингтік операциялар (Схема 4)
- •Факторингктік операциялар
- •Форфейтор мәмілесінің техникасы (5 схема)
- •Экспортер
- •Импортер
- •Форфейтор - банк
- •Халықаралық жеке құқықтағы есеп айырысу қатынастары
- •§1 Халықаралық есеп айырысу қатынастарының түсінігі мен мазмұны.
- •§2 Халықаралық есеп айырысу саласындағы халықаралық әдеп-ғұрыптардың унификациялануы.
- •§3 Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысулардың нысандары.
- •§4 Валюталық тәуекелді сақтандыру шаралары ретінде – валюталық ескертпелер.
- •§5 Халықаралық есеп айырысу қатынастарына банктердің қатысуы.
- •Халықаралық тасымалдау
- •§1 Халықаралық тасмалдаудың түсінігі және тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы
- •§2 Теміржол тасымалы.
- •§3 Халықаралық әуе тасымалы
- •§4 Халықаралық теңіз тасымалын материалды-құқықтық және коллизиялық-құқықтық реттеу
- •§1 Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастарының жалпы сипаттамасы
- •§2 Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастардағы коллизиялық байламдар
- •§3 Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастарын халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасы заңнамаларында құқықтық реттеу тәсілдері
- •12 Тарау Халықаралық жеке құқықтағы деликт мәселесі
- •§1 Деликт түсінігі
- •§2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің коллизиялық құқықтық мәселесі
- •§3 Қазақстан Республикасындағы деликт мәселесі
- •§3 Шетелдегі деликт мәселесі
- •§1 Авторлық құқықты халықаралық
- •А) «Берн» одағы.
- •1896 Жылғы Париж конференциясы.
- •1908 Жылғы Берлин конференциясы.
- •1914 Жылғы Қосымша Берн хаттамасы.
- •1928 Жылғы Рим конференциясы.
- •1948 Жылғы Брюссель конференциясы.
- •1967 Жылғы Стокгольм конференциясы.
- •Ә) «Американаралық конвенциялар»
- •Б) «Авторлық құқықты қорғау туралы Дүниежүзілік конвенция»
- •§2. Қазақстан Республикасының авторлық құқықты қорғау жүйесінің дамуы.
- •А) Қазақстан Республикасының авторлық құқығындағы жалпы ережелер. Авторлық құқық нормаларының әрекет етуі.
- •Авторлық құқық объектілері.
- •Авторлыққа байланысты негізгі ережелер.
- •Б) Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңдылығындағы қиыншылықтар туғызатын мәселелер.
- •Патенттiк құҚыҚ жӘне ҚазаҚстан Республикасынан тыс жерде тауар таҢбаларын ҚорҒау
- •§ 1. Патент құқығының түсiнiгi мен мазмұны
- •§ 2. Патент берiлетiн интеллектуалдық меншiктiң негiзгi объектiлерi
- •§ 3. Қазақстан Республикасының аумағында интеллектуалдық меншiк бойынша әрекет ететiн халықаралық конвенциялар
- •§ 4. Патент жүйесiн қалыптастыратын халықаралық құқық органдары
- •§ 5. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтiн ұлттық заңнама
- •§ 6. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар
- •ХалыҚаралыҚ жеке құҚыҚтаҒы отбасы құҚыҒы
- •§ 1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық мәселе
- •§ 2. Некеге отыру және некенi тоқтату
- •§ 3. Ерлi-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен
- •§ 4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары
- •§ 6. Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы Конвенция аясында реттеу (29.05.1993ж)
- •1.Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерліктің түсінігі және жалпы сипаттамасы.
- •2.Өсиеттің негізі.
- •3.Өсиет нысаны.
- •4.Шетел мемлекеттерінің заңнамалары.
- •5.Мүліктің иесіз қалғандығының ұғымы және тану жағдайлары
- •6. Иесіз қалған мүліктің мемлекетке өтуі және заңи негізгі өтуі.
- •1.Халықаралық коммерциялық арбитраждың түсінігі мен түрлері
- •1) Реттеу пәні бойынша:
- •2) Әрекет ету мерзімі бойынша:
- •3) Құзырет шеңберінде:
- •Пайдаланған әдебиттер: Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Мазмұны
§ 4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары
1989 жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес «Бұл конвенцияға қол қоюшылар баланы асырап алу жүйесiнiң өмiр сүрiп жатқандығын мойындайды және ең бiрiншi ретте баланың мүддесiнiң қамтамасыз етiлуiн көздейдi» делiнген. Сонымен қатар ол:
1) бала асырап алынуды тек қана сол мемлекеттiң баланы асырап алу туралы мәселенi шешетiн iстi органдары шешуi тиiс.
2) баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл Конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрi болып табылады және бұл тек қана бала сол мемлекеттiң өзiнде асырауға берiле алмайтын болған кезде ғана қолданылады;
3) баланы бiр мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттiң өзiнде қолданылатын ереженiң қолданылуын анықтайды;
4) баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандай да тараптың бiрiнде болмауы тиiс.
«Неке және отбасы туралы» Кодексінің ережелерiне сәйкес шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алынуы мүмкiн. Мұндай бала асырап алу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi органының рұқсатын алуы керек.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса, атқарушы органның келiсiмiн сұрауы тиiс болып табылады.
Жеке адамдар мен мемлекеттiк емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берiлмейдi.
Бала асырап алу үшiн бала асырап алушыға бiрқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетiнде асырап алуға құқылы екендiгiн куәландыратын құқықты көрсетуге мiндеттi.
Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекетерiне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылыққа алынуы тиiс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала (қыз) асырап алуы әлемдiк деңгейде, қалыпты тәжiрибеге айналған болатын. «Халықаралық бала (қыз) асырап алу» алғаш рет осы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу тәжiрибесi өте кең қолданыста болып келдi. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық және iс жүргiзу жақтары жеткiлiктi дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық деңгейде жаңа Конвенция қабылдау қажеттiлiгi пайда болды. Оның басты себептерiнiң бiрi бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн әлемнiң басқа мемлекеттерiнiң мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерiн реттейтiн ал-ғашқы Конвенция жобасын жасап шығаруға мiндеттi болып табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993 жылдың 29 мамырында қабылданды.
Гаага конвенциясының ережелерi бойынша бала (қыз) асырап алу 18 жасқа дейiнгi азаматтарға ғана қолданылады.
§ 5. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы аясында реттеу (20.11.1989ж) және Балалдарды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында реттеу (3.12.1986ж)
Отбасы-қоғамның негізгі түбірі екенін ескере отырып, бала құқықтарын қорғау,баланың толық көлемде дамуына жағдай жасау,баланың өмір сүру жағдайын жақсарту,осы салада халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында,баланың өмір сүру деңгейін күшейтуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере келе,Адам құқықтары туралы Жалпы декларацияда адам құқықтарының діни , саяси,әлеуметтік деңгейіне,тілі мен түсіне қарамастан құқықтары шектелмейтінін ескере келе, Азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пакт,1924жылғы Бала құқықтары туралы Женева конвенциясына сүйене отырып “Бала құқықтары туралы” Конвенция қабылданған болатын.Осы конвенцияға сәйкес 18 жас мөлшеріне жетпеген адамзат баласы “бала” болып танылады делінген (1бапқа сәйкес)Әр бала өмір сүруге құқылы.Осы Конвенция ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқығы мен бала асырап алу мәселесіне 20-21 баптарда тоқталған.Тұрақты немесе уақытша ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттен арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы.(20б. 1т. сәйкес) Әр мемлекет өз ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай балаларға қақорлық жасайды.Мұндай қамқорлық,мұсылман құқығы бойынша “кафала” тәрбиелеуге беріледі,асырап алу немесе бала қамқорлығымен айналысатын арнайы мекемеге орналастыру болып табылады.(20б. 3т. сәйкес) Бала асырап алу жүйесіне рұқсат етілетін мемлекеттер,бірінші кезекте бала мүдделерін қорғауды қамтамассыз етеді.Олар:
асырап алу тек өкілетті билік органдарымен рұқсат етілуін қамтамассыз етіледі
кейбір мемлекеттерде бала асырап алу балаға қамқорлық жасаудың альтернативті әдісі ретінде қарастырылады деп танылады,егер балаға өз мемлекетінде сәйкес тәрбие беру мүмкіндігі жоқ болса , ол шетел азаматы арқылы асыралынып алынады.
басқа мемлекетте бала асырап алынатын болған жағдайда,ішкі мемлекеттік асырап алу қатынасына қолданылатын нормалар мен кепілдіктердің болуын қамтамассыз етеді.
Бала өз аиа-анасының қамқорлығы мен жауапкершілігінде өсуінің тиістілігін ескере, қарулы қақтығыстар, экономикалық кризис, әлеуметтік мәселелер, табиғи опаттар,ішкі дағдарыс салдарынан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың санының көбеюін ескере,асырап алу немесе тәрбиеге беру процедураларының бала мүдделері қорғау үшін екенін ескере, әлемдік негізгі құқықтық жүйеде әртүрлі пайдалы альтернативті институттаврдың бар екенін,мысалы мұсылман құқығы бойынша “кафала” ескере,Экономикалық,әлеуметтік,мәдени құқық туралы Халықаралық пакт,Жалпы адам құқықтары туралы Декларация,Дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сүйене отырып БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында осы құжат қабылданған болатын.Ата-аналар бала қамқорлығына міндетті. Егер бала ата-ана қамқорлығынсыз қалса ол оның туыстарына, басқа отбасына тәрбиелеуге,асырап алу ға,арнайы мекемелерге орналастырылады(5б. сәйкес) Бала тегі мен азаматтығынан айрылмайды.(8б сәйкес) Баланы тәрбиелеуге беру заңнамалармен реттеледі.Өкілетті орган тәрбиеленуге берген бала үшін жауапты.(11б. сәйкес) Асырап алудың басты мақсаты баланы тұрақты отбасымен қамтамассыз ету.(13б.сәйкес) Баланың ата-анасы,асырап алушы ата-ана баланың болашақ тағдырын шешуді тездету мақсатында консультациялармен қамтылады.Үкімет шетелгеи асыралынып кеткен балалар үшін саясат немесе заңнама бекітуі тиіс.(18б. ) Баланы ұрлау немесе заңсыз әкетуге тиым салу мақсатында саясат немесе заңнама бекітуі керек.Асырап алу процессі тек өкілетті органдар арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелге асырап алу,баланы асырап алуға еш заңи кедергінің болмағаны кезінде қарастырылады.Егер бала мен асырап алушы ата-ананың азаматтығы бөлек болатын болса,екі мемлекеттің заңнамалары сәйкестендіріледі.Бұл кездерде баланың мәдени және діни тәрбиесі мен мүддесі ескеріледі. Әр мемлекет отбасы мен баланың әлеуметтік жағдайына басты көңіл бөлу керек.Баланың басқа отбасында тәрбиеленуі кәмелет жасқа толғанша өз туған ата-аналарына қайтарылуына кедергі болмайды.(11б.) Бала асырауға берілетін кезде баланың өсіп жетілуіне жақсы жағдайлар жасалатыны ескеріледі.Қамқорлық немесе қорғаншылыққа беретін орган асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара арақатынастарын қадағалайды.Заңнама асыранды баланың сол отбасында заңды мүше болуын қамтамассыз етеді.(1б.)Егер балаға өз мемлекетінде сай тәрбиеге беру немесе асырап алу процессі жүргізілу мүмкіндігі болмаған жағдайда альтернативті әдіс ретінде шетелде асырап алу жүргізілуге рұқсат етіледі.(17б сәйкес)Шетелдік асырап алу процессін рәсімдеу ішкі мемлекетте асырап алуға қолданылатын кепілдіктер мен нормалар негізінде өкілетті орган арқылы жүргізілуі тиіс.Шетелдік асырап алу пайда табудың көзі болмауы тиіс.(20б.) Бала шетелге кеткенде қабылдаушы мемлекет үшін асырап алудың заңи күші болуы тиіс.