Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§3 Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысулардың нысандары.

Халықаралық коммерциялық операциялардың қаржыландыру тәжірибесі төлемдердің бірнеше нысандарын анықтайды. Белгілі бір төлемдердің нысанын таңдау барысында тараптар белгілі бір императивтік және диспозитивтік қиыншылықтарға тап болады.

Төлем – бұл халықаралық экономикалық қатынастардың қаржылық қамтамасыз етілуінің қорытынды кезеңі болып табылады.

11Төлем шарты ( terms of payment) – халықаралық шарттың басты әрі қиын құрауыштарының бірі. Контрактта төлем шарттарын бекітуде халықаралық тәжірибеде келесідей жағдайлар қарастырылған:

  • Төлем валютасы

  • Ескертпе

  • Есеп-айырысу нысаны.

Халықаралық есеп-айырысуларда валютаның бірнеше түсініктері қолданылады, алайда шарт бойынша валютаның таңдалуы емес, валюталық шектеулер және ескертпелер, валюталық тәуекел мен валюта бағамына көп мән бөлінеді.

Жоғарыда айтылып кеткендей, екі автордың түйінділерінен біз халықаралық есеп-айырысуларының негізгі нысандары ретінде мыналарды қарастыруды жөн көрдік:

  1. аккредитив

  2. инкассолық операциялар

  3. вексель

  4. банктік аударым

Төлемге ұсынылатын құжат ретінде :

  • Аккредитив

  • Чек

  • Вексель танылуы мүмкін

ҚР 1995ж Ұлттық банк туралы заңынының 8-бабының «д» тармақшасында Ұлттық банк:

«Д) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ  банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды», делінген.

Демек, ҚР аумағындағы есеп-айырысулардың құқықтық реттелуі Ұлттық банктің құзыретінде.

Аккредитивті есеп-айырысу.

12Аккредитив – бұл бенефициарға банкке ұсынылған аккредитивте көрсетілген құжаттармен бірге тауар, қызмет жеткізу немесе жұмыс орындауға тапсырыс берушінің өтінімімен берілетін жалға алынған банк немесе растайтын банкке берілетін банктің қайтарымсыз төлем міндеттемесі. Әдетте, Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысуларда және мекемелер арасындағы төлемдерді жүргізу үшін қолданылады.

Аккредитивті есеп-айырысуларда банктер келесідей функцияларды жүзеге асырады:

  1. үшінші тұлға атына төлемдерді жүзеге асыру (бенефициарға) және бенефициар бұйрығымен аудармалы вексельдерді акцепттеуге немесе төлеуге;

  2. осындай төлемдерді жүзеге асыруды басқа банкке тапсыру;

  3. ұсынылғанқұжаттарға қарсы аудармалы вексельдерді төлеу, акцепттеу немесе негоциациялау;

Жоғарыда айтылып кеткендей Аккредитивтер: шақырылатын және шақырылмайтын; аудармалы (трансферабельді); револьверді; жабылған және жабылмаған бола алады.

Аккредитив бекітілген негізгі ережелерге сәйкес келу керек:

  1. аккредитивтердің барлығында олардың дер кезінде төлем, бөлшектеп төленетін төлем, акцепт немесе негоциация арқылы жүзеге асырылуын айқындап көрсету керек.

  2. Әр аккредитивте төлемді жүзеге асыруға құқығы бар банк (атқарушы банк), акцепт тратт немесе негоциация болу керек.

  3. Егер эмитент-банк телекоммуникациялық хабарландыру арқылы кез-келген авизалық банкке аккредитивті авизалау үшін нұсқау беретін болса, бұндай жағдайда кейіннен пошта арқылы растайтын хат жіберілуі керек.

Өз кезегінде банктер барлық құжаттарды толығымен тексеріп, олардың аккредитив шарттарына жауап беретініне көз жеткізуі тиіс.

Қазіргі таңда көп таралатын құжаттық аккредитивтік есеп-айырысуларда келесідей субъектілер бар:

  • Импортер – банкке аккредитив ашу өтінішімен жүгінеді.

  • Эмитент –банк – аккредитив ашушы банк.

  • Авизалық банк – экспортерге оның есебіне аккредитив ашылғаны жөнінде мәлімдеп, аккредитив мәтінінің сәйкестігін растайды.

Инкассолық операциялар. «Инкассо» термині нұсқаулар негізінде банктердің жүзеге асыратын операциялар деген ұғымды білдіреді. Мақсаттары:

  • Акцепт немесе төлемдерді қабылдау;

  • Акцепт немесе төлемдерге қарсы коммерциялық құжаттарды беру;

  • Басқа да шарттар бойынша құжаттарды беру;

  1. Инкассолық операциялардың құжаттарының айналымдары бойынша олар: таза және құжаттық болып бөлінеді. Құжаттық инкассо - бұл заңнамада көзделген жайттарға сәйкес банктер арасында құжаттар беру.Осындай төлемдер Халықаралық сауда палатасымен бекітілген 1978ж Унификациялық Ережелермен реттеледі. Құжаттық инкассо бойынша операциялар белгілі рет бойынша рәсімдеп, өз банкіне жібереді.

  2. банк толық құжаттарды импортер мемлекетіндегі өзінің корреспондентіне жібереді.

  3. импортер банкі сатып алушыға инкассолық тапсырыста көрсетілген сомма валютасына қарсы құжаттарды береді.

  4. импортер банкі экспортер банкін оның корреспонденттік есеп-шотына шарт соммасының қабылданғанын мәлімдейді.

Инкассолық операциялардың субъектілері болып мыналар таныла алады:

  1. сенім білдіруші - өз банкіне инкассациялау бойынша операцияларды сеніп тапсырушы клиент.

  2. ремитент-банк – сенім білдірушінің сенімімен инкассация бойынша операцияларды жүргізуге құқығы бар банк.

  3. инкассо жүргізуші банк – ремитент – банк болып табылмайтын, бірақ инкассолық операцияларға қатысушы кез-келген банк.

  4. ұсынылушы банк– төлеушіге ұсыныс беретін инкассациялаушы банк.

  5. төлеуші – инкассолық тапсырыс бойынша ұсыныс берілу тиіс тұлға.

Инкассолық тапсырыстарда төлеушінің толық мекен-жайы және домицилиі көрсетілуі тиіс. Ремитент-банк сенім білдірушінің нұсқауына сәйкес, инкассациялаушы банк ретінде:

  • Сенім білдірушінің атап-көрсеткен банкті қолдану керек.

  • Егер осындай тапсырыс болмаған жағдайда, банк өзінің шешімімен кез-келген банкті қолдана алады.

Сенім білдіруші немесе инкассациялық операцияларға қатысушы басқа субъект банк келісімінсіз оның мекен-жайына және атына тауарларды жібере алмайды. Егер банк келісімінсіз тауар банк мекен-жайына жіберілсе, онда банк тауарды қабылдаудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда жауапкершілік мәселесі тауарды жіберуші тұлғаның мойнында болады.

Инкассолық операцияларға қатысушы банктер жауапкершіліктен босатылады:

  • Кандай-да бір құжаттардың, хаттардың, хабарламалардың жолда жоғалуы немесе бүлінуі, каблограмма немесе телеграмма арқылы жіберілу кезінде ақаулықтар мен қателіктердің пайда болуы, техникалық терминдерді аудару немесе талқылау барысында пайда болған қателер.

  • Форс-мажорлы жағдайларда, көтеріліс, азаматтық толқулар барысында, банкке тәуелсіз жағдайлар орын алған кездегі салдар.

Инкассо нысанындағы есеп-айырысулар импортер үшін өте ыңғайлы болып келеді, себебі оның басты міндеті болып тауарлы құжаттарға қарсы төлемдерді жүргізу, онда ол тауарға иелік ету құқығын толыққанды иеленіп, алдын-ала өзінің айналымынан ақша сомасын шығару мүлдем керегі жоқ. Сонымен қатар инкассолық есеп-айырысуларда экспортер үшін айтарлықтай кемшіліктері бар:

    • Экспортер, импортердің төлемді жүзеге асырудан бас тарта алу тәуекеліне барады. Демек, инкассолық операциялардың басты шарты – экспортердің импортердің төлем жүргізуге қабілеттігіне сенімді болуы керек.

    • Тауардың тиелуі мен ол үшін ақша сомасының түсуі ұзақ мерзімге созылады.

Вексельді есеп-айырысулар.

13Вексель дегеніміз (неміс сөзі «айырбас» ) – белгілі бір үлгіде жазбаша түрде толтырылатын ұзақ мерзімді борыш міндеті.

Аударым вексель - маңызды құжат, вексель берушінің төлеушіге жазбаша нысанда жасалған жарғысы. Онда бірінші вексель ұстаушыға төленетін ақшалай сомасының мерзімінің келуі жазылады.

14Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы заңына сүйенетін болсақ, жай вексель мыналардан тұрады: 1) мəтiннiң өзiне енгiзiлген жəне осы құжат жасалған тiлдегi "вексель" атауы; 2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уəде; 3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi; 4) төлем жасалуы тиiс орынның көрсетiлуi; 5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс тұлғаның атауы; 6) вексельдiң жасалған күнi мен орнының көрсетiлуi; 7) құжатты берушiнiң (вексель берушiнiң) қойған қолы.

Сонымен қатар, аталған заңда аудармалы вексельге де анықтама берілген: аударым векселi (тратта)- вексель берушiнiң (трассанттың) үшiншi тұлғаға (трасстқа) бiрiншi вексель ұстаушының (ремитенттiң) немесе оның бұйрығы бойынша алдағы белгiлi бiр уақытта не ұсынуы бойынша төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнəрсеге негiзделмеген ұсынысы (бұйрығы) бар вексель. 15Аударым векселiнде мыналар болуға тиiс: 1) құжат мəтiнiнiң өзiне енгiзiлген жəне осы құжат жасалған тiлде айтылған "вексель" атауы; 2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық; 3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы; 4) төлем мерзiмiн көрсету; 5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету; 6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның атауы; 7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету; 8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.

Вексельдің басты қасиеттері:

  1. абстракттілік – ақшалай қарыздардың пайда болуының түсініктемесінің керек болмауы.

  2. даусыздық – вексельде көрсетілген нақты соманы төлеу.

  3. айналымдылық - шектеусіз субъектілер арасында қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.

Жоғарыда айтылып кеткен заңның 32-бабында аударым вексельдерінің төлем мерзімі жөнінде айтылған.

Аударым векселi: ұсынуы бойынша; ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта; жасалғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта; белгiлi бiр күнде төленуге тиiстi болып берiлуi мүмкiн. Мерзiмнiң өзгедей белгiленуiн не төлемнiң дəйектi мерзiмдерiн қамтитын аударым вексельдерi жарамсыз болады.

Халықаралық операциялардағы есеп-айырысулар кезінде вексельдің қолданылуының унификациясы 1930ж Ұлттар Лигасымен қабылданған үш Женева Конвенцияларында көрініс тапқан, әдетте Вексельді конвенциялар деп аталады: «Аудармалы және жай вексельдердің бірегей заңы туралы конвенция», аудармалы және жай вексельдердің заңдарының коллизияларының шешілуі туралы конвенция», «Жай және аудармалы вексельдерге байланысты гербтік алымдар туралы конвенция».

Құқықтық бәсекелестік көбіне вексельдердің екі түрі арасында пайда болады – конвенциялық вексель және англо-американдық вексель. Конвенциялық вексельдің талаптары Бірегей вексель заңына сәйкес келуі керек. Ал, англо-американдық вексель АҚШ мен Англияның сәйкес заңдарында бекітілген. Женева Конвенцияларына негізделген вексельді айналымның халықаралық реттелуі англо-американдық құқықтық жағдайынан алшақ болып келеді. Мысалы, англо-американдық құқықтық реттеу бойынша төлем жүзеге асырылатын тұлғаның көрсетілуі тиіс емес, ал Женева Конвенцияларында осындай тұлғаның көрсетілуі міндетті болып табылады. Сонымен қатар вексельді дауларды шешу тәртібі мен наразылық шарттары жөнінде келіспеушіліктер бар. Осындай құқықтық жағынан алшақтықтар тараптар арасындағы пайда болған дауларды шешуде қиыншылықтар туындайды.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Женева Конвенциялары вексельді айналымның кешенді реттелуін қамтамасыз етеді:

  • Аударымды және жай вексельдердің бірегей заңы туралы Конвенциясы - материалдық құқықтың унификациялауының мысалын көрсетеді.

  • Аударымды және жай вексельдер заңдарының коллизиялық шешілуі туралы Конвенция – коллизиялық құқықтың унификациясының мысалы.

Банктік аударым.

Банктік аударым – бір банктің аударым алушыға белгіленген ақшалай соманы төлеуге тапсыру. Халықаралық есеп-айырысуларда әдетте, банк аударымды өзінің клиентінің тапсырысы бойынша жүзеге асырады. Осындай операцияларға келесідей субъектілер қатысады:

  • Аударушы-борышқор.

  • Тапсырманы қабылдайтын аударушы тұлғаның банкі.

  • Аудару сомасының алуын жүзеге асыратын банк.

  • Аударымды қабылдаушы.

Банктік аударма пошта немесе телеграф арқылы жүзеге аса алады. Қазіргі таңда СВИФТ жүйесі (Бүкіләлемдік Банкаралық қаржылық телекоммуникациялық тор)

бойынша. Банк басқа да есеп-айырысудың нысандарын және кепілдіктерді қолданылуы мүмкін. Экспортер әсіресе, аударымдарды банк кепілдігімен жүзеге асырады, себебі импортердің тауар құнын төлемеген жағдайда кепілдік есебінен тауар құнын өндіре алады.

Пошталық аударма – бір банктің екінші банкке жіберілетін жазбаша төлем тапсырмасы. Пошталық аударым тапсырма беруші банкімен шетел банкіне әуе поштасы арқылы жіберіледі. Шетел банкінде тапсырма беруші банк атында есеп-шоттың болуы шарт. Телеграфты аударымдар және пошталық төлемдер бойынша іс-шаралар бірдей болып келеді. Аса ірі сомаларға қабылданатын төлемдер SWIFT жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республика шеңберінде банктік ауларымдардың құқықтық реттелуі «2007ж Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру Ережелерде» көрініс тапқан. Аталған ережелердің 2-тарауда валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі көрсетілген:

Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кездерезидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке тұлғалар; шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;

3) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

5) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты, егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

6) Ереженің 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда валюталық шарт;

7) Ережеде көзделген жағдайларда тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;

8) мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер бойынша);

9) міндеттемелердің орындалғанын растайтын не соның негізінде орындалуы қажет құжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша)