Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

1.Халықаралық коммерциялық арбитраждың түсінігі мен түрлері

Халықаралық шаруашылық қызметтің қатысушылары арасындағы даулардың пайда болуы таңғаларлық жайт емес. Тараптар міндеттемелердің тиісті дәрежедегі орындалуын қамтамасыз етуге тырысса да, міндеттемелерді орындамау орын алуы мүмкін. Ол кезде өзіне қатысты міндеттеме орындалмаған тарап барабар өтемақы алуға тырысады. Мұндай жағдайларда, көптеген елдерде жәбірленуші тараптың мүдделерін қамтамасыз ететін және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге кепіл беретін дамыған ұлттық сот және құқықтық жүйелер бар.

Халықаралық аяда Г.К. Дмитриеваның пікірінше, халықаралық кәсіпкерлік кең көлемді және тұрақсыз кеңістікте дамиды. Көптеген елдермен бекітілмеген және сауда мен басқа шаруашылық қызметтің шектеулі аяларында қолданылатын бірнеше конвенциялардан басқа, коммерциялық дауларды шешу тәртібін реттейтін құжаттар жоқтың қасы болатын.

Осындай жағдайларда халықаралық коммерциялық дауларды қарайтын арнайы, ерекше механизм қалыптасты және ол «халықаралық коммерциялық арбитраж» деген атқа ие болды. Тараптар еркімен құрылған арбитраж шартты түсіндіру және орындау мәселелеріне байланысты дауларды жалпы құзыреті бар соттардың қарауынан алады.

«Халықаралық коммерциялық арбитраж» термині келесідей жағдайларда: біріншіден, коммерциялық дауларды қараудың механизмі ретінде, екіншіден, осындай дауларды қарау үшін құрылған органды белгілеу үшін, үшіншіден, нақты дауды шешетін төрешілердің құрамын анықтау үшін қолданылады. Соңғы екі жағдайларда қосымша «арбитраждық сот» терминін қолданады. «Арбитраждық сотпен» «аралық сот» терминдері тең мағыналығы. Әр түрлі мемлекеттердің ұйымдары мен фирмалары арасындағы сауда және басқа экономикалық қатынастар саласындағы пайда болатын дауларды қарайтын аралық соттардан халықаралық құқықтың субъектілері болып табылатын мемлекеттер арасындағы дауларды шешетін аралық соттарды айыру керек. Сонымен қатар, шетелдік элементпен күрделенген құқықтық қатынастарға байланысты дауларды қарайтын аралық соттарды мемлекет ішіндегі шаруашылық ұйымдары арасындағы дауларды шешетін аралық соттардан айыру қажет.

Мысалы, «РФ сот жүйесі туралы» Федералды Конституциялық заңына сәйкес, Ресейдің сот жүйесіне РФ Жоғарғы Арбитраждық соты, округтердің федералды арбитраждық соттары, РФ субъектілерінің арбитраждық соттары федералды арбитраждық соттардың жүйесін құрайды. Бұл соттар негізінен мемлекет ішіндегі шаруашылық ұйымдары арасындағы дауларды шешу үшін құрылған.

Халықаралық коммерциялық арбитраж- тұрақты әрекет ететін немесе белгілі бір іске байланысты құрылған, негізгі мақсаты халықаралық коммерциялық дауды белгілі іс жүргізу нысанында тараптарға міндетті болатын шешімді шығару арқылы мәні бойынша қарайтын аралық сот болып табылады. Арбитраждың мәні оның аралық табиғатында жатыр, яғни дауласушы тараптардың келісімі негізінде құрылады және олардың тікелей қатысуымен және бақылауында болады. Мұндайда арбитраж соттары қандай да бір мемлекеттің сот жүйесі органдарын білдіретін мемлекеттік соттарға қарама-қарсы институт болып табылады. Халықаралық коммерциялық арбитраж коммерциялық сипаты бар дауларды шешеді, яғни азаматтық-құқықтық және сауда мәмілелерінен сондай-ақ шетелдік элементпен күрделенген қатынастардан туындайды.

Арбитраждың халықаралық жеке құқық ғылымындағы құқықтық табиғаты туралы және оның юрисдикциялық органдар жүйесіндегі алатын орны туралы көп пікір айтылды. Осы мәселеге байланысты Ануфриева Л.П. 3 көзқарасты айырып көрсетеді: 23

1) Шарттық концепция. Ол бойынша дауды арбитраждың шешуі негізіндегі арбитраждық келісім азаматтық-құқықтық шарт болып табылады. Мұндай шарттың пәні ретінде тараптардың арбитраж түрін, арбитраждық іс қараудың орны мен уақытын таңдау және арбитраждық іс қараудың тәртібін анықтау, төрешілердің қолданылуға тиіс материалдық құқықты таңдау болып табылады. Арбитраждық келісімнің негізінде тараптардың дауды арбитраждың қарауына беру еркі жататындықтан, мұндай келісімнің шарттық сипаты арбитраждың шарттық табиғатын анықтайды. Материалдық сипаттағы элементтері бар және материалдық құқықпен реттелінетін арбитраждық келісімнің өзін азаматтық-құқықтық шарт ретінде тану, шетелдік құқықты қолданудың алғышарты болып табылатын коллизиялық мәселенің қойылу мүмкіндігі туралы айтуға (мысалы, арбитраждық келісімнің нысаны туралы, оның жарамсыздық негіздері т.б.) негіз береді.

2) Процессуалдық концепция. Бұл концепция негізінде арбитражды мемлекет атынан сот әділдігін жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде тану мәселесі жатыр. Мұндағы арбитраждық келісім процессуалдық сипаттағы келісім ретінде ғана қарастырылады, оның негізгі мақсаты дауды мемлекеттік соттың құзыретінен алу. Бұл концепцияны ұстанушылардың ойынша, арбитраждық іс жүргізудегі бірқатар мәселелер мемлекеттік сот органдарының қатысуымен ғана шешіле алады. Мысалы, арбитраждық келісімді жарамды деп тану, арбитраждық шешімді тану мен орындауды жүзеге асыру және т.б. Мұндай мәселелерді шешу кезінде арбитраждық іс жүргізу қай елдің аумағында жүргізілсе, сол елдің құқығы немесе сотқа тиісті өтініштер жасалынған елдің құқығы қолданылады. Жоғарыда айтылған әрекеттерді процессуалдық әрекеттер ретінде саралау, тәжірибе жүзінде шетелдік құқықты емес, ішкімемлекеттік (ұлттық) құқықты қолдануды көздейді.

3) Аралас концепция. Ол бойынша арбитраж материалдық-құқықтық және процессуалдық-құқықтық элементтерден тұратын жеке, дербес институт ретінде қарастырылады. Арбитраждық іс жүргізіліп жатқан елдің құқығымен бірге, тиісті коллизиялық-құқықтық норма сілтейтін шетелдік құқықты қолдануға да мүмкіндік береді. Арбитраждық сотпен мемлекеттік соттың өзара қатынасы туралы мәселелер (мысалы, қамтамасыз ету шараларын қолдану, төрелік шешімді орындау) арбитраждық іс жүргізіліп жатқан елдің процессуалдық құқығы негізінде немесе арбитраждық шешімнің орындалуын сұрап жатқан елдің құқығы негізінде шешіледі.

Халықаралық коммерциялық арбитражды халықаралық жария құқықтың нормаларымен көзделген мемлекеттердің арасындағы шаруашылық дауларды қарау механизмінен айыра білу керек, мысалы БҰҰ Халықаралық Соты, Аралық Соттың Тұрақты Палатасы т.б. шеңберінде. Мемлекетаралық дауларды шешетін халықаралық-құқықтық институттарға қарағанда, халықаралық коммерциялық арбитраж дегеніміз жеке тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар) арасындағы коммерциялық дауларды, яғни жеке құқықтық дауларды қарау механизмі болып табылады. Даудың тарабы ретінде мемлекет те шығуы мүмкін, бірақ дау мәні бойынша жеке құқықтық және даудың екінші тарабы ретінде жеке немесе заңды тұлғалар қатысады.

Арбитраждық соттардың түрлері келесі белгілер бойынша сараланады: