Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

Факторингтік операциялар (Схема 4)

Ақшалай талап-тарды төлеу

Факторингктік операциялар

несиелеу

Клиентке қызмет көрсету

Сыртқы сауда бойынша операциялар

Ішкі аядағы операциялар

Ашық және жабық факторинг

Қарызды инкассациялау

Қарыз бойынша талаптарды алдын ала төлеу

Несиелік тәуекелден сақтандыру

Жабдықтанушы-ның есебін ұйымдастыру

Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингке берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етеді. Жабық факторингке берешекке факторингтік келісім щарттың болуы туралы айтып жеткізеді.

Форфейтинг. Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтары қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал форфейтингке несие беру мерзімі не бары 6 айды құрайды.

Форфейтинг сөзі француз тілінде “ a forfait”, аударғанда “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді. Форейтинг тауарды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруі тиіс. Егер вексель берушінің беделді немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенменде импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлға) табады. Осы жерде басты мән берілетін мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттігі , аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтинг мәмілесінде 3 қатысушы болады:

  • Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

  • Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

  • Форфейтор, яғни мәміле қаржыландырушы банк немесе арнай ұйым.

Форфейтор мәмілесі 5 схемада берілген.

Форфейтор мәмілесінің техникасы (5 схема)

Экспортер

Импортер

1

2

3

4 5

6

Форфейтор - банк

7

мәмілеге сқатысушылар арасында келісім—шарт жасалады:

  1. тауарларды несиеге береді;

  2. аудармалы вексельді (5-6 жылға) жасап береді;

  3. аудармалы вексельді қайта сатады;

  4. аудармалы вексельді қайта сатады: аудармалы вексельді есепке алып, оның 70 %-дай мөлшерінде банк ссуда береді;

  5. мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады;

  6. вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер,форфейтор-банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды.Сонымен бірге осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор – банк несиелік талдау жүргізеді.Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальды беруін, яғни 3-ші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

Форфейтинг механизімін мынандай 2 мәміле түрінде пайдаланылады:

  1. Қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

  2. Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында .

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейі аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

Экспортер үшін форфейтингтің мынандай артықшылықтары бар:

  • Вексельді-форфейтор – банк сатып алғаннан кейін , экспортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешіктіреді;

  • Уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма-қол акшамен жасалатын операцияға айналуына орай , экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарды жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;

  • Пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;

  • Құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдылығы;

  • Форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда өте жоғары табыс табады.

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдерінде алғаш пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швецраия алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал, біздің елімізде бұл операция маңыздыболғанмен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты және т.с.с.

Форфейтингтеуге әдетте, сауда тратталары (аударма векселі) немесе жай вексельдер қабылданады.

Форфейтингтнгі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтерінене мыналар жатады:

  • Еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР – Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);

  • Импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5 – тен 6% - ға дейін жылдық мөлшерінде аутқиды;

  • Несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары )0,5 % - ға дейін жылдық);

  • Міндеттеме үшін алынатын комиссия (1 – 1,5 % жылдық)

Пысықтау сауалдары:

1. Сыртқыэкономикалық мәміленің түсінігі және ерекшелілігіі

2. Мәміле, шарт және контракт ұғымдарының арақатынасы

3. Сыртқыэкономикалық мәміленің жаңа түрлері

9-тарау