Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Тұтыну себеті

Дүкеннен, базардан өзіңе, үйге қажетті заттарды сатып алғанда міндетті түрде бағасын қарайсың. Сен бір заттың бір дүкенде арзан, екінші дүкенде қымбатырақ екенін байқайсың. Оның себебі заттардың сапасына да қатысты болатынын, әрине, сен білесің. Ал базарда сауда жасасаң, сатушымен ортақ бағаға келісуге болады. Базарда саудаласа білу де - өнер. Мәдениетті, орнықты сөзбен саудаласа алсаң, ақшаңды үнемдей аласың. Киім-кешек, әшекей заттар, азық-түлік алғың келсе, алайда бағасы қымбатырақ болса, саудалас. Ал егер сатушы бағасын төмендетпесе, бірақ оның тауары өзіңе ұнап тұрса, бас тартпай сатып ал. Сауда ақшаға емес, қанағатқа қатысты болады. Адамның бір айда тұтынатын азық-түлігі мен басқа да қажетті заттарының төменгі мөлшерін тұтыну себеті дейді. Тұтыну себетінің құнын экономистер есептейді. Сен де бір айда нені тұтынасың, соны есептеп көр.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Үйге күнде қандай заттар сатып аласың?

2. Дүкен заттары арзан ба, әлде базар заттары арзан ба?

3. Заттың қымбат болуы неге байланысты?

4. Дүкен сатушысымен саудаласуға болады ма?

5. Қалай саудаласу керек?

6. Қандай заттан бас тартпай сатып алған жөн?

7.Тұтыну себеті деген не?

Анықтама:

Кіріс –доход

Шығыс – расход

Үнемдеу – экономить, бережное расходование

бастапқы ая – алғашқы мағынасы, бастапқы мәні

үдеріс – процесс

қағида – правило, закон, установление, теория

тап болу (фраз.) – оказаться

бағдарлау – планировать

болжамды – предположительный

тыңдарман – слушатель

тезаурус:

орнықты сөз – дұрыс, сабырлы, мәдениетті сөз

әшекей затәсем, сәнді жасалған зергерлік заттар

қанағат барға риза болу

10-САБАҚ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Иіс, күнә, таңдау, тән, дәмін тату, қайтып оралу, ниет түзулігі, пенделік рахат, кірлену, балау, мақтау мен даттау, наразылық, қозу, даңқ, өзімшілдік, қуаттау, тұрақтау.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Таным патшалығы

Өмір – саяхат. Мәселен, көзбен көресің, қолмен ұстап көресің, иісін немесе өзге әсерін сезінесің. Бірақ ештеңені алып кете алмайсың. Яғни кел, көр, рахаттан. Сырттай қарағанда да, ішкі дүниеде де солай. Кісі бұл саяхатты көре, сезіне, тани жүріп, шамасы келсе, санасы жетсе, күнәларын түзетеді, жан дүниесі тазарады, байиды. Адамзат баласының бәріне қойылар талап бір: саяхатқа келдің, көр, пайдалан, саяхат тәртібін сақта, саяхатқа шыққаныңа риза болып рахаттан, бірақ уақытша екеніңді ұмытпа.

Кісі өзінің жолаушы ғана екенін сезінбесе, өмірінде кездейсоқ кездесіп қалған сияқты болып көрінетін заңдылықтар көбейеді. Саяхат ерте аяқталады.

Адамның алдында таңдау көп. Таңдау жан мен тәнді, рухты таза ұстау секілді мінез ережесіне бағытталған болса, адам қай жолмен жүрсе де жетістікке жетеді, ол мейлі сауда болсын, мейлі кәсіпкерлік болсын, мейлі шығармашылық немесе мемлекеттік қызмет болсын. Адам өмірінде бәрін де: махаббаттың, отбасының, биліктің, саясаттың, тәрбиешіліктің, спорттың, соғыстың, ой және қол еңбегінің дәмін татып көргенде ғана рухани өсудің барлық сатысынан өтеді. Адамның ниеті, іс-қимылы жақсы болсын, жаман болсын, өзіне қайтып оралады. Ниет түзулігін ұстанбайтын, оны іс жүзінде қолданбайтын адам өз әрекетімен өзіне ғана емес, ұрпағына да зиянын тигізуі мүмкін. Адам жаны пенделік рахатты ең қымбат нәрсеге балауынан кірленеді. Құдайға деген махаббат адамға қанат бітіреді. Біздің жанымыздағы махаббат қаншалықты мол болса, әлемді соншалықты өзімізге бағындырамыз, сөйтіп жаманшылықты жақсылыққа айналдырамыз.

Егер сіз жеткен жетістігіңізді мақтау мен даттаудың өлшемімен өлшесеңіз, сіз таусылмайтын үрейде боласыз. Жақсы атақ немесе белгілі болу сіздің одан әрі дамуыңызға кедергі болуы мүмкін. Даңқ та жақсы болып көрінуге тырысу сияқты ауыртпалықты нәрсе. Мақтау мен даттау мәселесі неден тұрады?

Егер топ сіздің әрбір қадамыңызды мақұлдаса, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз, бірақ сіз ендігі жолы бұрынғыдай қол соқпай қалса, тынышсызданасыз. Егер топ сізге сынай қараса, келіспеушілік немесе наразылық білдірсе, сіз реніш сезінесіз. Осы екі жағдайдың қайсысында болса да сізде қозу пайда болады, әрі тәуелді боласыз.

Жақсы атақ қалай кедергі болуы мүмкін? Әдетте жақсы атақ жақсы жұмысты орындау нәтижесінде көрінеді. Егер сіз жақсы атағыңызды сақтауға тырыссаңыз, сіз әрі қарай дамуға керек еркіндік пен шындықты жоғалтып алуыңыз мүмкін. Даңқ қалайша өзің туралы уайымдауға алып келеді?

Жақсы жұмысты істеу үшін сіз өзіңізге өзіңіз қамқоршы болуыңыз керек. Сіз өзіңізді жақсы бағалай білуіңіз керек және өзгелерге өзіңізді бағалауға мүмкіндік беруіңіз керек. Өзімшілдіктен аулақ болып, өзгелердің де жеңісін қуаттай білсеңіз, табыс сізде тұрақтап қалады.

(Мырзагелді Кемел. «Ақыл қалта» кітабынан)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Өмірге келген адам кімге ұқсар еді?

2. Адамдарға өмір қандай мүмкіндік береді?

3. Қандай жандар саяхатын ерте аяқтайды?

4. Жетістікке жеткізер жол қайсы?

5. Қандай адамдар өз ұрпағына зиянын тигізеді?

6. Адам жанын не кірлетеді?

Жазылым:

А) Берілген сөз тіркестерінің сыңарын тапсаңыз, мәтінге жоспар шығады:

1. Өмір – сапарға шыққан .........

2. Таңдау дұрыс болса, ........

3. Махаббат адамға .......

4. Мақтау мен даттаудың ........

Б) Жоспар бойынша шығарма жазыңыз.

Тыңдалым.

Тыңдаңыз:

Диалог мазмұнын анықтаңыз.

A) шақырылған қонақтар

B) қонақтарды күте білу де - өнер

C) көкөністер мен шырындар алу керек

D) қонақтарды әдетте кешке шақырады

Диалог мазмұнына сәйкес қате ақпаратты көрсетіңіз.

A) Дастарханға тек қана жеңіл тағамдар қойылады

B) Қонақтарға арналған дастархан мол болады

C) Анасы мен қызы қажетті заттар үшін дүкенге барды

D) Сағат алтыда анасы үйге қайтпақ болды.

Анасының көзқарасын көрсетіңіз.

A) Қонақ күтуге уақыт кетеді

B) Үйге кешігіп баруға болмайды

C) Қонақтар келгенде бәрі дайын тұру керек

D) Дастарханға қоятын заттардың бәрін ала алмайсың.

Анықтама:

Иіс – запах

күнә - грех, вина

таңдау – выбор

тән – тело

дәмін тату (фраз.) – пробовать (угощаться)

қайтып оралу – здесь: возвращаться

ниет түзулігі (фраз.)– хорошое намерение

пенделік рахат – здесь: земное блаженство раба (божьего)

кірлену – загрязнение

балау – считать

мақтау мен даттау – хвалить и охаивать, клеветать

наразылық – недовольство

қозу – возбуждение, раздражение

даңқ – слава

өзімшілдік – эгоизм

қуаттау – поддержать

тұрақтау – обосновываться

тезаурус:

пенде – адамға тән қателіктері бар жан, мораль жағынан төмен адам

даттау – жамандау, қаралау, сыртынан өсек айту

даңқ – марапат, қолпаштау, атақ

қуаттау – қолдау

11-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Мүгедектік, асыраушы, айырылу, әлеуметтік қорғау, ынтымақтастық, қағидат, қатерлі жағдайлар, жарна, көзделу, жәрдемақы, заңнама, санат, әл-ауқат, пәрменді жәрдемақылар, атаулы көмек, мұқтаж, қатер, төлем, еңбеккерлер, аударым, есебінен жүргізу, қамсыздандыру, басымдық, бір жолғы жәрдемақы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.