Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

3 Блок. Тұрғын үй

Грамматика: Мақал-мәтелдердің сөйлеу тілінде жұмсалуы

12-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Елді мекен, қыруар, жан саны, орта есеппен, ру басы, шатқал, ауыз су, отырықшы өмір салты, үрдіс, бас сұғу, дін ұстану, аула, күмбез, тезек, қолға қарап қалу, қораға қамалу, пішен.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы

Ертеректе  қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді. Ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір ру басының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман  мен  тау  қысқы суықтар мен  борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің – өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері болмаған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын.

Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды.  Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз», деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы, жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.

Киіз үй – тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Ол ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылды әрі көшпелі құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық, этнография көрмелерінде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік этнографиялық көрмеде қазақтың киіз үйіне еуропалықтар таңғалып, жүлделі орын берген. Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.

Неміс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Қазақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үй адамның қашаннан бергі ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнертабысының бірі екенінде дay жоқ». Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер – үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін. Үйдің бау-шуларын құрастыру, тігу мен жығу да әйелдердің үлесіне тиетін.

Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын болып төр саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадірлі қонақтар шығарылады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дін ұстанатынына, қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан, сол үй иесінің сенімді қорғауында болатын. Қазақтар киіз үй мен қысқы тұрғын үйдің ішін қамыс пен қураған ағаш және тезек жағып жылытатын. Қазақтарда өсіп тұрған ағашты кесуге қатаң тыйым салынатын.

Аулада  шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәріздес шошала тұрғызылды. Онда ет және басқа да азық-түлік өнімдері сақталды, ас пісірілді. Қыс кезінде қолға қарап қалатын мал түн мезгілінде мал қораға қамалатын. Мал қораның үстіне көбінесе пішен жиналатын. XIX ғасырдың 30-50-жылдарында қазақтардың отырықшы  өмір  салтына  көшуіне байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орнықты.

(Ғаламтор желісінен)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ертеректе қазақтар неге шағын ауыл болып тұрды?

  2. Ауыл кімдерден құралды?

  3. Таулы жерлердегі ауыл қайда орналасты?

  4. Су көздері болмаған жағдайда не істейтін болған?

  5. Тұрақты баспана салу үрдісі неліктен орнықты?

Жазылым:

1-тапсырма.

Сөйлемді толықтырыңыз:

  1. Ауыл дегеніміз –

  2. Әр ауыл көбінесе белгілі бір ........

  3. Су көздері дегеніміз –

  4. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын  –

  5. Шошалада  сақталатындар –

2-тапсырма. Мәтіннен мақал-мәтелдерді табыңыз, мағынасын тарқатып жазыңыз.

Тыңдалым.

Тыңдаңыз.

Мәтін тақырыбын таңдаңыз.

A) Абай мен Әйгерім

B) Әйгерімнің кілттері

C) Әйгерім апа

D) Әйгерімнің үйі

Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Сандық – киім сақтайтын зат

B) Тәтті-дәмділер сандықта сақталады.

C) Сандықтың аузы үнемі ашық тұрады.

D) Есікті кілттеп қояды.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Абай мен Әйгерімнің үйі – алты қанатты киіз үй.

B) Әйгерім апа асықпай қимылдайтын кісі болды.

C) Сандықтың кілті табылса, балалар қуанатын.

D) Әйгерім балажан, мейірімді жан еді.

Мәтіннің қорытындысын көрсетіңіз.

A) Балалар да жақсыға үйір

B) Балалы үй – базар

C) Абай үйі – қонақжай

D) Құт сандық

Мәтінде киіз үйге қатысты қандай сөздер аталды:

A) төр, ақсақал, сандық

B) бешпент, кілт, төсек

C) алты қанат ақ үй, кереге

D) ақ төсек, сандық, киіз

Анықтама:

Елді мекен – населенный пункт

қыруар – многочисленный

жан саны – количество людей

орта есеппен – в среднем

ру басы – глава рода

шатқал – каньон

ауыз су – питевая вода

отырықшы өмір салты – оседлый образ жизни

үрдіс – тенденция, обычай

бас сұғу (фраз.) – зайти

дін ұстану – придерживаться определенной религии

аула – двор

күмбез – купол

тезек – кизяк

қораға қамалу – держать в сарае

пішен – сено

Тезаурус:

Алты қанат үйүлкендеу киіз үй

Керегекиіз үйдің бөлшегі

Бешпент қазақ киімі

Қолға қарап қалуадамның көмегін қажет ету

13-сабақ