Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Күй атасы-Құрманғазы Грамматика:Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Музыкалық аспаптар, өкіл, музаканы зерттеу, өнер, домбыра шерту, шығармашылық, ұлы сазгер, туындылар, ырғақ, әлеуметтік өмір, ұстаз, табиғат көріністері.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Құрманғазы Сағырбайұлы

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы XIX ғасырдың басында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген.

Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым-бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.

Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.

Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. "Алатау" және " Сарыарқа" күйлерін дүниеге келтірген.

1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Е.Есжанов, М.Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менегай, Менкдра, Сүгүрәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.

"Байжұма", "Бозқаңғыр" туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. "Итог" атты күйінде күйші ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады.

Құрманғазының күйлері қазақ хатады шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы қай ғасырда және қай жерде өмір сүрген?

  2. Құрманғазыны күй өнеріне баулығанұстазы туралы баяндаңыз.

  3. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізуыне кімдер ықпал етті?

  4. Күйші шығармашылығында қандай мәселелерге назар аударған?

  5. Құрманғазы Сағырбайұлы түрмеге не үшін қамалған?

  6. Қазіргі таңда атақты күйшілерді білесіз?

Жазылым:

тапсырма. Сөздердің синонимдік ретін табыңыз:

  1. Дарынды ...........

  2. Өнерпаз ..........

  3. Сегіз қырлы ............

  4. Инабатты .........

  5. Күміс көмей ........

  6. Айшық............

-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы .... ... . Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де ... . Куғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын ... . "Алатау" және " Сарыарқа" күйлерін дүниеге ... .

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

"Байжұма", "Бозқаңғыр" туындылары да Сағырбайұлының асқан ... күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы ... өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. "Итог" атты күйінде күйші ауыр да ... өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. ... шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ... алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады.

тест

тест тапсырмаларын орындаңыз:

1. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы қай ғасырда дүниеге келген?

а) 19 ғасырдың басы

б) 18 ғасырдың басы

в) 15ғасырдың басы

г) 20 ғасырдың басы

2.Құрманғазыны күй өнеріне баулыған ұстазды көрсетіңіз.

а) Ұзақ күйші

б) Дина күйші

в) Секен күйші

г) Байжұма күйші

3. Қай ордада атақты күйші өзінің шығармашылығын дамытты?

а) Бөкей ордасында

б) Ақ ордада

в) Алаш ордасында

г) Көк ордада

4. Құрманғазының күйлерін ұлттық тарихымызда неге балаймыз?

а) Ұлы эпопеяға

б) Ұлы суреткерге

в) Ұлы романға

г) Ұлы лирикаға

5. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелерді көрсетіңіз.

а) Халық азаттығы

б) Елдің қамы

в) Халықтың мақтанышы

г) Елдің жағдайы

6.Құрманғазы өз туындыларында кімнің көтерілісіне басты назар аударған?

а) Исатай Тайманұлының

б) Амангелді Иманұлының

в) Махамбет Өтемісұлының

г) Бауыржан Момышұлының

7.Құрманғазының көтеріліске арнаған алғашқы туындысын анықтаңыз.

а) «Кішкентай»

б) «Ақбай»

в) «Адай»

г) «Балбырауын»

8.Құрманғазының«Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» деген күйлері адамның қандай күйі айқын берілген?

а) адам даусының ырғағы

б) адамның қабілеті

в) адам өнері

г) адамның дене қимылы

9.Құрманғазының «Балбырауын», «Әсем» күйлері қандай сарында жазылған күйлер?

а) Би ырғағымен

б) Жағымды ырғақпен

в) Ән ырғағымен

г) Сазды ырғақ

10. Құрманғазының«Алатау» және «Сарыарқа» күйлері қандай жағдайды бейнелеген?

а) Тәуелсіздік пен бостандық

б) Бейбітшілік пен келісім

в) Халық арасындағы тартыс

г) Жер мен жесір дауы

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Күй— қандай жанр?

а) музыкалық жанр

б) драмалық жанр

в) сатиралық жанр

г) синкреттік жанр

2. Күйлер қайда орындалады?

а) оркестрлердің репертуарларында

б) әншілердің репертуарларында

в) суретшілердің бейнелеуінде

г) вокальдық орындауларда

3. Күй қай ғасырда жеке музыкылық жанр болып қалыптасты?

а) 14 ғасырда

б) 10 ғасырда

в) 17 ғасырда

г) 20 ғасырда

4. Қобыз күйлерінің құрылымы қандай болып келеді?

а) күрделі

б) жеңіл

в) оңай

г) күшті

5. Күй орындауда маңызды не ?

а) қағыс

б) ұру

в) шалу

г) соғу

11-тапсырма. Сөздердің синонимдік ретін табыңыз:

Құбылыс......

Құндылық ......

Ғұлама ......

Көне .....

Өрлеу .....

Анықтама:

Музыкалықаспаптар-Музыкальные инструменты

Өкіл-Представитель

Музаканызерттеу-Музыкальноеисследование

Өнер- искусство

домбыра шерту- играть на домбре

ұлы сазгер- великий композитор

туындылар- произведение

ырғақ- ритм

әлеуметтік өмір- социальная жизнь

ұстаз-учитель

табиғат көріністері-явление природы

Тезаурус:

Мирасқор- мұрагер

Қомақты– аумақты, көлемді, үлкен деген мағына.

Толғау- жыр, жыраудың, күйшінің төгілтіп орындаған шығармасы.

Қағыс- домбыра тартудағы пернелерді қағу.

44-сабақ: