Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

6 Блок. Саламатты өмір салты

26-сабақ

Дені саудың - жаны сау

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Салауатты өмір салты, қағида, жауапкершілік, барша, жан мен тән, зор байлық, ұрпақ, болашақ, қуаныш, күйініш, шаттық кернеу

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыз.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Сондықтан да қазақ елінің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын ұстану. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жол көрсету – баршамыздың міндетіміз.

Денсаулық – адамның жаны мен тәнінің амандығы. Қоғамдағы әрбір адамның денсаулығының мықты болуы – мемлекеттің мықты болуы. Өйткені денсаулығы зор адам ғана өзіне жүктелген жұмысты ойдағыдай атқара алады. Аталарымыз «Денсаулық – зор байлық» деп текке айтпаған ғой. Сондықтан да денсаулықтың қадірін біліп, оны сақтауға көңіл бөлуіміз керек. Әрбір адам өзінің денсаулығына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлсе, онда оның келер ұрпағының да дені сау болады. Сол себепті ұрпақ алдындағы міндетіміздің ең бастысы денсаулықты сақтау екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет. Дені сау ата-анадан дені сау бала өмірге келеді. Яғни бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы, болашағы.

Адам денсаулығының жақсы сақталуына ең әуелі жан тазалығы әсер етеді. Ол үшін адам өзгеге де, өзіне де ешуақытта жамандық ойламай, өз ішкі дүниесін таза ұстағаны жөн. Қызғаныш, күйініш сияқты жаман қасиеттер адамды аздырып, орны толмас күйінішке алып келеді. Өзіңнің қуанышың мен табысыңа қуанғаның сияқты, өзгенің де қуанышына ортақ бола біл. Сонда ғана сенің жан дүниең таза болып, кеудеңді қуаныш кернейді. Ұйқың да тыныш болады. Жүзіңді шаттық кернеп, айналаңа нұр сыйлайсың.

Әрине, денсаулықтың бұзылуына сыртқы дүниенің де әсері мол. Экологиямыздың нашарлауы, адамдардың өз денсаулығына салғырт қарап, ішімдік ішіп, темекі шегу сияқты жағымсыз әсерлер – денсаулықтың нағыз жаулары. Ең әуелі осы әдеттен арылу керек. Әр адамның өмірі өз қолында.

Жақсылыққа ұмтылса жақсылыққа жетеді, жамандыққа ұмтылса жамандыққа жетеді. Сондықтан да денсаулықты сақтай білу қажет. Денсаулығы жақсы адам ғана бақытқа жете алады. Бақытты жіберіп алмайық!

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Елдің болашағы неге байланысты?

2. Біздің міндетіміз не?

3.Өзіне жүктелген жұмысты қандай адам атқара алады?

4.Жан тазалығы дегеніміз не?

5. Денсаулықтың бұзылуы неге байланысты?

6.Қандай адамның денсаулығы жақсы болады?

Оқылым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз:

1.Сөйлемді аяқтаңыз:

Еліміздің негізгі бағыты – .................................. .

А) ел болу

В) салауатты өмір салтын ұстану

С) елу елдің қатарына қосылу

D) білімді ұрпақ тәрбиелеу

2. Ұрпақ алдындағы қандай міндетімізді ұмытпауымыз керек?

А) жерімізді сақтау

Ә) елімізді қорғау

Б) денсаулықты сақтау

D) балаларымызды оқыту

3.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз:

Адам денсаулығының жақсы сақталуына ең әуелі ... ... әсер етеді.

А) жан тазалығы

Ә) ар тазалығы

Б) қол тазалығы

D) ой тазалығы

4.Мәтінде бар ақпаратты табыңыз:

А) Дені сау ата-анадан дені сау бала өмірге келеді.

В) Ұрпақтың сау болуы біздің денсаулығымызға байланысты.

С) Деніміздің сау болуы өзімізге байланысты.

D) Денсаулыққа жақсы қарау керек.

5. Денсаулықтың ең негізгі жаулары не?

А) ұйқы, күлкі

В) оқу, жаттығу

С) темекі шегу, ішімдік ішу

D) демалу, тамақ ішу

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз.

Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.. Сондықтан таңдауымыз - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы – бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударып, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында: «Егеменді еліміздің болашағы – жастар, олардың денсаулығы мықты болып, шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді. Бірақ бізге әрдайым қалың бұқара үшін адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін, адамдарға бағыт көрсететін, оларды үлгі-өнегелерімен еліктіріп, ілестіріп жүретін ұстаздар керек. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып отыр. Әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруі үшін, аурудың алдын алуы және болдырмауы үшін дұрыс тамақтануы, қоршаған ортаны жақсартуы, дене тәрбиесімен айналасуы керек. Есірткілерді, темекі мен алкогольды тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу керек. Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі – ұзақ мерзімді қажет ететін баяу процесс, дегенмен бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады» дейді. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда.

«Өмір қозғалысты талап етеді» деп Аристотель айтқандай, адамда қозғалыссыз өмір жоқ. Мұны әркім білуі тиіс, ұзақ өмір сүргің келсе қимыл- қозғалыста болу керек. Адамдарда аз қозғалудың нәтижесінде аурушандық пайда болады. «Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі» деген қағиданы естен шығармау керек..

Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстан азаматтары қандай ұстанымды басшылыққа алады?

2. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге денсаулықтың әсері бар ма?

3. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы кім пікір айтты?

4. Қоғам болашағы кімдердің қолында?

5. Әрбір адам қандай қағиданы естен шығармауға тиіс?

Берілген сөздердің баламаларын табыңыз.

Салауатты өмір салты здоровый образ жизни

Қағида правила

Жауапкершілік ответственность

Барша весь, все

жан мен тән душа и тело

зор байлық огромное богатство

ұрпақ наследник

болашақ будущее

қуаныш радость

күйініш огорчение, досада, печаль

шаттық кернеу переполнение радости

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз (Көп нүктелердің орнына мәтінге қатысты сөздерді қойыңыз). (Тест)

1. ..................... – табиғаттың ең қымбат жемісі.

А) ауру адам

В) сау адам

С) денсаулығы мықты адам

D) дені сау адам

2. Республика президенті салауатты өмір салтын ұстану туралы «........»

бағдарламасында айтты.

А) Қазақстан - 2030

В) Қазақстан халқына Жолдауы

С) Жастар саясаты

D) Денсаулық

3. Қай халықтың болса да ..................... жастардың денсаулығына тікелей байланысты.

А) келешегі

В) тағдыры

С) болашағы

D) денсаулығы

4. Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын .......... тәрбиелеу өз қолымызда.

А) жастар

В) жас ұрпақ

С) балалар

D) адамдар

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі – ұзақ мерзімді қажет ететін .................... .

А) баяу процесс

В) қиын процесс

С) оңай процесс

D) жеңіл процесс

6. Ұзақ өмір сүргің келсе ............................ ....... керек.

А) қозғалмау

В) қимыл-қозғалыста болу

С) жүгіру

D) секіру

27-сабақ

Ауру – астан

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Жер шары, таңғажайып тайпа, аңғар, сүт өнімдері, бойжеткен, өмір сүру ырғағы, құпия, нәтиже, тандыр нан, бадана.

ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Ұзақ жасайтын тайпа

Біздің қыры мен сыры мол, шешілмеген құпияға толы жер шарымызда ауру-сырқау дегенді білмейтін және өмір сүрулерінің орташа мөлшері 110-120 жасты құрайтын таңғажайып тайпа бар. Олар Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауларының бауырын, Хунза өзенінің аңғарларын мекендейді. Олардың 40 жастағы әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткендеріміз секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады екен.

Өздерін «хунзакуттармыз» деп атайтын бұл ерекше тайпа өкілдерінен әлем халықтары құпияларын ашуға өтінгенде, барлығы да бір ауыздан «ет жеме, әрдайым еңбек ет, өмір сүру ырғағыңды өзгертпе» деп жауап беріпті.

Олар – қатерлі ісік ауруына шалдықпаған әлемдегі жалғыз халық. Олардың қарттарының өзі кәрілікке бой алдырмайды.

Әлем елдері олар туралы мәліметті осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер Мак-Каррисонның баяндамалары арқылы білген болатын. Одан өзге де дәрігерлер осы тайпаның құпиясын ашу үшін қаншама жыл ізденді. Нәтижесінде, ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясы – тамақтанудың ерекше жүйесі екен деген шешімге келіпті.

Хунзакуттардың басқа халықтардан ең басты айырмашылығы – барлығының вегетариан болғандығында. Олардың күнделікті астары – тандыр нан, көкөніс сорпасы, жеміс-жидектер, бадана,т.б.

Халық сүт және сүт өнімдеріне құрметпен қарағанымен, аса көп пайдаланбайды. Ас тұзы аздап қолданыстарында бар екен, қант пен бидай ұнын мүлдем қолданбайтын көрінеді.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен).

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ауруды білмейтін тайпа қай жерді мекендейді?

  2. Ол қандай тайпа?

  3. Олардың орташа өмір сүру жасы қанша?

  4. Дәрігерлер осы тайпаның ұзақ өмір сүруінің құпиясы не дейді?

  5. Хунзакут тайпасының басқа халықтардан қандай айырмашылығы бар?

  6. Бұл тайпа қандай өнімдерді пайдаланбайды?

ЖАЗЫЛЫМ

Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырыңыз. (Мультимедия)

1.Олардың ... ... әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткендеріміз секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады екен.

2. Әлем елдері олар туралы мәліметті осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер ................... баяндамалары арқылы білген болатын.

3.Нәтижесінде, ғалымдар ... ... ... құпиясы – тамақтанудың ерекше жүйесі екен деген шешімге келіпті.

4.Олардың күнделікті астары – ............................................................. .

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Дұрыс тамақтану мен күнделікті ас мәзірінің әртүрлі болуы денсаулыққа ие болу мен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады. Адам баласы өз денсаулығын күтсе ғана денсаулығын жақсы сақтай алады. «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген сөзді үнемі есте ұстап, күнделікті тұтынатын тамағымызға ой жүгіртіп, денсаулыққа зиянды өнімдерді пайдаланбаған дұрыс.

Тамаққа қатысты үнемі есте ұстайтын нәрсе – тұзды шектеу. Тұз адам ағзасына қатты әсер етеді. Сонымен бірге майлы ет, сары май, қаймақ сияқты майлы тағамдарды да аз мөлшерде қолданған дұрыс. Майлы тағамдарды, тәтті тағамдарды шамадан тыс жеу ағзада зат алмасуды бұзып, семіздікке әкеледі. Ал майлы, тәтті тағамдарды шектеп, ас мәзіріңізді мұхият қадағалап отырсаңыз артық салмақтан арыласыз әрі қандағы холестериннің мөлшері азаяды. Көшеде сатылатын донер, самса, чизбургер сияқты толып жатқан құрғақ тамақтарды мүмкіндігінше жемеген дұрыс. Олар адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір кері әсерін тигізеді.

(«Денсаулық» журналынан).

Сұрақтарды мұхият тыңдап, дұрыс жауап беріңіз.

1.Ұзақ өмір сүрудің кепілі?

2. Адам өз денсаулығын қалай сақтай алады?

3.Адам ағзасына қатты әсер ететін зат?

4.Қандай тағамдар семіздікке әкеледі?

Дұрыс жауабы:

  1. Дұрыс тамақтану мен күнделікті ас мәзірінің әртүрлі болуы.

  2. Адам өз денсаулығын күтсе ғана жақсы сақтай алады.

  3. Адам ағзасына қатты әсер ететін зат – тұз.

  4. Майлы және тәтті тағамдар семіздікке әкеледі.

Сөздердің баламамаларын есте сақтаңыз.

Жер шары - Вселенная, земной шар, вес мир

таңғажайып тайпа - удивительная племя

аңғар - ущелье, горная теснина, русло (реки)

сүт өнімдері - молочные продукты

бойжеткен - девушка

семіздік -ожирение

ас мәзірі - меню

мүлдем - вообще, совсем, совершенно

құрғақ тамақ - всухомятка

зат алмасу - обмен веществ

Тыңдалым мәтініне байланысты тест сұрақтарына жауап беріңіз. (Тест)

1.Қандай өнімдерді пайдаланбаған жөн?

А) зиянды

В) пайдалы

С) дәруменді

D) пайдасыз

2.Нені үнемі есте ұстау қажет?

А) тұзды шектеуді

В) уақтылы тамақтануды

С) қолды жууды

D) ұйықтауды

3. Майлы тағамдарды, тәтті тағамдарды шамадан тыс жеу ағзада зат алмасуды бұзып, неге әкеледі?

А) семіздікке

В) ауруға

С) ұйқышылдыққа

D) жалқаулыққа

4. Қандай тамақтар адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір кері әсерін тигізеді?

А) донер, самса, чизбургер

В) айран, сүт

С) қымыз, шұбат

D) құрт, ірімшік

28-сабақ

Тазалық – денсаулық кепілі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.

Тағамның сапасы, жеке бас гигиенасы, тұтынушылар саны, сараптама жасау, егде жастағы кісілер, зардап шегу, мағлұмат беру, қадағалау комитеті, сапалы тауарды айыру.

Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.

Адам ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тұтынған тағамының сапасы мен тазалығынан болады. Екіншіден, жеке бас гигиенасына салғырт қарағандықтан, дерттің асқыну қаупі туындайды. Жеміс-жидек жан-жақтан ағылып келіп жатқан жаз мезгілінде оны тұтынушылар саны арта түседі. Жылда республикалық деңгейде сақтандыру шаралары тұрақты өткізіліп келеді. «Халықтың денсаулығы – қауіпсіз тағамда» атты акция жыл сайын жалғасын табуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен осы шара «Әсем» сауда орталығында жүргізіліп, халық сатып алған азық-түліктерінің құрамын тексеруден өткізді. «Еуразия» сауда орталығында да осындай сараптама жасалды.

Акция барысында департамент қызметкерлері тұрғындарға тазалықты сақтау мен қалай тамақтану керектігі жөнінде жазылған ақпараттарды таратты. Жастар жағы сатып алған азық-түліктерінің құрамын тексеруге онша қызыққан жоқ. Ал тексертуге кезекке тұрғандардың көпшілігі егде жастағы кісілер болды.

«Біз үш айда бір рет осылай сауда нүктелерінде азық-түліктердің сапасын тексеріп тұрамыз. Біздің байқағанымыз, құрамында нитраты көп тағамдардан уланғандарға қарағанда, жеке бас гигиенасын сақтамағаннан зардап шегетіндер көп. Жалпы бұл акция денсаулықты сақтау мен сапалы тауарды қалай айыру керектігі жөнінде халыққа мол мағлұмат береді», - деп ойлаймын дейді департамент бастығы.

Расында да, сатып алынған азық-түлікті тазалап жуып, тоңазытқышқа қою керек. Жұмыртқаның өзін сода ерітіндісіне салып, сабынды суда шүберекпен жуып, тазаланған жұмыртқаны тоңазытқышта 12 күнге дейін ұстауға болады. Жеміс-жидектерді жылы суға жуып жеу керек.

(Ғаламтордан).

3-тапсырма. Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Ағзаның бұзылуы неге байланысты?

2. Жылда қандай шаралар өткізіледі?

3. Акцияны кімдер өткізеді?

4.Акцияның қандай пайдасы бар?

Дұрыс жауабы:

  1. Адам ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тұтынған тағамының сапасы мен тазалығына байланысты.

  2. Жылда республикалық деңгейде сақтандыру шаралары тұрақты өткізіліп келеді.

  3. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.

  4. Бұл акция денсаулықты сақтау мен сапалы тауарды қалай айыру керектігі жөнінде халыққа мол мағлұмат береді.

Мәтінде берілген егде жастағы кісілер, зардап шегу деген сөздердің синонимін табыңыз (Тезаурус)

Егде жастағы кісілер – қарттар, кәрі кісілер

Зардап шегу – зиян шекті, зияны тиді

ТЫҢДАЛЫМ 5-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қадағалауы тиіс. Ол үшін ең әуелі әрбір адам жеке басының тазалығын сақтауы керек. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, тісін тазалап, беті-қолын жууы керек. Таңғы, түскі және кешкі асты ішердің алдында, сабақтан, жұмыстан келгеннен соң міндетті түрде қолын сабындап жуған жөн. Кешке жатар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алсаңыз түнде жақсы ұйықтайсыз әрі жақсы демаласыз. Адамның жақсы ұйықтауы үшін көрпе-жастықтың гигиеналық рөлі ерекше. Олар ауаны жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек. Көрпе-жастықтың тыстарының кенеп, мақта маталардан тігілгені пайдалы. Өйткені олар ыстықтатпайды, ауаны жақсы өткізеді де дененің еркін демалуына септігін тигізеді. Төсек-орынды кем дегенде 7-10 күнде ауыстырады. Күндіз оларды арнайы орынға немесе шкафқа жинап қойған дұрыс.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен).

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Адам денсаулығы неге байланысты?

2. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін не істеуі керек?

3.Бөлмені желдетудің қандай пайдасы бар?

4. Көрпе-жастықтың қандай матадан тігілгені дұрыс?

5. Төсек-орынды қанша күнде ауыстыру керек?

Берілген сөздердің антонимін табыңыз.

Жақсы –

Дұрыс –

Оңай –

Жинау –

Мықты –

Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

  1. Септігін тигізу деген тұрақты сөз тіркесінің баламасын табыңыз.

А) көмектесу

В) жұмыс істеу

С) демалу

D) бірге болу

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Адамның денсаулығы – ... байлығы

А) қоғам

В) елдің

С) мемлекеттің

D) халықтың

3. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, .... тазалап, беті-қолын жууы керек.

А) тісін

В) аяғын

С) төсегін

D) киімін

4. Көрпе-жастықтың тыстары ... жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек

А) ауаны

В) суықты

С) жылыны

D) шаңды

Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыз.

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі

29-сабақ

Денсаулықты күтудің жолдары

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Абзал , дәрумен, итмұрын, ағзадағы тотығу, жүрек қантамыр жүйесі, қарақұмық.

Оқылым.

Мәтінді оқыңыздар және қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Дәрумендердің пайдасы

Адам ағзасына дәрумендердің пайдасы көп. Сондықтан оны қажетті мөлшерде қабылдап тұрған абзал. А дәрумені сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, көздің көру қызметіне пайдалы. Терінің қайта жаңаруын қамтамасыз етеді. Бұл дәрумендер сәбізде, тәтті бұрышта, көк пиязда, қымызда, итмұрында көп мөлшерде кездеседі.

С дәрумені ағзадағы тотығу – қалпына келтіру үдерісінің негізгі компоненті. Жұқпалы ауруларға қарсы төзімділікті арттырады. Ағзаның темірді сіңіруіне көмектеседі. Тамырдың қабырғаларын нығайтады. Ақжелкенде, аскөкте, қызанақта, қара және қызыл қарақатта, тәтті бұрышта, цитрус жемістерінде, картопта, пиязда көп кездеседі.

Е дәрумені – ағзаны қалпына келтіру үдерістеріне тікелей әсер етеді. Атеросклероз ауруының алдын алады. Жүрек қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Бұл дәрумен бауырда, жұмыртқада, бидайдың өнген дәндерінде, сұлы және қарақұмық жармаларында, жаңғақ тұқымдас өсімдіктердің майларында , сүт құрамында кездеседі.

В тобындағы дәрумендер жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, ақуызды, майды, көмір-суларды сіңіруге көмектеседі. Сондай-ақ көздің көру қызметін жақсартады. Гормондардың түзілуіне әсер етіп, холестериннің мөлшерін азайтады. Жұқпалы ауруларға қарсы тұру қызметін арттырып, бауырдың қызметін жақсартады. В дәрумені нанда, сүтте, ірімшікте, жұмыртқада, қарақатта, алмада, бадамшада, қызанақта, бұршақтарда, күнбағыста, саңырауқұлақта, кепкен өрікте , балық, ет тағамдарында, жармалар мен бананда бар.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен).

Оқылым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Қажетті мөлшерде нені қабылдап тұрған жөн?

А) дәруменді

В) тағамды

С) жеміс-жидектерді

D) дәрі-дәрмекті

2. Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, көздің көру қызметіне қандай дәрумен пайдалы?

А) В

В) С

С)А

D) Е

3.Жұқпалы ауруларға қарсы төзімділікті арттыратын дәрумен?

А) В

В) С

С)А

D) Е

4. Қай дәрумен атеросклероз ауруының алдын алып, жүрек қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.

А) В

В) С

С)А

D) Е

5.В тобындағы дәрумендер жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, ақуызды, майды, көмір-суларды сіңіруге көмектеседі және ненің қызметін жақсартады?

А) көздің

В) ас қорытудың

С) тыныс алудың

D) жүрек – қантамырының

Тыңдалым.

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Шипалы сазбен емделу

Сұлулық пен денсаулық – арзанға алған тауар емес. Оны сатып алу мүмкін емес, ал сақтау қиынға соғады. Сондықтан адамдар өз денсаулықтары жолында бәріне дайын болып, түрлі емдеу шараларынан бас тартпайды. Табиғи емдеу шараларының адам денінің саулығына берері мол. Солардың бірі – шипалы саз ваннасы.

Сазбен емдеу тәсілінің тарихы тым тереңде жатыр. Бұрыннан-ақ адамдар саз балшықтардың пайдасын аңғара бастаған. ХІХ ғасырда арнайы саз балшықтарымен емдейтін шипажайлар мен емдеу орталықтары ашылған. Ал бүгінгі күні бұл емдеу шарасына барша жанның қолы жетеді. Ол үшін ақша жинап «Өлі теңізге», «Қызыл теңізге» тартып кетудің түкке де қажеті жоқ. Бұл емдеу шарасын кез келген өңірде жасауға болады. Әйтсе де дәрігердің бақылауымен ғана жасаған дұрыс. Ауырудың түрлеріне қарай дәрігерлер адамға жалпы не жергілікті емдеу шараларын белгілейді. Ауру адамның жалпы денсаулығы міндетті түрде ескерілуі қажет.

Емдік саз – құрамында су мен минералды заттары мол бірден-бір дауа. Шипалы саз ваннасы тұздың таралуы мен зат алмасу жұмыстарының жақсы жүруін реттейді. Жұқарған жүйкені де емдеуге таптырмас ем. Бойында артық салмағы бар жандарға да пайдалы. Сазбен емделу барысында олар артық салмақтан да арылады.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен).

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Денсаулықты сатып алуға болады ма?

  2. Адам денсаулығын жақсартуға көмегі тиетін қандай емдеу шараларын білесіз?

  3. Сазбен өз бетіңше емделе беруге болады ма?

  4. Дәрігерлер емдік шараларды қалай белгілейді?

Дұрыс жауабы:

  1. Денсаулықты сатып алу мүмкін емес.

  2. Шипалы саз ваннасы

  3. Сазбен өз бетінше емделуге болады, бірақ дәрігерлердің бақылауында болған дұрыс.

  4. Ауырудың түрлеріне қарай дәрігерлер адамға жалпы не жергілікті емдеу шараларын белгілейді.

Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын есте сақтаңыз.

Сұлулық красота

Саз балшық глина

Шипалы саз ваннасы лечебная глинная ванна

Емдік саз лечебная глина

Тест сұрақтарынатыңдалым мәтіне сәйкес жауап беріңіз

  1. Табиғи емдеу шараларының бірі?

А) шипалы саз ваннасы

В) сүлік салу

С) сылау

D) уқалау

2. Бұрыннан-ақ адамдар ненің пайдасын аңғара бастаған?

А) ине салудың

В) саз балшықтың

С) булаудың

D) таза ауаның

3. Емдік саздың құрамында кездесетін заттар.

А) су мен минералдар

В) ылғал мен тұздар

С) тұз бен су

D) органикалық заттар

4. Саз балшықтары нені емдеуге таптырмас ем?

А) аяқ-қолды

В) жұқарған жүйкені

С) жүректі

D) бүйрек пен бауырды

30-сабақ

Пайдалы кеңестер

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Тыныс жолдары, тұмау, қан тамырлары, тоңу, теңіз тұзы.

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Тез жылынудың жолдары

Қыстыгүні тыныс жолдарының ауруларының себебі далада көп жүріп, тоңып қалуыңыздан болуы мүмкін. Көшеде тоңып қалу денсаулығыңызға тікелей әсер етпесе де, жалпы адам ағзасына әсер етеді. Сондықтан осындай жағдайларға ұшырамас үшін далаға шығар алдында ыстық шай ішіп алыңыз. Әсері қаттырақ болсын десеңіз, шайға тосап, лимон қосып ішіңіз. Лимонның құрамындағы С дәрумені сізді тұмаудан қорғап, жылу сақтауға көмектеседі. Үйге кірген соң да ыстық шайды тағы ішіңіз. Тез жылынамын деп алкогольді ішімдікті ішкен дұрыс емес. Ол ағзаны жылытудың орнына қан тамырларын кеңейтіп, ағзадағы жылудың бөлінуіне әкеледі де, ағза одан сайын суып кетеді.

Суық күнде ұзақ жолға шықсаңыз, тоңып қалмау үшін өзіңізбен бірге кішкентай термосқа ыстық шай не кофе алып алыңыз. Ол сіздің тоңып қалмауыңызға септігін тигізеді.

Суық күндері аяқ-қол бірінші кезекте тоңады. Сондықтан сапалы, табиғи материалдан тігілген, жылы аяқ киім мен қолғаптар алыңыз. Далада бір орында тұрмаңыз. Қимылдап, секіріп жүгіріңіз. Адамдар көп шоғырланған жақтармен жүріңіз.

Қай уақытта да суықтан үйге кіргенде қатты тоңып келсеңіз, қолыңызды бірінші құрғақ орамалмен сүртіп, артынан жылы ванна қабылдағаныңыз дұрыс. Суға теңіз тұзы мен эфир майларын қосыңыз.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен)

Мәтіннен мезгілдік қатынастарды білдіріп тұрған сөздердің мағыналарын түсіндіріңіз.

Қыстыгүні - қыс мезгілі

Суық күндері – суық болатын мезгіл

Үйге кірген соң – үйге кіргеннен кейінгі уақыт

Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне сөйлем құрастырып жазыңыз.

Дәрумен, тоңып қалмау, ыстық шай, таза орамал

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемді толықтырыңыз:

Әсері қаттырақ болсын десеңіз, шайға ... ...... .................. қосып ішіңіз.

А) тосап, лимон

В) қант, бал

С) кептірілген жеміс

D) сүт

2. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді тауып жазыңыз:

Аяқ-қол ............. кезекте тоңады.

А) соңғы

Ә) бірінші

Б) екінші

D) алғашқы

3. Сөйлемге қажетті сөзді тауып жазыңыз:

Далада ....................................... тұрмаңыз.

А) оңаша

Ә) бір орында

Б) жеке

D) қимылдап

4. Мәтінде жоқ, артық сөзді табыңыз

А) қимылдап, секіріп

Ә) жүгіріңіз

Б) отырыңыз

D) тұрыңыз

Тыңдалым

Мәтінді мұхият тыңдаңыз

Ғалымдардың айтуынша, күнделікті қажетті мөлшерде қабылданатын кейбір тағам түрлері адамды қатерлі аурудан сақтайды. Шоколад меланома немесе қатерлі тері ауруларынан қорғайды. Оның құрамында флавоноидтар бар. Сондықтан күніне шоколадтың 1 тілімін немесе 1 стакан какао ішіп тұрған пайдалы.

Қызанақтың да пайдасы көп. Ол – асқазан, ішек жолдары ауруларының алдын алу үшін таптырмас ем. Қызанақтың құрамында ликопин бар. Күніне қызанақтың 3 данасын жеу немесе 1 стакан томат шырынын ішу керек. Негізінен, қызанақтың пайдалылығы температуралық өңделгеннен кейін арта түседі.

Кофенің де пайдалы жақтары көп. Күніне 1-2 кішкене стакан кофе іш.

Сүт қатқан шай жүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Сүттің өзі де пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Сүтте адам ағзасына қажет пайдалы элементтер көп. Сүтті балалар болмаса үлкендер кеселеп көп іше алмайды. Сүтті балаларға қарағанда үлкен адамдардың асқазаны ауыр қабылдайды. Ал шайға қосылған сүт жеңіл қабылданып, пайдалы қасиеттерін толықтай бере алады. Сонымен қатар шайдың құрамындағы кофеин, алкоидтардың жаман қасиеттерін баса алады. Шай мен сүттің қосындысынан жасалған сүтті шай хош иісті, жұмсақ дәмді болып, ішкен адамды сергітеді. Сүттің құрамындағы ең маңыздысы кальций сүйекті, шаш пен тырнақты берік етеді. Диетолог мамандардың өзі күніне сүт қатқан шайдың 3-8 шынысын ішуге кеңес береді.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен).

Оомоним сөздердің мағыналарын есте сақтаңыз.

Түр ( І) облик

Түр (ІІ) оттенок

Іш (І) живот

Іш (ІІ) пей

Шай (І) шай

Шай (ІІ) сполосни

Шаш (І) волосы

Шаш (ІІ) разбрасывай

Сәйкес сөздерді тауып жазыңыз.

Қасиеттерімен құрамындағы

Шайдың жасалған

Қосындысынан ерекшеленеді

Диетолог береді

Кеңес мамандар

Үлкен элементтер

Пайдалы адамдар

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қызанақтың құрамында не бар?

2. Шоколад қандай аурулардан қорғайды?

3. Сүт қатқан шай қандай аурулардың алдын алады?

4. Сүттің құрамындағы ең маңыздысы не және ол нені берік етеді?

5. Диетолог мамандар күніне сүт қатқан шайды қанша ішуге кеңес береді?

Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

  1. «Күнделікті қажетті мөлшерде қабылданатын кейбір тағам түрлері адамды қатерлі аурудан сақтайды» деп кімдер айтқан?

А) мамандар

Ә) ғалымдар

Б) дәрігерлер

D) тағамтанушылар

2. Күніне ненің 1 тілімін жеп тұрған пайдалы?

А) шоколадтың

Ә) конфеттің

Б) бананның

D) торттың

3. Сүтті кімдер кеселеп көп іше алмайды?

А) балалар

Ә) үлкендер

Б) қарттар

D) сәбилер

4. Асқазан, ішек жолдары ауруларының алдын алу үшін таптырмас ем болатын көкөніс.

А) қияр

Ә) қырыққабат

Б) қызынақ

D қызылша

ІІ МОДУЛЬ. Қатысымның әлеуметтік-мәдени саласы