Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

мәдениет орталығы

рухани кейпін арттыру

тарихи мұра

әлемдік мәдениет

бұқаралық кітапхана

зәулім ғимараттар

құрылымдық бөлімдер

құнды мәліметтері

ұйымдар

қорлар

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — Астана қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтің ұсынысы бойынша "жаңа астананың мәдени және рухани кейпін арттыру, үлкен қоғамның Қазақстан халқының тарихи мұрасымен, оның әлемдік мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерімен танысуы мақсатында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылдың 27 қазанынан № 1620) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы» және «С. Сейфуллин атындағы Республикалық бұқаралық кітапхана» екі республикалық мекеменің бірігуі арқылы құрылған.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Астана қаласындағы екі ірі жол торабы Республика даңғылы мен А. Бараев көшелерінің қиылысында орналасқан.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының жалпы ауданы — 20315,0 шаршы шақырым.

Бұл — Астана сәулетінде зәулім ғимараттардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән, сәулелері әлемнің төрт бұрышына таралатын дөңгелек ретінде көрінеді.

Бүкіл сәулет композициясының осьтік орталығы радиусы 19,5м, ғимаратқа түркілік сипат беретін, 16 метрлік күмбезбен бекітілген 5 қабатты мұражай болып табылады. Күмбездің жоғарғы жағы бірінші қабаттың еденінен деңгейінде орналасқан.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — бұл ерекше орталық, мұнда келесі құрылымдық бөлімдер бар:

Қазақстан республикасы мемлекеттігі тарихының Мұражайы.

Ғылыми кітапхана. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен президенттілігі институтының тарихын зерттеу Ғылыми Орталығы.

Концерттік зал — ұлттық дәстүр Театры, «Қазақстан музейлері» журналы баспасының орталығы.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Қазақстандағы жалғыз мәдени-ағарту мекемесі болып табылады, мұнда:қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталадықазақ мемлекеттігінің қалыптасуының тарихи оқиғалары анықталып, Қазақстан Республикасы президенттілігі институтының пайда болуы мен гүлденуінің қазіргі тарихының фактілері мен дәйектемелері анықталынады.

Қазақ этносының Евразия кең даласының ұлы халқы ретінде қалыптасуының ретротарихының аса құнды мәліметтері мен коллекциялары көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көпқырлы және жемісті шығармашылығының құжаттары мен тарихи материалдары арқылы азаматтық қоғамда көпұлтты және көпконфессионалды қазақ халқының бірігуі, ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен толеранттылық объектендіріледі.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы өзінің әртүрлі және әржақты шығармашылығы арқылы тарихи шыңдыққа, қазақ халқының дәстүрлі және әлем әдебиетінің гуманистік құндылықтарына сілтейді және өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада еңбек ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агенттіліктермен ынтымақтастыққа келуге дайын.

ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы қай қалада орналасқан?

  2. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Астана қаласының қай көшелерінің қиылысында орналасқан?

  3. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында қандай құрылымдық бөлімдер бар?

  4. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығынан не көреміз?

  5. е Қазақ этносының Евразия кең даласының ұлы халқы ретінде қалыптасуының ретротарихының аса құнды мәліметтері мен коллекциялары көрсетіледі.

Жазылым:

  1. тапсырма.Сөйлемдердің сыңарын табыңыз:

  1. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының жалпы ауданы — .....................

  2. Бұл — ..........................

  3. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән, .........................

  4. Концерттік зал —................................

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерден болымды етістіктерді теріп жазыңыз.

Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

3-тапсырма. Сөздердің синонимдік ретін табыңыз:

Дарынды ...........

Өнерпаз ..........

Сегіз қырлы ............

Инабатты .........

Күміс көмей ........

4-тапсырма. Сөздердің синонимдік ретін табыңыз:

Дарынды ...........

Өнерпаз ..........

Сегіз қырлы ............

Инабатты .........

Күміс көмей ........

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

  1. Әрбір ұлттық мәдениет қандай ортада әрекет етеді?

а) қоршаған ортада

б) айналадағы орта

в) кеңістіктегі орта

г) оқшау ортада

2. «Ата қоныс» көпшелілер үшін қандай ұғымды білдіреді?

а) түсініксіз

б) киелі

в) кең мағыналы

г) терең

3. Адам мен табиғат арасында мәдениеттің атқаратын қызметі нені білдіреді?

а) «қытай қорғанын»

б) нәзік үндестікті

в) дәнекерлікті

г) сүйіспеншілікті

4. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі қандай ұғымдармен тікелей байланыстырылды?

а) амал және адал

б) дұрыс және бұрыс

в) жақсы және жаман

г) обал және сауап