Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

5. Һижра күнтізбесі қай елдерде ресми қолданылады?

а) Араб

б) Египет

в) Еуропа

г) Азия

6. Қазақстанда 1918 жылдан бері қай күнтізбесі қолданылып келеді?

а) Юлий күнтізбесі

б) Араб күнтізбесі

в) Григорий күнтізбесі

г) Вавилон күнтізбесі

Анықтама:

Ұйқы– сон

Барлық өмір–Вся жизнь

Тамақтану–питаться

Ыңғайына қарай– по удобству, удобный момент

Адам денсаулығы– здоровья человека

Тындыру–довести до конца

Қабілет– способность

Үй тапсырмасы –домашняя задания

Тәулік– день

Денінің саулығын елестету–представит здорового тело

Адам ағзасы– организм человека

Оптималды тәртібі–оптимальный режим

Төрт фазалы тамақтану–четырёх фазная питания

тезаурус:

Күнтізбе – уақыт мезгілін есептейтін аспан денелерінің ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.

Табиғи күнтізбелер – қардың еруі, судың тасуы, жануарлардың әрекеттері.

Мүшел есебі – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі.

25 -сабақ: Мүшел жас

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

мүшел жас, ұғым, есейіп, қауіптері, жіктеу, орта жас, кәрілік, ырым, ғұмыр

арам пиғыл.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Мүшел жас

Халық даналығында мүшел жас деген ұғым бар. Бұл ұғым түркі тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кездеседі. Әр мүшелден өткен сайын адам баласы есейіп, бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болған соң, оған келер қауіп те көбейсе керек. Өйткені, мүшел жастың да өз алдына қауіптері бар. Ендеше, мүшел жасты былай жіктеуге болады.

13 жас – ер жете бастау;

25 жас – жігіттік шақтың нақ өзі;

37 жас – ақырын басып, анық жүріп, ақыл тоқтатқан кезең;

49 жас – орта жас ;

61 жас – өз балаңнан тәтті болатын немере сүю;

73 жас – қарттықтың басы болар;

85 жас – кәріліктің келгені;

97 жас – қалжырап, ештеңеге жараусыз қалғаның;

109 жас – шөпшек сүю;

121-ге жетсең, онда неменеңде қасында дей бер. Астрономия ғылымының айтуы бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бары анық. Бір жылда 12 ай бар. Бұрындары осы мүшелден өткендер той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды дейтін киімін жоқ-жітікке, иә болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді.

Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, онда адам баласы үшін 37 жас ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Себеп те бар?! Нағыз кемелденген кезеңде сырт көздің сұғы дегендей, адам баласы от пен жалынның ортасында ғұмыр кешіп жүреді. Алайда, оған дейін де 13 саны қауіпті болып табылады. Тарихқа көз жүгіртсек. Арыға бармай, XX ғасырдың бірінші 13 жылдығына, яғни бірінші мүшелінен бастап тізбектеп көрейік. Сол бір бір 1913 жылы қазақ халқы үшін де аса ауыр кезеңнің басталған шағы болды. Осы жылдары Ресейдің құрамындағы халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлықтар шығарылды. Ақ патшаның бұндай арам пиғылына көнгісі келмегендіктен, қазақ елінің әр түкпірінде бас көтерулер, қақтығыс-ұрыстар бой көрсете бастады...

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Мүшел жас деген қандай ұғымды білдіреді?

  2. Адамның мүшел жасы қалай болады?

  3. Мүшелден шыққан соң қандай ырымдар жасаған?

Жазылым:

  1. 121-ге жетсең, ... .

  2. Астрономия ғылымының айтуы бойынша, ... .

  3. Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, ... .

  4. Нағыз кемелденген кезеңде сырт көздің сұғы дегендей, ... .

тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз:

Тиімді, бос уақыт, уақыт емші, жетістік, қол жеткізу, ұлы арман, данышпан, ғаламтор, зиян, пайдалы іс.

Тапсырма. Берілген етістіктерді «уақыт» сөзімен тіркестіріп, мағынасына сәйкессөйлем құраңыздар.

Үлгі: уақыт табу – Білім алуға әрқашан уақыт табылады.

өткізу, бағалау, пайдалану, үнемдеу, жоспарлау,басқару, жоғалту

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз:

1. Жер бетін мекен ететін барша адамзат неге бағынады?

а) «Уақыт» атты Билеушіге

б) Адамға

в) Бастыққа

г) Патшаға

2. Уақытты түсінуде адамның жеке өмірі немен өлшенеді?

а) қоғамдағы құбылыстармен

б) әлеуметтік құбылыстармен

в) табиғи құбылыстармен

г) аспан құбылыстарымен

3. Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз: Алайда, уақыттың өлшемін анықтау қоғамдағы, адамның өміріндегі ... де тікелей байланысты.

а) даму процестеріне

б) тоқтау процестеріне

в) өсу процестеріне

г) жоғалу процестеріне

4. Бүгінгі күнтізбе ненің тұжырымынан басталады?

а) ырымның

б) сенімнің

в) болжамның

г) нанымның

5. Адам жүйесі қандай?

а) өте күрделі

б) өте оңай

в) өте жеңіл

г) өте ықшамды

Анықтама:

Мүшел жас– казахское исчисление возраста человека

Ұғым–понятие

Есейу – подростать

Қауіптер–опасности

Жіктеу–распределять

Орта жас– средний возраст

Кәрілік– старость

Ырым– премета

Ғұмыр– жизнь

Арам пиғыл–злое намерение

Тезаурус:

Пешене – адам тағдыры

Арам пиғыл – жаман ой, жамандық

Тоғыс есебі – Ай мен Үркердің жақындасуы