Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

3. Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегінің не екендігін анықтаңыз?

а)қара шаңырағы

б) кең шаңырағы

в) биік шаңырағы

г) ақ шаңырағы

4. Сөйлемді толықтырыңыз: . Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің .... қайраткерлерін қызықтырған.

а) көрнекті

б) танымал

в) атақты

г) батар

5. «… Дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» — ескерткен кім екендігін анықтаңыз.

а) М.С.Мұқанов

б) А.Құнанбайұлы

в) Ы.Алтынсарин

г) Ғ.Мүсірепов

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Қажетті қосымшасын қойыңыз:Өнер қиял-ғажайып ... пайда болған – нақыш.

а) - дан

б) -тан

в) - тен

г) - пен

2. Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз:Сақ кезеңінің (VІІ-VІ ғ. б.э.д.) көркем ... жануарлық стильде дамыған.

а) әдебиеті

б) сәулеті

в) мәдениеті

г) құрылысы

3. Мәтіндегі «бейне» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?

а) бет-әлпет

б) сипат

в) келбет

г) сурет

4.Сөйлемді толықтырыңыз:Кейіннен жануарлардың бейнесі ..... алмастырылады.

а) әшекеймен

б) ою-өрнектермен

в) сипатпен

г) бейнемен

5. Тасқа қашалып жазған жырларды көрсетіңіз?

а) «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу»

б) «Қобыланды», «Алпамыс»

в) «Ер тарғын», «Ер төстік»

г) «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк»

Анықтама:

Дәстүрлі өнер- национальная традиция

қара шаңырақ - домашний очаг; семья

айбалта - секира

көшпелі - кочевой

айшық түймелер - яркие пуговицы

жону–обстругивать

ойып жасалған - вырезонный

өмілдірік – нагрудник лошадей

арқау алған - опираться, опиравший

Тезаурус:

Қара шаңырақ –киелі, үлкен үй, әке-шеше үйі.

Өмілдірік–ер-тоқым әбзелі, аттың кеудесіне кигізіледі

Жүген–жылқының басына кигізетін , ауыздық пен тізгіні бар қайыстан істелінген әбзел.

Тұлпар тас–тас бетіндегі тұлпар тұяғы

37-сабақ.

Халықтық қолөнер

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Шебер, әртіс, драма, қолөнер, ғажайып өрнек, дәстүр, рухани, ою-өрнек, сыр шертеді, тылсым күш, бедері, ширатыла түсу, сапасы, табандылық.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Халық қолөнері адамдарға не сыйлайды?

2. Қолдан жасалған әртүрлі бұйымдардан нені аңғаруға болады?

3.Қолөнер шеберлері өнер туындылары арқылы нені суреттеген?

4. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар нені білдіреді?

5. Халық шеберлері шығармашылық ізденістерден неге қол жеткізді.

Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Қажетті қосымшасын қойыңыз: Қолөнер халық өмірі... , тұрмысы... бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.

а) - мен

б) -бен

в) - тен

г) - пен

2. Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз: Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер .... арқау еткен.

а) туындыларын

б) еңбектерін

в) мәдениетін

г) құрылысын

3. Шебердің келуі қандай өмірмен тығыз байланысты болған?

а) көшпелі

б) отырықшы

в) бейнелі

г) әртүрлі

4.Сөйлемді толықтырыңыз:

а) әшекеймен

б) ою-өрнектермен

в) сипатпен

г) бейнемен

5. Шеберлерге арналып айтылған мақалды анықтаңыз.

а) «Шебердің қолы ортақ»

б) Ерінбеген етікші болады.

в) Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.

г) Қазаншының өз еркі, Қайдан құлақ шығарса.

Жазылым:

1-тапсырма. Берілген фразеологизмдердің сыңарын табыңыз:

  1. Алтынның сынығы-

  2. Ат басындай алтын -

  3. Алтын дегенім мыс болды,күміс дегенім жез болды-

  4. Алтыннан ардақты, күмістен салмақты-

  5. Айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздеме -

  6. Алтын бергек, асыл діңгек -

  7. Бет моншағы түсті -

2-тапсырма. Берілген сөздерді жұптастырыңыз.

Қазақ бұйымдар

дәстүрлі халқы

еңбек мұрасы

халық құралдары

әшекей өнер

3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

1. «Түйетабан» - түйенің басқан ... долбарлайтын күрделі ою-өрнек. 2. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ... ұқсайды. 3. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің .... ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою.

4-тапсырма. Синонимдік қатарларын анықтаңыз.

Еңбек ......

Өнер ........

Қара шаңырақ ......

Бұйымдар ......

Мекен ......

Көшпелі .......

Құрал ......

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз:

1. Сөйлемді толықтырыңыз: Бойтұмарды алқаға, әмиянға тағы да басқа неге салатын болған?

а) үлкен сандыққа

б) кішкене қорапшаға

в) кішкене дорбаға

г) қалтаға

2. Сөйлемге қажетті сөзді анықтаңыз: Әйелдердің саусақтарына тағылатын ...... зергерлік бұйымдарды көрсетіңіз?

а) білезік

б) алқа

в) түйреуіш

г) жүзік, сақина

3. Тиісті нұсқаны көрсетіңіз: Қыз-келіншектер шаштарының ұшына қандай бұйым таққан?

а) алқа

б) сырға

в) шашбау

г) білезік

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Алқаның жиектеріне … тастар орнатылады.

а) маржан

б) күміс

в) шыншыр

г) жәй

5. Қажетті сөзді қойыңыз: Мүйіз – қазақ ... негізі және ең көне мәнері.

а) оюының

б) суретінің

в) мүсінінің

г) бейнесінің

Анықтама:

Шебер-мастер

Әртіс - актер

Драмалық шығарма – драматический произведение

Қолөнер– ремесло; рукоделие

Ғажайып өрнек – чудесное орнамент

Дәстүр- традиция

Рухани - духовный

Ою-өрнек - орнаменты и узоры

“Сегіз қырлы, бір сырлы” - мастер на все рукивосьмигранный

Тезаурус:

Қапсырма– бір-біріне топса арқылы бекітіліп екі бөліктен тұратын әшекей.

Шолпы, шаш теңге - қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағатын бұйым.

Сегіз қырлы, бір сырлы”–адамның өнегелі, өнерлі, жан-жақты қасиеті.

38-сабақ. Қазақ театр және кино өнері

Грамматика: Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы сөйлем мүшесі.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Өнер, кино өнері, эстрада жұлдыздары, ұлттық сахна, қойылым, танымал әртіс, режиссер, нұсқа, әуесқой, кәсіби.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.

1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.

Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.

1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға қоныс аударып, театрдың шығармашылық құрамында К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-шы жылдардың ортасында Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Алғашқы қазақ театры қашан құрылды?

  2. Театрдың жедел дамуы қай кездерде күш алды?

  3. Қазақ өмірінен драмалық суреттеулер мен сценарийлер қашан жазылды?

  4. Қазақтың кәсіби театр өнері қашан қалыптасты?

  5. 1918-1924 жылдар аралығында жаңа труппалар қай қалаларда және кімдердің пьесаларын шығарды?

  6. Алғашқы театрдың шығармашылық құрамын атаңыз?

тест

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Сөйлемнің қажетті сөзін анықтаңыз: Қазақстан .... алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады.

а) аумағында

б) төңірегінде

в) айналасында

г) маңында

2. Сөйлемнің қосымшасын анықтаңыз:Бұған XX ғасыр... басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.

а) - дың

б) - дің

в) - тың

г) - тің

3. 1917 жылы М.Әуезов қай трагедияның бірінші нұсқасын жазып,қайта өңдеді?

а) «Еңлік-Кебек»

б) «Қыз Жібек»

в) «Қобыланды»

г) «Ер Тарғын»

4. Қазақ мемлекеттік драма театры кімнің қойылымымен ресми түрде ашылды?

а) М.Әуезовтың

б) М.Жұмабаевтың

в) С.Сейфуллиннің

г) Ғ.Мүсіреповтың

5. Сөйлемді толықтырыңыз:1937 жылы театрға .... атағы берілді.

а) «академиялық»

б) «ғылымилық»

в) «экономикалық»

г) «классикалық»

Жазылым.

1 -тапсырма. Сөйлемдердегі тұрлаулы сөйлем мүшелерін анықтаңыз.

Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады.

1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды.

Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды.

Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.

2-тапсырма. Сөздерді жұптастырыңыз:

Әшекей ізденіс

мамық қажетті

шебердің жастық

шығармашылық бұйымдар

тұрмысқа төсек

жайлы қолы

3-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.

Өнер, өрмек, жіп, бұйым, әсем, текемет, сырмақ, киіз, кесте, жібек, бағалы, құнды, иіру.

39-сабақ.