Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

7Блок. Менің Отаным – Қазақстан

31-сабақ:Менің елім – тәуелсіз Қазақстан

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Көшпелі, өркениет, қуатты әміршілер, зиялылар, сәтсіздікке ұшырады, зиян, ел тұтастығы.

Мәтінді оқыңыз

Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Батыстан Шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. Олардың ізі Қазақ жерінде қалды.

Уақыт өте келе Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей мен Жәнібек, Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды.

Қилы-қилы замандарды бастан өткізіп, қазақ елі дербестігінен айрылып, Ресей империясының қол астына өтті. Тәуелсіздікті аңсап, қайта қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялылырының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930- жылдардан бастап тоталитарлық жүйе халықтың тіліне, дәстүрі мен салтына, тарихы мен мәдениетіне зиянын тигізді.

Көпұлтты Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқстанда тәуелсіздігін жариялады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасынының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.

Осыдан бастап Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Әрі Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзінің ондаған елі таныды. Елімізді алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттері таныды. Қазақстан шетелдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Республикамыз егемендікке қол жеткізген алғашқы күндерінен-ақ басқа мемлекеттермен келісімшарттар жасады. Еліміздің алдында көптеген маңызды міндеттер тұрды. Ол ең әуелі ел тұтастығын сақтау міндеті тұрды. Қазір біздің Қазақстан – тәуелсіз, ынтымағы жарасқан ел. Сондықтан да Қазақстан әлем санасатын мемлекеттердің біріне айналып отыр.

(« Қазақ тарихы» журналынан).

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақ даласы арқылы арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар қайда ағылды?

3. Дешті Қыпшақтың әміршілері болған хандарды атаңыз.

4.Қазақ елі дербестігінен айрылып, қай мемлекеттің қол астына өтті?

5.Тәуелсіздікті аңсап, қайта қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялылырының демократиялық идеялары неге ұшырады?

6.Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш қай мемлекеттер таныды?

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отансүйгіштік сезім – ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік ұғым. Отансүйгіштік – Отанға деген сүйіспеншілік, бойыңдағы бар күш-қуатыңды, ерік-жігеріңді Отан игілігі мен мүддесі үшін аямай жұмсау, туған жеріңді, қасиетті ана тіліңді, еліңнің салт-дәстүрін құрметтеу. Ол – ананың ақ сүтімен біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің арқасында бойға даритын ұлы сезім. Отансүйгіштік сезім – еліміздің дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қалыптасу тарихында айтарлықтай жетістікке қол жеткізетін басты күш. Сан ғасырлар бойы отансүйгіштік сезімнің сан түрлі үлгілерін тарих дәлелдеп отыр. Қоғамның әрбір саналы азаматы өзінің мемлекетіміздің өткеніне, бүгініне және келешегіне қатысы бар екенін, Отанымыздың күш-қуатын нығайтуға, оның дамып, алға жылжуына жауапты екенін сезіне білуі керек.

(Ғаламтордан).

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.(Вопросы)

1.Отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері дегеніміз не?

2.Отансүйгіштік дегеніміз не?

3.Отансүйгіштік пен ұлтшылдықтың айырмашылығы қандай?

4..Отансүйгіштік сезімі қалай қалыптасады?

Сөздер мен сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламаларын табыңыз.

Ұғым понятие

Қаһармандық мужество (героизм)

Ерік-жігер сила-воля

Сезім чувство

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.

А) Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең.

В) Отансүйгіштік сезім – ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік ұғым.

С) Ол – ананың ақ сүтімен біртіндеп қалыптасады.

D) Отансүйгіштік сезім – әр адамға керек қасиет.

2. .......................... – ана тіліңді, еліңнің салт-дәстүрін құрметтеу деген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

А) Отансүйгіштік

В) Патриоттық

С) Ұлтшылдық

D)Табандылық

3.Мәтінде кездесетін сөзді табыңыз.

А) тұрмыс-салт

В) салт-дәстүр

С) Салт-сана

D) әдет

4.Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) Қахарман

А) қаһарман

С) қақарман

D) қакарман

5. Сан ғасырлар бойы .................. сезімнің сан түрлі үлгілерін тарих дәлелдеп отыр деген сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.

А) махаббат

В) туысқандық

С) отансүйгіштік

D) бауырмалдық

Тұрақты тіркестердің мағынасын айтыңыз.

Жанына жақын - ұнайды

жүрекке жылы тию ( көңілге қону) - ұнады

игілікке жұмсау – қажетіне жұмсау, жарату, пайдалану

32-сабақ

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз

Аялы бесік, ұлт өкілдері, басым көпшілікгі, нығайту, келісім мен татулық.

Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстан - көптеген ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп отырған аялы бесігі. Мемлекет халқының басым көпшілігін қазақтар құрайды. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Көп ұлтты Қазақстан үшін Отансүйгіштік сезім ұлтаралық келісім мен татулық, саяси тұрақтылық қана емес, мемлекетіміздің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы зор.

Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екендігін спортшыларымыздың түрлі ұлт өкілдерінен құралғандығынан да байқауға болады. Әсіресе, Орталық Азия спорттық ойындарында, олимпиадаларда Алтын медальдан алқа таққандардың арасында бокстан қазақ Серік Өмірбеков пен Ермұхан Ибраимов , грек-рим күресіннен армян Мхиттар Манукян, ауыр атлетикадан украин Анатолий Храпатый, кәріс Олег Эм, орыс Илья Илин, дүнген қыздары Майя Манеза мен Зүльфия Чиншагло, еркін күрестен шешен Эльмади Жабраимов пен осетин Ислам Байрамуков, жүзуден орыс Евгения Ермакова, татар Руслан Субайдуллин, велоспорттан орыс Александр Винокуров және т.б. көптеген ұлт өкілдері болды. Осындай спортшыларымыздың жеңістері көңілге оптимизм мен еліміздің жарқын келешегіне деген сенім ұялатады. Бұл – Қазақстан халықтарының патриоттық және интерноцианалдық сезімдерінің жарастығы, Отанға деген адалдық пен шынайы сүйіспеншілік.

(Баспасөз беттерінен).

Жауаптарға байланысты сұрақтар қойыңыз.

  1. ............................................................ ?

Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

  1. ............................................................?

Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрайды.

  1. ................................................................?

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

  1. ........................................................................?

Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екендігін спортшыларымыздың түрлі ұлт өкілдерінен құралғандығынан да байқауға болады.

Дұрысы (сұрақтары):

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Қазақстан халқының басым көпшілігін кімдер құрайды?

3.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады және олар қалай өмір сүріп жатыр?

4.Қазақстан халқының көп ұлтты екендігін қалай байқауға болады?

Тыңдалым.

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.

Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені белгілі. Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстанда басты назар аударатын қандай мәселе бар?

2. Қазақстан халықтарын мақстатты болашаққа жетелейтін қандай мүдде болу керек?

3. Қандай жағдайда ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады?

4. Қазақстан халықтарының теңдігін қамтамасыз етуде не маңызды?

5. Ұлт саясаты бағдарламасы не үшін керек?

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Біртұтас – единный

Парасат – здравый смысл, рассудительность

Ұлтаралық – межнациональный

Ізгілікті – доброжелательный

ұлттық келісім – националное согласие

Тыңдалым бойыншатест тапсырмаларын орындаңыз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Қазақстандық патриотизм – ата-бабамыздан қалған тәрбие.

B) Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет.

C) Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады.

D) ҚР-дағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі

болып қала бермек.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақстанның ұлтаралық қатынасын жақсарту жолдары.

B) Патриоттық сезімді қалыптастыру

C) Әрбір адамның азаматтық құқын сақтау туралы.

D) Ұлт саясаты бағдарламасын талқылау.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Әрбір қазақстандық өз елін сүйіп, құрметтеуі керек.

B) Қазақстан өзіндік жаңа жолды таңдап алды.

C) Ел тұрмысын жақсарту.

D) Ұлттар мен ұлыстардың бір тоқтамға келуі.

Мәтінде кездесетін ақпаратты табыңыз.

A) Әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт

В) Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірімен тату болуы керек.

C) Біз ұлт саясаты бағдарламасы бойынша көп істер атқарудамыз.

D) Қазақстан жас мемлекет.

33-сабақ

Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсініп алыңыз.

Түсінік, кір жуып, тірек, кіндік кескен жер. бейімделу, қоныс

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Атамекен

Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп-өнген жерін «атамекенім» деп жанындай жақсы көреді. Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері – өз Отаны. Ертеден ақындардың ел-жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.

Біздің ата-баба қонысымыз, атамекеніміз – Қазақстан. Мұнда ерте заманда, орта ғасырларды мекендеген жүздеген тайпалар, ондаған халықтар болған. Олар да оны туып-өскен жерім, атамекенім деп сүйген. Ол үшін талай жорық, соғыс майданын басынан өткізген.

Осы күні дүние жүзі жаратылыстану ғылымы алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – жер бетінен жойылып кеткен немесе мүлде өзгерген тайпаларды, халықтарды әбден анықтау. Қазақстан жерінде тым ертеде, тас, қола және темір дәуірінде түрлі тайпалар болған. Олар дайын табиғат қорын пайдаланып, тау бөктерлерінде, жыныс ағаш ішінде, үлкен көл, өзен жағаларына бейімделген.

Осы күнгі біздің ата-баба қонысымыз, атамекен – Қазақстан жері бағзы заманнан мәлім, оны мекендеген ел туралы грек авторларының түсінігі тым ертеде, б.з.д.ҮІІІ – ҮІІ ғасырларда-ақ болған. Мысалы, Гомер (ҮІІІ ғ.) «Иллиада» поэмасында қазақ даласын «көшпелілер елі», «Одиссеяда» «массагеттер», «етпен қоректенушілер» дейді.

Геродоттың айтуы бойынша, Қара теңіз жағалауына скифтер б.з.д. ҮІІІ – ҮІІ ғасырларда келген. Скифтер орта бойлы, шымыр денелі, атқа бала жасынан мініп, онымен «бірге өсіп қайнайды», «ат құлағында ойнайды». Сақал-мұртын жіберіп, қару-жарақ асынып, жаумен алысуға қолайлы киім киіп жүреді, өлімнен ешбір қорықпайды, жеріне бас-көктеп кіргендерді жоймай қоймайды. Геродот ең алдымен, «Скифтердің тегі кім, қайдан шыққан?» деген сұрақтарға жауапты аңыздардан іздеген.

(Н.Баяндин)

Берілген сөздердің синонимдерін есте сақтаңыз.

тірек сүйенері – сүйеніші

жыныс ағаш – қалың орман

бағзы заман – бұрынғы заман

Сақтардың түр-келбетін сипаттайтын белгілерді мәтіннен теріп жазыңыз, оларды жаттап алыңыз.

Тыңдалым

Мәтінді тыңдаңыз.

Бүгінгі күні, қазақ жерін құтты қоныс, мейірімді мекен еткен этнос өкілдері кеңдік пен кемеңгерлік танытқан қазақ халқының қамқорлығына бөленіп отырған тұста, біздер Президенттің барлық Қазақстан халқын бөліп-жармай теңдікте ұстауын жүрегімізбен сезініп, жанымызбен ұғынып, қазақ дегенде ішімізден жалын атуға тиіс. Одан ешкімнің ештеңесі кетпейді. Қайта қайтарым ретінде бірлігіміз нығайып, ел арасында мәртебеміз көтеріліп, сыйластығымыз артып, мерейіміз жоғары болары хақ. Өз ісімізде қаталдықты, қоғамда адалдықты танытуымыз ләзім. Бұл әсте де өзгені төмендетіп, қазақты асқақтату емес. Шынайы шындықты айтып, сыйластықты қалыптастыру, теңдікті айғақтай отырып, бірлікті терең ұғуға ұмтылдыру. Мұның жаршысы алдымен ҚХА мүшелері болса, нұр үстіне нұр. Яғни, ұлттық қасиетті қадірлеп, құрметтей отырып, әр тасында тарихтың таңбасы бар Қазақ елін танып, туған Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыра, патриоттық сезімді жастар бойына дарыта білсек, ұтарымыз көп болмақ.

Қазақ мемлекет құраушы ұлт екенін қазақ қана сезініп қоймай, барша Қазақстан тұрғындары шын ниетпен шегіншектемей мойындап, бірлікте білікті де пайдалы істер атқара отырып, қазақ ұлтының төңірегіне топтассақ, рухани мәртебеміздің тұғыры биіктейді, сыйластығымыз шырқау биікке көтеріледі. Мұны әркім түсіне білуі қажет десек, бұған да Ассамблея айрықша батыл үн қатуға тиіс. Меніңше, Елбасының о бастағы ойы мен ниеті осы болғаны анық. Ендеше, әлемде баламасы жоқ дара ұйымның серпілетін кезі келді.

Қорыта айтқанда, шынайы бақыт пен береке үйлесімді бірлік пен тірлікте жатыр. Өзіме бақыт санап ұстанған бағыт-бағдарым – ең алдымен мемлекет құраушы ұлтқа, қоғамға қызмет ету. Халықты өз қалауымен қастерлеу, құрметтеу, қадір тұту – әрқайсымыздың адами борышымыз. Елім деген адамға ел ғашық. Жүректеріміз Қазақстан деп соғып, мемлекет мүддесіне адал қызмет етейік. Қазақстан дегенде бойда қан, ойда қайрат, жүректе нұр ойнасын, отандастар!

(Асылы ОСМАН, “Егемен Қазақстан”, 7 қазан 2009 жыл)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанды мекен ететін этнос өкілдері не істеуге тиіс?

2.Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт кім?

3. Сыйластықтың шырқар биікке көтерілуі үшін не істеу керек?

4.Автор өз отандастарын неге шақырады?

Берілген тұрақты сөз тіркестерін жазыңыз, олардың баламасын түсіндіріңіз.

Құтты қоныс – бақыт орнаған тұрақ, жайлы мекен деген мағынада.

жалын ату– іштей қайрат-жігері артты, кеудесінен от-жалын шашты, ызалы кек қайнады деген мағынада.

шырқау биік – өте жоғары биік деген сөз

үн қату – дыбыс берді, сөйледі деген мағынадағы сөз

тұғыры биік – жоғарыда, биікте деген мағынада

ләзім – дұрыс, жөн деген мағынада

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1. Өз ісімізде .........., қоғамда адалдықты танытуымыз ләзім.

А) қаталдықты

Б) мейірімділікті

С) ұстамдылықты

D)сабырлылықты

2. Меніңше, ........ о бастағы ойы мен ниеті осы болғаны анық.

А) Президенттің

Б) Елбасының

С) Көшбасшының

D) Басшымыздың

3. Шынайы .... .... .... үйлесімді бірлік пен тірлікте жатыр.

А) бақыт пен береке

Б) қуаныш пен шаттық

С) бақыт пен шаттық

D) береке мен мереке

4. Халықты өз қалауымен қастерлеу, құрметтеу, қадір тұту – әрқайсымыздың ...... .......... .

А) міндетіміз

Б) адамгершілік қасиетіміз

С) адами борышымыз

D) перзенттік парызымыз

34-сабақ

Қазақ елі – бай ел

ОҚЫЛЫМ

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.(Примеры)

Жер қойнауы, әйгілі, кен орындары, өңір, ойпат, түбек

Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз. (задание)

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен дүниежүзіне әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты.

Қазақстан хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүниежүзінде бірінші орын алады. Темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфарит, мыс, калий және кадмий қорынан да алдыңғы орындардың бірінде тұр.

Елімізде мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе, Орал облыстарына шоғырланған. Мұнай фонтаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассейніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен мен Жетібай қосылды. Кейін олардан зор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз «Атырау облысы), Кенқияқ пен Жаңажол (Ақтөбе облысы) және Қарашығанақ (Орал облысы) кен орындары ашылды.

Қазақстанда көмір қоры мол. Бізде тас көмір мен қоңыр көмірдің ондаған бассейні мен жүзден аса кен орындары бар. Көмір кен орындарының басым көпшілігі Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында орналасқан.

Республика территориясында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы тұз қабаттарының қалыңдығы 2 метрден асады. Ал әктас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылысқа қажетті материалдар да көп кездеседі. Қазақстан фосфоритінің де сапасы өте жоғары. Жер шарында теңдесі жоқ бұл кен орындары Шолақтау, Жаңатас, Ақсай деп аталады. Қазақстанның оңтүстік өңірінде орналасқан.

Жер қойнауының осынау байлығын ел игілігіне пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен сарқылмайтын дүние жоқ екенін естен шығармай, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау пайдалы қазбаларды кешенді түрде пайланауды қажет етеді.

Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан дүниежүзіне несімен әйгілі болып отыр?

2.Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?

3.Мұнай мен газ еліміздің қай аймақтарында шоғырланған?

4.Сапасы жоғары фосфорит кен орындарын ата.

5. Республикадағы мол тұз қоры қайдан табылған?

6. Көмір кен орындары қайда орналасқан?

Берілген сөздердің синонимін табыңыз.

Сарқылмайтын таусылмайтын

Мол көп

Өңір аймақ

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз.

Қазақ жері

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,

Қысы бар аязға қардырған.

Көктемі – балауса балдырған,

Ал күзі – алып бір ақ қырман,

Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,

Күрең нан жаңа алған тандырдан.

Көлденең көлбеген көкжиек

Қыранның қанатын талдырған.

М.Мақатаев.

Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ақын киелі жер деп қай жерді айтады?

2.Ол неге құлшылық етеді?

3.Отан деп қай жерді айтады?

4. Күз мезгілін қалай суреттейді?

Берілген сөздердің мағыналарын есте сақтаңыз.

Балауса – тура мағынасында жас шалғын, ауыспалы мағынада балғын, жасөспірім деген мағынада.

Балдырған – ауыспалы мағынада жасөспірім, жеткіншек деген мағынада қолданылады.

Көкжиек – аспан мен жердің көз жиетіндей жері деген мағынаны білдіреді.

Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

  1. Кімдер дүрілдеп өткен жер?

А) батырлар

В) ақындар

С) жауынгерлер

D) хандар

2. ......... жасамай өтпеңдер!

А) ишарат

В) тағзым

С) белгі

D) ерлік

3. Қайда тұрғанға шүкірлік етемін.

А) Қазақстанда

В) осы бір Отанда

С) жерде

D) елде

4. Қысы бар ..... қардырған.

А) суыққа

В) ызғырыққа

С) аязға

D) үскірікке

5. Ақ дәннен ақ ........ жаудырған.

А) жаңбыр

В) нөсер

С) қар

D) мұздақ

6. Күрең нан жаңа алған ..................... .

А) тандырдан

В) пештен

С) оттан

D) ошақтан

35-сабақ

Қазақстан нышандары

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Бодандық, зәулім ғимараттар, шикізат, ұлттық құндылық, рәміз, мәртебе.

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Мемлекеттік рәміздерімізге 20 жыл

Мемлекетіміз бодандық құрсауынан босап, өз дербестігін алғанына да 20 жыл болыпты. Тәуелсіздік алған азат еліміздің басына қаншама ауыр күндер туса да, төзімшіл халқымыз қиыншылықтарды жеңіп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бастаған саясатының арқасында 20 жыл ішінде жарқын, дамыған мемлекетке айналды. Қазіргі таңда Республикамыздың қай облысына барсаңыз көкке бой түзеген зәулім ғимараттарды, елімізде белең алып жатқан өндіріс орындарының шикізаттарын жарнамалап, кәсіпорындарының игі істерінен құлаққағыс етіп тұрған электрондық жүйеге қосылған алпауыт экрандарды көзіңіз шалады. Қадам бассаңыз еуропалық үлгіде салынған нысандардың халқымызға тұрмыстық, сервистік, тағы басқа бағытта қызмет көрсетіп жатқанына қуанасыз. Мұның барлығы Көшбасшымыздың тура саясатшылдығымен, даналығымен жүзеге асқан десек қателеспейміз. Нұрлы еліміз өркениетіне Елбасымыздың, ел зиялылырының сарқылмас күш – жігері жұмсалып, маңдай тері төгілгені белгілі. Осындай игілікті істердің қатарындағы ең маңыздысы, халқымыздың мақтанышы, ар – намысы, рухани – мәдени мұрасы, ұлттық құндылығы, тарихи естеліктері болған Мемлекеттік рәміздеріміздің елдігіміз нышанына айналғанына 20 жыл толыпты. Осыдан 20 жыл бұрын – 1992 жылы 4 – маусымда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер» туралы Заңы қабылданған болатын. Заңда Мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздігіміз рәмізі екендігі хұқықтық негізде бекітілді. Оның қандай көрініске ие екендігі де анық белгілеп берілді. Мемлекетіміздің рәміздерінде халықтың тарихы, бүгіні мен келешегі өз көрінісін тапқан. Онда белгіленген әрбір сурет, әрбір белгі, әрбір түстің өзіндік сыр, мағынасы бар. «Мемлекеттік рәміздер» туралы Заң қабылданған күннен бастап, Мемлекетіміз рәміздері бейнесі еліміздегі барша мемлекеттік және қоғамдық мекемелер үйлеріне орнатылды. Сондай – ақ, мәртебелі рәмізіміз бейнесі мөрлерде және мекемелер бланкаларында, ресми құжаттарда, ресми баспаларда, қағаз бен ақшаларда, құнды қағаздар мен азаматтардың төлқұжаттарында бейнеленді. Мемлекетіміз саясатына қолдау көрсетудегі басты мақсаттардың бірі – Мемлекеттік рәміздерімізді әрқашан қорғап, қадірлеп, бала – бақшаларда, мектептерде, мәдениет және басқа да орындарда оның мәні мен мазмұнын үнемі насихаттау болып саналады. Отанымыз рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранымызды құрмет етіп, қасиетті атына кір келтірмеу - әрбір отандасымыздың айнымас борышы екенін, сонымен бірге оларды тәуелсіздігіміз таңында жарыққа әкелген азаматтардың еңбегін үлгі тұтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білуіміз тиіс. Ұлы, дербес еліміздің биік мәртебесі Мемлекеттік рәміздерімізді аяқ асты ету, оған құрметсіздік көрсету – Отанымызды таптау, дұшпандық, опасыздық екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

А.Байсейітова

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Еліміздің бодандықтан құтылып, тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?

2.Қазақстанда «Рәміздер туралы Заң» қай жылы қабылданды?

3. Рәміздерде не көрініс тапқан?

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.