Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Шәкен Кенжетайұлы Айманов

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Әйгілі, ой-талғам, бас режиссер, рөлдер, шебер орындау, үлкен үлес, үлес қосты, аяусыз, жан дүниесін, ой толғам, сомдады, боздақ, тұтқиылдап.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Айманов, Шәкен Кенжетайұлы (1914—1970) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964ж. КСРО-ның халық әртісі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.

Орта мектеп бітірген соң (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен.

Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951).

Ол М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968ж Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы алған.

Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.

Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.

1953 жылыдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. ССРО және ҚазССР-інің халық әртісі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол ССРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.

Қазақстанның халық әртісі;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1968);

КСРО Халық әртісі(1964);

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қазақтың әйгілі актері Шәкен Айманов қайда дүниеге келген?

  2. Ол кішкентай кезінен кімнің әндерін тыңдап өскен?

  3. Шәкен Айманов қандай режиссер?

  4. ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы не үшін берілген?

  5. Актер ретінде қандай фильмдерде ойнаған?

Жазылым:

1-тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз:

  1. Ауыл мектебін бітіріп, .......................

  2. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, .............

  3. Театр өнерімен әуестеніп, ................

  4. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, ...................

  5. 1953 ж. бастап, .......................................

  6. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, ............................

  7. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, ..........................

2-тапсырма. Берілген фразеологизмдердің мағынасын топтастырыңыз.

  • Алтынның сынығы....................ұялды

  • Ат басындай алтын..................қол жетпеске босқа әуре болма;

  • Алтын дегенім мыс болды,

күміс дегенім жез болды..........жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі,

  • Алтыннан ардақты, күмістен салмақты..сүйеніш, тірек, қамқоршы адам;

  • Айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздеме....... көлемді, үлкен алтын, олжа;

  • Алтын бергек, асыл діңгек ................. ойдағыдай болмай шықты,

Бет моншағы түсті ..............аса қадірлі, қымбатты (адамға байланысты).

3- тапсырма. Берілген фразеологизмнің мағынасын ашыңыз:

  • Өнерліге есік ашық.

  • Өнерлінің өзегі талмас.

  • Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.

  • Өнерлі өрге жүзер.

  • Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының биылғы жылғы ең ірі жобасы көрсетіңіз?

а) «Жаужүрек мың бала»

б) «Қыз Жібек»

в) «Амангелді»

г) «Менің атым Қожа»

2. Жоңғар шапқыншылығы – қандай тарих?

а) кешегі тарих

б) ертеңгі тарих

в) қанымен жазылған тарих

г) ойдан кетпейтін тарих

3. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыздар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі кім?

а) Сартай

б) Ақан

в) Сәкен

г) Мағжан

4. Картинада XVIII ғасырдағы атақты кімдердің бейнесі берілген ?

а) билер мен сұлтандардың

б) хандар мен батырлардың

в) жоңғарлардың

г) көшпенділер мен сарбаздардың

5. «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартайдыңбейнесі бүгінгі ұрпаққа не береді?

а)отансүйгіштіккетәрбиелейді

б) ата-анасын қорғайды

в) сүйгенін қорғайды

г) бала-шағасын тәрбиелейді

Анықтама:

Әйгілі- известный

бас режиссері– главный режиссер

рөлдер - роли

шебер орындауы– с мастерством выполнить

үлес қосты–вносил лепту

аяусыз–беспощадный, безжалостный

жан дүниесі -внутренний мир

ой толғам -мышление

сомдады– сыграл образно

тұтқиылдап - нападать внезапно, внезапное нападение, неожиданно

тезаурус:

Қысылтаяң - аласапыран, қарбалас, қатты қысылған кез.

Боздақ– елі үшін қаза тапқан сарбаз

Тұтқиылдан– күтпеген жерден

Жаужүрек-батыр, батыл жауынгер.

41-сабақ: