Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Елімнің көк байрағы

Бірыңғай көк, көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңкі – адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көк түс – түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Түркі және әлемнің өзге де халықтарындағы көк түстің мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн – уақыт, замана белгісі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран қазақ халқының еркіндік сүйгіш асқақ рухын және елдің жан дүниесінің кеңдігін паш етеді. Ту – елдіктің, тәуелсіздіктің шынайы белгісі. Сол тудың желбіреп тұруы барша қазақстандықтардың ниетіне байланысты болатынын естен шығармауға тиіспіз

(Дала мен қала» № 28, 2011ж. Б.Әбдуова. «Қазақ тілі» оқулығынан)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Көк түс ненің белгісі?

  2. Ежелгі түрік тілінде «көк» сөзі қандай ұғымды білдіреді?

  3. Нұрға малынған алтын күн нені бейнелейді?

  4. Қыран құстың бейнеленуінен нені аңғаруға болады?

Сөздердің мағыналарын есте сақтаңыз.

Нышан – бір нәрсенің белгісі

Реңк – түр, түс, келбет,әр, өң

Ұғым – түсінік

ниет-тілек – ықылас, пейіл, ынта

бейне – кескін-келбет, тұрпат

шынайы – ақ, адал, таза ақиқат

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

8-Блок: Қазақ халқының дәстүрлі өнері

36-сабақ:

Қазақ халқының дәстүрлі өнері

Грамматика:Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы сөйлем мүшесі.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Дәстүрлі өнер, қара шаңырақ, айбалта, көшпелі, айшық түймелер, жону

ойып жасалған, өмілдірік, арқау алған.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Дәстүрлі өнер

Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы.Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады.

Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание полагать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана»,- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді. Мысалы, қазақ жерінен табылған айшық түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.

Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде сөз етеді. Мысалы, С.Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» десе, ал М.С.Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» — ескертеді.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Қазақ халқының дәстүрлі өнері көшпелі түркі тектес халықтардың несіболып табылады?

2. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекен еткендердің барлық заттары туралы не айтқан?

3. Тайпалар еңбек құралдары, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдарға не сала білді?

4. Қазақ жерінен табылған қандай бейнелерді кездестіруге болады?

5.Халық мұрасы жөнінде кімдер пікірлер айтқан?

Жазылым:

1-тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.

  1. Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, .............

  2. «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, .........................

3. .... , үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Сондай-ақ ат .... .... де мыстан соғылып, ... ... ... тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген.

2. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген ... мен ... барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән ... барын айтады.

3.Тайпалар еңбек құралдарын, ..., ... заттар, ... бұйымдар жасауда ..., ..., ... ... өрнектеу, жону, тегістеп ... техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.

4.Мысалы, қазақ жерінен табылған ... ..., жылқының сүйегінен ойып жасалған ..., ... тәрізді бейнелерді атауға болады.

3-тапсырма.Сөйлемдердегі тұрлаулы сөйлем мүшелеріне қарай анықтаңыз.

Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы.

Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған.

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.

Тест тапсырмаларын орындаңыз:

1. Қажетті қосымшасын қойыңыз: Айбалталары мыс... істелген.

а) - тан

б) - пен

в) - ған

г) - ген

2. Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз: Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей .... жасалған.

а) алтыннан

б) қоладан

в) ағаштан

г) тастан