Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Күйші Дина

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Аспап, ұлттық құндылық, перне, тиек, әртіс, көрнекті, құлағы, сан ғасырлар, шерпе күй, дыбыс, таста қашалған, үйренген, бата,үлкен өнер, риза болу, белес,арқау.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Нұрпейісова Дина

Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген.

Дина домбыраны 9 жасында әкесі Кенжеден үйренген.

1870 жылы ол Құрманғазымен тұңғыш рет кездеседі. Жас Динаның өнеріне риза болған Құрманғазы бата береді. Бұл кездесу болашақ үлкен өнер иесі Динаның шығармашылық тағдырына зор әсер етті.

Дина шығармаларының негізгі арқауы – халық музыкасы. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінен халық шығармаларының дәстүрі айқын айғарылады.

Дина шығармаларындағы жаңа бір белес оның «1916 жыл» деген күйінен басталады. Бұл шығарма қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысына арналған. Дина Исатай мен Махамбетке арнап «Кішкентай» атты күй шығарды. 1937 жылы Халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, бірінші жүлде алған. Дина 1939 жылы Мәскеуде өткен халық аспаптары орындаушыларының Бүкілодақтық байқауына қатысты. Динаның майда үнді, нәзік сазды «Әсем қоңыры», тасқын атқан «Тойбастары» - терең мазмұнымен, өзгеше түр ерекшелігімен танымал туындылар. Күйшінің «Ана аманаты», «Жеңіс», «Еңбек Ері», «Сауыншы» атты күйлері – замана тынысын, өз замандастарының бейнесі мен мұрат-мақсатын күй тілінде өрнектеген шығармалар. Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, кеңес дәуірінде күйшілік өнерді жаңа бір белеске көтерді. 2 рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.

Дина Нұрпейісова туралы жазушы С. Бақбергеновтың «Қайран шешем» атты романы бар.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Дина Нұрпейісова қай жерде және қашан дүниеге келген?

  2. Дина домбыраны неше жасында кімнен үйренген?

  3. Динаның өнеріне кім бата берген?

  4. Дина Нұрпейісова кімдерге арнап күй шығарған?

  5. Дина Нұрпейісова кімдердің дәстүрін жалғастырушы?

  6. Сәуірбек Бақбергеновтың күйші Динаға арнаған қандай шығармасы бар?

тест

тест тапсырмаларын орындаңыз:

  1. Дина домбыраны кіммнен үйренген?

а) Абайдан

б) Ыбырайдан

в) Мағжаннан

г) Кенжеден

2.Жас күйшіге бата берген кім?

а) Шоқан

б) Құрманғазы

в) Сәкен

г) Ақан

3.Динаның тырнақалды шығармаларын анықтаңыз.

а) «Кісен ашқан», «Сарыарқа»

б) «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп»

в) «Ақсақ құлан», «Адай»

г)«Балбырауын», «Әсем»

4.Дина шығармаларындағы «1916 жыл» деген күйіқандай жағдайға арналған?

а) ұлт-азаттық қозғалысқа

б) ұлт мақтаныштарына

в) зиялы қауымға

г) көше шеруіне

5.Дина Нұрпейісова туралы «Қайран шешем» атты романын жазған авторды көрсетіңіз?

а) Абай Құнанбайұлы

б) Сәбит Мұқанов

в) Сәуірбек Бақбергенов

г) Ыбырай Алтынсарин

Жазылым:

1–тапсырма.Сөйлемдердің сыарын табыңыз:

1. Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Жаңақала ауданы,

........................

2. Дина шығармаларының негізгі арқауы –......................

3. 1937 жылы Халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып,

...................................

4. Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, ............

2–тапсырма. Сөздердің аудармасымен жұмыс жасаңыз:

Музыкальные инструменты

Представитель

Музыкальное

исследование

Музыкальный

фольклор

Музыкалық

аспаптар

Өкіл

Музаканы

зерттеу

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден шартты райды тауып жазыңыз.

Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1.Қобыздың шығаратын үні неге ұқсас?

а) адам дыбысына

б) құстың дыбысына

в) жануардың дыбысына

г) желдің дыбысына

2. Бақсы-балгерлер қобызды қандай құрал деп нандырған?

а) бейнелеп сөйлейтін

б) көк тәңірмен сөйлестіретін

в) дыбыс арқылы сөйлейтін

г) сурет арқылы сөйлейтін

3. Қобыз қандай ағаштардан жасалады?

а) қайың, арша

б) терек, қарағай

в) балқарағай, қарағаш

г) шырша, үйеңкі

4. Қылқобыздың қазіргі кезде жетілген қанша шекті түрлері бар?

а) алты

б) төрт

в) жеті

г) бес

5. Қобыз сөзі қандай мағына береді?

а) «қобыдан шыққан дыбыс»

б) ағаштан шыққан дыбыс

в) тастан шыққан дыбыс

г) сандықтан шыққан дыбыс

4-тапсырма. Берілген мақал –мәтелдердің мағынасын ашыңыз:

  • Қол өнері - кілемде,

  • Сөз өнері - өлеңде.

  • Өнерлінің өрісі ұзақ.

  • Өнерлінің қолы алтын,

  • Өлеңшінің сөзі алтын.

  • Асыл тастан шығады,

  • Өнер жастан шығады.

  • Өнер өрге жүзгізеді.

  • Ақыл көпке жеткізер,

  • Өнер көкке жеткізер.

5-тапсырма. Сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:

Аспап, ұлттық құндылық, перне, тиек, құлағы, сан ғасырлар, шертпе күй, таста қашалған.

Анықтама:

Аспап-инструмент

ұлттық құндылық-национальное ценность

пернелер-лады домбры

тиек-кобылка домбры

құлағы-колок домбры, настраивать

ғасырлар– веки

шерпе күй-вид наигрыша на домбре

дыбыс- звук

тастан қашалған-тесать из камня

Тезаурус:

Қобыз- тау аңғарындағы астау тәрізді болып біткен ойпаң жазық жер.

Ысқы-күміс бетін жылтыратуға арналған былғарымен қапталған қайқы таяқша.

Күйшілік - күйші болушылық.