Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Студент және уақыт

Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Өзіңізді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер Сіздің бойыңызда көшбасшылық қабілет болса,онда Сіз өзіңізді топ басшысы ретінде, топтағы, университеттегі мәдени-спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде өз қабілетіңізді көрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.

Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар Кеңесіне барыңыз. Бұл жерде Сіздің идеяңызды, талап-тілегіңізді тыңдап қана қоймай, Сізге қызықты жұмыстар тауып береді, талантыңызды ашуға көмектесіп, жаңа студенттік жобалар Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асып жатады.

Студенттік өмір – университетте оқитын әр адамның өміріндегі ең қызықты шақ. Жастық шақ білім алуға ұмтылған жастардың тың энергиясымен нәр алады.

Біздің университетте Жастар Кеңесінің қатысуымен студенттердің талантын шыңдауға арналған көптеген үйірмелер қызмет атқарады.

Университеттің спорттық өмірі спорттық іс-шаралардың дамуына бағытталған, студент-спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдауға арналған оқу-тәрбиелеу процесінің жалғасы болып табылады. Студенттер қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз, чемпиондар атанып жатады. Спортшылар қаламыздағы әр түрлі спорттық жарыстарға қатысып спорттың дамуына өзіндік үлестерін қосады. Жеке спорт түрлерінен біздің студенттер жоғары дәрежелі жарыстарға қатысады.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қандай жағдайлар жасалған?

  2. Сіздің бойыңызда көшбасшылық қабілет болса не істер едіңіз?

  3. Өз идеяларыңызды іске асыру үшін қандай қадам жасау керексіз?

  4. Студенттік өмір дегеніміз не?

  5. Спорттың студент үшін қандай пайдасы бар?

  6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Жазылым:

Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

  1. Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе – .... .

  2. Бұл жерде Сіздің идеяңызды, .... .

  3. Студенттік өмір – ..... .

  4. Студенттерқалалық, облыстық, республикалықжарыстарғақатысып, ....

8-тапсырма. Диалогты толтырыңыз.

1. - _____________ ?

- Мен сағат жеті жарымда тұрамын.

- _____________ ?

- Үйден жеті жарымда шығамын.

2. - _____________ ?

- Біздің университетіміз қаланың шетінде.

- _____________ ?

- Лекция сағат сегізде басталады, үште аяқталады.

3. - _____________ ?

- Асханадан тамақ ішеміз.

- _____________ ?

- Сағат төртте жұмысты аяқтаймыз.

- _____________ ?

- Кешке кешкі астан кейін теледидар көреміз.

4. - _____________ ?

- Сейсенбіде бассейнге барамын.

- _____________ ?

- Бассейн біздің үйден алыс емес.

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Ақпараттың дұрыс нұсқасын анықтаңыз.

Сабақта, бос уақытта қандай жағдайлар жасалған?

а) қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуді

б) университеттің толыққанды мүшесі екендгін сезінуі

в) аудиторияның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі

г) жатақхананың толыққанды мүшесі болып сезінуі

2. Сіз мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде өзіңізде қандай қабілет болу керек деп ойлайсыз?

а) көшбасшылық қабілет

б) бастықтық қабілет

в) директорлық қабілет

г) жауапкершілікті қабілет

3. Университетте оқитын әр адамның өміріндегі ең қызықты шақ анықтаңыз?

а) студенттік өмір

б) ғажайып өмір

в) көңілді өмір

г) жайма шуақ өмір

4. Білім алуға ұмтылған жастардың тың энергия алатын мезгілін анықтаңыз?

а) Жастық шақ

б) Кәртейген шақ

в) Жігіт шақ

г) Ағалық шақ

5. Университетте студенттердің талантын шыңдайтын қандай орындар бар?

а) үйірмелер

б) доп алаңы

в) жүгіру алаңы

г) ән айту

6. Унверситеттің студенттері қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып қандай атаққа ие болып жатыр?

а) чемпион

б) күшті

в) мықты

г) айбынды

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. «Сағат сатып алсаң да, … сатып ала алмайсың».

а) ақшаны

б) үйіңді

в) кітапты

г) уақытты

д) қағазды

2. «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп кім айтқан?

а) Ыбырай

б) Абай

в) Ақан

г) Біржан

д) Төлеген

3. «Жұмысы көп адамның жамандық ойлауға да мұршасы келмейді» деп кім айтқан?

а) Әл-Фараби

б) Аристотель

в) Физули

г) Ахмет Йассауи

д)Жүсіп Баласағұн

4. Адамның бос уақытын болдырмау үшін не істеу керек?

а) бос отыру

б) ұйықтау

в) қозғалыста

г) асханада

д) қыдыру

5. Уақыттың нағыз жауы не?

а) ақша

б) мал

в) терезе

г) теледидар

д) кітап

Анықтама:

бос уақыт - свободная время

қабілет - способность

көшбасшы - лидр

іс-шара - мероприятие

толыққанды - полноценный

жүзеге асыру - осуществлять

студенттік жоба – студенческий проект

үйірмелер - кружки

шеберлігін шыңдау - мастерство

жастар кеңесі – совет молодёжи

спорттық өмір – спортивная жизнь

Тезаурус:

Үйірсектеу – жақын, құмар болу

уақыт өлтіру – уақытын жоғалту, бос өткізу

салғырт қарау – жауапкершіліксіздік

22-сабақ: Уақыттың маңызы

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Ұтымды, жоспарлау, уақыттың маңызы, ыдыс, қадірін бағалау, шәкірт, күндік жоспар, ыдысты құммен толтыру,

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақытты ұтымды пайдалану үшін күнде таңертең сол күннің маңызды шаруаларын қағазға түсіріп, сосын оны жоспарлау қажет. Ал түнде жатар алдында Абай атамыз айтқандай, адам сол күні үшін өзінен есеп алуы керек. Дұрыс кей кезде жоспарымыздың барлығы орындалмай жатады, дегенмен күндік жоспар жасайтын болсақ, ең аз дегенде алпыс пайыздан жоғары жұмысымыз орындалады. Ал түзбейтін болсақ, сол жұмыстың бар-жоғы жиырма-отыз пайызы ғана жасалады.

Уақыттың маңызы туралы мынадай жақсы мысал келтіре кетейін: Бір шәкірт ұстазынан «уақыттың қадірін қалай бағалайсыз?» деп сұрайды. Сонда ғалым шәкіртіне бір ыдыс алдыртады. Ыдысқа алдымен тас салып толтыртады. Ыдыс тасқа толған соң, оның үстіне құм құйғызады. Ыдысты құммен толтырған соң, енді осының үстіне су құйыңдар дейді. Шәкірттері ыдыс толғанша суды да құяды. Бірақ олар бұның мәнісін түсінбей, ұстазынан сұрағанда, ол «бұл адамның бір күндік жоспары», яғни:

тас - бір күндік ең маңызды жұмыстар; құм - күндегі бос уақыттар (оған автобустағы уақытымыз, сабақтар арасындағы кейбір бос уақыттар, әңгіме-аяң айтуға кеткен уақыттар т.б. жатқызуға болады);

су - кейбір қысқа мерзімді уақыттар: бес минуттық үзіліс, т.б. - деп түсіндіреді. Міне, тамаша түсіндіру, уақыттың қадірін білу.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Уақытты ұтымды пайдалану үшін не істеу қажет?

2. Ұстаз шәкіртіне уақыттың қадірін қалай түсіндірген?

3. Ұстаз мысалын не арқылы келтірген?

4. Мысалдағы тас, құм, судың мәнісі нені білдірген?

5. Ұстаз өзінің мысалынан нені түсіндіреді?

Жазылым:

Сөйлемнің сыңарын табыңыз

  1. «Сағат сатып алсаң да, .... »

  2. Жасы бір құрдас емес, .... .

  3. ..... , тоғайына қарай аңы.

  4. Уақыттың бос өткені - .... .

  5. Жан жарасына ... .

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Мұқағали ақын ұйқымен өткізген күндерді неге балаған?

а) жоғалғанға

б) өлдіге

в) кешіккенге

г) барға

д) байлыққа

2. « ..., барлығынан қараң қалам».

а) Оянсам

б) Барсам

в) Ұйықтасам

г) Оқысам

д) Жүрсем

3. « ...маған ұйықтау үшін берілмеген».

а) Кеш

б) Таң

в) Кешке таман

г) Түн

д) Түс

4. Адамға ұйқы денесінің демалуы үшін емес, ... демалу үшін қажет екен.

а) аяғы

б) миы

в) қолы

г) көзі

д) құлағы

5. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен ….. »

а) санасқан адам адаспайды

б) санасқысы келмеген адам адаспайды

в) санаспайтын адам адаспайды

г) санасуды ойламаған адам адаспайды

тапсырма. Берілген фразеологизмдердің мағынасын ашыңыз:.

  • Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,

  • Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

  • Елу жылда ел жаңа.

13- тапсырма. Берілген сөз тіркестерін жұптастырыңыз.

Адамзат ........ бұрын

Күні ............... бұйым

Алтын............ жетпес

Баға........... бос өткізді

Жұмыс............ үнемдеу

Жастық .......... істеп жатыр

Уақытты........ шақ

Уақытын............. парызы

Анықтама:

Ұтымды жоспарлау- выгодные планирование

уақыттың маңызы - значение времени

ыдыс - посуда

қадірін білу - знать достоинство

шәкірт - ученик

күндік жоспар - однодневное планирование

ыдысты құммен толтыру - наполнит посуду с песком

таспен толтыру - наполнит с камнем

құм құю - насыпать песок

Тезаурус:

Балта шабу болашағын құрту

Ұйқыны өлімге теңеу адамның ештеңеден хабарсыз, алаңсыз ұйықтауы

Шала-жансар- өлі мен тірінің арасында, өлмеші.

23-сабақ: Уақыт –алтыннан қымбат

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Ақша, ақшалай, нақтылы, босқа, сәт, басқару, мезгілінде, үлгере алмау, кешігу, орындау, меңгеру, қажеттілік, тиісті, міндет, ақсүйектік, мойындамау, сезіну, қадағалау, белгілеу, іскер, мәртебелі.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт - әркімнің нақтылы

өмір капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.

Уақытты басқару-өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ ешнәрсеге үлгере алмайды... Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында тамаша орындап үлгереді. Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демаласын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді.

Уақыт - ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Елдің бәріне ортақ бірақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады. Кісінің кісілігі уақытты босқа жібермеуден басталмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады, өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

Батыстың «уақыт – ақша» деген мәтелі бізге де келіп жатқан сияқты.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Уақыт адам өмірінің несі?

  2. Уақыт – әркімге қаншалықты қажет?

  3. Адамның босқа кеткен әрбір сәті немен тең?

  4. Уақытты басқару өнер ме?

  5. Елдің бәріне ортақ не бар?

  6. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ол не?

Жазылым:

Сөйлемдерді толықтырыңыз

1. Халықтық өлшемнің бір түрі – уақыт ... . 2. Уақыт – ... маңызды категориясы.

3. Бұнсыз ... құндылықтарға назар аудару қиын. 4. Адам баласына уақыт бағалы, ... дүние. 5. Ата-бабаларымыз «уақыт алтыннан да қымбат» - деп тегін ... түймеген. 6. ... ұтылған өмірде де көп нәрседен ұтылады. 7. Уақытты қадірлемеу, бағаламау ... бос өткізгенмен бірдей.

(мәдениеттің, өлшемі, рухани, қымбат, ой, Уақыттан, өмірді)

тапсырма. Мына тіркестерді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазақ халқы, ұлы ақыны, мінезі жұмасқ, тілге бай, үйренуге тырысу, сынға алу, дүниенің кілті, дүние жүзі біледі, ақын өмірі, үлгі алу, үлкен азамат- ақын, дәрежеге жету, есімімен аталу.

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Алғашқы Ай күнтізбесі қайда шыққан?

а) Вавилонда

б) Римде

в) Афинада

г) Парижде

2. Араб күнтізбесі неге негізделіп жасалынған?

а) Күн қозғалысына

б) Ай қозғалысына

в) Жұлдыздар қозғалысына

г) Планеталар қозғалысына

3. «Таң сәрі» қай уақыт?

а) түс мезгілі

б) кеш мезгілі

в) жерге жарық түскен мезгіл

г) жерге қараңғы түскен мезгіл

4. Һижра есебі – тікелей немен байланысты уақыт есебі?

а) Күнмен

б) Жұлдызбен

в) Планетамен

г) Аймен

5. «Ақшам» уақыттың қай кезі?

а) қас қарайып, шам жағатын мезгіл

б) кеш батып қараңғы түскен мезгіл

в) таң атып жарық түскен кез

г) түс болған мезгіл

тапсырма. Берілген мақал –мәтелдердің мағынасын ашыңыз:

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

  • Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Жан жарасына уақыт емші.

Анықтамаға:

ақшалай– денежный

нақтылы–конкретный

босқа–зря

сәт–мгновение,момент, миг

басқару–управлять

үлгере алмау–неуспевать

қажеттілік– нужда,необходимый, должный

ақсүйектік–аристократичность

кісілік–великосветский

мойындамау–непризновать

сезіну–чувствовать

қадағалау–следить, наблюдать

белгілеу– отмечать

іскер– деловой

мәртебелі– уважаемый, авторитетный

тезауруске:

Һижра есебі – мұсылманша жыл санағы.

Құлан иек - таң жаңа сыз берген мезгіл

Сәске - күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл

Қызыл іңір - күннің қызылы батыстан әлі жоғала қоймаған мезгіл

24 -сабақ: Күн тәртібі және денсаулық

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Ұйқы, барлық өмірі, тамақтану, ыңғайына қарай, адам денсаулығы, тындыру, қабілет, үй тапсырмасы, тәулік, денінің саулығын елестету,адам ағзасы, оптималды тәртібі, төрт фазалы тамақтану.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.