Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Ұлттық мәдениет тамыры

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Мәдениет, қоршаған орта, әлеумет, ұлттық құндылық, мәдени өрлеу, әлеуметтік құрылым, қозғаушы күш, табиғат объектісіндегі, әлеуметтік фактор, қоршаған орта, мақсат.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Ұлттық мәдениет

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».

Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.

Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.

Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Мәдениет дегеніміз қандай ұғы

  2. мды білдіреді?

  3. Мәдениет қалай пайда болады?

  4. Қоғамды ілгері жылжытатын не?

  5. Жеке адамның мәдениеті немен байланысты?

Оқылым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз:

1. Адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістерді көрсетіңіз?

а) әдебиет

б) мәдениет

в) ақпарат

г) жаңалық

2. «Мәдениет» ұғымында не көрсетіледі?

а) ерекше

б) біртүрлі

в) түсініксіз

г) қорқынышты

3. Мәдениет қоғамда қалай қалыптасады?

а) адам көзімен

б) адам тілегімен

в) адам қолымен

г) адам басымен

4. Мәдениеттің дамуы қоғамды қалай жылжытады?

а) жоғары

б) кейін

в) ілгері

г) кері

5. Қоғам талабы мен мәдениеті кіммен байланысты?

а) бірнеше адаммен

б) көп адаммен

в) бір адаммен

г) жеке адаммен

Жазылым

1тапсырма. Берілген мақал –мәтелдердің сыңарын табыңыз:

  1. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,

.....................................................................

  1. Ас көп болса,..............

  2. Ағаны көріп іні өсер,

.....................................

  1. «Сіз» деген – әдеп,

................................

  1. Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,

...........................................................

  1. Жақсыдан үйрен,

......................................

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен .... .2. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше ... .

3. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, ... .4. Олар оны өз мақсатына ... . 5. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі ... .

3-тапсырма. Берілген фразеологизмдердің мағынасын ашып, сөйлем құраңыз.

Бір тарының қауызына сыйғызу; иненің жасуындай; темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей; тізе бүкпеу; бел жазбау; көз ілмеу; кірпік қақпау; дүниені бір уыс қылу.

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері қандай құндылықтармен қалыптасады?

а) ежелгі

б) рухани

в) әдеби

г) мәдени

  1. Қазақ халқы ненің иесі?

а) бай кітаптың

б) бай баспаның

в) бай тарихтың

г) бай орманның

3. Қазақстанның мәдени қазыналарын сақтау кімдердің тәрбиесіне арналды?

а) үлкендердің

б) жастардың

в) ағалардың

г) әпкелердің

Есік қаласынан табылған ескерткішті көрсетіңіз?

а) Айша бибі

б) Алтын адам

в) Арыстанбаб

г) Қарашаш ана

5.Кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылған жәдігерлер Қазақстан мәдениетінің несіне айналды?

а) бай әдебиетіне

б) бай қазынасына

в) бай ескерткіштеріне

г) бай шаруашылыққа

Анықтама:

Мәдениет- культура

қоршаған орта – окружающая среда

ұлттық құндылық-национальная ценность

тастағы көне жазулар –древние надписи на камне

өрлеу- продвижение; развитие

әлеуметтік құрылым- социальная формирования

қозғаушы күш-движущая сила

жүйе- система

әлеуметтік фактор- социальный фактор

ежелгі- древний

Тезаурус:

Мәдениет- (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгеріс.

арналар

42-сабақ:

Айтыс

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Айтыс, синкреттік жанр,ақындар, ауыз әдебиеті, халықтық, көне заманда, жырау, көркемөнер, зерттеушілер, ақындар айтысы,суырып салма, негізгі тақырып, дәріптей.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.