Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП 1.09.13(1).doc
Скачиваний:
156
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Айтыс өнері

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.

Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түркі тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

Айтыс ақындары. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген. Мысалы, Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба, көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.

Өнер жарысы. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр.

(Қазақ энциклопедиясынан)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Айтыс дегеніміз не?

  2. Айтыс өнері қандай жанрға жатады?

  3. Айтыс өнері қандай халықтарда кездеседі?

  4. Айтыс қандай түрлерге бөлінеді?

  5. Ақындар айтысы қандай жарысқа жатады?

  6. Қазіргі таңда айтыстың қай түрі дамыған?

  7. Қандай айтыскер ақындардан кімдер бар?

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1.Айтыс — ауыз әдебиетінде поэзияның қандай жанр түріне жатады?

а) Синкреттік

б) Драмалық

в) Лирикалық

г) Комедиялық

  1. Ірі ақындар айтысы қай халықта бар?

а) Үндістан

б) Қытай

в) Өзбекстан

г) Монғолия

  1. Айтыстың ең көне түрін көрсетіңіз.

а) Бәдік

б) Ақындар

в) Қыз бен жігіт

г) Жануарлар

4. Кеш туған айтыстың түрін анықтаңыз.

а) Жұмбақ айтысы

б) Ақындар айтысы

в) Жануарлар айтысы

г) Бәдік айтыс

5. Қыз бен жігіт айтысын айтыстың қай түріне жатқызамыз?

а) Салт айтысы

б) Жануарлар айтысы

в) Ақындар айтысы

г) Жұмбақ айтыс

6. Салт айтысының негізгі тақырыбын анықтаңыз?

а) Жастық көңіл күй, өнер сынасу

б) Өнер салыстыру

в) Бірін бірі дәріптеу

г) Сөз сынасу

7. Айтыста жеңілген ақынға қандай міндет жүктелінген?

а) Өткен айтысты ел арасына тарату

б) Өткен айтысты ел арасында таратпау

в) Өткен айтысты жанына сақтау

г) Өткен айтысты елге айтып мақтану

8. Айтыс өнерінің ақынға беретін құдіретін көрсетіңіз?

а) талантын шыңдайтын

б) денсаулығын күшейтеді

в) арманына жеткізеді

г) көк аспанда қалықтайды

Жазылым

1-тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз:

  1. Айтыс – ...............

  2. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, .........................

  3. Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, ........................

  4. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, .................

  5. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, ..................

  6. Айтыс – .................

2-тапсырма. Берілген мақал –мәтелдердің мағынасын ашыңыз:

  • Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,

Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

  • Ас көп болса, кәде көп.

  • Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңлі өсер.

  • «Сіз» деген – әдеп

«Біз» деген - көмек.

  • Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар.

  • Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

3-тапсырма. Сөздермен сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз.

Құндылық, әдептілік, сыпайы, өнегелі, тал бесік, тұрмыстық, әдет-ғұрып.

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабын анықтаңыз?

а) күй сандық

б) рояль

в) домбыра

г) скрипка

2. Домбыра қай елдің тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді?

а) алтай

б) түркі

в) славян

г) Шумер

3.Қажетті сөзді қойыңыз: Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, .... аспаптар тобына жатады.

а) үрмелі

б) ұрмалы

в) шертпелі

г) сілкілемелі

4. Аспаптар неден жасалады?

а) тастан

б) ағаштан

в) балшықтан

г) қыштан

5. Домбыраның қанша пернесі болады?

а) 8,10,12, 34

б) 5,6,15, 20

в) 9,11,14, 24

г) 2,16,19, 29

Домбыра аспабында қандай шығармалар орындалады?

а) симфония

б) күй

в) опера

г) пьеса

7.Сөйлемді толықтырыңыз: ... күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.

а) сазды

б) мұңлы

в) қайғылы

г) көңілді

9-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз:

Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, ... тікелей байланыста. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, .... дамиды. Мәселен, бір кездерде ... болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл.... , мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.

(Құндылықты, жазба әдебиеті , Өрлеуге, өндіріс құралдары)

10-тапсырма. Берілген сөйлемдерден қазақ мәдениетінің нақыштарын теріп жазыңыз.

Үзілістен кейін дастарқанға үйеме табақ ет келді. Жеке тарелкаға салынған қойдың басы төрде отырған Акбардың алдына тартылған. Ол мұндайды өмірі көрмесе керек, қорыққан адамдай үдірейіп, кейін шегініп кетті. Лаураны тілмаштыққа пайдаланып, онымен де біраз сөйлесуге тура келді.

- Мынау қойдың басы, - деді Ақжан оған түсіндіріп. - Біздің халқымыз ең құрметті қонағының алдына осылай бас тартады.

- Мен құрметті қонақ емеспін ғой. Бар болғаны біздің жас ханымның қызметшісімін. Ондай жағдайда басты ханымның өзі ұстауы керек, -деп Акбар оны Лаураның алдына жылжытты (Қ. Жұмаділов. Атамекен).

10-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз:

1. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін ... айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. 2. Дегенмен, кейбір айтыстардың ... , ... , ... ... қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. 3. Мысалы, ... айтысына, ... ... ... айтысына қарағаңда, ... айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Анықтама:

Айтыс - песенное состязание акынов в импровизации или состязание ораторов, биев в словопрении

синкреттік жанр- синкретический жанр

ақындар- акыны,поэты

ауыз әдебиеті- устная литература

халықтық- народный

көне заманда- в античном мире; в глубокой древности

жырау-представитель определенного жанра казахского исторического поэтического творчества

көркемөнер-художественное искусство

зерттеушілер-исследователи

ақындар айтысы- состязание акынов

тезаурус:

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Топшылау – бір нарсе жайлы ойша жорамалжасау, болжау.

Жымдасқан –бір-бірімен ниеттес, пікірлес.

43-сабақ: