Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

25)Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері.

Жанама салықтар – мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді жəне бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Қосылған құн салығы – көп дүркінді, тауарды өндіру мен өткізудің əрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысының өткен стадияларындағы барлық алынымдарды қосып алады, бірақ мемлекетке тек осы тауардың өндірушісі тауарды өндіру мен өткізу стадиясында алынған қосылған құн салығы түседі. Бюджетке төленуге жататын салық сомасын есептеу кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алушының негізгі құрал-дарды, материалдық емес жəне биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, жұмыстарды жəне қызметтерді қоса, егер олар салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, алынған тауарлар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомаларын есепке жатқызуға құқығы бар. Салық заңнамасына сəйкес салық салынатын айналым жəне салық салынатын импорт ҚҚС салынатын объектілер болып табылады. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын коспай, мəміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) құны негізінде анықталады. Салық салынатын импорт мөлшеріне тауарлар импорты кезіндегі салық жəне бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомалары кіреді. ҚҚС бойынша есепке алуға қою салық кезеңінде айналым 30 мың АЕҚ жеткенде жүзеге асырылады. Үйлесімді əдіс бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын негізге ала отырып анықталады. Бөліністік əдіс бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-тың сомасын анықтау кезінде ҚҚС салығын төлеуші салақ салынатын жəне салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша ҚҚС- тың шығыстары мен сомалары бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізеді. Қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер белгіленген, олар ҚҚС- тың жұмыс істеген мезгілі ішінде оқтын-оқтын өзгеріп отырды: салық төлеуден босатылған, айналымдар төмендетілген мөлшерлемені жəне нөлдік мөлшерлемені қолдану. ҚҚС босату тəртібін ҚР Үкіметі айқындайды. Салық салынатын импорттың мөлшеріне кеден заңнамасына сəйкес белгіле- нетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ҚҚС-ты қоспағанда Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезінде салықтар жəне бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомалары кіріктіріледі. Жеке тұлғалар оңайлатылған тəртіппен алып өтетін тауарлар импорты кезін- де ҚҚС-ты жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері ке- ден заңнамасына сəйкес анықталады. Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады. Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кедендік төлемдер − əкелім, əкетілім, сондай-ақ транзит тауарларынан, заттарынан жəне қызметтерінен өндіріліп алынатын кедендік баждар мен кедендік алымдар болып табылады. Акциздер – акцизделетін тауарларға жəне қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын жəне сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі. Акциздер əмбебаптық жəне дара акциздер болып бөлінеді. Акцизделетін тауарлардың тізбесі де олардың мөлшерлемесі сияқты өзгеріп отыруы мүмкін. Акциз мөлшерлемелері тауар құнына пайызбен (адвалорлық) жəне (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Акциздердің тұрлаулы мөлшерлемелері белгіленген акцизделетін тауарларды ҚР кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай нысандағы көлемі ретінде, ал адвалорлық акциз мөлшерлемелері осы тауарлардың кедендік құны ретінде анықталады.  2013 жылы импортқа салынған ҚҚС-нан бюджетке сомасы 45,5 млн. Теңге