Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

106)Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердіңтүсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады.мемлкеттік бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады. Бірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді: 1. Салықтық түсімдер ( 75% жуық) 2. Салықтық емес түсімдер ( 11 % жуық) 3. Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім ( 13%) 4. Сырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%) Екінші бөлім «Шығындарға» келесі функционалды топтар кіреді: 1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер ( 11%жуық) 2. Қорғаныс саласы (5%) 3. Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік ( 8 %) 4. Білім ( 18%) 5. Денсаулық сақтау( 14%) 6. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру ( 12%) 7. Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына ( 3%) 8. Отын –энергетика кешені ( 1 %) 9. Ауыл шаруашылығы, су жәнеорман шаруашылығы ( 3%) 10. Тау –кен өнеркәсібі ( 1 %жоғары) 11. Көлік және байланыс ( 0,1%) 12. Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер ( 10%) 13. Үкіметтің резервті қоры (15 %) Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы әлеуметтік –мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады. Үшінші бөлім «Неселеу шегерілген несиені жабу» бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаржаттары кіреді. Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағанннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ: • Ішкі қаржыландыру – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы • Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы. Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді: 1)Санат (категория) 2)сынып 3)ішкі сынып 4)ерекшелік.Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды айтамыз. Бұл шығындарға: 1)мемлекеттік тұтыну шығындары (экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары) 2) төменгі сатылы билік орагандарына, мемлеекттік және жеке кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі 3)транспорттық төлемдер 4) мемлекеттік несие бойынша пайыздарды төлеу қаражатттары Капиталдық шығындарға мемлекеттік запастар мен резервтік қаражаттарды құрумен, негізгі қорлармен, материалдық емес активтерге бюджеттік қаражаттардың бөлінуімен байланысты шығындар жатады. Оларға жаңа құрылысқа, мемлекеттік меншіктегі субъектлерді дамытуға бөлінетін қаржылар, инвестициялық субсидиялар, ұзақ мерзімді несиелер, инвесторларға мемлекеттік кепілдік шығындары жатады. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы капиталдық шығындар жеке блок ретіндеанықталып, олардың жиынтығы даму бюджетін құрайды. Экономикалық мәні және мазмұны бойынша мемлекеттік шығындар біркелкі емес. Экономикалық мазмұны бойынша олар үш негізгі топтарға бөлінеді: 1) материалдық өндіріспен тікелей байлансты және өндірістік аяға жататын шығындар 2) өндірістік емес аяның шығындары 3) мемлекеттік резервтерді құру шығындары Шығындардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты құрумен байланысты Шығындардың екінші тобы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Қаржылар мекемені ұстап тұруға, жалпылай жарықтандыруға, денсаулық сақтау саласына, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын-үй құрылысына, әлеуметтік қамтамасыдандыруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекеттің қорғаныс саласымен, мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға жұмсайтын шығындары осы топқа кіреді. Мемлекеттік шығындардың үшінші тобы мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға байлансты. Олар күтпеген төтенше жағдайларда материалдық және материалдық емес аяның қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты (стихиялық жағдайлар, шығындарды орнына келтіру, үздіксіз қамтамасыз ету). Пәндік нысаны (мақсаттылығы) бойынша мемлекеттік шығындар келесі түрлерге бөлінеді. • Экономикаға шығындар • әлеуметтік-мәдени шараларға шығындар • Ғылымға шығындар • Қорғанысқа саласына шығындар • Басқару шығындары Аймақтық нысаны бойынша мемлекеттік шығындар экономикалық аймақтар бойынша шығындарға бөлінеді. Салалық нысаны бойынша шығындар материалдық өндіріс аясындағы шығындарға (өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда салаларындағы шығындар) және материалдық өндіріс аясындағы шығындарға ( білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, қорғаныс және басқару саласындағы шығындарға) бөлінеді. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың екі әдісі бар: 1. Шаруашлық есептегі кәсіпорындарды қаржыландыру. Ол жеке меншікті ресурстар арқылы, банк несиесі арқылы, сонымен қатар бюджет қаржаттары арқылы жүргізіледі. 2. Бюджеттік қаржыландыру. Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер бюджеттік деп аталады. Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың келесідей нысандары бар: • Дотация. Ақшалай қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда бюджет пен бюджеттік емес қорлардан кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады • Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. • Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсызжәрдемақы. 

107)Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде

Жобалық қаржыландыру – инвестициялық несиелеудің екінші түрі. Ақша қаражаттарының қайтару кезіндегі жобаларды несиелеу әдісі басқа да ақшалай қаражат көздерін тартуынсыз, сол жобадағы ақша ағымымен жүзеге асырылады.

Жобалық қаржыландырудың инвестициялық несиелеуден айырмашылығы, жобалық қаржыландыру кезінде заем берушінің міндетін қамтамасыз ету ретінде сол жобаның мүліктері (жылжымайтын мүлік, құрал-жабдықтар) орын алады.

Казіргі таңда экономиканы тиімді басқару шарты болып, мемлекет пен бизнестік конструкциялық өзара іс-әрекеті табылады. Осы өзара іс-әрекеттің ерекшелігі болып, әр елдегі нарықтық қатынастың арнайы маңыздылығымен байланысты әдістері мен нақты формалары ажыратылуы мүмкін.

Экономикадағы он жыл ішінде дамушы және дамыған елдер қатарында билік пен бизнестік өзара іс-әрекетінің маңызды формасы қалыптасты. «Public-рrivate рartnership» (PPP) терминін білдіретін мемлекеттік және жеке секторының серіктестіктері туралы айтылып жатыр. ТМД елдерінің әдебиеттерінде ол «мемлекеттік-жеке серіктестік» деп аталады. Мемлекеттік-жеке серіктестіктің әр түрлі формаларының дамуы, әлемнің барлық өңірлерінде экономиканың әр түрлі саласында олардың кеңінен таралуы жаңа экономиканың ерекшелігі ретінде бизнес пен мемлекеттің өзара қызмет формасы ретінде түсіндіруге болады.

Мемлекеттік-жеке серіктестік айналасында ерекшелігіне байланысты серіктестіктердің көптеген түрлерінің нақты тапсырмалары жеке модельдерге бөлінеді. МЖС мақсатына сәйкес кооперация, қаржыландыру моделі және ұйымдастырушылық моделі деп бөлінеді. Көптеген жағдайларда серіктестіктер өздерінің құрылымы мен әр түрлі модельдерінің артықшылықтарына сүйене отырып, формалар қолданылады. [1].

Ұйымдастырушылық модельге казіргі таңда МЖС-тің көп тараған түрі – концессия жатады. Концессия (от лат. concessio — рұқсат беру, кеміту), Муниципалитет немесе мемлекетке жататын шаруашылық объектілер, кәсіпорын немесе табиғи байлықтарды нақты бір жағдайда эксплуатацияға беру келісім-шартын айтады. Капиталистік елдерде концессиондар болып, жоғары табыс алу үшін қолданылатын ірі монополияларды айтады. Қаржыландыру моделіне біріктірілген проектік қаржыландыру, лизингтің барлық түрлері, жалға беру, коммерциялық жалға беру жатады.

МЖС пен проектік қаржыландыру моделінің жалпы ерекшілігі болып табылады:

• проектті бекіту, оның құрылымы және оны іске асыру;

•проектті іске асырудың институционалды негізі болып табылатын және автономды ресурстармен орналасқан ереже бойынша өз еркімен проекттік компаниялар құру;

• болашақ ақша ағымы есебімен қарыздың негізгі бөлігін төлеу және пайыздарды өтеу. Ол дегеніміз, проектінің капитал сиымдылығы үшін жеткілікті ұзақ мерзімге негізделген қаржыландырудың негізгі концепцияларын жасау керек;

• тәуекел мен табыстылықты анықтауға байланысты болашақ ақша ағымын талдау;

• барлық қатысушылардың маңызды мақсаты ретінде проектіні іске асыруды қамтамасыз ететін келісім-шарттар құру;

• серіктестіктердің міндеттерін мен жауапкершіліктерін анықтау.

Тәжірибе жүзінде барлық проектілер заем жинаушының барлық активтеріне құқылы кредит есебінен қаржылануы мүмкін.

Проектік қаржыландыру – кредитті қамтамасыз ету ретінде шаруашылық объектілердің активі мен кредитті төлеудің негізгі көзі ретінде осы объектілердің табыстары мен ақшалай түсімдерін кредитор бағалап және қарастыра отырып, нақты шаруашылық объектілерді қаржыландыру. Кредиторлар крелитті қайтару мүмкіндігін бағалай отырып, проектінің акционерлерін емес, керісінше сол проекттің өмірге қабілеттілігі мен тиімділік деңгейін қарастырады

108)Мемлекеттік кредит (МК) және оның нысандары. Қарыздар сипаттамасы. Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі жəне кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи жəне жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. МК ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде жəне ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды. МК ресурстарды: 1) бюджет тапшылығын қаржыландыру; 2) ұлттандырылған жəне аралас кəсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру; 3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдаын қаржы- ландыру: 4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады. МК түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады. Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда – қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне халықтың арасында пайда болады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел д.а. Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кəсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдарыалған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің мін- деттемелері ретінде болады. Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады. МК негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі жəне сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Мемлекеттік қарыздар, əдеттегідей, ақшалай ны- санда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады. Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына жəне билік- тің жергілікті органдарының қарыздарына(муниципалдық қарыздарға) ажыра- тылады. МК қисынды нысаны – бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік кредиттің əр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысанда-рын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады. Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи жəне жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табылады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік несиелер деп аталады. Бұл нысан ШЖС немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді. Бюджеттік кодекске сəйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы жəне мемлекет кепілдік берген қарыз алу.