Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

23)Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару

Дебиторлық қарызды басқару – бұл кәсіпорынның кредиторлармен есеп айырысуы үшін қажетті ақша қаражатының уақытында және жеткілікті көлемде түсуін қамтамасыз ететіндей қылып сатып алушылармен келісімге келу.

Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициеті (АКдқ) кәсіпорынның тауарды несиеге таза сату көлемінің орташа жылдық дебиторлық қарызға қатынасымен есептеледі:

АКДҚ=

Мұндағы, СТКн – тауарды несиеге сатудың таза көлемі; ДҚкб, ДҚкс – кезеңнің басы мен соңындағы дебиторлық қарыз.

Бұл көрсеткіш дебиторлық қарыз кезең ішінде неше рет жиналатынын(инкассацияланатынын), яғни күнмен есептелген дебиторлық қарызды төлеудің орташа мерзімін көрсетеді. Берілген көрсеткіштің төмендеуі төлеуге қабілетсіз клиенттер санының артуы мен сатудағы қиыншылықтарды білдіреді.

Тауарлы-материалдық құндылықтарды ұтымды басқару қаржы менеджерінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Өндірістік қорларды басқарудың мақсаты - өнімді өндірудің үздіксіз технологиялық үрдісін қамтамасыз ететін өндірістік-заттай қорлардың ең аз мөлшерін анықтау. Оларды тиімді басқару сақтаумен байланысты ағымдағы шығындарды азайтуға, ағымдағы айналымнан қаржы құралдарының белгілі бөлігін алып, оларды басқа активтерге қайта инвестициялау арқылы операциялық, өндірістік және қаржылық циклдердің ұзақтығын қысқартуға мҥмкіндік береді. Тауарлы-материалдық қорлардың мөлшерін оңтайландырудың бірнеше моделі бар. Олардың ішінде кеңінен таралғаны – тапсырыстың оңтайлы мөлшері моделі (Economic Ordering Quantity - EOQ моделі). Бұл модель тапсырыс беру кезіндегі кәсіпорынның материалдарды сатып алу, жеткізу және сақтау, cондай-ақ тапсырыстарды рәсімдеу шығындарын мейлінше төмендетуге негізделеді. Кәсіпорынның жалпы шығындары қорларды сақтау және тапсырыстарды рәсімдеу шығындары болып екіге бөлінеді. Қорларды сақтауға жұмсалатын шығындар олардың мөлшеріне қарай пропорционалды өзгеріп отырады. Қорлардың мӛлшері қажеттілікке және ресурстарды жеткізудің жиілігіне байланысты болады. Орташа қордың мөлшері бір тапсырыс мӛлшерінің жартысына тең болады:

А=

Мұндағы, А – қордың мөлшері; S – ресурстарға жылдық қажеттілік; N – жеткізу

саны.

24)Дивиденттік саясат, акционерлік капитал және компания құрлымдарының өзара байланысы

Дивидендтік саясат – бұл ұйымның меншікті капиталын және пайдасын басқарудың жалпы саясатының құрамды бөлігі.

Дивидендтік саясаттың мақсаты – меншік иегерлермен пайданы тұтыну мен оны ұйымның нарықтық құнын жоғарылату критерийі бойынша ұйым активтеріне реинвестициялау арасындағы оңтайлы пропорцияны жасау.

Дививдендтер – ұйымның меншікті капиталының жалпы сомасына салынған салымның үлесіне сәйкес алынатын акционердің ақшалай табысы.

Дивидендтердің тәуелсіздік теориясы. Бұл бағыт бойынша дивидендтер мөлшері акционерлердің жалпы әл-ауқатына әсер етпейді деп саналады, яғни дивидендтер төлеу пайданы қайта қаржыландырудың барлық мүмкіндіктері қарастырылғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл теорияның негізін 1961 жылы Ф.Модильяни мен М.Миллер қалады. Олар «клиент әсері» түсінігін енгізді, ол бойынша акционерлер дивидендтік саясаттың тұрақтылығын өте жоғары пайда алудан артық көреді. Алайда Ф.Модильяни мен М.Миллер дивидендтік саясаттың акционерлік капитал бағасына тигізетін әсері бар екенін мойындады және оны ақпараттық нәтижемен (дивидендтер жайлы ақпарат, әсіресе олардың өсуі акционерлерді акция бағасын көтеруге ұмтылдырады) түсіндірді.

Акционерлердің жиынтықты табысы – белгілі бір кезеңде алынған дивидендтер сомасы және акцияның курстық құнының құралады. Сондықтан дивидендтік төлемнің оңтайлы мөлшерін анықтай отырып, басшылық кәсіпорынның құнына да ықпал ете алады.