Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

138)Салықтық бақылаудың мәні мен нысандары.

Салықтық бақылау - ҚР салык заңнамасының орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау. Салық бақылауы тек салық заңнамасының орындалуын, МЗЖ-на уақытылы және толық аударылуын ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін, ҚР заңдамасындағы бұзылушылықтарды жоюды бақылап қадағалап отырады. Салық бақылауының міндеті мен тапсырмалары әр түрлі болады. Соның ішінде негізгі мақсаты - мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу, ҚР заңдамасының бұзылушылықтарын жою, салықты төлемеуді болдырмау.

Салықтық бақылау келесідей нысандарда жүргізіледі:

  1. салықтық тексеру нысанында;

  2. мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында;

  3. салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

  4. бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;

  5. акцизделетін тауарларга бақылау;

  6. трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

  7. мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану жэне өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;

  8. салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

  9. салықтық нысандарды қабылдау;

  10. камералдық бақылау;

  11. ірі салық төлеушілердің мониторингі;

  12. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік жэне жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау.

Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады:

Жүзеге асырылу нысаны (формасы) б/ша:

- непосредственный (тікелей)

- опосредованный (жанама)

Тікелей салық бақылауы ол салық объектінің өзінде, тексеруші салық есептілігіне қатысты бастапқы құжаттарды тексеру мен талдаумен мінезделеді. Опосредованный (жанама) салық бақылауы ол салық субъектісі мен салық объектісі тікелей контактқа (жанасу) түспей жанама түрде мінездемеледі және тексерушілер тек салық органдарына тапсырылған салық есептілігімен жұмыс істейді.

Жүзеге асырылу уақыты бойынша:

  1. болжамды (предварительный)

  2. ағымдағы (текущий)

  3. жалғасы (последующий).

Салық бақылауының ішкі және сыртқы мінездемесі бар:

Ішкі бақылау - ұйымның ішкі жүйесінде бақылаудың субъектісі мен объектісі бір түйін болып табылса. Сыртқы бақылау - ол бір-бірімен бағынышты емес субъектілер арасындағы қатынас.

139)Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді кіріктіреді. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады: Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру, Салық салу, Инвестициялау,Сыртқы қарыз алу, Сыртқы берешек

Экспортты қаржыландыру.Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура және жанама әдістерді кірітіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізаттық ресурстар мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін. Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кедендік баждар, валюта бағамы, әлемдік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлемдік қаражаттардың бағамы жатады. Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу- нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды қолдану.

140)Туынды бағалы қағаздар түсінігі және айналыс ерекшеліктері: фьючерстік келісім-шарттар, опциондарТуынды бағалы қағаз деген базистік активтер бағасының өзгеруіне байланысты, яғни осы бағалы қағаздың негізі болған активке шығарылған мүліктік құқықты білдіретін құжатсыз формадағы бағалы қағаз. Базистік активтерге тауарлар, негізгі бағалы қағаздарға акция жəне облигация жатады. Туынды бағалы қағаздар деп аталуының себебі, олар негізгі классикалық бағалы қағаздарға шығарылады. Туынды бағалы қағаздарды сатып алу-сату үшін екі жақ мерзімді мəмілеге келеді. Онда мəміле жасаушылар көрсетілген активті болашақта алу, бірақ шарттасқан кездегі баға бойынша жеткізіп беру көзделеді. Туынды бағалы қағаздарды қолданып жасалған мерзімді мəміле туынды бағалы қағаздар нарығында сатып алынады жəне сатылады. Басқаша айтқанда, туынды бағалы қағаздар нарығы – ол мерзімді нарық.1 Мерзімді нарықтың басқалардан өзгешелігі – мəміленің орындалуы болашақта келісілген мерзімде жүзеге асырылады. Туынды бағалы қағаздарды шығарып, айналысқа түсірудің мақсаты – кез келген биржалық активтер бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес, сонымен бірге бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіптен сақтандыру.Фьючерстік шарт – стандартты үлгідегі шарт, онда мəміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді. Фьючерстік шартта бір көрсеткіштен, яғни бағадан басқасы жан-жақты стандартталған. Ал сатылатын тауар бағасы, жоғарыда айтылғандай, биржалық сауда барысында белгіленеді. Фьючерстік шартты стандарттағанда төмендегі негізгі көрсеткіштер бір ізге салынады: тауар дың тұтыну құны, оның саны жəне нарықтық айналыс жағдайлары, тауардың түрі, оның базистік саны жəне одан ауытқыған қосымша төлем мөлшері, тауар партиясының мөлшері, жеткізіп беру мерзімі жəне оның жағдайы, төлем формасы, шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тəртібі жəне басқалар. Фьючерстік саудада тек мəміле жасасқан тауар түрінің ғана, сондай-ақ мəміленің саны, жеткізіп беру айы жəне ең негізгісі, сол тауардың шартта көрсетілген бағасының ғана маңызы бар. Фьючерстік шартты «сатып алу» деген биржадан алғашқы актив бойынша өзіне міндеттемені қабылдап алу, содан кейін фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде осы шарт үшін айқындалған тəртіпке сай, яғни шартты сатып алу кезінде анықталған бағаны биржаға төлеу. Фьючерстік шартты «сату» деген фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде биржаға алғашқы активті жеткізу (сату) міндеттемесін өзіне қабылдап алу, содан кейін осы шартты сату бағасына сай биржадан ақша қаражатын алу.Опцион деген биржалық активті сатып алуға немесе сатуға құқық беретін стандартты биржалық шарт, басқаша оны еркін айналыстағы опциондық шарт деп те атайды. Құқықты сатып алу үшін белгіленген күнге дейін шарт орындалатын баға бойынша сыйақы деп аталатын белгілі бір сома төленеді. Əдетте, биржалық практикада опционның екі түрі – сатып алу («колл» опционы) жəне сату («пут» опционы) қолданылады. Бірінші жағдайда сатып алушы биржалық активті сатып алу міндеттемесін емес, опционды иемдену құқығын алады. Ал екінші жағдайда сатып алушы сол активті сату міндеттемесін емес, опционды сату құқығын алады. Опционды сатып алушы оны ұстаушы немесе иемденуші деп те аталуы мүмкін, ал опционды сатушыны оған жазылушы немесе оны «жазып алдырушы» деп атайды.