Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

26)Жауапкершілікті сақтандыру: ерекшеліктері, субъектілері, объектілері және негізгі түрлері

Сақтанушының (азаматтың) жеке басына немесе мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғаға (кәсіпорынға) келтірген зиянын өтеуіне байланысты мүдделерді реттейді. Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты – үшінші тұлғаның (жеке немесе заңды) өміріне, денсаулығына, мүлкіне абайсызданемесе қасақана келтірілген залалды сақтандырушының өтеуі. Үшінші тұлғаның мүлкіне зиян келтірілгенде жөндеу, қалпына келтіру немесе қайтадан сатып алу құнын өтеу міндеті туындайды.

Жауапкершілікті сақтандыру түрлері:

  1. Автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру,

  2. Тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін сақтандыру,

  3. Қауіптілігі жоғары көздері бар кәсіпорындардың азаматтық жауапкершілігін сақтандыру,

  4. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру,

  5. Міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершілікті сақтандыру,

тағы басқалар.

27)Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.

Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және оның жеке басына қатысты басқа да мүліктік мүдделерді сақтандыру. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және езге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі де, сондай ақ шартта аталған тұлға да (сақтандырылушы) сақтандырылуы мүмкін. Қазір біздің елімізде өзіндік сақтандыру – бұл отбасы кірісін немесе әл-ауқаттың қол жеткізілген деңгейін қорғайтын сақтандырудың саласы болы табылады. Өзіндік сақтандырудың объектілері адам өмірі, денсаулығы және еңбек қабілеттілігі болып табылады, ал бұл сақтандыру қолданылатын нақты сақтандыру жағдайлары:

-          келісілген жас немесе жағдаймен шарттасылған сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүру;

-          сақтандырылушының немесе сақтандырылған адамның қайтыс болуы;

-          келісімде көрсетілген жағдайлар, негізінен сәтсіз оқиғалардың салдарынан сақтандыру мерзімі кезінде денсаулықты жоғалту.

Бұл өзіндік сақтандыруды тән немесе жанды сақтандыру болып қарастыруға болмайтынын көрсетеді. Бұл тек мүліктік жағын қорғауды білдіреді.

Мысалы, сақтандырылушы (жеке тұлға) сәтсіз жағдайдан немесе аурудан сақтандыру келісім-шартын жасағанда, осы жағдайлар әсерінен тереңдетілетін мүліктік мүдденің сақтандырушылық қорғауын қамтамасыз етеді.

Сақтандырылушылар ретінде жеке және заңды тұлғалар бола алады, ал сақтандырылғандар – бұл 16 - 80 жасқа дейінгі жеке тұлғалар. Әр жағдайда өзіндік сақтандыру тұлғамен (жеке тұлғамен) байланысты болады. Мысалы, жұмыс беруші заңды тұлға (фирма, кәсіпорын, АҚ т.б.) мейірман, еңбекқор және дұрыс ұжымды қалыптастыру үшін өз қаражаттары есебінен жұмыскерлердің өзіндік сақтандырылуын (медициналық қамтамасыз ету, спорттық-денсаулық турларға бару және т.б.) жүзеге асыра алады.

28)Жобалық талдаудың негізгі қағидаларыЖиынтық жобалық талдауды жүзіге асыру кезінде бірқатар қағидаларды ұстауды талап етеді. Негізгі қағидаларына:1.жобаның өмірлік циклі бойы жобалық талдауды жүргізу2.инвестициялық жобалардың ақша ағындарын модельдеу 3.уақыт факторын, инфляция факторын және тәуекелдердің әсерін есепке алу4.«жобамен – жобасыз» әдісті қолдану Ақша ағындарын модельдеу «cash-flow» («кэш-фло») жобаны іске асырумды қамтамасыз ету үшін ақша ағындары мен төлемдерін қадағалауға қажеттілігімен байланысты болып келеді (кесте 9). Жобаны іске асырудан оның аяқталуына дейінгі аралық уақытты инвестициялық жобаның есептік кезеңі деп аталады.