Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
283
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

99)Қр шетелдік инвестициялардың қазіргі жағдайы, құрылымы және динамикасы

Шет елдік инвестициялар, пайда табу мақсатында кəсіпкерлік жəне басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың (мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кəсіпкерлердің) барлық мүліктік жəне интелектуалдық құндылықтары;

Инвестиция туралы заңға сəйкес “шет ел инвестициясы – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру жəне Қазақстан Республикасының “Лизинг туралы” заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге жұмсалынады. Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады:

- халық шарушылығының барлық салаларындағы жаңадан құрылатын жəне жаңартылатын негізгі қорлар мен айналым құралдары;

- мақсатты ақшалай салымдар;

- ғылыми-техникалық өнімдер;

- интелектуалдық құндылықтарға қатысты құқықтар;

- мүліктік құқықтар.

Шет ел инвестициясы мынадай жолдармен жүзеге асады:

- заңды жəне жеке тұлғалармен бірігіп құрылатын кəсіпорындарға үлес қосу;

- шет ел инвесторларына толық тиеслі кəсіпорындар, сондай-ақ шет елдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру;

- кəсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кəсіпорындарға қатысу үлесін, пай, акциялар, облигациялар жəне өзге де бағалы қағаздарды сатып алу;

- жерді жəне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығын сатып алу;

- займдар мен несиелер беру;

- мүліктер мен мүліктік құқықтар беру.

100)Қр-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері

Міндетті сақтандыру – тараптар арасындағы сақтандыру қатынастары заң талаптарына орай пайда болатын сақтандыру нысаны. Міндетті сақтандыру түрлері заңнамалық актілермен белгіленеді, ал тәртібі мен шартын үкімет заңнамалық актілерде көзделмеген шекте белгілейді. Қазақстан Республикасының “Сақтандыру туралы” заңында (1995) егінді, көп жылдық өсімдіктерді, малды, жылжитын және жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылық өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, індеттен, басқа да дүлей апаттардан міндетті сақтандыру көзделген. Жолаушыларды сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру да сақтандырудың осы түріне жатады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сақтандырушымен сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актіде өкім етілген шартты талаптар негізінде шарт жасасуға міндетті және ол тек сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.

1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.

Міндетті сақтандыру формасын мемлекет тек қана жеке сақтандырулар мүддесін қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды.

Міндетті сақтандыру:

  • автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;

  • жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін;

Соңғы жылдары сақтандыру ұйымдары сақтандырудың міндетті түрін қолданып, автокөлік иелерінің азаматтық-құқтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру арқылы және сақтандыру пайдалығының өсуін жеделдету маңызды мәселе болды.

Міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері:

      1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.       2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, уәкілетті органның жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын жариялап отыруға міндетті.       3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.       4. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен міндетті жарналарды төлеуге және шартты міндеттемелерді қалыптастыруға міндетті.