Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

86)Қаржының мәні мен оның ерекше белгілері

Қаржы (орта ғасырдағы латын  тілінің "financia" сөзінен пайда  болған "қолма қол ақша", "табыс" деген ұғымды білдіреді) қоғамда  өмір сүретін, объективті сипаты мен  айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы  ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі  және рөлі оның функцияларынан айқын  көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу  оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды  да талап етеді.Қаржының мәнін түсіну үшін бірінші жағдайда ұдайыөндірістік үдерісте (жекелеген шжс-ң-өндірушінің өндірістік капиталының (өндірістік қорларының)жалпы немесе жеке толық айналымында)есептеу нүктесі үшін құн бөлінісінің мезетін және дайындалған өнімді өткізу кезіндегі оның ақшалай нысандағы біршама өздігінше қозғалысының бастауын алуға болады. Қаржы бірнеше айрықшалықты сипатты белгілерді иемденеді, бұл белгілердің толық бар болуы олардың категориялық тиістілігін айшықтайды.Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қаты-настардың өзгешелігі олардың керінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақшалай және тек ақшалай қатынастарды ғана білдіреді. Сондықтан қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін баса көрсетеді.Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайы өндірістік қатынастар болып табылды. Қаржылық қатынастардың ұдайы өндірістік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайы өндірістік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай қорлардың қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақшалай қорлар, істің шын мәнінде, қаржылық қатынастардың объектілері болып табылады.

87)Қаржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі

Қаржылар өз маңызы мен терең мазмұнға ие бола отырып, ұдайы өндіріс процесінде объективті түрде қалыптасатын қатынастар негізінде туындайды. Қаржылардың «қажеттілігі» ұғымын білу қажет. Бұл қорлардың бизнестік категорияларының басты негізі болып саналады. Қаржылардың объективті қажеттілігі бірқатар негізгі факторлармен: тауар өндірісінің өмір сүруімен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен, құн және игіліктерді бөлу заңдарының өмір сүруімен негізделеді. Қаржылардың қажеттілігі объективті мән-жағдайлардан – қоғам дамуының қажеттіліктерінен туындайды. Тарихи түрде бастапқы бетте мемлекеттің пайда болуымен байланысты өзіне маңызды қоғамдық функцияларды алған, қаржылық қатынастардың бір бөлігі анықталған болатын. Мемлекеттік билікті ұстап тұру үшін, қоғамның барлық мүшелерінің есебінен қалыптасатын арнайы ақша қаражатының қорлары қажет. Қаржы қажеттілігінің факторлары:1) қоғамдық дамудың қажеттіліктері:а)тауар-ақшалай қатынастардың болуы (материалдық,өндірістік сферасы,тауарлар,қызметтер,жұмыстар көрсету) б) мемлекеттің жұмыс істеуі (басқару,халықты әлеуметтік қорғау,қорғаныс,құқықтық тәртіпті қорғау,қоршаған ортаны қорғау,ізгіліктік функциялар) 2) әлеуметтік экономикалық қажеттіліктер. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықтыәдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің emu- mi стадиясында - акшалай нысандағы қоғамдық өнімнің кұнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сэйкес каржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табыс, сондай-ак ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді дегенмағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақшалай қорларды бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақшалай қорларды (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді. Қаржы көмегімен құнды бөлу және қайта бөлу қаржылық ресурстардың айрықшылықты нысанын қабылдайтын ақшалай қаражаттардың қозғалысымен міндеіті түрде қосакталып жүреді. Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.