- •1)Айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиясының түрлері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кемшіліктері және артықшылықтары
- •3)Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
- •5)Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
- •7)Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
- •15)Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер
- •19)Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.
- •20)Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары
- •21)Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.
- •23)Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару
- •24)Дивиденттік саясат, акционерлік капитал және компания құрлымдарының өзара байланысы
- •25)Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері.
- •26)Жауапкершілікті сақтандыру: ерекшеліктері, субъектілері, объектілері және негізгі түрлері
- •27)Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
- •29)Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі
- •31)Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері npv және jrr критерийлерін салыстыру
- •36)Инвестициялық саясаттың мәні, мақсаты және міндеттері
- •37)Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
- •38)Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері
- •40)Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері
- •41)Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері.
- •42)Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау
- •43)Капиталдың орташа безбенделген құны. Капитал құрылымын оңтайландыру.
- •44)Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы.
- •45)Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны
- •47)Кәсіпорынның қаржылық жоспары, оның құрамы және құрылымы. Сату көлемінің көрсеткіштеріне пропорциялық тәуелділік әдісі негізінде болжамдау
- •48)Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент
- •50)Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру
- •51)Компанияның қаржылық менеджментін ұйымдастыру қағидаттары және мәні
- •52)Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері
- •57)Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою
- •58)Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайын, өтімділік және төлем қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін, рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын.
- •62)Қазақстан инвестициялық нарығындағы қаржылық институттардың, даму институтарының орны мен рөлі
- •63)Қазақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
- •Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы n 126 Заңы бойынша:
- •65) Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары
- •66) Қазақстандағы инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыздануы
- •67) Қазақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
- •68) Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретінде
- •69) Қаржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары
- •71)Қаржы менеджерлеріне қойылатын кәсіпқойлық талаптар
- •72)Қаржы механизмі:құрылымы және мазмұны
- •74)Қаржы саясаты, оның типтері, мақсаттары мен міндеттері
- •75)Қаржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
- •76)Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. Β – коэффицентінің тұжырымдамасы
- •77)Қаржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
- •78)Қаржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
- •80)Қаржылық леверидждің нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты
- •81)Қаржылық менеджметттің тұжырымдамалары
- •84)Қаржылық талдаудың түсінігі, қаржылық жағдайды, қаржылық тұрақтылықты талдау. Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары.
- •85)Қаржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
- •86)Қаржының мәні мен оның ерекше белгілері
- •87)Қаржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі
- •88)Қарыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.
- •89)Қарыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері.
- •90)Қоғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру
- •93)Қр арнайы экономикалық аймақтарды (аэа) құру мақсаты
- •94)Қр инвестициялық климаты. Шетел инвестицияларын тартудың жағымды факторлары
- •95) Қр инвестициялық қызметтің қазіргі жағдайы
- •96) Қр сақтандыру нарығына қатысушылар
- •98)Қр Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі.
- •99)Қр шетелдік инвестициялардың қазіргі жағдайы, құрылымы және динамикасы
- •100)Қр-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
- •101)Қр-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама
- •103)Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •104)Мемлекет шығыстарының сынытамасы
- •106)Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы
- •109) Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы
- •110)Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.
- •111)Меншік және тартылған қаржылық ресурстар инвестицияларды қаржыландыру көзі ретінде
- •4) Қатарымсыз жəне қайтарылатын негізде берген қр-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары;
- •112)Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама.
- •113)Меншікті капиталдың құны (қарапайым акциялар, тартылмаған пайда ) «Қарыз капитал» көздерінің құны (несиелер және займдар)
- •114)Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •115)Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы
- •119)Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару
- •120)Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер
- •125)Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру
- •126)Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері
- •127)Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.
- •128)Сақтандыру қатынастарының материалдық тасушысы ретіндегі сақтандыру қоры және оны қалыптастыру әдістері.
- •129)Сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретіндегі қайта сақтандыру.
- •130)Сақтандыру тарифтерінің түсінігі, құрамы мен құрылымы
- •131)Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері
- •132)Сақтандыру экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың функциялары, олардың шаруашылық үдерісіндегі көрінуі және ерекшелігі.
- •133)Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері
- •134)Сақтандырудың сыныпталуы. Сақтандыру салаларының ерекшеліктері.
- •135)Салық саясатының құрылымы мен мақсаты,оның түрлері мен типтері
- •137)Салықтардың экономикалық мазмұны және олардың сыныптамасы
- •138)Салықтық бақылаудың мәні мен нысандары.
- •139)Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері
- •141)Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері
- •142)Үй шаруашылықтарының қаржысы және олардың сипаттамасы.
- •143)Фирма капиталының мақсатты құрлымдарын анықтау тәсілдері. Шекті капитал құны
- •144)Шаруашылық жүргізуші субъектілер сипаттамасы
93)Қр арнайы экономикалық аймақтарды (аэа) құру мақсаты
Арнайы экономикалық аймақтар республика экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне енуiн жандандыру, жаңа технологиялардың бiр немесе бiрнеше сапаларын дамыту, жоғары тиiмдi өндiрiстер құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен шаруашылық жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн аймақтарды жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
Арнайы экономикалық аумақтардың дамуы өткен жүзжылдықтың 70 жылдарынан басталады, көптеген елдерде шаруашылық жүргізудің жеңілдетілген жүйесі арқылы экономикалық өсу байқала бастады.
Арнайы экономикалық аймақтардың құрылу мақсаты:Инвестиция тартуға жағымды жағдайларды қалыптастыру; Аудандарды дамытуды жеделдету; Нарықтық инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын қалыптастыру;өндіріс пен сауда, қазіргі жетілген технологияларды, әлемдік озық тәжірибелерді пайдалану.
Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.
94)Қр инвестициялық климаты. Шетел инвестицияларын тартудың жағымды факторлары
Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің «Doing Business 2014» жаңартылған рейтінгінде 50-ші орында тұр. «Инвесторды қорғау» индикаторы бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһанды индексінде екі жыл қатарынан әлемдегі 185 елдің ішінен 10-шы орынға ие болды.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. 2005 жылдан 2013 жылдың 30 қыркүйек аралығында, республика 177,8 млрд. АҚШ долл. тікелей шетел инвестицияларын тартты. Соңғы 5 жыл динамикасының көрсеткіші бойынша, осы аралықта жалпы инвестициялық сомадан 100 млрд. АҚШ долл. тартылды. Сонымен, елде дүниежүзілік қаржы дағдырыс жылдарында да инвестициялық климатымыз және макроэкономикалық жағдайымыз тұрақты болып қалып, инвесторлардың сенімін тудырды.
ҚР негізгі бәсекелестік басымдылықтарға Қытайдың, Ресейдің, Үндістанның тез өсіп келе жатқан нарықтарына географиялық жақын орналасуын жатқызады. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы АТА-ны Еуропамен және Таяу Шығыспен қосатын негізгі трансконтинентальді бағыттар өтеді.
Кеден Одағының шеңберінде интеграциялық үдерістер маңызды рөл атқарады. Кеден Одағы ЖІӨ 2 трлн. АҚШ долл. және 170 млн. жуық халық тұратын бірыңғай тауар нарығын ашады, ол біздің елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіншіліктер туғызады.
Қазіргі кезде, Қазақстанда шетел капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компаниялар жұмыс істеуде, соның ішінде Fortune – 500 тізіміне кіретін (Алкатель-Люсент, Альстом, Арева, Викат, Данон (Франция), ENI/Agip, Bonatti, Saipem, Augusta, Westland, Italcement (Италия), GE (АҚШ) компаниялары бар.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатымен мемлекеттің инвесторлармен тікелей диалогты дамыту бойынша көпсатылы жүйе құрылды. Ол өзіне ҚР Президентінің Шетел инвесторлардың кеңесі, инвестициялық климатты жақсарту кеңесі, Премьер-Министрдің орынбасарының жетекшілігінде арнайы жұмыс органы, инвестициялық омбудсменнің принципі бойынша әрекет етуді қосады.
Қазақстан экономика саласында бірнеше стратегиялы бағдарламалық құжаттарды іске асыруда, мысалы индустриалды-инновациялық дамудың жылдамдатылған мемлекеттік бағдарламасы, «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы.
2050 жылға дейін өндірілген энергияның 50% баламалы және жаңартылған энергия көздерімен қамтамасыз етіліп отырады деп болжануда, ЖІӨ-нің қосымша өсуі 3% кем емес болады.
Қазақстанда жағымды инвестициялық климат құрылған. Инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған.
Ұлттық заңнамалар мен халықаралық-құқықтық база әрдайым жетілдірілуде, инвестициялық жеңілдіктер пакеті ұлғаюда.
ҚР «Инвестициялар туралы» Заңында инвесторлардың құқықтарының келесідей кепілдіктері бекітілген құқықтық қорғаудың кепілдігі, ұлттандыру және реквизиция болғандағы инвесторлардың құқықтарының кепілдігі (тек қана айрықша жағдайларда рұқсат етіледі).
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау бойынша екіжақты келісімдер жасалды (олар: 47 екіжақты және бір көпжақты (ЕурАзЭҚ).
ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес, инвестор басым салаларда инвестицияларды жүзеге асырған кезде келесі жеңілдіктерге ие болады. Материалдар мен шикізаттарды, құрал-саймандарды елге кіргізген кездегі кедендік баж салықтарынан босатылу, мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық және стратегиялық жобалар үшін (жоғары баға қосылған тауарлардың өндірілуі басым салалардың қызметінде, жоғары технологиялық салаларда және ивестиция көлемі 5 млн АЕК-тен кем емес).
7 жылға дейінгі салық жеңілдіктері қарастырылған (жер және мүлік салықтары нөлдік төлеммен); әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардағы өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электроэнергия, жер телімін иеленуге, ғимараттарды иеленуге, құруға кеткен шығындарды өтеу).
10 арнайы экономикалық аймақтардың шеңберінде келесі жеңілдіктер берілген; жер салығы, мүлік салығы, АЭА аймағындағы тауарларға ҚҚС босатылу, жер телімін 10 жылға тегін жалға беру.
АЭА шеңберінде «инновациялық технологиялар паркі» ИТП жоғарыда көрсетілгендерге қоса келесі жеңілдіктер берген әлеуметтік салық 0% аумақтан тысқарылық принциптері – ИТП қатысушылары АЭА аумағынан тыс жерде болуы мүмкін және ҚҚС-тан басқа салық жеңілдіктермен қолдана алады, бағдарламалық қамтамасыз етудің амортизациялық нормасы - 40% (стандарт – 15%).
2014 жылы 12 маусымда өткен Шетел инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысында мәлім болғандай, Қазақстан Президенті Н. А. Назарбаев, Қазақстанда барынша жоғарыинвестициялық белсенділік көрсеткен 10 мемлекеттің атап айтқанда Ұлыбритания, Германия, Италия, Малайзия, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Корея Республикасы, АҚШ, Франция және Жапония азаматтары үшін біржақты визасыз режимді құру туралы жариялады.
Сол күні Президент 2014 жылы 24 шілдеде күшіне енген «Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) қол қойды.
Осы Заң 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі-«Инвестициялар туралы заң») және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заң кодексіне(бұдан әрі-«Салық кодексі») айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізді. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Концессия туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңдарына шамалы өзгертулер енгізілді.
Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағында кəсіпкерлік қызметтің объектісіне шетелдік инвесторға тиесілі азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық құндылықтардың жəне ақпарат нəтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетелдік капитал салу.Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу əдісі ретінде қарастырылуы жəне жаңа өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін. Шетелдік тікелей инвестициялар – шетел инвесторларының салған капиталының болуымен, отандық кәсіпорыннан артықшылығымен түсіндіріледі. шетелдік тікелей инвестициялар трансұлттық компаниялар, халықаралық институттар, шетелдік банктер есебінен құрылған. Тікелей инвестицияның алғышарты оның мемлекеттік қарызға əсер етпеуінде, ал халықаралық органдардан алынған займдар үкіметтің кепілдігімен алынады. Игерілген шетелдік тікелей инвестициялардың едəуір бөлігі мұнай, газ, түсті металл, энергетика салаларына бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік инвесторлардың көптеп келуіне əсер ететін жағдайлар бар. Мысалы, бай минералдық шикізат көздері, көптеген табиғи жер ресурстары, яғни түсті жəне қара металлургия, химия жəне мұнай химиясы. Еліміздегі өнеркəсіптік қуаттылық пен халықтың білім деңгейі жеткіліксіз мамандандырылған кадрларды қамтамасыз етті. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының келуінің жаңа перспективолары ашылып жатыр. Бірінші, ең негізгі шетел капиталын тарту бағыты оның көмегімен Қазақстанның алынбаған ғылыми техникалық потенциялын меңгеру, әсіресе машина жасаудың конверсияланатын кәсіпорындарында. Екінші, Қазақстанның экспорттық потенциялын кеңейту және диверсификациялау. Үшінші, импорт алмастырушы өндіріс құру, халық тұтыну тауарларының , азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмектің, машина жасау өнімдерінің, т.б. өндірісін дамыту. Төртінші, транспортпен байланыс, өңдеуші салалар мен инфроқұрылым сфералары. Бесінші, бай табиғи қорлары бар, еңбегі мол аймақтарға (бірінші кезекте оңтүстік , батыс және орталық ) шетелдік инвестицияның келуіне ықпал ету.