Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

103)Мемлекет кірістерінің сыныптамасы

Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын,құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:1) мемлекеттік кəсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан; 2) жеке кəсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен; 3) қоғамдық, кооперативтік жəне ұжымдық кəсіпорындардың салық түсімдерінен; 4) халықтың салық төлемдерінен; Жасалу сфераларына қарай мемлекеттің кірістері: 1) материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер; 2) өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:салықтық және салықтық емес (мемлекет иелігінен алудан жəне жекешелендіруден түсетін табыстар жəне т.б.) болып бөлінеді Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін. Жұмылдыру əдістері бойынша кірістер орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған болып жіктеледі.Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекет кірістері мен қаржылық ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды шаруашылық жүргізуші субъектілердің қосылған құн салығы, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, əлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі қоғамның таза табысы алады. Бұған сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімінің бағасындағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдарының өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік үдерістерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кəсіпорындарында жасалады. Егер қосылған құн салығынан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, таза табыс, əлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі.Қоғамның таза табысы ақшалай нысанда қосымша өнімнің құнын білдіреді,яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанын алады.Қосымша өнімнің жəне тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып табылады.Онда кəсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеленеді.Сондықтан таза табыс өндіріс тиімділігінің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:еңбек өнімділігін арттыру (өнімді өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін жəне өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын, яғни өзіндік құнды төмендететін); өнім өндіруге жұмсалатын материалдық жəне ақшалай ресурстарды үнемдеу; өнім сапасын жақсарту негізгі жəне айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;өндірістің табиғи жағдайлары.Практикада жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кəсіпорын-тұтынушылардың табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді.