- •1)Айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиясының түрлері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кемшіліктері және артықшылықтары
- •3)Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
- •5)Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
- •7)Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
- •15)Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер
- •19)Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.
- •20)Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары
- •21)Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.
- •23)Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару
- •24)Дивиденттік саясат, акционерлік капитал және компания құрлымдарының өзара байланысы
- •25)Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері.
- •26)Жауапкершілікті сақтандыру: ерекшеліктері, субъектілері, объектілері және негізгі түрлері
- •27)Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
- •29)Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі
- •31)Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері npv және jrr критерийлерін салыстыру
- •36)Инвестициялық саясаттың мәні, мақсаты және міндеттері
- •37)Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
- •38)Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері
- •40)Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері
- •41)Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері.
- •42)Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау
- •43)Капиталдың орташа безбенделген құны. Капитал құрылымын оңтайландыру.
- •44)Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы.
- •45)Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны
- •47)Кәсіпорынның қаржылық жоспары, оның құрамы және құрылымы. Сату көлемінің көрсеткіштеріне пропорциялық тәуелділік әдісі негізінде болжамдау
- •48)Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент
- •50)Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру
- •51)Компанияның қаржылық менеджментін ұйымдастыру қағидаттары және мәні
- •52)Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері
- •57)Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою
- •58)Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайын, өтімділік және төлем қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін, рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын.
- •62)Қазақстан инвестициялық нарығындағы қаржылық институттардың, даму институтарының орны мен рөлі
- •63)Қазақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
- •Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы n 126 Заңы бойынша:
- •65) Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары
- •66) Қазақстандағы инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыздануы
- •67) Қазақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
- •68) Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретінде
- •69) Қаржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары
- •71)Қаржы менеджерлеріне қойылатын кәсіпқойлық талаптар
- •72)Қаржы механизмі:құрылымы және мазмұны
- •74)Қаржы саясаты, оның типтері, мақсаттары мен міндеттері
- •75)Қаржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
- •76)Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. Β – коэффицентінің тұжырымдамасы
- •77)Қаржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
- •78)Қаржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
- •80)Қаржылық леверидждің нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты
- •81)Қаржылық менеджметттің тұжырымдамалары
- •84)Қаржылық талдаудың түсінігі, қаржылық жағдайды, қаржылық тұрақтылықты талдау. Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары.
- •85)Қаржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
- •86)Қаржының мәні мен оның ерекше белгілері
- •87)Қаржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі
- •88)Қарыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.
- •89)Қарыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері.
- •90)Қоғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру
- •93)Қр арнайы экономикалық аймақтарды (аэа) құру мақсаты
- •94)Қр инвестициялық климаты. Шетел инвестицияларын тартудың жағымды факторлары
- •95) Қр инвестициялық қызметтің қазіргі жағдайы
- •96) Қр сақтандыру нарығына қатысушылар
- •98)Қр Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі.
- •99)Қр шетелдік инвестициялардың қазіргі жағдайы, құрылымы және динамикасы
- •100)Қр-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
- •101)Қр-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама
- •103)Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •104)Мемлекет шығыстарының сынытамасы
- •106)Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы
- •109) Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы
- •110)Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.
- •111)Меншік және тартылған қаржылық ресурстар инвестицияларды қаржыландыру көзі ретінде
- •4) Қатарымсыз жəне қайтарылатын негізде берген қр-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары;
- •112)Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама.
- •113)Меншікті капиталдың құны (қарапайым акциялар, тартылмаған пайда ) «Қарыз капитал» көздерінің құны (несиелер және займдар)
- •114)Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •115)Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы
- •119)Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару
- •120)Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер
- •125)Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру
- •126)Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері
- •127)Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.
- •128)Сақтандыру қатынастарының материалдық тасушысы ретіндегі сақтандыру қоры және оны қалыптастыру әдістері.
- •129)Сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретіндегі қайта сақтандыру.
- •130)Сақтандыру тарифтерінің түсінігі, құрамы мен құрылымы
- •131)Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері
- •132)Сақтандыру экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың функциялары, олардың шаруашылық үдерісіндегі көрінуі және ерекшелігі.
- •133)Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері
- •134)Сақтандырудың сыныпталуы. Сақтандыру салаларының ерекшеліктері.
- •135)Салық саясатының құрылымы мен мақсаты,оның түрлері мен типтері
- •137)Салықтардың экономикалық мазмұны және олардың сыныптамасы
- •138)Салықтық бақылаудың мәні мен нысандары.
- •139)Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері
- •141)Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері
- •142)Үй шаруашылықтарының қаржысы және олардың сипаттамасы.
- •143)Фирма капиталының мақсатты құрлымдарын анықтау тәсілдері. Шекті капитал құны
- •144)Шаруашылық жүргізуші субъектілер сипаттамасы
38)Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері
Инфляцияның дәстүрлі жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде- тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі; ақшаның сатып алу жарамдылығының төмендеп кетуі. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.
Инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.
Инфляцияның көрініс нысаны-ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға қабілеттілігінің тиісінше төмендеуі.
Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне, мемлекеттің шынайы кірістерінің төмендеуіне, салық ауыртпалығын күшейту қажеттігіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:
Орталық банктің қолма-қол ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының көлемін азайту.
Барлық кредиттік ресурстарды қымбаттату және оларға қолжетімділікті азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
Кредиттік мультипликаторды қысуға және коммерциялық банктердің кредиттік экспанциясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
Сондай мақсаттардағы Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.
39)ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫ – ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ БАЛАМА КӨЗІ РЕТІНДЕ
Қазіргі таңда елден тысқары қаржы көздерін тауып, іске қосу жолымен Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселесі өткір күйде тұр. Мұндай қаржыландыру көзі ретінде ислам қаржы-несие институттары қарастырылуда. Олардың нарыққа ұсынып отырған құралдары мен қызметтері ел экономикасын несиелеудің балама формасы әрі инвестиция тартудың қосалқы тетігі болып табылады.Ислам банкингі мен исламдық қаржыландыру құралдарын енгізу мақсатына орай бұдан бес жыл бұрын «Исламдық банктерді ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң әзірленіп, қабылданды.
Заңның қабылдануы Қазақстанда исламдық банктердің, исламдық инвестициялық қорлардың қызметін ұйымдастыруға және исламдық қаржы құралдарын енгізуге кең мүмкіндік ашты. Исламдық қаржы институттары дәстүрлі кредиттік институттар сияқты қаржылық қызметтердің жүйелік қауіп-қатерін төмендету және тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында реттеуші ұйым – Ұлттық банк тарапынан лицензияланып және реттеліп отырады.
«Ислам банктері туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін, енді «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар туралы» Заңдарға, Салық кодексіне ислам банктерінің қызмет ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ал, 2010 жылдың тамыз айында республикада исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама тізіміне келесі мақсаттар: ислам қаржы құралдарын мемлекеттік органдармен дамыту және енгізу шараларын үйлестіру, ислам қаржы институттарын ашу және тартуға жағдай жасау, халықаралық ислам қаржы ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру, ислам қаржысы бойынша сауаттылықты жетілдіру, сонымен қатар инвестицияларды тарту кіреді. Жол картасын жүзеге асыру елімізде ислам қаржы қызметінің индустриясының тұрақты дамуына жағдай жасауға, эмитенттердің көлемін, инвесторлар мен кәсіби нарықтық қатысушыларды жасақтауға себепші болады. «Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» Республика Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 371 қаулысымен бекітілді. Жол картасын жүзеге асыру елімізде ислам қаржы қызметінің индустриясының тұрақты дамуына жағдай жасауға, эмитенттердің көлемін, инвесторлар мен кәсіби нарықтық қатысушыларды жасақтауға себепші болады. Көрсетілген құжат сонымен қатар 2020 жылға дейін Алматыны жетекші өңірлік қаржы орталығы болып қалыптасуына, жалпы ислам қаржысы орталығы ретінде Қазақстанның мәртебесін халықаралық деңгейде күшейтуіне қолғабыс етеді. Өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі бағдарламада ислам қаржы құралдарын мемлекеттік органдармен дамыту және енгізу шараларын үйлестіру, ислам қаржы институттарын ашу және тартуға жағдай жасау, халықаралық ислам қаржы ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру, ислам қаржысы бойынша сауаттылықты жетілдіру, сонымен қатар инвестицияларды тарту сияқты мақсаттар бар.Ислам банктерінің жұмысы жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделеді. Банктер несиені үстеме ақысыз береді, бірақ кәсіпкерлерге тиесілі табысқа ортақтасады. Расында да, ислам қаржы мекемелерінің пайызсыз несие беруі, кәсіпкердің тәуекелін бірлесе көтеруі, қаржылық және моральдық жауапкершілікте болуы ислам банкингінің танымалдығын арттырып, оның қызметін тұтынушылар бойында қоғамдағы әділеттілік пен парасатқа деген сенімін қалыптастыратынын әлемнің белді экономистері мойындап отыр. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері мыналар: эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде ислам бағалы қағаздары құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеп шығаруға, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары бойынша табысқа кепілдік беруге құқығы жоқ; ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат темекі, алкогольдік өнімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаруға және саудалауға, құмар ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауға тиіс.