Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

3)Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы: -меншікті көзді;-қарыз көзін; -қосымша тартылған көзді қамтиды. Меншікті көздерге: жарғылық капитал, үстеме капитал, резервті капитал, бөлінбеген кіріс, жинақтау қоры, мақсатты қаржыландыру, сондай ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім жатады. Қарыз көздеріне: банктің ұзақ мерзімді кредиті, ұзақ мерзімді қарыз, банктің қысқа мерзімді кредиті, қысқа мерзімді қарыздар, коммерциялық кредит, инвестициялық салық кредиті, қызметкерлердің инвестициялық жарнасы жатады. Қосымша тартылған: кредиторлық берешек, тұтыну қоры, алдағы шығыс пен төлемнің резерві, күмәнді борыш бойынша резерв, қысқа мерзімді өзге міндеттеме, қайырымдылық және өзге түсімдер жатады. Айналым қаражатын нормалау деген: 1) тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша барлық айналым қаражаты запасының, әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу және белгілеу; 2) жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу. Айналым қаражаты запасының нормасы бірқатар бір жыл бойы жылдық нормативі есептеу үшін қолданылады. Ол өндіріс, жабдықтау және өткізу жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда , жылдық қаржылық жоспар жасағанда материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша нақтыланады. Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткіштермен анықталады: -өндіріс және өнім сату көлемімен; - өндіріске, өнім сақтауға жұмсалған шығынмен; - тауарлық-материалдық жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының және күнде белгіленген шығынның нормасымен.

Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылык капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс пассивінің 1-тарауының корытындысы мен баланс активінің 1-тарауының қорытындысының арасындағы айырма (меншікті қаражаттан айналымнан тыс актив шегеріледі) ретінде анықталады. Шаруашылық кызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады.Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.Жыл сайын кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің көбейгені немесе азайғаны көрсетіледі. Ол жоспарлы жылдың басы мен аяғындағы нормативтер айырмасымен анықталады. Меншікті ацналым капиталы нормативінің өсімі, ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады. Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз, кредиторлық берешек және өзгеде көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уакытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы (кредит пен карыз), ал екінші бөлігі — тегін (кредиторлық берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.Өнеркәсіп кәсіпорындары банкіден несиені белгілі бір нысандарға алады. Кәсіпорын қаражаттарының айналым кезеңіне байланысты банкілік несие нысандары өндіріс саласына немесе айналыс саласына жатуы мүмкін. Өндіріс саласындағы несиелеу нысаны өндірістік қорлар мен өндіріс шығындары болса, айналыс саласындағыға – келіп жетпеген есеп айырысу құжаттары мен дайын өнімдер жатады. Түрлі елдерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі арақатынас (норматив) пайдаланылады. Ресейде 50/50, АҚШ-та — 60/40, ал Жапонияда — 30/70 арақатынасы колданылады. Капиталдың ауыспалы айналым процесінде айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ыкпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның каржысының жай-күйіне жан-жакты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.

4)Акция түсінігі, түрлері және айналыс ерекшеліктеріАкция – акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куəландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.Атаулы акция – иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша жəне қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі. Ұсынушы акциясы – иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай жəне артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды басқаруға қатысу құқығы жəне қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сəйкес көлемде жүзеге асырылады. Əрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Əйтсе де, жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі, дивиденд қоғамның шаруашылық нəтижесіне байланысты беріледі.Артықшылықты (немесе преференциалды) акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар қоғам түсірген пайданың деңгейіне қарамастан өз иесіне белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференциалды акция дауыс құқығын бермейді. Ол – дауыссыз бағалы қағаз. Осыған байланысты берілетін артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына: қатысушылар жəне қатыспаушылар, кумулятивтік жəне кумулятивтік емес, айырбасталатын жəне айырбасталмайтын болып бөлінеді.Қатысушылар артықшылықты акциясы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкін береді.Қатыспаушылар артықшылықты акциясы – оның иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқығы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген немесе толық төленбеген дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес артықшылықты акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдың дивидендіне қосуға болмайды.Айырбасталатын (конверсияланатын) артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда (егер олар қоғам жарғысында көрсетілген болса) осы қоғамның жай акцияларына немесе артықшылықты акцияның басқа типіне айырбастауына мүмкіндік береді.Ал айырбасталымды емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ, яғни оларды басқа акцияларға айырбастауға болмайды.