Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

47)Кәсіпорынның қаржылық жоспары, оның құрамы және құрылымы. Сату көлемінің көрсеткіштеріне пропорциялық тәуелділік әдісі негізінде болжамдау

Қаржыны жоспарлау – бұл кәсіпорынның қаржы жоспарларын әзірлеу, көрсетілген мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қызметі.

Қаржыны жоспарлаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің бағытын анықтап, алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін қаражат көздері мен олардың қажетті мөлшерін анықтау.

Қаржыны жоспарлау мазмұны мен міндеттеріне, жасалатын қаржы жоспарының кезеңіне, байланысты мынадай үш түрге бөлінеді:

1. Cтратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау – бұл кәсіпорынның жағдайын қаржылық талдаудың, сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін болжаудың негізінде ұзақ мерзімге кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиясын жасау.

2. Тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жетуде қаржы ресурстарын ұтымды бөлуді ұйымдастырады. Мұндай жоспарлау көбінесе бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Кәсіпорын есептік шотқа түсетін нақты кірістер мен қолма-қол қаржы ресурстарының шығысын бақылау үшін кәсіпорын оперативті жоспарлауды жҥзеге асырады.

3. Оперативті (ағымдағы) жоспарлау кәсіпорын мен оның қҧрылымдық бӛлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, бір қалыпты қызметін ұйымдастыру мақсаты мен ағымдағы жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол бір жылға дейінгі кезеңге жасалып, мынадай үш негізгі құжатты жасауды қамтиды: ақша қаражаты қозғалысының жоспары; пайда және зиян жайлы есеп беру жоспары; бухгалтерлік баланс жоспары.

48)Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент

Компанияның бағасының екі бағалау түрін атап кетсе болады:

- баланстық, баланста көрсетілген. Мысалы, баланстағы жарғылық капитал көлемі акцияның наминалды құнымен есептегенде;

- нарықтық бағалау көп жағдайда баланстыққа қарағанда өзгешеленеді, оның үстіне кез келген бағытқа – акцияның нарықтық бағасы. Фирманың нарықтық құны (акционерлік және қарыз капиталының нарықтық құны), капитал нарығындағы компанияның жалпылау бағаланылуының орнын береді. Басқа да тең жағдайларда, неғұрлым оның мәні үлкен болғанда, соғұрлым компания ірі болып келеді, ал бұл компанияның жұмысының бірден бір жақсы критериялығының болуы және оның персоналды басқаруда ұтымды болып табылады.

Капиталдың қайнар көздері. Капиталдың қайнар көздері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер – пайда және амортизация, сыртқы көздер – несиелер, бағалы өағаздар эмиссиясы. Ішкі көздер кәсіпорынның тәуелсіздігіне негіз болады және банкроттыққа ұшырауын төмендетеді, ал сыртқы көздер ЭФР-ң пайда болуына алып келеді, және администрация мен акционерлер арсындағы жалжалды жеңілдетеді (жұмсартады).

Капитал – бұл өндірістегі қажет фактор және басқа факторлар сияқты оның құны болады. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі қаржылық ресурстардың авансталған пайдасына ол пайыздар, дивиденттер, сыйақылар төлейді, яғни өзінің экономикалық потенциалын ұстап тұруға кеткен кейбір шығындар.

Кәсіпорын капиталының құрылымын бағалау жалпы капитал құнын анықтауға мүмкіндік береді. Капитал құны деп жаңа капитал (инвестиция) салымдарының әкелетін табысын айтамыз. Капитал құны кез келген бизнеске салынған капиталды пайдаланғаны ҥшін төлейтін пайыздық мөлшерлеме түрінде бейнеленеді.

49) Компаниялар қызметін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері

Қысқа мерзімді карыздық капиталға келетін болсақ, негізінен мұндай қаржыландыру нұсқаларын пайдалануда кәсіпорын күрделі қаржы жұмсаудан түскен табыс есебінен осы қарыздарды өтеуге мүмкіндік туғанда ғана қолдануға тырысады. Бұл қаржыландыру негізінен меншікті қорлар мен ұзақ мерзімді карыз капиталы есебінен жүзеге асырылуы тиіс дегенді білдіреді. Кері жағдайда, несиелер бойынша төлемді кәсіпорын күрделі салымынан алынуға тиісті табысқа дейін төлеуге тиісті болады. Бірақ меншікті капиталдың аздығы мен ұзақ мерзімді инвестициялар нарығының дамымауына байланысты, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында отандық кәсіпорындар бұл қағиданы әрдайым жүзеге асыра алмауы мүмкін. Сол себепті, тиімді болмаса да инвестициялық мақсаттарда қысқа мерзімді қаржыландыру көздері де пайдаланылуда.Сонымен қоса, басты назарды пайыздық мөлшерін кысқа мерзімді өзгеруі мен меншікті капиталды пайдалану шығындарына емес, ең алдымен ұзақ мерзімді қаржыландырумен байланысты шығындарға аударған жөн.

Қаржыландырудың тағы бір түрі – коммерциялық несие, яғни кәсіпорынның материалдық жабдықтаушыларға қарызы. Ол да қысқа мерзімді несиелік қарыз болып табылады. Қаржыландырудың бұл түрі бизнестің барлық саласында дерлік қолданылады және көптеген кәсіпорындар үшін қысқа мерзімді қаржыландырудың басты көзі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде сатып алушылардың көпшілігі тауардың жеткізілу мезетінде оның құнын төлей алмаған жағдайда оларға мерзімі шектелген кідіртіп төлеу ұсынылады. Кідірту кезінде тауарды сатушы сатып алушыға несие береді.

Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқарудың маңызы мен Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде Мысалы, сатып-өткізу үшін жасалынған жазу столы оны жасаушы Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:

● Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

● Материалдық емес активтер.