Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

132)Сақтандыру экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың функциялары, олардың шаруашылық үдерісіндегі көрінуі және ерекшелігі.

Сақтандырудың экономикалық категориядағы арнайылығы келесі белгілермен сипатталады:

1)  кездейсоктыктың белгілері;

а) жазатайым жағдайлар, яғни нақты тәуекелдің болуы; б)қоғамдық   өндіріске   түскен   материалдық   немесе   басқада шығынды өтеу қажеттілігі;

2) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын объективті түрде қанағаттандыру;

3)   сақтандыруда оған қатысушы сақтандырушылар арасында болған шығынды өтеу  таралымы іске асады;

4)   шығынды қайта тарату, аймақтық бірліктер арасында; Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі бұл формалары мен әдістер жүйесі мақсаттық ақша қаражатттарын қалыптастыру мен оларды әртүрлі күтпеген, қолайсыз болмыстарда шығынды өтеуде қолданылатын, сонымен бірге азаматтарға олардың өміріндегі оқиғалар болғанда көмек көрсету үшін қажет.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржыға тән қызметтері   атқарады. Сақтандырудың қызметі   мен экономикалық категория ретінде мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі кызметтерін атап көрсетуге болады:

Бөлу қызметі: Сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтаңдыруда бөлу қызметі сақтаңдырудың тиісті түрлерінің жинақтық қызметіне бүгіледі.

Бақылау қызметі тараптардың сақтық телемдерін жұмындыруды сақтық қорды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде «Қаржы» және «Несие» категорияларымен де байланысы бар.  Жалпы оларға ортақ функцияларды белгілеп, төмендегідей көрсетуге болады:

а) арнайы  ақшалай сақтандыру қорын қалыптастыру.  Оны міндетті немесе ерікті түрде қалыптастыру мына функция қызметінің көмегімен атқарылады:

- уақытша бос ақша қорларын банк немесе басқа да коммерциялық структураларды инвестициялау;

-  ақша қорларын жылжымалы мүлікке салу;

-  бағалы қағаздар сатып алу және т.б.

б) келтірілген зиян орын толтыру және азаматтарды жеке материалдармен  қамтамасыз ету.  Зиянның орнын толтыру құқығына жеке және заңды тұлғалар ғана тиесілі, өйткені олар сақтандыру қорын қалыптастырады. Бұл функцияның көмегімен олар экономикалық қажеттілікті  сақтандырудың көмегімен  ала алады.

в) сақтандыру кездей соғын болжау және оынң әкелетін зиянын азайту. Бұл функция болуы мүмкін зиянды стихиялық апаттарды, оқыс оқиғаға ұшырап қалмауды алдын ала сақтандыру үшін арналған. Бұны біле тұра сақтандыру орындары ерекше бір ақшалық қор ұйымдастырады. Қорды қалыптастыру үшін салық көлемдерінен  ақшалық қор алынып отырады.

Сақтандырудың экономикалық мәніне қаржы категориясы біріншіден бөлу функциясын сондай-ақ мыналады бөліп көрсетуге болады:

а) тәуекелдік;

б) алдын ала болжау;

в) жинақтық;

г) бақылау, қадағалау.

А) Тәуекелдік функциясы. Тәуекел сөзін аударатын болса, ол шешім қабылдау және оның алдағы жағдайының қандай болатынын білмеу деген  мағынаны береді. Тәуекелдік – бұл болуы немесе болмауы мүмкін. Тәуекелдік бұл сақтандыру келісім-шартының барлық кезендерінде болады.

Б) Алдын ала болжау функциясы – ақша қорларын сақтандыру, болашақта  жанұяның  қанағаттандыларлық  өмір сүруне күмән келтірмеу үшін жасалынады.

В) Бақылау функциясы – сақтық  төлемдерін жұмылдыру және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.

Отандық экономиканың нарыққа бетбұрысы экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының орны мен рөлін түпкілікті өзгертіп жібереді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өміріндегі толық құқықлы субъектілерге айналады.