- •1)Айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиясының түрлері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кемшіліктері және артықшылықтары
- •3)Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
- •5)Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
- •7)Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
- •15)Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер
- •19)Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.
- •20)Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары
- •21)Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.
- •23)Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару
- •24)Дивиденттік саясат, акционерлік капитал және компания құрлымдарының өзара байланысы
- •25)Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері.
- •26)Жауапкершілікті сақтандыру: ерекшеліктері, субъектілері, объектілері және негізгі түрлері
- •27)Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
- •29)Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі
- •31)Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері npv және jrr критерийлерін салыстыру
- •36)Инвестициялық саясаттың мәні, мақсаты және міндеттері
- •37)Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
- •38)Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері
- •40)Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері
- •41)Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері.
- •42)Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау
- •43)Капиталдың орташа безбенделген құны. Капитал құрылымын оңтайландыру.
- •44)Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы.
- •45)Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны
- •47)Кәсіпорынның қаржылық жоспары, оның құрамы және құрылымы. Сату көлемінің көрсеткіштеріне пропорциялық тәуелділік әдісі негізінде болжамдау
- •48)Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент
- •50)Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру
- •51)Компанияның қаржылық менеджментін ұйымдастыру қағидаттары және мәні
- •52)Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері
- •57)Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою
- •58)Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайын, өтімділік және төлем қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін, рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын.
- •62)Қазақстан инвестициялық нарығындағы қаржылық институттардың, даму институтарының орны мен рөлі
- •63)Қазақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
- •Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы n 126 Заңы бойынша:
- •65) Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары
- •66) Қазақстандағы инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыздануы
- •67) Қазақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
- •68) Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретінде
- •69) Қаржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары
- •71)Қаржы менеджерлеріне қойылатын кәсіпқойлық талаптар
- •72)Қаржы механизмі:құрылымы және мазмұны
- •74)Қаржы саясаты, оның типтері, мақсаттары мен міндеттері
- •75)Қаржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
- •76)Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. Β – коэффицентінің тұжырымдамасы
- •77)Қаржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
- •78)Қаржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
- •80)Қаржылық леверидждің нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты
- •81)Қаржылық менеджметттің тұжырымдамалары
- •84)Қаржылық талдаудың түсінігі, қаржылық жағдайды, қаржылық тұрақтылықты талдау. Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары.
- •85)Қаржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
- •86)Қаржының мәні мен оның ерекше белгілері
- •87)Қаржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі
- •88)Қарыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.
- •89)Қарыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері.
- •90)Қоғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру
- •93)Қр арнайы экономикалық аймақтарды (аэа) құру мақсаты
- •94)Қр инвестициялық климаты. Шетел инвестицияларын тартудың жағымды факторлары
- •95) Қр инвестициялық қызметтің қазіргі жағдайы
- •96) Қр сақтандыру нарығына қатысушылар
- •98)Қр Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі.
- •99)Қр шетелдік инвестициялардың қазіргі жағдайы, құрылымы және динамикасы
- •100)Қр-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
- •101)Қр-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама
- •103)Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •104)Мемлекет шығыстарының сынытамасы
- •106)Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы
- •109) Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы
- •110)Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.
- •111)Меншік және тартылған қаржылық ресурстар инвестицияларды қаржыландыру көзі ретінде
- •4) Қатарымсыз жəне қайтарылатын негізде берген қр-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары;
- •112)Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама.
- •113)Меншікті капиталдың құны (қарапайым акциялар, тартылмаған пайда ) «Қарыз капитал» көздерінің құны (несиелер және займдар)
- •114)Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •115)Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы
- •119)Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару
- •120)Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер
- •125)Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру
- •126)Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері
- •127)Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.
- •128)Сақтандыру қатынастарының материалдық тасушысы ретіндегі сақтандыру қоры және оны қалыптастыру әдістері.
- •129)Сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретіндегі қайта сақтандыру.
- •130)Сақтандыру тарифтерінің түсінігі, құрамы мен құрылымы
- •131)Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері
- •132)Сақтандыру экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың функциялары, олардың шаруашылық үдерісіндегі көрінуі және ерекшелігі.
- •133)Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері
- •134)Сақтандырудың сыныпталуы. Сақтандыру салаларының ерекшеліктері.
- •135)Салық саясатының құрылымы мен мақсаты,оның түрлері мен типтері
- •137)Салықтардың экономикалық мазмұны және олардың сыныптамасы
- •138)Салықтық бақылаудың мәні мен нысандары.
- •139)Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері
- •141)Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері
- •142)Үй шаруашылықтарының қаржысы және олардың сипаттамасы.
- •143)Фирма капиталының мақсатты құрлымдарын анықтау тәсілдері. Шекті капитал құны
- •144)Шаруашылық жүргізуші субъектілер сипаттамасы
90)Қоғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру
Өндіріске жəне тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді жəне қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттің тікелей қатысу нұсқалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдық жəне əлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кəдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді жəне шығарып тастау қағидатының іс-əрекетіне ұшырамайды. Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді. Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды жəне пайдаланушыларды əдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-əрекететпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады. Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды,тротуарларды жəне басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде – құқықтық тəртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады. Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеуге жəне оларды кəсіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті ең төменгі деңгейден жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі жəне басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нəтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтанресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едəуір дəрежеде оларды өндіру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл – «аралық» қоғамдық қызметтер немесе қоғамдық сыңайлы (мемлекеттік сыңайлы) тауарлар Кез келген жағдайда рыноктық жүйе не қоғамдық тауарларға («таза» қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсету үшін) ресурстарды бөлмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде («аралық» қоғамдық қызметтер көрсету үшін) бөледі. Сондықтан мемлекет қаржысының механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді жəне қызметтер көрсетуді өндіру жəне қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық жəне басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, рыноктық тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктер, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс қаржыландырылады.
91)Қор биржасы: түсінігі, міндеттері, листинг пен делистинг процедураларыҚор биржасы- бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты рынок. Қор биржасында экономикаға ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары, мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады. Листинг – эмитенттердің қар жы жағдайын тексергеннен (əдетте аудиторлық) кейін олардың бағалы қағаздарын биржадағы саудаға түсіретін рұқсат.Делистинг – қор биржасының баға белгілеу тізімінен белгілі бір эмитенттің бағалы қағаздарын шығару. Делистингтан кейін эмитент кәсіпорынның бағалы қағаздары биржада саудаға түспейді. Баға белгілеу тізімінен шығарылған бағалы қағаздар биржадан тыс бағалы қағаздар нарығында саудаға түсе алады.Міндеттері:әрекет ететін зандылықтардың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарын орындауға;мүшелік салымдар мен биржалық жинақтарды оған берілген мүшелік санатына сәйкес биржада бекітілген мөлшерде, құрамда, мерзімде және тәртіпте төлеу;өз уақытында толығымен және ең оңтайлы әдіспен қор биржасында пайда болатын міндеттерді қаржылық құралдармен жасалатын мәмілелерді, сонымен қатар қор биржасының мүшелері мен оның трейдерлерінің қызметін реттелетін әрекет етуші заңдылықтың, жарлықтың, басқа да ішкі қүжаттардың талаптарына негізделген басқа да міндеттерді орындау;үшінші тұлғаларға биржадағы мүшелік күшіне сәйкес осы тұлғамен алынған және биржаның ішкі құжаттарына сәйкес коммерциялық құпия немесе жасырын санатқа жатқызылатын ақпараттарды бермеу және таратпау;құрылтайшылық құжаттарға толықтырулар мен өзгертулерді енгізген жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін жедел түрде, сонымен қатар толықтырулар мен өзгертулерді енгізгені туралы егер ондай тіркеу әрекет етуші зандылыққа сәйкес талап етілсе, мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттарды ұсыну;өкілетті органдарға, оның қызметкерлеріне және аффирлендірілген тұлғаларға қатысты қабылданған әрбір дисциплинарлық әрекеттері туралы хабарлау;өзінің трейдерлер құрамының әрбір өзгеруі туралы мәліметтерді беру және мұндай мәліметтерді уақытылы емес беру немесе бермеу нәтижелеріне толық жауапкершілікте болу;
92)Қор индекстері: түсінігі, түрлеріАлғашқыда индекстер нарықта болып жатқан ақпараттан хабардар болу үшін қажет болды. Сөйтіп биржалық индекстер баға белгілеуді болжау мүмкіндігін туғызды. Қор нарығының даму барысында индекстер сауда объектісі ретінде, мысалы, фьючерстік шарт жасасқанда базалық тауар ретінде қолданылады. Бұдан басқа индекстер портфельдік инвестициялау кезінде де кең түрде қолданылады. Бұл кезде олар: біріншіден, бағалы қағаздарды портфельге таңдау кезінде инвестициялау пропорциясы мен оның басты бағытын анықтағанда бағдар ретінде қолданылса; екіншіден, индекстік қор əдісін қолданып, портфельді пас сивтік басқару тактикасында дилерлік шығындарды қысқартады. Индекстер салалық, аймақтық, құрама жəне жаһандық болуы мүмкін. Олар кез келген нарықта, яғни тауар, валюта, қор нарықтарында қолданылады. Алғашқыда индекстер қор нарығында пайда болған. Сондықтан қазіргі кезде де олар сол нарықта кең қолданыста болуда. Индекстер оны есептеу əдісін құраған адамның атымен немесе оларды есептеген жəне хабарлаған ақпараттық агенттіктердің атауымен аталады. Мысалы, Доу-Джонс индексі əлемдік индекстердің ең көнесі, ең белгілісі. Ол Доу-Джонс компаниясының иесі Чарльз Доудың атымен аталады. АҚШ-та ол 1884 жылы сол кездегі ең ірі 11 өнеркəсіп компаниясының акция бағамын өзгертетін орташа көрсеткішті есептеуге кіріскен. Алайда бұл индекстің пайда болуын техникалық тұрғыдан қарастырғанда ол индекс емес, оны орташа сан деп айтуға болады. Бұл индекстің атауы тектен-тек ДоуДжонс индексі деп аталмаған, себебі оның сөзбе-сөз аударылымы Доу-Джонстың өнеркəсіптік орташа көрсеткіші дегенді білдіреді. Биржалық орташа көрсеткіш – кейбір биржалар үшін өлшенген немесе өлшенбеген орташа нарықтық баға. Керісінше, индекс – бар болғаны сан, бір өлшемнің, мысалы, доллардың немесе басқа да бірліктер өлшемінің құнын көрсетпейтін сан. Биржалық орташа көрсеткіш жəне биржалық индекс бағалы қағаздар нарығындағы көрсеткіштердің негізгі екі типі. Бұл индекстің екі типінің негізі бірдей, яғни белгілі бір күндегі тізімнен таңдап алған акцияның орташа бағасы болғанымен, алайда биржалық орташаға қарағанда биржалық индекс ең дəлірек, ең қолайлырақ деп есептелінеді. Биржалық орташаны есептеу үшін екі əдіс – арифметикалық орташа жəне геометриялық орташа əдістер қолданылады. Арифметикалық орташа əдісте орташа шаманы есептеу үшін сауда жабылу кезіндегі көрсеткішке кіретін барлық эмитенттер акциялары бағасының қосынды сомасы құрамдас бөліктердің санына бөлінеді. Акцияны шығарушы компанияның шығарған барлық акциясының көлемі мен оның айналыс санына қарамай-ақ, əрбір акцияның бағасы бірдей болады. Нарықта қазіргі қолданылып жүрген индекстер, шын мəнінде ірі компаниялардың индекстері. Классикалық биржалық индекстер Доу-Джонс индексімен есептеліп шығарылады. Егер геометриялық орташа əдіс қолданылса, онда индексті құрайтын акциялар бағасына көбейтіледі. Сол көбейтіндіден п-дəрежесіндегі түбір шығарылады, онда п индекстегі акция саны. Осы əдіс Англия жəне АҚШ-та əлемге белгілі екі индикаторды: Англиядағы ҒТ-30 жəне АҚШ-тағы The Value Line Composite Average индикаторларын есептегенде қолданылады.