Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

68) Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретінде

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына кіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес орта мерзімді кезеңдегі негізгі экономикалық саясаттың негізгі мақсаты - теңгерімді экономикалық өсуді жыл сайын 7%-тен кем емес деңгейде қамтамасыз ету. Тұрақты және теңгерімді өсуді ұстап тұру шикізаттық емес секторды ішкі және сыртқы сұраныстарғабағдарлау арқылы дамытумен қамтамасыз етілетін болады. Орта мерзімді перспективада мемлекеттің экономикалық саясатының шешуші бағыттары тұрақты экономикалық өсу, гүлдену және қазақстандықтардың әлеуметтік салауаттылығына қол жеткізу үшін индустрияландыру инфрақұрылымын дамыту және адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы әртараптандыруды жеделдету болып табылады. Әртараптандыру шеңберінде дамудың экстенсивтік, шикізаттық жолынан индустриялық-инновациялық дамуға өту жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық саясат шеңберінде жүргізілетін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғырту экономиканы үдемелі әртараптандыру және шетел инвестицияларын елімізге тартуға ықпал етеді. Қойылған басымдықтарды негіз ретінде іске асыру ақша-кредит, фискалдық, инвестициялық және салалық саясаттардың құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын ұтымды макроэкономикалық саясат шараларын біртіндеп өткізуді болжайды.

69) Қаржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары

Қаржыны басқару-бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастрдың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:1)басқарудағы демократизм;2)қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;3)басқаруда экон-қ және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;4)басқарудың ғылымилылығы;5)орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудың келісімдігі;6) басқарудағы жауапкершілік;7)шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады:Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс.Қаржылық ақпарат бухг-к,статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделген.Жоспарлау (болжау)қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.Бұл-жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау;орталықтандырылған және орталық-маған ақшалай қорлар арасында,ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу б.т.Ұйымдастыру-басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын,қаржылық ақпаратың жоғары нәтижелігін,басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.Қаржылық реттеу-бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді,шебер жұмсау,белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдан алуға және жоюға бағытталған.Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен бірге оперативтік стадиясында да жүзеге асырылады.Бақылау қаржылық ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға,қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға,шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

70) Қаржы делдалдары: түсінігі, қызметтері және түрлері - Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалады, ал оны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Қаржылық делдалдар көптеген артықшылықққа ие. Ең алдымен, олар өз ісін жітік білуіне қарай мәмілелерді ауқымының тиімділігі есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөшерде жүзеге асырады. Қаржылық делдалдар трансакциялық шығындарды оңай азайтады. Олар ақпаратқа қол жеткізетін қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар оның шынайылығын онай анықтай алады. Қаржылық делдалдарға уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарына мұқтаж ( қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржылық делдалдардан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады. Делдалдал несие нарығының қаупін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа қарай немесе басқашы жолмен бірлестірілінген несиені беру барысында несие берушілірге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті жоғарылап кетеді. Тәжірибеде қаржылық делдалдардың мынандай топтары бөліп көрсетіледі:

- депозит типіндегі қаржы мекемелері;

- жинақ мекемелері;

- инвестициялық қорлар;

- басқа да қаржы ұйымдары.

Осылардың ішінде депозит типіндегі қаржы мекемелері кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар жатады. Сондай-ақ қаржы нарығында ұсақ жинақтар мен табыстарды шоғырландыратын жинақ мекемелерңһі де маңызды орын алады: жинақ банктері мен кассалары, өзара жинақ банктері, сенім-жинақ банктері, ссудалық-жинақ қауымдастықтары, несие кооперативтері. Жинақ банкі – бұл кассалық есеп айырысу қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыратын, бағалы қағаздар мен операцияларды, еркін айырбасталатын валютаны сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомағы салым ақшаны қабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі. Келісімшарт негізінде әрекет ететін жинақ мекемелеріне сақтандыру компанияларын және зейнетақы қорларын жатқызуға болады. Инвестициялық қорлар өздеріні бағалы қағаздарын (акцияларын, инвестициялық пайларын) инвесторға сатады және алыңған қаражатты тікелей қаржы міндеттемесін сатып алу үшін пайдаланады. Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі типтегеһі қаржылық компаниялар жатады. Олар ақша қаражаттарының негізгі бөлігін қысқа мерзімді міндеттемелерді коммерциялық қағаз ретінде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтік актілерімен реттеледі. Қаржы компанияларының мынадай түрлері бар:

- несиелік және лизингтік операцияларға мамандандырылған компания;

- бөліп-бөліп төлеу құқығымен тұтыну несиесін беруші компания;

- бөлшек сауда кәсіпорындарына несие беруші компаниялар.