- •1)Айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиясының түрлері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кемшіліктері және артықшылықтары
- •3)Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
- •5)Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
- •7)Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
- •15)Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер
- •19)Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.
- •20)Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары
- •21)Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.
- •23)Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару
- •24)Дивиденттік саясат, акционерлік капитал және компания құрлымдарының өзара байланысы
- •25)Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері.
- •26)Жауапкершілікті сақтандыру: ерекшеліктері, субъектілері, объектілері және негізгі түрлері
- •27)Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
- •29)Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі
- •31)Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері npv және jrr критерийлерін салыстыру
- •36)Инвестициялық саясаттың мәні, мақсаты және міндеттері
- •37)Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
- •38)Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері
- •40)Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері
- •41)Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері.
- •42)Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау
- •43)Капиталдың орташа безбенделген құны. Капитал құрылымын оңтайландыру.
- •44)Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы.
- •45)Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны
- •47)Кәсіпорынның қаржылық жоспары, оның құрамы және құрылымы. Сату көлемінің көрсеткіштеріне пропорциялық тәуелділік әдісі негізінде болжамдау
- •48)Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент
- •50)Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру
- •51)Компанияның қаржылық менеджментін ұйымдастыру қағидаттары және мәні
- •52)Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері
- •57)Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою
- •58)Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайын, өтімділік және төлем қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін, рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын.
- •62)Қазақстан инвестициялық нарығындағы қаржылық институттардың, даму институтарының орны мен рөлі
- •63)Қазақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
- •Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы n 126 Заңы бойынша:
- •65) Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары
- •66) Қазақстандағы инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыздануы
- •67) Қазақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
- •68) Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретінде
- •69) Қаржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары
- •71)Қаржы менеджерлеріне қойылатын кәсіпқойлық талаптар
- •72)Қаржы механизмі:құрылымы және мазмұны
- •74)Қаржы саясаты, оның типтері, мақсаттары мен міндеттері
- •75)Қаржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
- •76)Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. Β – коэффицентінің тұжырымдамасы
- •77)Қаржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
- •78)Қаржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
- •80)Қаржылық леверидждің нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты
- •81)Қаржылық менеджметттің тұжырымдамалары
- •84)Қаржылық талдаудың түсінігі, қаржылық жағдайды, қаржылық тұрақтылықты талдау. Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары.
- •85)Қаржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
- •86)Қаржының мәні мен оның ерекше белгілері
- •87)Қаржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі
- •88)Қарыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.
- •89)Қарыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері.
- •90)Қоғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру
- •93)Қр арнайы экономикалық аймақтарды (аэа) құру мақсаты
- •94)Қр инвестициялық климаты. Шетел инвестицияларын тартудың жағымды факторлары
- •95) Қр инвестициялық қызметтің қазіргі жағдайы
- •96) Қр сақтандыру нарығына қатысушылар
- •98)Қр Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі.
- •99)Қр шетелдік инвестициялардың қазіргі жағдайы, құрылымы және динамикасы
- •100)Қр-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
- •101)Қр-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама
- •103)Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •104)Мемлекет шығыстарының сынытамасы
- •106)Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы
- •109) Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы
- •110)Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.
- •111)Меншік және тартылған қаржылық ресурстар инвестицияларды қаржыландыру көзі ретінде
- •4) Қатарымсыз жəне қайтарылатын негізде берген қр-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары;
- •112)Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама.
- •113)Меншікті капиталдың құны (қарапайым акциялар, тартылмаған пайда ) «Қарыз капитал» көздерінің құны (несиелер және займдар)
- •114)Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •115)Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы
- •119)Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару
- •120)Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер
- •125)Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру
- •126)Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері
- •127)Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.
- •128)Сақтандыру қатынастарының материалдық тасушысы ретіндегі сақтандыру қоры және оны қалыптастыру әдістері.
- •129)Сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретіндегі қайта сақтандыру.
- •130)Сақтандыру тарифтерінің түсінігі, құрамы мен құрылымы
- •131)Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері
- •132)Сақтандыру экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың функциялары, олардың шаруашылық үдерісіндегі көрінуі және ерекшелігі.
- •133)Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері
- •134)Сақтандырудың сыныпталуы. Сақтандыру салаларының ерекшеліктері.
- •135)Салық саясатының құрылымы мен мақсаты,оның түрлері мен типтері
- •137)Салықтардың экономикалық мазмұны және олардың сыныптамасы
- •138)Салықтық бақылаудың мәні мен нысандары.
- •139)Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері
- •141)Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері
- •142)Үй шаруашылықтарының қаржысы және олардың сипаттамасы.
- •143)Фирма капиталының мақсатты құрлымдарын анықтау тәсілдері. Шекті капитал құны
- •144)Шаруашылық жүргізуші субъектілер сипаттамасы
104)Мемлекет шығыстарының сынытамасы
Мемлекеттiң шығыстары – бұл мемлекеттiң жұмыc iстeyiмeн байланысты aқшaлай шығындары. Экономикалық категория peтiндe олар қоғамдық өндiрiстi дамытып, жетiлдiру, қоғамның сан алуан қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында iшкi жалпы өнімнің бiр бөлiгiн бөлумен жəне тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды бiлдiредi.Мемлекеттiң шығыстары – мемлекеттiң қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған кipicтepiн пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бiр бөлiгi. Мемлекет шығыстарының өзгешелiгi сол, ол қызметтiң тек мемлекеттiк сферасының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етедi. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттiң экономикалық, əлеуметтiк, басқару, қорғаныc жəне т.б. функцияларымен тiкелей байланысты.Мемлекет шығыстарының құрaмынa мемлекеттiк бюджеттiң, мемлекеттiк бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттiк кəсiпорындар мен ұйымдардың, өндiрiстiк жəне өндiрiстiк емес сфералар мекемелерiнiң шығыстары кіреді.Мемлекеттiк сектордың кəсiпорындары шығыстарының құpaмынa мыналар кiредi:1) өндiрiстiк, шаруашылық-пайдалану қызметiмен байланысты шығындар;2) ұлғаймалы ұдайы өндiрiске (негiзгi жəне айналым капиталдарына)жұмсалатын шығындар;3) бюджетке жəне бюджеттен тыс қорларға төленетiн төлемдер;4) көтермелеу жəне ынталандырy қорларына аударылатын аударымдар.Мемлекет шығыстарының басым бөлiгi қоғамдық тауарларды, игiлiктердi жəне қызметтерді өндiруге немесе олармен халықты қамтамасыз eтyгe бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлiн айқындайды. Əлеуметтiк мəдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқықтық тəртiпті қорғауға, басқаруға, мемлекеттiң инфрақұрылымдық кəсiпорындары мен ұйымдарының өнімiне жəне қызметтеpіне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бiрге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен жəне қызметтер көрсетумен қамтамасыз eтyгe қосымша ретiнде халықтың жалпы қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы тиiс.Бағыттары мен мaқcaтты арналымы бойынша шығыстардың барлықтүрлерiнiң жuынтығы мемлекет шығыстарының жүйесiн құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлiгi мемлекеттiк бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттiк кəсiпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебiнен жүргiзiледi. Олар сондай-ақ өнімнің өзiндiк құнынa кiрiктiрiлетiн амортизация сомаларымен өтелуi мүмкін, бұл ақша мемлекеттiк шаруашылықтың өндiрiстiк капиталдарын көбейту үшiн қарастырылған күрделi жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бiр бөлiгi салықтық төлемдер, қарыздардан түceтiн түciмдep түрiндегi халықтың қаражаттары есебiнен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландырy үшiн негiзгi өндiрiстiк капиталдарды көбейту жəне техникалық жетiлдiру мақсаттарында жəне кейiн кəсiпорындардың табыстарынан өтелетiн банктердiң ұзақ мерзiмдi кредиттерi тартылады.Предметтiк (мaқcaтты) белгiсi бойынша мемлекеттiң шығыстары экономuкаға, əлеуметтiк мəденu шараларға, ғылымға, қopғaныс пен басқаруғажұмсалатын шығыстарға бөлiнедi.Аумақтық белгiсi бойынша мемлекеттiң шығыстары экономикалық өңiрлер бойынша бөлiнедi. Мұндай сыныптаy өндiргiш күштердi орналастыруға жəне ұлттық шаруашылықтағы үйлесiмдiктердi жетiлдiруге белсендi ықпал жасауға мүмкiндiк бередi.Салалық белгiсi бойынша материалдық өндiрic сферасында мемлекеттiң шығыстары өнеркəсiпке, құрылыcқa, ауыл шарушалығына, көлiк пен байланысқа,саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлiнедi; өндiрiстiк емес сферада бiлiм беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, əлеуметтiк сақтандырy мен əлеуметтiк қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлiнедi.
105)Мемлекеттік бағалы қағаздар: шығару мақсаттары, ҚР-да негізгі түрлеріМемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу жəне ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалық тиімді əдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капитал нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен барабар. Ол əрине, инфляцияны туындатады. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі, мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлардың оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.Ел экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы кезеңінде, яғни 1994 жылдың сəуірінде Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды. 1996 жылдың сəуірінде ол мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал 1997 жылдың 22 сəуіріндегі №621 Үкімет қаулысымен МЕККАМ-дар – Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер деп атауы өзгертілді. 1995 жылдың шілдесінен бастап Ұлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталарды шығарды1995-1996 жылдардағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуында мерзімі үш айлық МЕККАМ-дарға сұраныс ұсыныстан 4,8-5,6 есе көп болғанын көрсетеді. Осы кездері инвесторлар аукционнан алғашқы делдал-дилерлер арқылы МЕККАМ эмиссиясының 57%-тен 84%-ке дейінгі көлемін сатып алған. Ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы осындай жағымды тенденцияларды ескеріп, үкімет МЕККАМ-дардың айналыс мерзімі ұзақтау жаңа түрлерін: 1995 жылғы шілдеден – мерзімі 6 ай, 1996 жылғы шілдеден – мерзімі 12 ай, ал 1997 жылғы шілдеден – мерзімі 2-3 жыл болатын МЕОКАМ-24 деп аталатын мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарды. Оларға қоса, 1996 жылы айналыс мерзімі 364 күн болатын – ішкі мемлекеттік займның ұлттық жинақ облигациясы (ҰЖО) шығарылды. Егер айналыс мерзімі 3, 6, 12 ай болатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер (МЕККАМ) бағалы қағаздардың дисконттық (яғни дисконтпен – номиналынан кемітіп сату) тобына жатса, ҰЖО проценттік бағалы қағаздар тобына кіреді. Бұл ҰЖО-ның МЕККАМнан ерекшелігі. Əр тоқсан сайын купондық процент есептеуді проценттік бағалы қағаз деп атайды. Ұлттық жинақ облигациясына есептелген проценттер олардың айналыс мерзімі 91, 182 жəне 364 күн болғанда төленеді. Өзгермелі проценттік ставка МЕККАМ-3тің орташа есептелген дисконттық аукциондық бағасы бойынша есептелген табыс ставкасына тең бекітіледі. Мысалы, егер 1996 жылы 26 желтоқсанда ҰЖО-ның бірінші шығарылымы бойынша бірінші табыс 27,4 жылдық процент көлемінде болса, онда МЕККАМ-ға төленетін табыс көлемі де 27,4% болады. Проценттік бағалы қағаздарға сондай-ақ МЕОКАМ жəне МЕАКАМ (мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер) жатады. МЕОКАМ – көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңге болатын жəне жылына екі рет купондық процент төленетін мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер. МЕОКАМ аукциондарға бірдей проценттік жағдайда кесілген баға бойынша (эмитент шығарған бағалы қағаздар көлеміне қойылған баға) орналастырылады. МЕАКАМ – үкіметтің алған несиесі бойынша қарызын қайта рəсімдеу мақсатында 1998 жылы 8 қаңтарда шығарылған мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттеме. Оның купоны эмиссияланғаннан кейінгі айналыс мерзімі аралығында əрбір 6 айда төленеді. МЕАКАМ-дар шығарылған бағалы қағаздар көлеміне кесілген бағамен арнаулы аукциондарға орналастырылады. МЕКАВМ – индекстелетін мемлекеттік қысқа мерзімді арнаулы валюталық міндеттеме, 1999 жылы айналыс мерзімі 3,6,9 жəне 12 ай болатын Қазақстан қор нарығының валюталық құралы. МЕИКАМ – үкіметтің 1999 жылғы 10 наурызындағы қаулысына сай айналыс мерзімі 3,6,12 ай болатын, көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңгеге тең мемлекеттік индекстелген қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме. «Индекстелген» дегенді таратып айтсақ, бұндай бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақы инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі (өзгереді), яғни бағалы қағаздың иесі болашақтағы инфляцияның əсерінен алатын табысын жойылту қаупінен сақталады. АВМЕКАМ – көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын жəне өтелу мерзімі 2004 жылдың 8 сəуірі деп белгіленген арнаулы валюталық мемлекеттік облигация. Оның міндеті – теңгенің емін-еркін өзгермелі бағамына өтуіне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қорғау делінген 1999 жыл дың 5 сəуірінде қабылданған Үкімет қаулысында. 1999 жылдың 3 сəуіріне дейін Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, яғни МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ жəне ҰЖО АВМЕКАМ-ға еркін айырбасталады. Басқаша түсіндірсек, Қаржы министрлігі МҚО мен ҰЖОны ағымдағы құнымен сатып алып, одан теңгемен түскен түсімді АҚШ долларына шаққандағы 88,3 теңге бағамымен АВМЕКАМдарды көрсетілген құны бойынша өтеу үшін жұмсады. Сөйтіп, осы аталған бағалы қағаздарды 5 жылдан кейін өтегенде көрсетілген құнын алуға, сондай-ақ 1999 жылдың 12 сəуірінен бастап əрбір жарты жылда (яғни 12.10.1999 жəне 12.04.2000) 6, 14 жылдық процент мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға да құқығы сақталды. Дəл осындай айырбас үлгісі көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын жəне айналыс мерзімі 35 күн, яғни 1999 жылдың 12 сəуірінен 13 мамырына дейін деп ҚР Ұлттық банкінің 1999 жылы 6 сəуіріндегі қаулысы бекіткен арнаулы валюталық ноталар айналысқа түсірілді. Сыйақы (мүдде) бекітілген ставка бойынша 5,4 жылдық процент мөлшерінде төленді.