- •1)Айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиясының түрлері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кемшіліктері және артықшылықтары
- •3)Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
- •5)Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
- •7)Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
- •15)Бағалы қағаздардың оңтайлы портфелін таңдау. Мүмкінді және тиімді портфелдер
- •19)Бюджет жүйесі және оны құрудың қағидаттары.
- •20)Бюджет тапшылығы және оны жабудың амалдары
- •21)Бюджеттен тыс қорлар және оларға сипаттама.
- •23)Дебиторлық берешектерді және тауар-материялдық қосалқы басқару
- •24)Дивиденттік саясат, акционерлік капитал және компания құрлымдарының өзара байланысы
- •25)Жанама салықтарды өндіру ерекшеліктері.
- •26)Жауапкершілікті сақтандыру: ерекшеліктері, субъектілері, объектілері және негізгі түрлері
- •27)Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.
- •29)Инвестициялардың табыстығы және тәуекел күтілетін табыстық деңгейі
- •31)Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері npv және jrr критерийлерін салыстыру
- •36)Инвестициялық саясаттың мәні, мақсаты және міндеттері
- •37)Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
- •38)Инфляция: себептері, типтері, нысандары және әдістері
- •40)Капитал жұмсалымдарын таңдау критерилері. Инвестициялық жобалардың тимділігін бағалау әдістері
- •41)Капитал құны. Компания капиталының құнының түрлері.
- •42)Капитал құрылымының теориясы: Модильян Миллер үлгсі. Фирма капиталының оңтайлы құрлымдарын анықтау
- •43)Капиталдың орташа безбенделген құны. Капитал құрылымын оңтайландыру.
- •44)Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы.
- •45)Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны
- •47)Кәсіпорынның қаржылық жоспары, оның құрамы және құрылымы. Сату көлемінің көрсеткіштеріне пропорциялық тәуелділік әдісі негізінде болжамдау
- •48)Компания құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент
- •50)Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру
- •51)Компанияның қаржылық менеджментін ұйымдастыру қағидаттары және мәні
- •52)Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері
- •57)Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және жою
- •58)Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайын, өтімділік және төлем қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін, рентабельділігін, қаржылық тұрақтылығын.
- •62)Қазақстан инвестициялық нарығындағы қаржылық институттардың, даму институтарының орны мен рөлі
- •63)Қазақстандағы жобалық қаржыландырудың дамуы
- •Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы n 126 Заңы бойынша:
- •65) Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары
- •66) Қазақстандағы инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыздануы
- •67) Қазақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
- •68) Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретінде
- •69) Қаржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары
- •71)Қаржы менеджерлеріне қойылатын кәсіпқойлық талаптар
- •72)Қаржы механизмі:құрылымы және мазмұны
- •74)Қаржы саясаты, оның типтері, мақсаттары мен міндеттері
- •75)Қаржылық активтерді бағалаудың базалық үлгісі. Облигацияларды, қарапайым және артықшылықты акцияларды бағалау
- •76)Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі. Нарық капиталының желісі. Β – коэффицентінің тұжырымдамасы
- •77)Қаржылық бақылау,оның негізгі түрлері,қағидаттары және міндеттері
- •78)Қаржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
- •80)Қаржылық леверидждің нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты
- •81)Қаржылық менеджметттің тұжырымдамалары
- •84)Қаржылық талдаудың түсінігі, қаржылық жағдайды, қаржылық тұрақтылықты талдау. Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары.
- •85)Қаржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
- •86)Қаржының мәні мен оның ерекше белгілері
- •87)Қаржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі
- •88)Қарыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.
- •89)Қарыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері.
- •90)Қоғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру
- •93)Қр арнайы экономикалық аймақтарды (аэа) құру мақсаты
- •94)Қр инвестициялық климаты. Шетел инвестицияларын тартудың жағымды факторлары
- •95) Қр инвестициялық қызметтің қазіргі жағдайы
- •96) Қр сақтандыру нарығына қатысушылар
- •98)Қр Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі.
- •99)Қр шетелдік инвестициялардың қазіргі жағдайы, құрылымы және динамикасы
- •100)Қр-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері
- •101)Қр-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама
- •103)Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
- •104)Мемлекет шығыстарының сынытамасы
- •106)Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы
- •109) Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы
- •110)Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері.
- •111)Меншік және тартылған қаржылық ресурстар инвестицияларды қаржыландыру көзі ретінде
- •4) Қатарымсыз жəне қайтарылатын негізде берген қр-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары;
- •112)Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама.
- •113)Меншікті капиталдың құны (қарапайым акциялар, тартылмаған пайда ) «Қарыз капитал» көздерінің құны (несиелер және займдар)
- •114)Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы
- •115)Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы
- •119)Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару
- •120)Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер
- •125)Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру
- •126)Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері
- •127)Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.
- •128)Сақтандыру қатынастарының материалдық тасушысы ретіндегі сақтандыру қоры және оны қалыптастыру әдістері.
- •129)Сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретіндегі қайта сақтандыру.
- •130)Сақтандыру тарифтерінің түсінігі, құрамы мен құрылымы
- •131)Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері
- •132)Сақтандыру экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың функциялары, олардың шаруашылық үдерісіндегі көрінуі және ерекшелігі.
- •133)Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері
- •134)Сақтандырудың сыныпталуы. Сақтандыру салаларының ерекшеліктері.
- •135)Салық саясатының құрылымы мен мақсаты,оның түрлері мен типтері
- •137)Салықтардың экономикалық мазмұны және олардың сыныптамасы
- •138)Салықтық бақылаудың мәні мен нысандары.
- •139)Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері
- •141)Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері
- •142)Үй шаруашылықтарының қаржысы және олардың сипаттамасы.
- •143)Фирма капиталының мақсатты құрлымдарын анықтау тәсілдері. Шекті капитал құны
- •144)Шаруашылық жүргізуші субъектілер сипаттамасы
126)Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері
Сақтандыру компаниялары-сақтандырушы қызметін атқаратын, яғни сақтанушыға сақтандыру оқиғалары (қауіп-қатерлер) пайда болған жағдайда шығынын өтеуге міндеттеме алған мекемелер. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы — шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады. Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады. Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз елдерінің экономикалық дамуында инвестициялық мәні өте зор болып келеді. Сақтандыру резервтері әр түрлі қаржылық құралдар мен инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімге инвестициялау мақсатында орналастырылатындықтан сақтандыру компанияларының инвестицияларының бос ақша ресурстары сақтандыру резерві түрінде жұмыс капиталы ағынына трансформацияланып, капитал рыногында спекулятивтік ойынға жиі қатыспайды. Сондықтан, сақтандыру компанияларындағы портфельдік инвестициялаудың әдістемелік аспектілерін зерттеу көкейкесті болып табылады. Сақтандыру компаниясы үшін табыс алудың негізгі көзі – сақтандыру қорлары қаражаттарының бір бөлігін коммерциялық мақсатта пайдалану арқылы жүргізілетін инвестициялық қызмет болып табылады.
127)Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.
Сақтандыру шарты - сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім. Бұл келісім бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Шарт тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін.
Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелiгi: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетiлген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегiнде сақтандырушы заңның барлық талаптарының жəне оның қызметiн тұтынушылардың мүддесiн сақтау бойынша мiндетiн атқарады. Егер сақтанушының қызметiн бақылайтын өкiлеттi мемлекеттiк орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметiн жүргiзуге лицензия (рұқсат) бермеудiң негiзi болып есептеледi.
Заңнамадағы анықтамасына сəйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бiрақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 827б. сəйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiпбөлiп төлеу қарастырылса бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi жəне тараптар үшiн мiндеттi болады.
Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуiн талап етуге құқылы. Тиiсiнше (өз кезегiнде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемiн жасау бойынша мiндетi орындалуын талап ете алады
Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын рəсiмдейтiн құжаттар арасында таңдауға мүмкiншiлiк бередi. Тараптар шарттың барлық жағдайлары көрсетiлетiн бiр құжатты жасап оған қолдарын қоя алады. Мұндай шартты жасау жеке келiсiлген жағдайларға, бiрбiрiне сай келмейтiн тəуекелдерге байланысты сақтандыру жасалғанда қолданымдырақ болып келедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 826бабында сақтандыру шартының мазмұны анықталады. Онда мыналар болуға тиiс: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жерi жəне банктiк реквизиттерi; 2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса), тегi, аты, əкесiнiң аты (егер бар болса) жəне тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi жəне банктiк реквизиттерi; 3) сақтандыру объектiсi; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тəртiбi мен мерзiмдерi; 6) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi; 7) шарттың жасалу күнi жəне қолданылу мерзiмi; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың (сақтандыру полисiн) номерi, сериясы; 10) шарттың жағдайларына өзгерiстер енгiзiлетiн кездер мен оларды енгiзу тəртiбi; 11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарттары мен оның мөлшерi.
Айтылғаннан сақтандыру шартының елеулi жағдайларына мыналар жататындығы туралы қорытынды жасауға болады, олар: 1) сақтандыру объектiсi; 2) мүмкiн болатын сақтандыру жағдайы; 3) сақтандыру сомасы жəне сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тəртiбi мен мерзiмдерi; 4) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi; 5) шарттың қолданылу мерзiмi; 6) шартты өзгерту тəртiбi бойынша шартқа өзге де елеулi жағдайлар енгiзiлуi мүмкiн. Егер сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда сақтандырушының жағдайын нашарлататындай жағдайлар болса, онда осы заң актiлерiмен белгiленген ережелер қолданылады. Яғни, сақтандыру жөнiндегi нормалардың диспозитивтiгi сақтанушының жағдайын жақсартатын жағдайларға ғана таралады. Осыған себеп болып жоғарыда айтылған сақтандыру шартының ерекше əлеуметтiк маңыздылығы келедi, азаматтардың ажырамас мүдделерi, нарықтық арнайы субъектiлерiмен сақтандыру компанияларымен шарт жасайтын жеке кəсiпкерлер мен басқа да тұлғалардың мүдделерi есепке алынуы қажет.
Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру соманың) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген жəне сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.
Сақтандыру шартының кейбiр ерекшелiктерi сол сақтандыру шартының ерекше арналуына байланысты болады. Бұл мысалы, шарт бойынша азаматтыққұқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру жəне зиян келтiру үшiн жауапкершiлiктi сақтандыру шарттарына қатысты. Осындай кездерде сақтандыру олар арқылы шарттық жəне деликтiлiк жауапкершiлiк жүзеге асатын тетiктерге қосымша болып келедi. Сонымен қатар құқық бұзушылық iсəрекетiне байланысты сақтандыру төлемдi жасауды қарастыратын нормалар жəне құқық бұзушының жауапкершiлiгiн тiкелей анықтайтын нормалар арасында белгiлi бiр қатынастар (қатысу) анықталады.
Сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн: 1) егер сақтандыру объектiсi өзiнiң болмысын тоқтатса; 2) Оны ауыстыру орын алмаған кезде сақтанушы болып келмейтiн сақтандырылушы сақтанушы болып келмейтiн сақтандырылған тұлғаның өлiмi жалпы ереже бойынша шарт мiндеттерi мен құқықтарының пайда алушылардан басқа тұлғаларға ауысуына əкелмейдi. 3) сақтанушының сақтандырылған мүлкiн алу, егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болса, ал заң актiлерiнде немесе сақтандыру шартында осыған қатысты өзге ереже қарастырылмаса. 4) өз кəсiпкерлiк немесе азаматтыққұқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған сақтанушы кəсiпкерлiк қызметiн бекiтiлген тəртiпте тоқтатса. 5) сақтандырылатын жағдай туындау мүмкiндiгi жойылса жəне сақтандыру тəуекелдiгi сақтандыратын жағдайдан басқа негiзден өз болмысын жоғалтса.
Сақтандыру шартының жарамсыздығы бiр немесе екi тараптың қылмыстық мақсаттарымен байланысты болғанда, бiр жақты реституция жүргiзiлетiн болады, мысалы, қылмыстық мақсаттарды тек сақтанушы көздесе, болмаса, егер оларды сақтандырушы да көздесе, реституцияға жол берiлмейдi.
Аннуитет шарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтандырушы мерзімдік төлем түріндегі сақтандыру төлемін Пайда алушының пайдасына шартпен белгіленген мерзім ішінде төлеуге міндетті. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады