Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
283
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

113)Меншікті капиталдың құны (қарапайым акциялар, тартылмаған пайда ) «Қарыз капитал» көздерінің құны (несиелер және займдар)

Меншікті капитал құны – бұл қарапайым акция иелерінің күткен ақшалай табысы. Қарапайым акциялар компанияның қаржылық ресурстарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жарғылық капиталдағы олардың үлесі 75 пайыздан аспауы тиіс. Акционерлік қоғамдар өндірісті дамыту, жаңарту және кеңейту үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту мақсатында қосымша акциялар шығара алады.

Капиталды бағалайтын мәліметтерді қолдануға негізделетін бірнеше модельдер

бар.

Дивиденд өсімін болжау моделі. Меншікті капитал құны мына формуламен есептеледі:

Се=

Мұндағы, Сe – меншікті капитал құны; D1 – инвестициялық жобаның бірінші орындалу жылына төленетін дивиденд; P – бір акцияның нарықтық бағасы; g – болжанған дивидендтің жылдық өсімі.

Артықшылығы бар акциялар құнын анықтау. Артықшылығы бар акциялар үшін әдетте белгіленген мөлшерде дивиденд төленеді. Сондықтан артықшылығы бар акциялар үшін табыс (артықшылығы бар акциялар құны - Cp) мына формуламен анықталады:

Cp=

Мұндағы, D – акцияға төленетін жыл сайынғы дивидендтің мөлшері; P – бір

акцияның нарықтық бағасы.

Бөлінбеген пайданың құны. Қор нарығының жеткілікті деңгейде дамымауы, көптеген отандық кәсіпорындар қызметі нәтижесінің шынайы көрсетілмеуі, олардың тиімді қызмет етуін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің ақпараттық базасының болмауынан таза пайданы біріншіден, барлық шаруашылық қызметтің нәтижесі, екіншіден қаржы ресурстарының негізгі көзі ретінде танимыз. Ол кәсіпорынның негізгі және өндірістен тыс қызметтерінен тапқан табысы және оның меншігі болып табылады. Дивиденд төлемеу және пайданы инвестициялау алынған табысты кейінге қалдыру болып табылады. Бөлінбеген пайда болашақта неғұрлым мол табыс алу мақсатында кәсіпорынды одан әрі дамыту үшін пайдаланылады.

Қарыз капиталын басқару. Кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында қарыз капиталын пайдаланады.

Банктің ұзақ мерзімді несиелері. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда шаруашылық қызметті банктің ұзақ мерзімді несиелері арқылы қаржыландырудың рөлі зор. Ұзақ мерзімді несиелер деп 5 жылдан жоғары мерзімге берілетін несиелерді айтады. Бұл жағдайда қарызға алынған капиталдың құны несиенің пайыздық мөлшерлемесіне тең болады және қарыз беруші мен қарыз алушының арасында жасалатын келісім шартпен анықталады.

114)Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы

Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы - мүлікті иеленуге пайдалануға оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады. Мүліктік сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі немесе бүлінуі және занда көзделген өзге де мүліктік құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыру мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Мүлікті сақтандырудың объектілері — сақтанушының мүліктік мүдделері, яғни құрылыс, үй мүліктері, малдар, көлік кұралдары, субъектелері - сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы.