Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

50)Компаниялардың дивидендтік саясатын әзірлеу тәсілдері және оны қалыптастыру

Дивидендтік саясатты қалыптастырудың мынадай негізгі теориялық бағыттары бар:

1. Дивидендтердің тәуелсіздік теориясы. Бұл бағыт бойынша дивидендтер мөлшері акционерлердің жалпы әл-ауқатына әсер етпейді деп саналады, яғни дивидендтер төлеу пайданы қайта қаржыландырудың барлық мҥмкіндіктері қарастырылғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс.

2. Дивидендтердің артық көріну теориясы. Дивидендтік саясаттың аталған бағыты бойынша инвесторлар тәуекелді мейлінше төмендету мақсатында ағымдағы дивидендтік төлемдерді болашақта мөлшері жоғары болатын дивидентерден немесе акционерлік капиталдың мүмкін өсімінен артық көреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері М.Гордон мен Д.Линтнер.

3. Дивидендтерді мейлінше азайту теориясы. Бұл теорияға сәйкес дивидендтік саясаттың тиімділігі акционерлердің ағымдағы және алдағы кезеңдегі табыстарынан төленетін салықтық төлемдерді төмендетуге негізделеді.

51)Компанияның қаржылық менеджментін ұйымдастыру қағидаттары және мәні

Қаржылық менеджмент - бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық құралдарының қозғалыс процесінде туындайтын, қаржылық қатынастардың қозғалысын бақылау.

Қаржылық менеджмент - бұл ақша ағымдарын басқаруға және тиімді қаржылық шешімдерді табуға мүмкіндік беретін, кәсіпкерлікті қамтамасыз ететін қаржылық стратегия және тактика.

Қаржылық менеджмент функциялары:

Ұдайы өндірістік - ол кәсіпорынның қысқа және ұзақ мерзімді активтеріне қаржылық салымдар.

Өндірістік - кәсіпорын қызметінің қаржылануы және ақша қорларының пайда болуына кәсіпорынның өндірістік коммерциялық қызметінің бақылануы болып келеді.

Бақылау - ол қаржылық ресурстардың қолдануындағы ақша қорларының бақылануы.

Қаржылық менеджменттің негізгі принциптері:

Жоспарлық және жүйелік

Мақсатты бағытталу

Әртараптану (диверсификациялану)

Стратегиялық өркенделу

Қаржылық менеджмент қаржы теориясының шегінде дамыған өзара байланысты фундаменталды концепциялар негізінде қалыптасады. Концепция (лат. тілінен conception –түсіну, жүйе) қандай да бір құбылысты түсіндіру мен сипаттаудың анықталған тәсілдерін білдіреді. Концепция немесе концепция жүйесінің көмегімен белгілі бір құбылыстың сипаттамасы беріледі, оның мәні мен даму бағытын анықтайтын белгілі бір конструктивтік шектеулер қойылады. Қаржылық менеджментте келесі концепциялар негізгілер болып табылады: ақша ағыны, қаржылық ресурстардың уақытша құндылығы, тәуекел мен табыстылық арасындағы ымыраластық (компромисс), капитал құны, капитал нарығының тиімділігі, ақпараттың асимметриялық, агенттік қатынастар, альтернативті шығындар, шаруашылық субъектісінің мерзімді жұмыс істеуінің шектелмеуі.

52)Компанияның негізгі капиталына ұзақ мерзімді ивестицияларды қаржыландыру көздері

Ұзақ мерзімді қаржы салымдарын жие инвестиция деп санайды, сондықтан «күрделі салымдар» және «инвестициялар» ұғымдарының белгілі айырмашылықтары бар.

Күрделі салымдар тек қана негізгі капиталға қаражаттарды салуды қарастырады, ал инвестициялар сонымен бірге құнды қағаздарға, ақпарат қорларына, интеллектуалды потенциалға салымдармен байланыстырады.

Инвестициялар – жинақталуын өсіру және табыстарды алу мақсатымен ұзақ мерзімді шығындардың, еңбек, материалдық және басқа қорларының жиынтығы.

Инвестицияның негізгі мақсаты – бұл капиталды олжалы орналастыру.

Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

-Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттары);

-Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан жоғары.

Жалпы жағдайда жобаны қаржыландыру көздері келесілер болуы мүмкін:

1. Инвестицияларды қаржыландырудың өзіндік көздері. Өзіндік қаржыландыру көздерінің ішінде маңызды рольді салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда атқарады. Пайданы өндірістік дамуға, тұрғын үйлерді, бала-бақшаларды және өндірістік емес мақсаттағы басқа объектілерді салуға, егер ол акционерлік қоғам болса, дивидендтерді төлеуге; қайырымдылық мақсаттарға және т.б. бағыттауға болады.

2. Инвестицияларды қаржыландырудың сыртқы көздері. Қаржыландырудың сыртқы көздерінің ішінен маңызды рольді банктердің несиелері атқарады. Басқа көздерге компаниялардың облигациялар эмиссиясы, мемлекет бюджетінен және инвестициялық қолдау бюджеттен тыс қорлардан берілетін несиелер (отандық инвестициялық, венчурлық, зейнетақы, сақтандыру қорлары мен компаниялары, даму және экспорттық несиелеу агенттіктері және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушылардың сатып алушылардың және мердігерлердің несиелері жатады.

3. Инвестицияларды қаржыландырудың тартылған көздері ең бірінші өзіндік акцияларды, облигацияларды (бондарды), инвестициялық сертификаттарды (инвестициялық компаниялар мен қорлар үшін), басқа бағалы қағаздарды эмиссиялау және оларды сәйкес нарықтарда орналастыру арқылы құрылатын акционерлік капитал есебінен, сонымен қатар кәсіпорынның акцияларының белгіленген құнының өсуі нәтижесінде акционерлік капиталдың өсімі есебінен құрылады. Осы көздер корпорациялармен және олардың акционерлік қоғамдар нысанында құрылатын жеке (еншілес) құрылымдарымен қолданылуы мүмкін.

4. «Венчурлық қаржыландыру» термині ағылшын venture («тәуекелді бастама») сөзінен туындайды. Венчурлық қаржыландыру жоғары тәуекелділікпен ерекшеленетін, бірақ осындай бір жобаға бейімделген кәсіпорынның құнының маңызды өсіміне уәде беретін инновациялық жобалардың бастапқы кезеңдері үшін нақты қаражаттарды алуды білдіреді.

53)Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидаттары және функциялары, құрамы. Корпорация  қаржысы ұйымдастырудың ішкі  жүйесі– бұл корпорацияның қаржылық  міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы. Корпорацияның қаржы ресурстары қалыптасу көздеріне  байланысты меншікті, қатыстырылған  және қарыз деп бөлінеді. Корпорацияның ақшалай қорларына келесілер  жатады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке  ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды:ұдайы өндірістік; бөлу; бақылау.

Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты. Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері не төмендегілерді жатқызуға болады:шаруашылық қызметті өэін-өэі реттеу;өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру, айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу;қаржы резервтерінің болуы. Өзін-өзі реттеу принципінде –корпорацияға қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі. Өзін-өзі өтеу принципі-коропорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амаортизациялық аударымының есебінен өтелуге негізделеді.Осы қаражат корпорацияға тиесіліменшік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше,кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурстарывн, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алдады.Айналым қаражатын қалыптастыру кәзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу- шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын. Қалыптастыруда қарыз көздерініғң үлесі артуда.Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым. Қаржы резервін құру нарық жағдайы ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда корпорацияның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.Акционерлік қоғамда қаржы резерві корпорацияның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырады.

Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негігі бағытта жүзеге асырылады: Қаржыны жоспарлау, Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел қызмет, Бақылау-талдау жұмысы.Қаржыны жоспарлау –қаржы жоспарының сан алуан түрлерін әзірлеу және олакрдың орындалуын талдау.

Корпорация жедел қаржы жұмысына мына әріптестермен ақшалай өзара тұрақты қарым қатынастарды қамтамасыз етеді: материалдық құндылық пен қызметті жеткізушілермен (сатып алуды төлеу, өндірістік запасты басқару және т.б);даяр өнім мен қызметті сатып алушылармен (төлем алу және дебиторлық берешекуті басқару); мемлекеттің бюджет жүйесімен,қызметкғерлермен (еңбекақы төлеу, әлеуметтік және дивиденд төлемі);банкілермен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық қорлармен және т.б.; талдап туындаған жағдайда сотпен және т.б.

Бақылау-талдамалы жұмысына шорландырма және жергілікті бюджеттің орындалуын, капиталдың құрылымын, сонымен бірге негізгі және айналым қаражатының пайдалануын, сондай-ақ корпорацияның баланысын төлеуге қабілеттілігі мен өтімділігін бақылауды жүйелі бақылауды жүзеге асыру жатады.

Компания бюджеттерінің қаржы көрсеткіштері қаржыны бақылаудың маңызды обьектісі болып табылады.Бюджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін екі деңгейлі жүйені пайдалану ұсынылады.Төменгі деңгей- компанияның құрылымдық бөлімше бюджетініңғ орындалуын олардың басшылары жүзеге асырады.Жоғарғы деңгей- компарнияның құүрылымдық бюджетінің орындалуын бақылау.

54)Корпоративтік облигациялардың экономикалық мәні және жіктелімі.Облигация деп – эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды жəне осы құннан белгіленген процентті алуға құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Корпоративті облигация — өз қызметін қаржыландыру мақсатында заңды тұлғалар (корпорациялар) шығаратын облигациялар. Корпоративтік облигация өтеу мерзімі бір жылдан асатын ұзақ мерзімді қарызды облигация болып табылады.Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал таратудың бір нысаны. Облигация – қарызды бағалы қағаз. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға жəне оларды орналастыруға жұмсалған жылдық шығынға тең болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кездегі – қоғам мүлкінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқығы. Облигация да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың ең маңызды көзі. Облигация қамтамасыз етілген жəне қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигациялар деп оларды шығарғанда кепілдікке қоғам активтерін немесе мүліктерін салуды айтады. Қамтамасыз етілген облигация қоғамның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп, сонымен қатар оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер қоғам тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқығы бар. Облигацияны қамтамасыз етуге жылжымалы жəне жылжымайтын мүліктер, сондай-ақ басқа да бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады: жылжымалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы; жылжымайтын мүлік салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер (мысалы, жаңа салынған өндіріс орны); басқа қоғамдардың траст жағдайында сақталатын акцияларымен жəне облигацияларымен қамтамасыз етілген осы қоғамның облигациялары. Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері. Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Қоғам банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.

55)Корпорация қаржылық жоспарлауының мақсаты, міндеті және кезеңдері. Қаржылықжоспарлау- бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналыбасқарудыңаса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттықшаруашылықкешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдықөндірісөсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтерінеақшаменқауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігінебайланыстыақшалай нысанда жүзеге асырылады.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұныэкономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлудіэкономикалықүдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру жәнепайдалану.

Қаржылық жоспарлаудың объекті шаруашылықжүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларынан бастап мемлекеттіңжиынтыққаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бірмерзімгебелгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы жәнекредитжүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржылық саясатпенайқындалады.Бұл:

  1. қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;

  2. орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтықбөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;

  3. ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтаужәне қажеттірезервтержасау.

Қаржылық жоспарлау экономиканыжәне оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік билік пен басқарудың органдары,мекемелеріжәне олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жағдайларындашаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығынабайланыстықаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіздік.

Қаржыныжоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардыңдинамикасынбелгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есептікезеңніңжетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндайтәртіптіңайтарлықтай кемшіліктері бар:

  • мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепкеалмайды;

  • материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлеміқол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Сараптық бағалауларәдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлықаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізіндеесептепшығарылады.

4. Баланстықәдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарынсақтаукәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерінанықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Бағдарламалық мақсаттыәдіс әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалықбағдарламаларнегізіндегі қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау әдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалғанмақсаттармен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтату.

6. Экономикалық математикалық әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсышешімдердітаңдау үшін қолданылады.

Қаржылықжоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық,аумақтықжәне предметтік-мақсатты.

56)Корпорация табысы, жоспарлау және бөлу. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның бөлінуі оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның табысы сол кәсіпорынның «табыстар және шығындар есебінде» көрсетіледі. Оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс, сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивидендтерден алынуы мүмкін. Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады. Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді.. Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объекті ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады. Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер: • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді; • мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді; • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек; • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді. Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (пайда) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады. Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті табыстылығын арттырудың алғышарты болып табылады. Сондай-ақ, табыстың бөлінуі тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.