Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

65) Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің құралдары

Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.

Мемлекеттік инвестициялық іс-әрекеттің басты мехнизімінің бірі мемлекеттік қаржы болып табылады. Мемлекеттік қаржы – экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Мемлекеттік қаржы арқылы жалпы өндірістің көп бөлігі бөлінеді: Жапония мен Ресейде – шамамен 1/3, Франция мен Нидерланд елдерінде – 1/2, Швецияда – 2/3 артық.

Инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу дегеніміз макроэкономикалық тұрақтылықтың мақсатына сәйкес  инвестициялық нарықтың  қатысушыларына мемлекеттік мақсатқа бағытталған және біркелкі  тікелей және қосалқы әсер ететін формалары мен әдістерді қолдану.

Қазіргі заманның  мемлекеттік реттеу құралы ретінде  ғылыми-техникалық бағыттағы ұлттық экономиканың өсуіне  қолайлы жағдай жасауға негізделген экономиканы модернизациялаудың ұзақ мерзімді  мемлекеттік бағдарламалары мен индикативті жоспарлау жүйесі қарастырылады. Әлемдік  тәжірибе, индикативті жоспарлар мемлекеттік макро реттеудің тиімді әдістерінің бірі екенін дәлелдейді.

Индикативті жоспарлау дегеніміз болжам, бірақ ол әкімшіл-әміршіл сипатқа ие емес. Ең алдымен,  инвестициялық процесті мемлекеттік реттеудің бұл механизмі жеке және мемлекеттік секторлардың мүдделерінің өзара сәйкестілігін сипаттайтын экономиканың ішкі және сыртқы себептермен анықталатын  міндетті тапсырмалар мен бағдарламалар саны.

Индикативті жоспарлау ақша-несие реттеу механизмімен тығыз байланысты, ол ынталандырушы немесе шектеу шаралары арқылы мемлекеттің экономикаға араласуымен сипатталады, сондай-ақ  инвестициялардың жағдайы мен бағыттарын, қаржы құралдарын  тиімді пайдалануды анықтауда 

. Экономиканы, оның ішінде инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеуде пайдаланылатын экономикалық құралдар өте көп, олардың негізгілеріне  салықтар, инвестициялық әрекетке тікелей араласуы, еркін экономикалық аймақтарды орталықтандыру, табыстарды қайта бөлу мен баға құру жүйесі, қаржы-несие механизмдері жатады.

Негізінен, Қазақстандағы инвестициялық әрекет мемлекет тарапынан тікелей әдістер арқылы экономиканың мемлекеттік секторындағы құрылымдарына, ал қосалқы әдістер мемлекеттік емес сектордағы құрылымдарына қолданылады. Бірақ екі секторда да қосалқы ықпал ету әдістеріне жататын жеке формалар да бар. Бұл ел экономикасын және инвестициялық әрекетті мемлекеттік реттеу формасы бюджет институттары — қаржы және ақша-несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдай ел және оның аймақтарының бюджетті қабылдауында және пайдалануында маңызды рөл атқарады.

Несиелерді, ұлттық валюта курсын реттеу, ақша массасын өзгерту, мемлекеттік шығындарды қысқарту мен көбейту, кедендік және салықтық реттеу елдегі инвестициялық әрекетпен тікелей байланысты. Бұл құралдарды Қазақстанның барлық атқару органдары қолданады

66) Қазақстандағы инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыздануы

Оларға: экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы; табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің болуы; мемлекеттік нарық потенцалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады.

инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөнiндегi, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметi;

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.        Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.

      2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар белгiленуi мүмкiн. 

Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қызметінің жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады.

      2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.