Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.

4.Тұсаукесер жасаңыз

3-тақырып

Лексика: Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.

Грамматика: Есімше категориясы.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Есімше – етістік пен сын есім арасындағы аралық категория»,-деп көрсете отырып, мынадай анықтама берілген: «іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма Есім сөздер сияқты  тәуелденеді, көптеледі, септеледі.

Есімше сөйлем құрамында анықтауыш, толықтауыш, бастауыш қызметін атқарады.

Есімшелерді басқа етістік формаларынан ажыратудың бір критерийі – оның сын есім сияқты анықтауыш ретінде қолданылуы. Есімше, мәні жағынан заттың белгісін білдіреді. Бірақ есімше арқылы көрсетілген белгі мен сын есім арқылы көрсетілген белгі бір емес. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше оның іс-әрекетіне байланысты көшпелі, динамиканың белгісін білдіреді.

Есімшелер, есімдер сияқты, болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы да білдіре алады.

Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағына білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының (шақ) көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады

Есімшенің жасалуы мен түрлері.

Есімше етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етіс тұлғаларына мынадай жұрнақ қосу арқылы жасалады:

1) -қан, -кен, -ған, -ген арқылы өткен шақ есімше жасалады: бар+ған, кел+ген.

2) -ар, -ер, -р, с – болжалды келер шақ: барар.

3) -мақ, -мек – мақсатты келер шақ: бармақ.

4) -атын, -етін — өткен шақ.

                                                Түрленуі.

Көптік жалғау: -ған/-ген, -атын/-етін тұлғалық жалғау.

Есімшенің барлық түрі тәуелденеді.

Барлық түрі септеледі.

Барлық түрі де тікелей жіктеледі.

Сөйлемнің барлық мүшесі бола алады.

1-тапсырма.Берілген сқйлемдерді оқып, есімшелерді табыңыз.Талдаңыз

 1.Шоқпарды ұстай білмеген өзіне тигізер 2.Қаңғыған басқа білім жұқпас 3.Шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін.4.Жаста оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей.5.Ашынғанның тілі ащы. 6. Көшкен ауылды іздеп табалық (Ы. А.). 7.Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел).8. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М. Ә.). 9.Үнсіз күліп тұрған — бағанағы шәкірт бала (М. Ә.).10. Баланың қытығына тиетіні — осы жері (М. Ә). 11.Қазақтың қай нәсілден тарағанын Білерсің басқа сөздің жарағанын (М. Дулатов)12.. Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін (М. Ә.) 13.Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы. А.). 14.Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М. Ә.). 

2- тапсырма .Берілген сөйлемдердегі етістіктерді есімшеге айналдырыңдыр.

Үлгі: Қоңырау соғылды – соғылған қоңырау Ақындар айтысты .Шалғын жайқалды .Тас қаланды .Шам сөнді .шығарма табылды.Білім берілді.Оқу орны таңдалды.Пікір берілді.Таңдау жасалынды. 3- тапсырма Мына сұрақтарды пайдарана отыра өзара сұхбат құрастырыңыздар. Мамандық, маман дегенді қалай түсінесіз? Мамандық таңдау дегеніміз не? Сіз үшін мамандық таңдаудың маңызы бар ма? Қандай маман иесі болғыңыз келеді? Мамандық таңдауда қандай нақты шешім қабылдадыңыз? Мамандық таңдау бойынша қандай пәнді таңдадыңыз? Отбасында ата - аналарыңыз мамандық таңдау жайлы қандай ой - пікір, ақыл - кеңестер айтады? Сіздің мамандық таңдауыңыздың шешімін сіз өзіңіз қабылдадыңыз ба, әлде басқа адамдар ұсынды ма немесе ата - анаңыз міндет етті ме? Достарыңа мамандық таңдау бойынша қандай кеңес берер едіңіз?

Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.

«Мамандықтың жаман жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». (Ж.Аймауытов)

Білім (лат. scientiaағылш. knowledgeараб.: علم‎) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б.жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол санатаным, объективті әлемсубъектойлаулогикаақиқатпарасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философиямен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Мәлім тақырып, немесе сұрақ туралы сенімді таным болса, ал ол таным әлдебір мақсатқа пайдалануға жарамды болса, онда оны білім деп атаймыз. Ол тәжірибе және ойлау арқылы мәлім іс туралы жеттігірек ұғындырады, оның математикалы және жүйелі танылуын ғылым, техника, өнер, философия деп атаймыз. Білім зерттеу, күзету, тексеру, ой тәжірибесінен, ғылыми тәжірибеден өткізу арқылы қалыптасады, реттелу арқылы топтастырылады. Қазір жалпыға ортақтастырылды және кез келген адам білім ала алады, оны пайдаланып жоғары мақсаттарға жете алады. Білім сын көзбен қарау арқылы дамиды, бірақ бұл білімге жеккөрінішпен қарау болмауға тиіс. Қазақстан Республикасының президенті Әбішұлы Нұрсылтан Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Оқушыларға мамандық таңдату оңай шаруа емес. Сол себепті әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр.

Әр жеткіншек ертелі-кеш пе, әйтеуір бір кезде өз өмір жолын қалай таңдап, болашағын қандай мамандықпен байланыстыратыны жайлы ойлана бастайды. Кәсіптің сан алуан түрі бар, олардың қайсысын қателеспей таңдауға болады?

Алдымен өзіңе тән жеке қабілеттеріңді, мүмкіншіліктеріңді сыни тұрғыдан таразылап көр. Одан кейін ұнаған мамандықты игеру үшін не қажет, қандай талап қойылатынын анықта. Сонымен қатар сізді жан-жақты танып-білетін, дұрыс жол сілтей алатын әділ ақылшыларын – ата-анаң және ұстаздарыңмен кеңес.

Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер, т.б. болу үшін көп оқып, кәсіби білім алу қажет. Кейін теориялық біліміңді практикамен ұштастырып, тәжірибе жинаған жөн. Металлург, кенші, жүргізуші, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болғың келсе, өндірісте жұмыс істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы көбінесе ауыл шаруашылығында қызмет атқарады. Аяқ-киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер тұрмыстық қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Ал әнші, биші, сазгер, режиссер, т.б. тәрізді мамандықты таңдасаң, өнер саласында қызмет етесің.

Кейде біріеулер мамандықтарды «беделді» және «беделсіз» деп екіге бөліп жатады. Бұл – қате пікір. Кәсіпті беделді ететін – адам. Егер сен жұмысыңды жоғары деңгейде атқарып, өзіңді жақсы қырыңнан таныта білсең, онда сен де, мамандығың да «беделді» болады. Сондықтан жақсы маман болуға тырыс: жалықпай еңбек ет, өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қара, кәсіби біліктілігіңді үнемі арттырып отыр. Себебі өмір әр маманнан өз кәсібін жетік игеруді және заман «ағысына» сай болуды талап етеді.

Сонымен, өмірде мамандықтың түрі өте көп. Олардың бәрі де қоғам үшін пайдалы және қажетті. Тек өз мамандығыңды дұрыс таңдап, өмірдегі орныңды тауып, халық қалаулысы бола біл.

Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы жадыңда ұстанғаның жөн: қалаймын, қолымнан келеді және қажет. Яғни сенің таңдаған мамандығың өзіңнің мінез - құлқыңа сай келуін қадағала, қолыңнан келетін іске ұмтыл, заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықты да таңдаған дұрыс, жеке өзіңнің пікірің маңызды, жүрек қалауыңа сүйене отырып шешім қабылда. Бос арман қуудың қажеті жоқ! Мысалы өмірде мынадай жағдайлар көптеп кездеседі, мектеп бітірген оқушы мұғалім мамандығын немесе дәрігерлік мамандығын таңдап оқуға түседі, 3 - 4 жыл оқиды, кейбіреуі тіпті дипломды қолына алған соң, жоқ мен экономика мамандығын қалаймын дәрігерлік, мұғалімдік қолынан келмейтінін түсініп қайта оқуға түседі. Осы арада қаншама уақыт өтеді, бұл шешімнің қателігі.

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарынаакадемияларуниверситеттеринституттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындары да бар.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

- Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысып, оларды есте сақтаңыз.

- Мәтіннің мазмұнын талдап, өзара әңгімелесіңіз.

- Мәтінді толық мазмұндаңыз.

- Мына сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікіріңізді жазыңыз:

Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңызды қалай таңдадыңыз? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеу керек?

СОӨЖ

Алматы Технологиялық Институты — технолог мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. 1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі институтының негізінде Алматы оқу-консультация пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. институттының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды (1998). Онда: астық, ұн, жарма және құрама жем технол.; қантты өнімдер технол.; ашыту өндірістері технол. және шарап жасау, консерві және тағамдық концентраттар технологы; ет пен ет өнімдер технологы; сүт пен сүт өнімдері технологы; тағам технологы мен тамақтандыруды ұйымдастыру; тамақ өндірісі машиналары мен аппараттары; тоқыма өндірісі технол., тігін бұйымдары технологы; тігін бұйымдарын құрастыру; биотехнол.; тех. процестер мен өндірістерді автоматтандыру; экономика мен менеджмент (агроөнеркәсіп салалары бойынша); кәсіпорын экономика мен менеджменті (тамақ өнеркәсібі бойынша); тауартану мен тауарлардың тұтыну сапасын айқындау; халықаралық экономика қатынастар мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Институттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын-диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инженер-технолог, инженер-экономист, инженер-механик бітіріп шықты. Инситуттың ғылыми-зерттеу жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технологиясы, биотехнология, хим. технология, өнеркәсіп экол., ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған.

1999 жылы тамыздың 18 Қазақстан үкіметі № 1192 қаулысымен ЖАҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта құрылды, 2003 жылы желтоқсанның 15 АҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта тіркелді.Бүгінгі таңда университетімізге58 жыл.

СӨЖ: