Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Тапсырмаларды орындаңыз:

1) Мәтінді оқып, мазмұны бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

2) Мәтіннен шылау сөздерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыз.

3) Мәтінді мазмұндап беріңіз.

4) Мәтін бойынша өзара сұхбат құрыңыз.

5) Аталған мерекелерді қалай қарсы алатындығыңыз туралы жазып беріңіз.

СӨЖ

1. «Менің сүйікті мерекем» тақырыбына шығарма жазыңыз.

2. Отбасыңыздың дәстүрлі мерекесі жөнінде әңгімелеңіз.

3. Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелері туралы ақпарат жинаңыз.

4. Жиналған ақпаратты сұрыптап, реферат жызыңыз.

5. Бір мереке бойынша тұсаукесер жасаңыз.

7-тақырып

Лексика: Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.

Грамматика: Жай cөйлем. Интонация. Екпін.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да, екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Қазақ тілінде сөйлемдер айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы (повествовательными), сұраулы (вопросительными), бұйрықты (побудительными) және лепті сөйлемдер (восклицательными) болып бөлінеді.

Айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Экономика сіз өмірге келген күннен бастап өміріңізге араласа бастайды. Хабарлы сөйлемнің соңында нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем – біреуден жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем. Мысалы: Нарықтың не екенін түсінген боларсың? Сұраулы сөйлемнің соңында (?) сұрау белгісі қойылады.

Лепті сөйлем – айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. Мысалы: Неткен тамаша жоспар! Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, сөйлем соңында леп (!) белгісі қойылады.

Біреуге бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Мысалы: Жә, доғар! Жаңа жобаға кірісіңдер !

Жаңа бағдарлама уақытында орындалуы тиіс.Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді. Бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында не леп белгісі, не нүкте қойылады.

1-тапсырма. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, айтылу мақсатына қарай талдаңыз.

Студенттік өмір қандай ғажап Әр нәрсені уақытында жасаңдар Сен қазақ тілін жетік білесің бе Білімсіз күнің жоқ Қап барлық еңбек далаға кетті-ау Мемлекетіміздің өркендеуіне бәрімізде үлес қосайық Туған жердей жер болмас Қазір осы тапсырманы орындаңыздар Бәрекелді өзің нағыз шешен екенсің Сіз еліміздің экономикасы туралы не білесіз Онда мен сіздерге ән айтып берейін Әділдік әрқашан жеңеді Ойпырмай күннің суығын-ай Жерімізде ешқашан соғыс болмасын Біздің қазақ жері неткен бай десеңізші Сен компьютерде жақсы жұмыс істей аласың ба Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келеді

Интонация(лат. іntono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:

  1. Мелодия

  2. Ритм

  3. Темп

  4. Қарқындылық

  5. Тембр

  6. Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.

Интонация арқылы адамның қандай көңіл-күйде тұрғанын, сөйлеушіге қарым-қатынасын, оның мінезін, тіптен мамандығын да аңғаруға болады. Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріле

  • Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.

  • Қаратпа (ШАҚЫРУ) интонация - зат есімнің атау септігімен немесе соған сәйкес сез формасымен тіркесе байланысатын ерекше интонациямен, дауысты «0» одағайымен, айтылуы.

Сұраулы сөйлемдер лексикалық амалдарды, синтаксистік амалдарды қатыстырумен қатар, әр уақытта ерекше сұраулық интонациямен айтылады.

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.  Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.  Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.  Екпін түспейтін буындар  1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.  2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.  3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.  4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

1-тапсырма.Берілген мәтінді мәнерлеп, интонациясын, екпінін дұрыс қойып оқыңыз.

Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға айтты дейді: - Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық кеп кісі, бәрі де қалды ере алмай; сол түлкіні кім алар, жалғыз жеткен мен алмай; ағайыннан дұшпан жауым жоқ, алдына салып айдап жүр, алтайы түлкі көре алмай; ұялып, тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін оңдап бере алм

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.Дәптеріңізге көшіріп жазып, екпін түсетін буындарды белгілеңіз.

Бір қарт ұста күні- түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты: - Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал- жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге- жеуге, киюге де кем- тар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты: әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды: - Егер көп мық- шеге керек болса, мен пөдіретін аламын,- деп. Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті- міс.

3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңыздар.

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты: - Балам, дүниедегі жаратылған жәндік- жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: - Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп. Шешесі: - Балам, сол да жерде қалмайды,- деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен: - Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады. Әжесі айтты: - Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.

Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.

Ыбырай Алтынсарин –  саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның  өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған  көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық,   педагогиялық, ақын-жазушылық тарихи қызметі  мен зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып,  оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.  Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.