Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр аза тілі 2015-16 1 семестр (1).doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
11.04 Mб
Скачать

Соөж Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң

Тәуелсіздік десе –кеудемізді қуаныш ернейді. Азаттық десе – біздің ойымызға Алаш арыстары оралады. Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафалар ардақ тұтқан азаттықтың ауасымен біз демалып жүрміз. Егемендік десе – Желтоқсан жастары көз алдымызға елестейді. Сүйекті сырқыратар соққы мен сөзді, езгіні бастан өткеріп, жаламен маскүнем, нашақор атанып, түрменің тар төсегіне таңылған жастардың көз жасы жатқандай мына Тәуелсіздікте.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Айқара ашылған құшағына, кең қолтығына сан тағдырлы сан мыңдаған ұлтты біріктіріп жатыр. Кейбір астамшылдыққа бой алдырған адамдар біздің мемлекетті «достық лабораториясына айналып кетті» деп кінә артып жатады. Қараңыз, қасиетті қазақ жерін 130 ұлттың баласы мекендеп жатыр. Сол жүз отыз әр тарапқа тартса, әрқайсысы өз білгендерін жасаса, тірек ұлтқа жаны ашымаса, не болады? От пен өрттің ортасында қалмаймыз ба? Басымыз бәлеге шатылмай ма? Тұрақты қоғамның өзегіне құрт түсіп, іштен шірімейміз бе? Тамырымызға балта шабылмай ма? Бүгінде қазақ жерінде тұрақтаған әрбір диаспора қазақ ұлтының қас-қабағына қарап отыр. Мемлекетті құраушы халықтың сөзін сөйлейді, амандығын тілейді. Неге? Өйткені жомарт жұрт өзінің айналасына топтасқан өзге халыққа тізе батырмай, татулықта, ынтымақта тұрып жатыр. Әрине, ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң.

Қазақстанның әрбір азаматы тегін білім алуға, тегін ем қабылдауға міндетті. Бұл да Конституциямен реттелген. Білім-білігің, қарым-қабілетің, таным-түсінігің жетіп тұрса, қазақ мемлекетінің шеңберінде орналасқан оқу орындары еш қиындықсыз қабылдайды.

Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Әгәрәки, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес. Аталған кеңес Ата Заңда айтылған әрбір сөздің орындалуын қадағалайды. Бұл – әрбір қазақстандықтың құқы сақталады деген сөз.

Біз үшін бастысы мынау: Конституцияда «Қазақстандағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазулы тұр. Бүгінде кейбіреулер қазақ тілінің тағдырына күмәнмен қарайды. Тіпті туған тілдің «болашағы жоқ» дейтіндер де табылады. Олар қатты қателеседі. Айналаңызға барлап қараңыз, өрімдей ұл-қыздар өсіп келеді. Бүгінгі ұрпақтың басты ерекшелігі, олар – патриот. Туған еліне, жеріне, ұлтына жаны ашиды. Мемлекеттің баянды болашағын жасауға ұмтылады. Ұлтын ұшпаққа шығарсам дейді. Осындай жастар барда, бұлжымас Ата Заңымыз тұрғанда қазақ тілінің жер бетінен жойылып кетуі мүмкін емес. Ана тілінің мәртебесін Ата Заңның өзі анықтап беріп отырғанда қазақ тілінің болашағына күмәнмен қараудың өзі күнә.

Былай қарасаң, барлығы дүнияуи тіршілік іспетті: өмір есігін ашасың – мемлекет қарауындасың, мектепке барасың – тегін оқисың, жоғары оқу орнында да сондай, жұмысқа да кедергісіз орналасасың, өсіп-өркендейсің, зейнетке шығасың – зейнетақыңды төлейді. Бірақ мұның барлығы Конституция шеңберінде іске асады. Ата Заңның біз үшін ардақты болатыны да сондықтан.

СӨЖ:

9-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдниет. Грамматика. Кезектес мәнді сөйлем.

І Сабақтың мақсаты:

1) Денсаулық, салауатты өмір сүру салты туралы түсініктерін молайту;

2) Лексикалық тақырып арқылы сөздік қорын молайту, жазылым, оқылым тілдесім, әдістерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ойын жеткізе білуге дағдыландыру;

3) Студенттердің қатысымдық және лингвомәдени құзыреттілігін дамыту.

1. Сабақтан алған ақпаратты күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету;

2. Салауатты өмір сүру салты туралы монологтық, диалогтық сөйлей білуге үйрету, өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру;

3.Тақырып бойынша алған білімін қорытындылау.

Тірек сөздер: салауатты өмір, күтім, жан, денсаулық, тазалық, денсаулықты нығайту, тамақтану, салауатты өмір салты, спорт түрлері, науқас, дәрігер, қан қысымы, суық тию, тексерілу, демалыс орындары.

Денсаулық – Ауру-сырқаудан аман болушылық, есен-саулық.

Салауат – І. Шүкір, қанағат.

Салауат жасады – қоштасты.

Салауат күтіп тұр – ұлықсат күтіп тұр.

Салауат – ІІ. Көне. Текке, босқа: салауат кетті.

Салауатты – парасатты, байыпты: Салауатты пікір.

Салауаттылық – парасаттылық, байыптылық: Оның байсалды сөзінде салауаттылық мол.

Жан – І. 1. Жан-жануарларға тіршілік беретін рух, өмір: Балық жаны суда (Мақал) 2. Адамның ішкі сарайы, ой-санасы: Адам жанының инженері. 3. Ауыс. Қадірлеу, құрметтеу ретінде айтылатын сөз: Жаным десе, жан семіреді (Мақал).

Жан – ІІ. 1. Адам, кісі: Сізден артық жан тумас, Туса туар, артылмас (Абай). 2. Тірі адам, пенде: Бөлмеде жан тұрмайды, жан шықпады алдынан, далада жан жоқ.

1– тапсырма. Жер-ана туралы экологиялық қанатты сөздерді жадыңызда сақтаңыз!

1. Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқар таулары – біздің басты байлығымыз. Ы. Алтынсарин.

2. Жер туралы көрген зорлық көп. Жер десе дірілдемей болмайды. Сонда да жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс. Әлихан Бөкейхан

3. Мен үшін қазақ жерінің, Жаманы мен жаты жоқ.

Мен үшін қазақ жерінің, «Ана»-дан басқа аты жоқ.

Жұбан Молдағалиев. 4. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

5. Тұғырына саңғыған

Сұңқар оңбас,

6. Үйірінен қаңғыған

Тұлпар оңбас.

7. Елінен безген ер оңбас.

Көлінен безген қаз оңбас.

3– тапсырма. Мәтінді пайдаланып, біресе , бірде, кейде деген жалғаулықтар арқылы өзіңіз сөйлем құрыңыз, өз ойыңызды баяндаңыз

.

Адам және табиғат

Ортаның ластануынан адамға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орасан зор шығындар келеді. Өндіріс процесі мен адам қоғамының тұтынуы барысында пайда болатын қыруар қалдықтарды табиғатқа қайтару мөлшері 1970 жылы 1млрд. тонна, ХХ ғасырдың соңында 100 млрд. тоннаға дейін өсті.

Қазіргі кезде адамдар да, ғалымдар да жер табиғатын таза ұстау, оны күту, аялау үшін күресуде. Экологиялық мәселелер – мәселелердің мәселесі. Республиканың барлық аймақтарында, облыстарда, аудандарда экологияны қорғау орталықтары құрылуда.

Жер – адамзат үйі, оны күтіп аялауымыз керек.

4-тапсырма. Мәтінді кезек-кезек оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Жер-Ананы аяла

«Жер» деген сөздің көп мағынасы бар. Жер дегеніміз – ел, Отан, халық. Адамдар үшін жерде жұмыс істеуден, өз жерін қорғаудан маңызды ештеңе болмаған.

Көпке дейін адамдар табиғатты, жерді өзіне бағындырғысы, табындырғысы келді. Жауды бағындырады, ал адамзаттың тіршілік көзі болған Жер-Ананы бағындыра алмайды! Шындыққа тура қарайтын уақыт келді, Жер-Ана қазір жаралы ...

Ядролық жарылыстар – жер үшін ең қорқынышты қауіп-қатер. Семейде алғашқы жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы 40 жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Олардың 90-ы әуеде, 26-сы жер бетінде, қалғаны жер астында өткізілген. Оған қоса 175 химиялық қару сынағы өткізілген. Бір ғана Абыралы аймағы қаншама зардап шеккен. Ойлап қарасаңыз, Байқоңыр да сынақ алаңы. Бұларға Аралдың қасыретін қосыңыз.

Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Емдейтін, қорғайтын, аялайтын уақыт келді. Осы тұңғиықтан шығуға бола ма? Бүгінгі ұрпақ, бұл сіздердің азаматтық көзқарастарыңызға байланысты.

Сөздік

бағындыру – властвование Арал қасыреті – трагедия Арала

мағына – смысл, значение жарылыс – взрыв

бағындыру – подчинить зардап шегу – жгучая боль

тіршілік көзі – источник жизни тұңғиық – бездна

қауіп-қатер – опасность көзқарас – взгляд

көмекке зәру – нуждается в помощи азаматтық көзқарас – гражданская сынақ алаңы – полигон позиция

Есіңізде сақтаңыз!

Жамандықтың үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шышыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды.

В.А.Сухомлинский

Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды. А.Жүйнеки

Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды. Ж. Баласағұни

Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден – Отанға деген сүйіспеншіліктен, отбасына, ізгілік пен тазалыққа деген сүйіспеншіліктен ада қылады. Г.Саллюсти

5-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінен синонимдік қатарларды тауып жазыңыз.

Жер, қоршаған орта, мезгіл, аялау, зиян, жаралы, табындыру, біздің планетамыз, уақыт, емге зәру, қорғау, зардап, әлем, табиғат, бағындыру, мерзім, тіршілік ортасы.

6-тапсырма. Мына сөздерді пайдаланып, кезектес мәнді сөйлем құрыңыз. ластану – бір тал кессең –

табиғи – қорғау –

зиян – бүгінгі –

қасырет – азаю –

7-тапсырма. Жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқасымен толықтырып жазыңыз.

Туған жердей жер болмас, ... Елі азғанның ері азады.

Жері азғанның елі азады, ... Өз еліңде ұлтан бол.

Өзге елде сұлтан болғанша, ... Өз жеріңдей қайда бар.

Ер туған жеріне, ... Туған елдей ел болмас.

Туған жердің қадірін ... Ит тойған жеріне.

Пәлен жерде пайда бар, ... Шетте жүргенде білерсің.

8-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

1.Жер – ең басты ...............................

а) құндылық

ә) өмір

б) планета

2. Жер – ата-бабадан қалған .......................

а) зат

ә) мұра, байлық

б) өсиет

3. Жер – елдіктің, мемлекеттің ......................

а)белгісі

ә) шарты

б) ережесі

4. Берілген мақал-мәтелдің қайсысы жерге қатысты ?

а) Денсаулық – зор байлық.

ә) Әркімнің өз жері – жұмақ

б) Судың да сұрауы бар.

5. Берілген қанатты сөздердің қайсысы жерге қатысты ?

а) «Балам дейтін жұрт болмаса, елім, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» А.Байтұрсынов.

ә) «Отан – өз бесігің, өз үйің»

В.Сухомлинский

б) «Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой»

Ш.Айтматов.

9-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Арал экологиясы туралы әңгімелеңіз.

Арал

Барша адамзат Арал теңізі десе, экологиялық апатты еске түсіреді. Қайраңда қараусыз қалған, тат басқан кемелер...

Жер шарындағы болашақ ұрпақ, өкінішке орай, Арал теңізінің қандай болғанын біле бермейді. Бір кездері Арал маңы – балығы тайдай тулаған бай өлке еді. Өткен ғасырдың басында Арал қаласына орыс көпестері орналасып, Хиуа хандығымен сауда-саттық жасаған. Олар мақта, мата әкеліп, балық т.б. тауарлар тасып отырған. ХХ ғасырда Арал теңізімен алып кемелер мен көп қабатты баржалар жүрген, кеме жасау зауыты да салынған.

Арал әлемде көлемі жағынан 3- ішкі теңіз болды. Мұнда сазан да, ақбалық та, қаяз да, итбалықтар да болған. Бұл өлке тұз ресурсына да бай.

60- жылдардың басында «данагөй» кеңес билеушісінің басына Аралға құятын Әмудария мен Сырдарияның арнасын Өзбекстандағы мақта мен күріш алқаптарына бұру туралы ой келеді. Содан кейін теңіз деңгейі 22 метрге төмендейді. Жағалау 200 метрге шегінеді. Мұнда жаңбыр сирек жауып, құмды, тұзды дауыл жиі соғатын болды. Арал суының тұздылығынан балықтар да азая бастады. Арал маңы елсіз қу тақырға айналды. Бұл өңір экологиялық апат аймағы болып жарияланды.

Леся Сокол.

10-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз. Қарамен жазылған сөйлемдердің орысша және қазақша нұсқасын дәптеріңізге жазып алыңыз.

Земля у всего человечества одна на всех а, может быть, она только одна такая во всей Галактике. И мы должны понять, что Земля – одна, ее ничем не заменишь, не подремонтируешь. Да, с точки зрения простого человека, она кажется огромной, но это не так. Земля – наша самая маленькая планета в Солнечной системе, нежная, хрупкая. Она нуждается в нашей любви. Мы должны любить и беречь ее.

Вот почему в последние десятки лет ученые-экологи забили тревогу, чтобы она дошла до наших умов.

Это было сделано руками человека: биологические ракеты, полигоны истребление животных и птиц. Неужели все это было сделано во имя наживы ? Ведь это аукнулось изменением климата, возросшим количеством заболеваний людей, проблемами Арала, изчезновением некоторых видов рыб, миграцией населения и т. д.

Поэтому я призываю относиться к нашей планете по-доброму, по-человечески ! Земля – наш общий дом.

11-тапсырма. Мәтін бойынша ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанның табиғаты қандай?

2. Қазақстанда табиғаты әсем жерлер бар ма?

3. Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс туралы не айтасыз?

4. Экологиясы нашар аймақ, елдер туралы не білесіздер?

12-тапсырма. Төмендегі пікірмен келісесіз бе? Әлде қарсы пікір айтасыз ба?

1. Қазіргі кезде экология туралы көп айтады, жазады, бірақ нәтиже жоқ.

2.Экологиялық апат адамдардың әрекетіне байланысты емес.

3. Жерде табиғат ресурстары шектеусіз.

4. Адамдар табиғат берген байлықты тиімді, үнемдеп пайдаланады.

5.Экологиялық трагедия – экологиялық апат болған жердегі адамдардың трагедиясы.

6. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қошаған ортаға тек қана зиян әкеледі.

7. Жер шарын экологиялық апаттардан құтқару үшін адамдар табиғатпен тіл табысуы керек.

8. Жерді Ана деп айта алмаймын.

9. Көшпенділіктің жерге пайдасы мол.

13-тапсырма. Жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқалармен толықтырып жазыңыз.

Туған жердей жер болмас, ... Елі азғанның ері азады.

Жері азғанның елі азады, ... Өз еліңде ұлтан бол.

Өзге елде сұлтан болғанша, ... Өз жеріңдей қайда бар.

Ер туған жеріне, ... Туған елдей ел болмас.

Туған жердің қадірін, ... Ит тойған жеріне.

Пәлен жерде пайда бар, ... Шетте жүргенде білерсің.

14-тапсырма. Мәтінді оқыңыз,өзіңіз тұрған жердің экологиясы туралы әңгімелеңіз.